2.1-тапсырма Бастауыш білім беру деңгейі мен негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейінде грамматиканы оқыту ерекшеліктерін анықтаңыз, әр деңгей бойынша өз ойыңызды тұжырымдаңыз.
Білім беру деңгейі
|
Ерекшеліктері
|
Тұжырым
|
1-4 - сынып
|
1-4 сыныптарда «Тілдік нормаларды қолдану» бөлімінде етістік категориясын алып қарастырсақ, 1-сыныпта сөйлеу барысында мұғалімнің қолдауымен етістіктің
шақтарын, бұйрық рай, болымсыз етістіктерді қолдану берілсе, 2-сыныпта мұғалімнің қолдауымен сөйлемдегі етістіктің шақ, рай формаларын ауызша сөйлеу
тілінде қолдану беріледі, 3-сыныпта мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегіетістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану беріледі, ал 4-
сыныпта өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын
ауызша/жазбаша тілде қолдану меңгертіледі. Етістіктің барлық категориялары жеңілден күрделіге қарай 1-сынып пен 4-сынып аралығында толықтай қамтылған.
|
Грамматика – негізгі мақсатқа жету құралы болғандықтан, тілдердің
құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ тілінің грамматикасын формулалар арқылы оқыту өте
тиімді. Дайын формуларды білім алушы есте сақтайды да, осы формула арқылы кез
келген өзі білетін сөздерін грамматикалық дайын қалыптарға салып, оларды
тіркестіріп, сөйлемдер құрай алады.
|
5-9 - сынып
|
Негізгі орта білім беру деңгейінде грамматикалық білім коммуникативтік
дағдыларды қалыптастыру барысында жүзеге асырылады. Грамматиканы оқыту
лексикалық тақырыптардың мәнмәтіні негізінде меңгеріледі. Тапсырмалар
коммуникативтік жағдаяттарға негізделеді, дайын шаблон, модель, құрылымдар
арқылы орындалады. Тілдік бағдар бөлімі сөз таптары мен сөйлемнің барлық
түрлерін қамтиды.
Оқушылардың тілдік грамматикалық дағдыларды меңгеруі үшін ұсынылатын
тапсырмалар іс жүзінде сөйлеу жағдаяттарымен байланысты және нақты
коммуникативтік бағытта болуы міндетті.
|
Негізгі орта білім беру деңгейінде оқушылардың ауызша, жазбаша тілінде қолданатын және танитын морфологиялық, синтаксистік бірліктер грамматикалық тапсырмалар орындау барысында қолданылады.
|
10-11 - сынып
|
Жалпы орта білім беру деңгейінде пән мазмұнында қазақ тілінің
грамматикасы жаттанды оқуға емес, функционалдық-коммуникативтік тұрғыданоқытуға назар аударылып, төрт дағдыға (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым)
негізделген. Грамматиканы бөлек қарастырмай, лексикалық тақырыптар аясында
функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде оқытуға бағытталған. Грамматикалық
бірліктердің мәтінді құруға қатысуда қандай функционалдық мағыналық қызмет
атқарғанын таныту міндеті жүктеледі. Өйткені, қазіргі кезеңде оқушылардың дұрыс
таңдау жасай білу, дұрыс шешім қабылдау, қоршаған ортаны объективті түрде
көрсету қабілеттері ерекше маңызға ие. Бұл ретте оқушылардың бойында аталған
қабілеттерді дамыту коммуникативтік дағдылар шеңберінде жүзеге асырылады.
|
Нәтижесінде, оқушыларда тек пәндік білім, білік, дағдылар ғана емес,
материалдарды жинау және реттеу әдістері, сұрақтарды құрастыру және
дереккөздермен жұмыс жасауда проблеманы қоя білу біліктілігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, материалдарды жинақтау және
нәтижелерді тексеру сынды кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына мүмкіндік
береді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |