Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы:
Менің сүйікті ойыншықтарым
Мақсаты:
1.Балалардың сүйікті ойыншықтары арқылы оларды бауырмалдыққа, мейрімділікке, қамқор болуға дағдыландыру.
2.Ойыншықтары туралы білуге үйрету, баланың сөздік қорын, тіл байлығын жетілдіре түсу.
3.Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік:
Әртүрлі ойыншықтар: Қуыршақ, доп, машина және аңдар.
Сабақтың барысы: I - Ұйымдастыру
II – Тәрбиешінің кіріспе сөзі
III – Жұмбақ шешу
1. Аяғы бар жүрмейді
Аузы бар күлмейді
Айнымайды бөпемнен
Тек сөйлеуді білмейді. (қуыршақ)
2. Суға салсаң батпайды,
Түскен жерде жатпайды (доп)
IV. Сұрақ – жауап
-
сүйікті ойыншықтарың бар ма?
-
Қандай ойыншықтарың бар?
V. Қазір әркім өзінің сүйікті ойыншықтары туралы айтып береді.
VI. Ойыншықтар:
1. Іші толған бөлменің,
Ойыншығым мол менің
Босқа тізіп қоймайық,
Келе ғой, достар ойнайық.
2. Мына тұрған арғымақ,
Мінем оған қарғып – ақ.
Тістемейді,теппейді
Бос қойсаң да кетпейді.
3. Мына тұрған тайлағым,
Келмейді оны байлағым.
4. Мына тұрған сиырым,
Томпайтып тұр бүйірін.
5. Мына тұрған қояным,
Алдына жем қоямын.
Құлағы оның ұзын – ақ,
Өзі бірақ қорқақ.
6. Мыны тұрған машинам,
Зымрайды тоқтамай,
Алдына тұраң машинамның,
Қағып кетем байқамай.
Ән «Ойыншықтар»
1. Добым, добым домалақ,
Шаршамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің
Тәрелкені сындырдың.
2. Добым, менің добым
Өзің неткен добым
Зымырайсың қутыңдайсың,
Бірақ меннен құтылмайсың.
3. Лақтырғанда добымыз,
Биікке ұшып кетеді.
Тату болсақ өзіміз,
Бәрімізге жетеді.
«Қуыршақ»
1. Әй, қуыршақ, қуыршақ,
Жуынбайды жуынсақ.
Беті қолдың батпағын
Елең қылмай жатқаның
- Қашан адам боласың?
«Қуыршақ» әні
1. Көп жүрдік далада,
Ойнамай болама,
Аяқ бастың тәй – тәй,
Шаршадың ғой, қуыршағым!
Тойдырдың ғой бөепенге,
Үйреттің төкпеуге
Төсек дайын бөпем
Демал енді, көкем
Ұйықтай ғойшы Қуыршағым.
Мысық
1. Ақ мысығым әдемі,
Жүні үлп – үлп етеді
Өзі сондай сүйкімді
Сүтті жақсы көреді.
2. Бірге ойнасақ мысықпен,
Еркелейді ол маған.
Мияу, десе мен оны
Жүгіріп кеп қолға алам.
Ертегілер әлеміне саяхат
-
Әтеш пен тоты құс
-
Үш жолаушы
-
Қозы, аю, арыстан
-
Қасқыр мен түлкі
VI. Бекіту:
- ойыншықтарды ұқыпты ұстай білесіңдер ме?
VII . Достарыңмен ойыншықтрыңды бөлісіп ойнаңдар.
Тәрбиеші:
Ойыншықтармен күнде біз,
Кешке дейін біргеміз
Кейде еңбек етеміз,
Кейде ойнап кетеміз
Жанұядағы балалар тәрбиесі.
Жанұя, яғни отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақсы әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұраларын сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, жақсыны жаманды айыра біледі.
Бала тәрбиесінің жолында отбасының атқарар рөлі мен ата – анаға жүктелген үлкен жауапкершілік туралы үлгілі де өнегелі азамат қалыптстырып шығару туралы, тіпті ерте заманда бабаларымыз айтып кеткен.
«Әке көрген - оқ жонар,
Шеше көрген – тон пішер»
немесе
«Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі»
деген қасиетті де қанатты сөзінің мәнін ешбір уақытта әрбір ата – ана естен шығармауы керек.
Балалар өз отбасында қандай тәрбие көрсе, әке – шешенің қандай қылықтарын көріп өссе, олармен қалай қарым – қатынаста болса, сыртта да, балабақшада да, көпшілік орындар да дәл сондай ағыммен кетеді.
Себебі «сүйекке біткен мінез, сүтпен кетеді», деген ұлағатты сөз бұған куә.
Бала – Адамның бауыр еті.
Тәрбие сағатының мақсаты: ұрпақ тәрбиесінде ата – бабамыздың ұстаған жолын, көп балалы болуды бақыт деп санаған, баланың отбасындағы орнының жоғары бағалағандығын паш ету, бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүрлерді үйрету, жаңа ғасырдың мұрагерлерін тәрбиелеу деп санаған.
Ұрпақ – ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтететін артына ұрпақ қалдыруды көздейді.
Ертеде ел сыйлаған құрметті бір адам өмір сүріпті. Ол адам өте бай болады. Сонша байлығы болса да, көкірегін «аһ» ұрғызған бір арманы бар екен. Себебі ол бір перзенке зар болады.
