2- сынып оқушыларының сөйлеу тілін қалыптастыру



бет1/4
Дата06.05.2024
өлшемі0.65 Mb.
#500609
  1   2   3   4
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту





Қайдарова Ж.З.
Өскемен қаласындағы №13 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін қалыптастыру.

«Сөйлеу тілі- адамның мәдениетінің, ақыл-ойының, даму деңгейінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.»


С. Жиенбайұлы.

Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін қалыптастыру және оны жетілдіру – бүгінгі таңдағы кезек күттірмес мәселе. Ертеңгі күнгі тіліміздің жағдайын бүгіннен ойлап, бастауыш сыныптардан бастап оқушыларды ауызша сөйлеуге дағдыландыру керек. Оқушылардың сөйлеу тілі мұғаліммен қарым-қатынасы, өзара қарым-қатынасы, үйдегі ата-анасы, көшедегі басқа адамдармен қарым-қатынасы барысында қалыптасады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстанның болашағы – мемлекеттік тілінде », - деп тегін айтпаған. Бұл тілді үйрену, меңгеру, осы тілде сөйлеу- уақыт талабы. Ал мемлекеттік тілді меңгеру - әрбір қазақстандықтың азаматтық және адамгершілік борышы.
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінің көздейтін мақсаты - оқушыларды қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу.
Оқушылардың сөйлеу тілін қалыптастыру жолдарына төмендегідей талаптар қойылады:

Осы туындаған талаптарды қандай жолдармен жүзеге асыруға, шешуге болатындығы мені қатты ойландырды, қызықтырды.
Зерттеу өзектілігі: Тіл үйрету- ол зорлықсыз, иландыру арқылы жүргізілетін жұмыс екендігі бәрімізге мәлім. Алайда, қандай да бір құбылыс болмасын оның қажеттілігі байқалмайынша жүзеге аспайтыны анық. Олай болса, мемлекеттік тіл қазақстандық өзге ұлт өкілдерінің қажеттіліктеріне айналмайынша олардың тілді үйренулері кешеуілдейді.
Сондықтан да мемлекеттік тілге үйретудің іргетасын, негізін қалау бастауыш сыныптардан басталуы заңды. Өйткені, білім негізі – бастауышта. Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, сөйлеу тілін қалыптастыра отырып білім беру- біздің басты парызымыз. Ғұлама ойшыл Әл-Фараби айтқандай «Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана адамның жүрегінен орын алады.» Сол себептен өз тәжірибеммен, ойларыммен бөлісу үшін:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет