2.1-тапсырма Бастауыш білім беру деңгейі мен негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейінде грамматиканы оқыту ерекшеліктерін анықтаңыз, әр деңгей бойынша өз ойыңызды тұжырымдаңыз.
Білім беру деңгейі
|
Ерекшеліктері
|
Тұжырым
|
1-4 - сынып
|
Бастауыш білім беру деңгейінде грамматиканы оқыту лингвистикалық терминдерді қолданбай жүзеге асырылады. Мәселен, лексикалық минимумды меңгеру кезінде грамматикалық минимум коммуникативтік дағдының астарында өтеді
|
Яғни бастауыш сыныпта қазақ тілін меңгертудің басты міндеті-ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
|
5-9 - сынып
|
Негізгі орта білім беру деңгейінде грамматикалық білім коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру барысында жүзеге асырылады. Грамматиканы оқыту лексикалық тақырыптардың мәнмәтіні негізінде меңгеріледі. Тапсырмалар коммуникативтік жағдаяттарға негізделеді, дайын шаблон, модель, құрылымдар арқылы орындалады. Тілдік бағдар бөлімі сөз таптары мен сөйлемнің барлық түрлерін қамтиды Оқушылардың тілдік грамматикалық дағдыларды меңгеруі үшін ұсынылатын тапсырмалар іс жүзінде сөйлеу жағдаяттарымен байланысты және нақты коммуникативтік бағытта болуы міндетті
|
Яғни ережені жаттатудан бұрын, грамматиканы коммуникативтік дағдылар арқылы түсіндіру керек. Ол үшін мәтін, жағдаяттық тапсырмалар ұсына отырып, грамматикалық бірліктің мағынасын, жаслауын, дұрыс қолданылуын түсіндіру.
|
10-11 - сынып
|
Жалпы орта білім беру деңгейінде пән мазмұнында қазақ тілінің грамматикасы жаттанды оқуға емес, функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) негізделген. Грамматиканы бөлек қарастырмай, лексикалық тақырыптар аясында функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде оқытуға бағытталған. Грамматикалық бірліктердің мәтінді құруға қатысуда қандай функционалдық мағыналық қызмет атқарғанын таныту міндеті жүктеледі. Өйткені, қазіргі кезеңде оқушылардың дұрыс таңдау жасай білу, дұрыс шешім қабылдау, қоршаған ортаны объективті түрде көрсету қабілеттері ерекше маңызға ие.
|
Оқушылар тек пән аясында жұмыс жасап қоймайды, олар материалды іріктеп, жинақтайды, ұсынылған мәселені анықтайды, сыни тұрғыда баға береді.
|
2.2-тапсырма. 1-4 сынып «Тілдік нормаларды қолдану» бөлімінен оқу мақсатын таңдап, тапсырма әзірлеңіз.
Сынып:
|
4-сынып
|
Оқу мақсаты:
|
4.5.1.2 көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
|
Бағалау критерийі
|
Ауызша/жазбаша тілде септік жалғауларын дұрыс қолданады.
|
Тапсырма:
|
Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Асқар- ме... досым. Ол Алматы... тұрады. Асқар Алматы... Ақтөбе... келді. Мен досым... қонаққа шақырдым. Досым... асық ойнадым.
Дескриптор:
-септік жалғауларын дұрыс жалғайды;
-сөйлемдерді көшіріп жазады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |