ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Мазмұны
1-тақырып Негізгі ұғымдар мен ережелер
2-тақырып Термодинамикалық үдерістер
3-тақырып Су буы
4-тақырып Бу күші қондырғысының циклы
Кіріспе
Осы әдістемелік нұсқаулар «Техникалық термодинамика» курсы бойынша жұмыс бағдарламасына сәйкес жалпы орта білім беру, орта кәсіптік білім беру негізінде күндізгі оқу формасы үшін 5В071700 – жылуэнергетика мамандығы студенттері үшін құрастырылған. Олар студенттердің пәндік материалды оқудың өздік жұмыстары және лекциялық сабақтар бойынша теориялық білімдерін бекітуге арналған.
Практикалық сабақтардың мақсаты әр тақырыптың тапсырмаларын практикалық шешу бойынша есептік жұмыстарды орындау арқылы білімін бекіту және тереңдету болып табылады.
Бағдарламаланған тапсырмалар төрт тараудан тұрады. Әр тарау «Техникалық термодинамика» пәні материалының белгілі бір бөлігін ашады. Тапсырмалар жеке кадрлар түрінде орындалған, әр кадрдың соңында бақылау сұрақтары және материалды неғұрлым тәптіштеп қарастыру үшін тапсырмалар бар. Бақылау сұрақтарының жауаптары тараудың соңында берілген, осылайша өз білімін кадр мазмұнын оқи отырып тексеруге болады.
Әдістемелік нұсқаулық белгіленген тақырыптарды, сонымен қатар есептеп шығарылған жүйелердің теориялық сұрақтары мен құбылыстарын зерттеу үшін әдебиетті оқығанда ерекше көңіл аударуға қажет сұрақтар бар.
Кейбір сұрақтарды тәптіштеп және терең зерттеу үшін және тапсырмаларды шешу үшін көмекке қосымша әдебиеттер ұсынылады.
Өз бетімен жұмыс істегенде зерттелетін құбылыстар мен үдерістердің физикалық мәні туралы анық түсінігі болуын талап ету қажет.
Әдістемелік нұсқаулықта әр сабақтың неғұрлым маңызды сәттері ғана көрсетілгенін ескеру керек.
Әдістемелік нұсқаулықта әр тақырып үшін есептер мысалынан тұрады, олар студентке әр тақырыпқа қатысты негізгі есептеу формулаларын есіне салуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |