4. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштер. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы. Тас ғасырындағы археологиялық ескерткіштер. Тас ғасыры үш кезеңге бөлінеді: 1.палеолит,2.мезолит, 3.неолит.
1.ЕРТЕ ПАЛЕОЛИТ
⊙Бөріқазған мен Шабақты.
⊙Шақпақата мен Арыстанды.
⊙Қазанғап, Тәңірқазған.
Орналасуы: Оңт. Қаз. , Жамбыл обл.
Орналасуы: Маңғыстау түбегі мен Қаратау
Орналасуы: Оңт. Қаз.
Ерекшелігі: 5000-ға жуық тас құралдар табылды, бәрі де қашау мен үшкіртас-р.
Ерекшелігі: ерте тас ғ. Тұрақтарының ең көнелері, табылған құралдар Шығыс Африканың Олдувэй сайынан табылған ең көне құралдармен бір заманға жатады.
2. ОРТА ПАЛЕОЛИТ
⊙Обалысай.
⊙Мұзбел
⊙Ш. Уәлиханов атындағы көпқабатты тұрақ.
Орналасуы: Жезқазған.
Орналасуы: Орт. Қаз.
Орналасуы: Арыстанды
өз. Бойында.
Ерекшелігі: мустьерлік кезеңнің ең ежелгі тұрағы.
⊙Қанай
Орналасуы: Шығ. Қаз.
Ерекшелігі: неғұрлым жақсы зерттелген тұрақ.
3.КЕЙІНГІ ПАЛЕОЛИТ.
⊙Батпақ.
⊙Шульбинка
⊙Семізбұғы
Орналасуы: Орт. Қаз.
Орналасуы: Шығ. Қаз.
Орналасуы: Орт. Қаз.
Ерекшелігі: 300-ге жуық тас құрал табылған.
Ерекшелігі: 5000 еңбек құралдар табылды.
Ерекшелігі: түзу, кейде қайқы ас пышақ сияқты қырғыштар табылды.
⊙Қарабас, Ангренсор.
⊙Ащысай
⊙Майбұлақ
Орналасуы: Орт. Қаз.
Орналасуы: Оңт. Қаз.
Орналасуы: Жетісу.
⊙Бұқтырма, Шүлбі.
Ерекшелігі: бизон, арқар, жабайы жылқы сияқты жануарлардың сүйектері және пышақ тәрізді тілгіштер табылды.
Орналасуы: Шығ. Қаз.
4.МЕЗОЛИТ (ОРТА ТАС ДӘУІРІ).
Тұрақтар саны (жалпы Қаз. б/ша): 20-дан астам.
⊙Мичурин, Явленко.
⊙Дүзбай.
⊙Тельман.
Орналасуы: Қызылжар қ., Есіл өзені бойы.
Орналасуы: Торғай ойпаны ауд.
Орналасуы: Атбасар маңы.
⊙Ерейментау.
⊙Әкімбек, Қарағанды.
⊙Қызылсу.
Орналасуы: Ақмола.
Орналасуы: Қарағанды маңы
Орналасуы: Маңғыстау.
5.НЕОЛИТ.
150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары.
⊙Жезқазған өңірі.
⊙Зеленая Балка, Қарағанды.
⊙Пеньки
Ерекшелігі: жерлеу орындарының үстіне тас үйген, қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған, адамның басын батысқа қаратып, шалқасынан жатқызды.
Ерекшелігі: үй малының сүйектері табылды.
Ерекшелігі: тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көптеп кездеседі
⊙Усть-Нарым.
Орналасуы: Орт. Қаз.
Орналасуы: Солт. Қаз
Орналасуы: Шығ. Қаз.
⊙Сексеуіл
⊙Железинка
Ерекшелігі: құрал-саймандарға өте бай, өткір, ұсақ сынатастар көп табылды.
Орналасуы: Қызылорда обл.
Орналасуы: Солт. Қаз.
⊙Қараүңгір
Ерекшелігі: табылған сүйектердің 80% қойлар мен сиырдікі.
Ерекшелігі: селосының маңында өліктің кремациясы (өрттелу) рәсімі орындалып, күлінің жанына үш құмыра, жебелер және сүйектердің жасалынған әшекейлер қойылған.
Орналасуы: Қаратау.
Ерекшелігі: мекенінен табылған қыш ыдыстардың дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған.
Ежелгі адамдардың шаруашылығы терімшілік пен аңшылық болды.
Жеміс-жидектерді терді, жеуге жарамды тамырларды қазып алды, құстардың жұмыртқаларын жинап қорек етті. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды.
Алғашқы адамдардың келесі кәсібі аң аулау болды. Олар негізінен мамонттарды, бизондарды, маралдарды, жабайы жылқыларды, үңгір аюларын аулады.
Ежелгі адамдардың тұрмысы: тобыр болып өмір сүрді,тобырда 25 адамға дейін өмір сүрді,от жағып жылынып,жауларынан қорғанып өмір сүрді.
5.Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы. Алғашқы қауымдық кезеңде өнер болды ма? Өнер қашан пайда болды? Қалай пайда болды? Деген сұрақтардың осы жерде туындайтыны да заңдылық. Өнер тарихы туралы алғашқы зерттеу еңбектерімен бірге археологиялық қазба жұмыстары да ХІХ ғасырдың II жартысынан бастап жемісті түрде жалғасқан болатын. Осы археологиялық қазба жұмыстары барысында алғашқы қауымдық адамдар мекен еткен мәдени ошақтар ашылып, археолог ғалымдардың, тарихшы ғалымдардың қызығушылығын арттыра түсті. Нәтижесінде, өнер тарихын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап қарастыру қалыптасқан болатын. Өнердің пайда болуын талқылауда көптеген ғалымдар екі түрлі теорияға сүйенеді. Материалистік теория – өнердің пайда болуын адамзаттың пайда болуымен тығыз түрде қарастырып, ол биологиялық қажеттіліктен, адамның өзін қоршаған ортаның тылсым күштеріне деген сенімнен пайда болды деп тұжырымдайды. Ал идеалистік көзқарас керісінше, өнер ол адамның ұдайы еңбегі, ізденісі арқасында пайда болып, қалыптасты деген тұжырымды ұстанады. Бүгінгі күні бұл теорияның қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс деп дау туғызу әрине қисынсыз. Өйткені қазіргі біз білетін өнер – алғашқы қауымдық өнер ол кезде өнер ретінде қарастырылған жоқ. Сол өнер бар, миф бар, адамның қоршаған ортаға деген сенімінен туындаған діни көзқарастарының негізінде қалыптаса отырып, адамның тек қана тіршілік қажеттілігіне деген мұқтаждығынан пайда болды десе болады, яғни қазір біз өнер туындысы деп қарастырып жүрген алғашқы адамдардың шығармашылық әрекетінің жемісі арнайы өнер ретінде жасалған жоқ. Адамдар күнделікті тұрмыс қажеттілігінен ғана, мәжбүрліктен ғана, бір жағынан діни наным-сенім, магия тарапынан қажет болған әрекет болды. Адамдар белгілі бір өнер туындысын жасауда, сол нәрсеге сенді. Ол ою-өрнек болмасын, қыш ыдыстарды көркемдемесін, үңгірлерге натуралистік жануарлардың бейнесін салмасын немесе пиктографиялық жазулар болсын, олар осы шығармашылық әрекеттерінің барлығында өзін қоршаған ортаны қалай танитынын және сол ортаға деген сезімін көрсетті. Егер қорқатын болса, таңғалатын болса, үрейленетін болса, сол әсерлерінің барлығының жемісі алғашқы қауымдық адамдардың санасында әсер ретінде көрінді. Сонымен қатар, алғашқы қауымдық кезеңде өнердің жекелеген түрлері қалыптаспады. Әдебиет, би, музыка өнердің жекелеген түрі ретінде атау алып қалыптаспаған болатын. Олардың барлығы рәсімдік, ғұрыптық жоралғының бөлшегі болып табылды. Жауын жаусын деп тілесе немесе мол олжалы болайық деп тілесе сол мақсатты рәсімдік жоралғы жасайтын. Соның құрамына бейнелеу өнері кірсе, би кірсе, айғайлау секілді сондай бір әрекеттер кіретін болса, олар оның барлығын тұтас, яғни бейнелі түрде қабылдады. Бұл шындығына келгенде алғашқы қауымдық адам санасының мифтік қабылдау деңгейінде болғандығын түсіндіреді. Алғашқы қауымдық кезеңдегі өнердің дамуын ғалымдар жалпы адам санасының, адамның еңбекке бейімделуінің, күнкөріс қабілетінің артуына байланысты жіктейді. Осы орайда біз, қалыптасқан хронологияға жүгінейік. Біз білетін үлкен ірі төрт кезең бар, яғни олар тарихта кеңірек қолданыс тапқан: Ежелгі тас ғасыры – палеолит (б.з.д. 5 млн. жылдан – б.з.д. 20–10 мыңжылдық); Орта тас ғасыры – мезолит (б.з.д. 20–10 мыңжылдық); Жаңа тас ғасыры – неолит (б.з.д. 10–3 мыңжылдық); Мыс-тас ғасыры – энеолит (б.з.д. 3–2 мыңжылдық). Байқап отырғанымыздай аталып кеткен төрт кезеңнің ғылыми атауларында «лит» сөзі жиі кездеседі, яғни барлығының дерлік құрамында бар десек болады. «Лит», яғни «литос» гректің тас деген сөзінен шығады. Бұл аталған кезеңдердің барлығының тас дәуіріне қатысты екенін дәлелдей түседі. Ал енді бірінші кезеңге тоқталайық. Палеолит дәуірі ерте, орта және кейінгі болып үш кезеңге бөлінеді. Ерте және орта тас ғасыры бұл неандерталдықтың өмір сүрген кезеңі. Бұл кезеңдегі адам өзі бір шығармашылық әрекетке бейім болмады. Ол өмір сүретін қоғам, орта, табиғат не 3 Кітап: Дәріс: Өнер тарихы 1. Алғашқы қауымдық немесе «қарабайыр» өнер дайындап берді тек қана соны тұтынумен тіршілік етті, яғни адам суықтан қорғану үшін тұрақ жасаған жоқ, тамақты пісіріп жеген жоқ. Тек қана үңгірлерді мекендеп, шала өңделген, жартылай шикі тамақтарды тұтынды. Бұл кезең адамдары табиғат дайындап берген жартылай өңделген тамақтарды пайдаланғандықтан, оның ағзасы тез қартаюға бейім болатын. Сондықтан да неандерталдық қоғамындағы адамдардың жасының ең ұзақтығы отыз жас болатын. Келесі кейінгі палеолит дәуірінен бастап адамдар мейлінше қоршаған ортаны игеруге және сол ортаны өзіне бейімдеуге тырыса бастайды. Енді олар үңгірлерден шығып, өздеріне тамақ табуға және табиғатты игеруге ыңғайлы деген жерлерге қоныстана бастайды. Сондай-ақ жылыну үшін, шала өңделген немесе жартылай болса да піскен тамақты тұтыну үшін отты пайдалана бастайды. Бұл кезең кейінгі палеолит, «homo sapiens», яғни саналы адам дәуірі. Адам өзін қоршаған ортаның тылсым күштеріне сене отырып, соларға табына отырып, сонымен қатар өзін сол қоғамды меңгеруге, сол қоғамға басшылық етуге қабілетті тұлға ретінде қарастырады. Кейінгі палеолит уақытында адамдардың қоршаған ортаны меңгеруіне байланысты бейнелеу өнерінің барлық түрлері де пайда болды. Мысалы, олар: жартас кескіндемесі, ұсақ пластика (екінші бір атауы мобильді өнер), пиктографиялық жазулар, петроглифтер. Осы өнер түрлері кейінгі палеолиттен бастау алады. Алғашқы қауымдық кезеңде кең тараған, бүгінгі күнге дейін әлемнің түпкір-түпкірінде сақталған, бізге дейін жеткен өнер түрлері жартас кескіндемесі мен ұсақ пластика. Ұсақ пластикаға келер болсақ, ғылымда оған қатысты атаулар да көп. Бір жерлерде мобильді өнер дейміз, енді бірде палеолиттік венералар деп те атаймыз. Көлемінің небәрі 10–15 см ғана болуына байланысты ұсақ пластика атауы қалыптасқан болса, мұндай венералар алғашқы қауымдық адамдар өмір сүрген барлық дерлік ошақтардан табылған болатын, яғни алғашқы қауымдық адамдар осындай мүсіндерді көшіп қонған кезде, қоныстарын өзгерткен кезде өздерімен бірге алып жүретін болған. Оларды өздерімен бірге алып жүру ерекшелігіне байланысты мобильді өнер атауы да қалыптасады. Неге «палеолиттік венералар» деп атаймыз? Біз білетін венера атауы гректік әйел құдайлардың бірінің есімі. Ал, палеолиттік венераларға бір қарағанда өте тұрпайы, тартымсыз. Бастары, қолдары, аяқтары мүлде көрсетілмеген күйде тамашалай аламыз. Виллендорф венерасы көлемі 12 см ғана болатын, кішкене көлемді ұсақ мүсін. Басы бұжырланып, бедерленіп қана көрсетілген. Қолдары өте жіңішке, әлсіз әрі кеудесінің үстіне ғана қойылған. Ал, аяқтарын мүсінші жасауға тіпті құлықсыз да болған секілді. Есесіне біз не көреміз? Виллендорф венерасына қарап отырып біз әйел адамның молшылықтың символы ретіндегі дене тұрпатын тамашалай аламыз.Алғашқы қауым өнері алғашкы кауымдық құрылыс тұсындағы өнер. Б.з.б. 40 – 30 мыңжылдықтар шамасында алғашқы тас дәуіріндегі (палеолит) адамдарының қарым-қатынасы мен еңбек тәсілдері негізінде пайда болған. Палеолит өнері бізге Альтамира үңгірлерінің қабырғаларында бейнеленген Испан, Нио, Фонде-Гом, Ляско, т.б. жерлерде омір сүрген тайпалардың жартастарға салынған суреттері, қолтаңбалары арқылы жеткен. Палеолит өнерінде жанжануарлар бейнесі кең орын алды. Осы балаң реалистік өнерден алғашқы адамдардың табиғатқа деген құштарлығы мен бағыныштылығы, дүниетанымдарының тарлығы мен діни нанымдарының басымдылығы байқалады. Неолит, энеолит өнерінде жер өңдеуге байланысты едәуір терең ұғымдар пайда болды. Алғашқы қауым өнері кезінде өнердің барлық түрлерінің негізі қаланды. Діни нанымсенімге байланысты мінажат ететін орындар, бағаналы құрылыс үлгісінде сәулет және мүсін, қолөнер қалыптаса бастады. Діни түсініктердің пайда болуын біз неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан байқаймыз. Олар өлген адамын белгілі бір ғүрыппен жерлеген. Адамды ұйықтап жатқан сияқты бір қырынан жатқызып, бір қолын басының астына салған. Олар өлімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінген