Психологиялық кеңес беру әлеуметтік педагогтардың және психологиялық-педагогикалық қызметтерінің ең көп таралған әдістерінің бірі болып саналады. Ол жеке тұлғалық, бала-ата ана, ерлі зайыпты және басқа да психологиялық сипаттағы мәселелердің шешімін табуында психологиялық көмек беруді білдіреді.
Психологиялық кеңес беруді әр түрлі психологиялық мәселелерін шешуге бағытталған адамдармен тікелей жұмыс істеуімен анықталады.
Аутотренинг – психотерапиялық әдісі, ол клиенттерді ой қабілет белсенділігін қадағалауға, ой пікірлерін дамыту және оларды бір жерге шоғырландыруына үйретеді. Бұл арнайы жаттығулар кешені өзін өзі тәрбиелеу және өзін өзі иландыруына негізделеді. Аутотренинг жеке психикалық жағдайы мен тәрбиесін басқару үшін адаммен қолданылады.
Аутотренинг әдістері 30-жж неміс психотерапевты И.Шульц жасақтаған еді. Қазіргі уақытта, бір маманның есептеулері бойынша, аутотренингке арналған баяндамалардың саны 4мыңнан асты. Әлеуметтік педагог аутотренинг әдістерін әрбір клиент үшін дербес түрде таңдау керек екендігін ұмытпау керек.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг белгілі бір топта адамның қарым қатынас және байланыс, өзін өзі тану дағдылары мен білімдерін қалыптастырудың топтық әдістер кешенін білдіреді.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг жеке тұлғаның жалпы коммуникативты дайындылығын қалыптастыру және жетілдіру мақсаттарында (мысалы, тілдесумен байланысты өмірлік қиыншылықтары бар адамдар үшін), сондай-ақ басқа бір адамдармен интенсивты қарым қатынас ұстаушы маман өкілдерінде коммуникативты дағдыларын өңдеу үшін қолданылады.
Іскерлік ойыны – осы тәжірибе түрі үшін белгілі бір қызметтің құралдық және әлеуметтік мазмұнын қайта құру формасы. Іскерлік ойындарын жүргізу имитациялық үлгілерінде қатысушылардың қызметтерін ашып көрсетуді білдіреді.
Әлеуметтік педагогтың тәжірибесінде іскерлік ойындары кеңінен қолданылады, олардың мақсаттары педагогикалық жағдайларды үлгілендіру болып табылады.
«Әдіс» ұғымын грек тілінен аударғанда «жол», «тәсіл» деген мағынаны білдіреді. Әдіс проблемасы - әлеуметтік педагогикада ең өзекті мәселелердің бірі, өйткені тұлғамен тәрбиелік жұмыс жүргізудің құралы көп жағдайда әлеуметтік-педагогикалық ықпал етудің тиімділігіне байланысты.
Әлеуметтік педагогикадағы әдістерді үлкен үш топқа біріктіріп, классификациялауға болады деп көрсетеді ғалым Ф.А.Мустаева өзінің «Әлеуметтік педагогика» деп аталатын кітабында. Олар мынадай:
1.Зерттеу әдістері;
2.Тәрбие әдістері;
3. Әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда көмек беру әдістері.
Ғылыми зерттеу әдістері – бұл ғылыми теориялардың байланыстылық, қатынас, тәуелділік заңдылықтарын орнату мен орналастыру мақсатында ғылыми ақпараттарды алудың тәсілдері. Зерттеу әдістерін қолдану әлеуметтік педагогиканы ғылым ретінде дамыту мен жетілдіру үшін маңызды.
Ғылыми зерттеу жұмысының екі түрі бар. Олар: эмпирикалық және теориялық.
Эмпиризм - бұл философиялық ілім, ол ғылымның бір ғана көзінен алынған білім. Эмпирикалық таным практикалық тәжірибені, шындық болмысты зерттеуге негізделеді.
Теориялық зерттеуде жоғарыдағы әдістермен қоса абстрактілеу, идеяландыру, модельдеу және т.б. әдістер қолданылады. Сонымен бiрге логикалық, анализ-синтез, индукция-дедукция әдістері де қолданылады. Эмпирикалық зерттеуде бақылау, баяндау, эксперимент сияқты зерттеу әдістері қолданылады.
Енді әлеуметтік-педагогикалық ғылыми-зерттеу әдістеріне жеке-жеке тоқталып өтелік:
Бақылау әдісі педагогикалық құбылыстарды тікелей қабылдау негізінде танып білу тәсілі. Бақылау әдісінің негізгі функциясы бақылау объектісі мен әлеуметтік педагог арасындағы тікелей және қайтымды байланыстар жағдайындағы зерттеліп отырған процес туралы мәліметтерді іріктеп, таңдап алудан тұрады.
Педагогикалық экспенимент зерттеу басында қойылған ғылыми болжамның негізділігі мен дұрыстығын айқындауда дәлелді тексеру мен ғылыми-объективтілікті қамтамасыз ететін зерттеудің кешенді әдістерінің бірі.
Педагогика ғылымында экспериментті жүргізу табиғи және лабораториялық жолмен іске асырылады.
Әлеуметтік педагогикадағы зерттеу әдістері жүйесінде сұрау әдістерінің орны ерекше. Оларға сұхбат, интервью, анкета әдістері жатады.
Әлеуметтік педагогика бойынша ғылыми зерттеулерде моделдеу әдістері де жиі қолданылады. Жалпылама түрде алғанда модель зерттеу пәнінің функциясының, нақтылы қырларының, элементтерінің жүйесі ретінде айқындалады.
Әлеуметтік педагогикада озат педагогикалық тәжірибелерді зерделеу мен қорыту әдісі үлкен қолданысқа ие.
Әлеуметтік-педагогикалық ғылымдағы мәліметтерді өңдеу үшін зерттеудің математикалық әдістері қолданылады. Оларға ранжирлеу (жинақталған мәліметтерді нақтылы заңдылықпен орналастыру, өсу немесе кему ретімен орналастыру, әрбір зерттелген нәтиженің орнын анықтау), шкалалау (педагогикалық құбылыстың жекелеген қырына баға беруде сандық көрсеткіштерді ендіруге мүмкіндік беретін әдіс) және т.б. әдістер жатады.
Әлеуметтік педагогиканың екінші тобын тәрбие әдістері құрайды.
«Әдіс» деген сөз гректің «методос» деген сөзінен шыққан. «Метод» деген ұғым «белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары» деген мағынаны білдіреді.
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері - сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері болып бөлінеді.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер;
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрі бар. Солардың ішінде Т. Е. Конникова, Г. И. Щукина және В. С. Сластенин жасаған тәрбие әдістерін жіктеуде бірізділік байқалады.
Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа жіктеледі:
• қоғамдық сананы қалыптастыру мақсатында қолданылатын әдістер;
• баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін қалыптастыру мақсатында қолданылатын әдістер;
• баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін ынталандыру мақсатында қолданылатын әдістер;
• мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасауды, өзін-өзі бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістеріне мыналар жатады: этикалық әңгіме; әңгімелесу; пікірталас; лекциялар; өнеге; көз жеткізу (ситуация).
Мадақтау әдісі дегеніміз - тәрбиешінің баланың жағымды іс-әрекетін, мінез-құлқын көріп бағалай білуі және оны көпшілік, ұжым алдында қолдайтынын жария етуі.
Тәрбие әдістерінің бұрынан келе жатқан түрі - жазалау әдісі кеңінен танымал, әрі өте күрделі әдіс. Жазалау тәрбиеленушілердің теріс қылықтарының алдын алу мен қайта тәрбиелеуге бағытталған жеке тұлғаның немесе ұжымның нақтылы бір талаптарын қоюдың формасы ретінде қолданылады.
«Жарылыс» әдісі. А. М. Макаренко ең алғаш бұл әдістің мәні мен қолданылу мақсатын аша отырып, осылайша ат қойған.
Әлеуметтік педагогиканың тәрбие әдістерінің үшінші тобына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету әдістері жатады.Оған психологиялық кеңес беру, аутотренинг, қызметтік ойындар және т.б. жатады.
Психологиялық кеңес беру психологиялық-педагогикалық қызмет пен әлеуметтік жұмыс қызметіндегі ең кеңінен тараған әдістердің бірі болып табылады.
Аутотренинг – клиенттерді бұлшықеттерін релаксация жасауға, өзін-өзі сендіруге ерік жігерін бағыттай алуға, зейінін бір орталыққа шоғырландыруды дамытуға және ерікті ақыл-ой белсенділігін басқара білуге бейімдейтін психотерапиялық әдіс.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг топтағы адамдармен өзара қарым-қатынасқа түсуде өзін-өзі танып білу білігі мен дағдыларын қалыптастырудың топтық әдістерінің жиынтығын құрайды.
Қызметтік ойындар - нақтылы бір қызмет түрінің әлеуметтік мазмұнын, қайта жасаудың, тәжірибе типіне тән сипаттағы қарым-қатынас жүйесін моделдеудің формасы.
Тұжырым:
1.Кез келген ғылым саласы секiлдi әлеуметтік педагогика ғылымының да өз дамуында қолданатын зерттеу әдiстерi бар және олар өзiндiк ерекшелiкке ие.
2.Әлеуметтік педагогика ғылымының зерттеу әдiстерi жалпы педагогика ғылымының зерттеу әдістерін пайдаланады: теориялық және эмпирикалық әдiстер. Теориялық әдiстерге барлық теория жүзiнде қарастырылатын әрекеттердi, ал эмпирикалық әдiске барлық практикалық-әрекеттiк негiзде жүргiзiлетiн әдiстердi жатқызамыз.
3.Әлеуметтік педагогиканың зерттеу әдiстерi ғылымның дамуына және орын алып отырған проблемаларды шешудiң жолдарын анықтау мақсатына қызмет етуi тиiс.
4.Әлеуметтік педагогикалық әдiстердi қолдануда басқа ғылымдар байланысы назардан тыс қалмайды. Мысалы, тәрбие әдістері, тарихи шолу мен жүйелеу әдістері, психологиялық кеңес беру әдістері, статистикалық мәлiметтердi пайдалану, салыстырмалы талдаулар жасау, математикалық есептеулер мен жобалаулар педагогика салалары арасындағы және ғылымаралық байланысты қамтамасыз етедi.
Достарыңызбен бөлісу: |