Бір күні Қызыр баба аян береді:
- Алдыңда екі түрлі жол бар: бірі - өмір бойы хан болып қамсыз өтесің, бірақ бала көрмейсің. Екіншісі – хандықты тастап ел аралап, қайыршы болып кетесің – мұратыңа жетесің.
Бала – адамның бауыр еті.
Халқымыз балалы болу бақытын байлыққа, мансапқа ауыстыра алмаған. «Бала - өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі», деп ұрпақты болуға оның тәрбиесіне қатты көңіл бөлген. Қазақ ұл баласының дүниеге келуін «Ұл туғанға күн туар» деп ерекше бақыт санаған, шаңырақтың иесі ұл бала деп білген. Ал қыз балаға «Дүниенің тұздығы, бастауы» деп қараған.
Халық тәрбиені бала іште жатқан кезде бастайды. Бала дүниеге келген соң оның тәрбиелі, жақсы болуына ата – аналар жауап береді. Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделі процесс. Жеке бастың қалыптасуы, оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас: шбық илеуге қандай икем болса, бала тәрбиені қабылдауға сондай бейім.
Жалпы отбасында бала тәрбиесіндегі басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн режимі, міндеттері, қойылатын талаптар оның үй еңбегіне қатысуы, оқу іс - әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Режим – баланы жинақтылыққа, тіл алғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, еңбек қаблетін жақсартады. Өз ұрпағының ертеңгі күні үлгілі, өнегелі, тәрбиелі достары мен ұстаздары алдында беделді де, әдептілік талғамы зор, мәдениетті бала, әрі азамат болып қалыптасуы үшін ата – аналар оған ерекше назар аударып, оқушының күн режимін нақты, дәл жасап беруі қажет.
Бала жанұяның мүшесі, оның өз міндетін адал ниетпен орындауы зор қуаныш. Баланың келешекте адал да арлы болып өсуі ата – анаға байланысты.
Міне, осы баланың бос уақыты дегенге ата – аналар өте назар аударуы қажет. Себебі бұл өте нәзік мәселе. Балабақшада бала 5 – 6 сағат болса, бір тәуліктің қалған уақытында ол үйде, яғни ата – анасымен бірге болады. Сол кезде баланың бос уақыты қалай өтеді, немен шұғылданады соны қадағалау керек, әрі бала нені қызықтайды, не білгісі келеді. Баланың сұрағы жауапсыз қалмау керек. Білгісі келген нәрселерді қарапайым тілде түсіндіріп беруі керек.
Бала сіздің әр бір қимылыңызды, бет әлпетіңіздегі өзгерістерді, дауыс ырғағыңызды қалтықсыз қадағалап отыратындығын есіңізден шығармағаныңыз абзал. Мысалы, балаға әңгіме, ертегі оқыған кезде мазмұнына сәйкес дауыс ырғағын келтіріп оқыңыз, бала ұйып тыңдайды.
Ол үлкендердің өзіне назар аударып, кітап оқып беріп, сұрақ – жауап алысып, көңіл бөлгеннің өзіне қатты қуанады. Баланың қаншалықты сізді тыңдағанын білу үшін арасында сұрақ та қойып көріңіз. Сонда баланың қызығушылығы артады. Кейде бала сол ертегі кейіпкеріне де ұқсағысы келеді. Ертегілер бала бойын мейрімділік, қайрымдылық дәнін егуімен құнды.
Ал, ертегі арқылы балаға ненің жаман, ненің жақсы екендігін жанамалай түсіндіруге болады.
Отбасындағы баланың әке – шеше тәрбиесіне дұрыс бағынып, есейгенде дені дұрыс жақсы азамат болып, үлкенге кішіпейілді, кішіге қамқоршы болуды әке – шешеден және жанұядағы басқа да, үлкендер тарапынан тәрбие алғандығы.
Абай атамыз былай деген : «Бала неғұрлым көп естіп, көп көрсе, соғұрлым көп біледі» деген сөз. «Көз көруге тоймайды, құлақ естуге тоймайды», «Көрмегенге көсеу таң» демекші, балаларды баласынып ештеңе айтпасаңдар, бала өз білгенін істейді.
Ата – ана болсын, біз болып баланың бойына жақсы қасиеттерін сіңіріп, жаман қасиеттерден жиренуге үйретуіміз керек. Кейде баланың тәрбиесіздікке ұшырауының төмендегідей бірнеше басты себептері бар.
1. Баланы шектен тыс еркелетушілік, бетімен жіберушілік, бетінен қақпай өсіруі
2. Үлкендердің тарапынан бірыңғай талаптың жоқтығы, айтылған сөздерінің аяқсыз қалуы.
3. Баланың қандай ортада жүргеніне, кіммен дос екеніне көңіл аудару.
Қорыта айтқанда, бүгінгі ұрпақ, бала біздің болашағымыз. Ертеңгі еліне қызмет ететін әрбір азамат, бүгінгі баланың сапалы да, тәртіпті қоғам мүшесі болып шығуы, әрбір отбасының өз қолында. Бұл істе ұрпақ тағдыры үшін бәріміз бірігіп атсалысуымыз керек.
Бала дұрыс болса, қоғам дұрыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |