• Срсп 9
1.Қазіргі таңдағы қауіпті апаттар түрлерінің
ең жиі болып тұратын түрін соңғы
мәліметтерге сүйеніп баяндама жазу.
Қауіпті апаттарға дауыл, дауылды қарақҧйын,
құйынды дауыл, су басу, жер сілкінісі,
жанартаудың атқылауы, кенеттен қалың қар
жауу, цунами, қар кешкіні, қҧрғақшылық, тағы
басқа.Қазір Қазақстанда жиі болып тұратын
қауіпті апаттың бірі сел.
Сел-таулы аудандарда мұздықтардың, қардың
мӛлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-
шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің
арнасынан асып тасуынан пайда болады. Сел
жолындағы борпылдақ шөгінділерді шайып,
қатты тау жыныстарын бұзып, ағаштарды
тҥбірімен қопарып, салмағы ондаған тонналық
ҥй тастарды ағызып әкетеді. Сел Қазақстанның
Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, Сауыр,
Тарбағатай, Алтай тауларындағы Ҥлкен Алматы,
Кіші Алматы,Қаскелең, Есік, Талғар, Текелі,
Сарқант, тағы басқа өзендердің алаптарында жиі
болып тұрады.
2. Жер сілкінісі. Су тасқыны.
Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе
мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болган
қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда
болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен
қашықтықты таралатын жер асты дүмпуі мен
жер астының қозғалысы.
Жер сілкінісінің пайда болуына геологиялық
ортадағы күрт бұзушылықтар: қозғалыс,
жарылыс себеп болады. Жер бетінің
қозғалысы сейсмикалық толқындарды
тудырады.
Су тасқыны - бұл қардың еруі, жауын-
шашын, суды желмен айдаған және кептелу
кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі
су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді
айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды
желмен айдау арқылы болған су тасқыны
ерекше тҥрге жатады. Су тасқыны кӛпірлер,
жолдар, ғимараттар, қҧрылымдардың
қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал
судың көп жиналуы және су үлкен биіктікке
көтерілсе адамдар мен жануарлардың опат
болуына әкеліп соқтырады.
3. Сел. Қар көшкіні туралы жазыңыз.
Сел – тау өзендерінің өз арналарының
деңгейінен
кенеттен
көтеріліп
тау
жыныстарының бұзылуына алып келіп
соғатын қуатты ағын.
Сел ұзақ нөсерлеп жауған жауынның
салдарынан, мұз бен қардың еруінен және
жер сілкінісі әсерінен болатын құбылыс.Сел
апатынан қорғану үшін қауіпті жерлерге
каналдар, платина және су бөгеттерін салып,
тау беткейлеріне қар ұстайтын ағаштар
отырғызылады.
Қыс кезеңі басталғаннан кейін таулы
аумақтарға келушілер саны көбейеді. Оның
негізгі себебі қысқы және экстремальды спорт
түрлері. Алайда көптеген адамдар қарлы
беткейлердегі абайсыз жүріс-тұрыс қар
көшкінінің өздігінен түсіп, қайғылы салдарға
алып келетінін ұмытып кетеді. Адамның қар
жамылғысына ықпалынан бөлек, қарқынды
қар жауу, кенеттен жылымық, көктемгі қар еру
қар көшкінінің түсуіне себеп болады.
4. Қауіптілік түрлерінің сызба нұсқасын
жасаңыз.
Табиғи
төтенше
жағдайлардың
түрлері
Қауіпті апаттар
Геологиялық
Жер сілкінісі,опырмалар,сел
Метеорологиялық Боран,бұрқасын,смог,дауыл
Гидрогиологиялық Су тасқыны,цунами,тайфун
Табиғи өрттер
Ормандық және далалық
Биологиялық
Эпидемия,эпизоотия,эпифитотия
5.Апатты аймақтар.
Қазақстанда таулы жерлер және тау бөктерінің
аумағы селдің, қар көшкіннің, сырғыма мен
қопарылманың әсеріне жиі ұшырайды. Олар
республика аумағының 13,3% немесе 360000
ш.м. ауданын алып жатыр. Мұнда үлкен
ауылшаруашылық жайылымдары, көптеген
шаруашылық объектілері мен коммуникация
желілері, сондай-ақ халқының жалпы саны 5
миллионға жуық Алматы, Шымкент, Тараз
сияқты ірі қалалар мен бірқатар басқа да елді
мекендер орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |