2. ДӘріс тезистері


Тақырып 6. Ғылыми парадигмалар жүйесі - ғылым дамуының заңы ретінде. Ғылымның жүйецентристік және антропоцентристік парадигмалары



бет12/30
Дата02.04.2024
өлшемі4.37 Mb.
#497387
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
БМПед.ғыл. Дәріс 4

Тақырып 6. Ғылыми парадигмалар жүйесі - ғылым дамуының заңы ретінде. Ғылымның жүйецентристік және антропоцентристік парадигмалары
1 Парадигма – әдіснамалық категория ретінде.
2 Ғылыми парадигма.
3 Парадигмалардың ауысуы. Полипарадигмалық ұстаным. Ғылымның жүйецентристік және антропоцентристік парадигмалары.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Парадигма (латын тілінен аударғанда) үлгі немесе мысал, алгоритм, нобай дегенді білдіреді. Білім беру парадигмасы – білім берудің тұжырымдамалық нобайы. Бұл ұғымды енгізген И.А.Колесникова. Білім беру парадгмаларын қалыптастыру адамзаттың әлеммен өзара әрекеттесудің әртүрлі тәсілдерін игеру барысында жүзеге асып отырған. Әр парадигма дүниені, педагогикалық нысандарды қабылдаудың, олардың мәнін түсінудің әр түріне сай келеді. Парадигма– бұл ғылыми міндеттерді шешу үлгісі ретінде қабылданған және ғылыми қоғамдастың барлық мүшелері бөлісетін теориялық, әдіснамалық және аксиомалық тағайындаулар жүйесі.
Парадигма – ғылымның негізгі өлшем бірлігі. Парадигма деп барлық халық түгелдей дерлік мойындаған ғылымның алғашқы жетістіктерін айтуға болады. Ғылым дамуының алғашқы факторларының бірі өзінің әдіснамалық бағыттары бар жеке (атаулы, авторлық, инновациялық мектептер) мектептердің пайда болуы. Осындай мектептер бір-бірінен парадигмаларымен ерекшеленеді. Парадигма ұғымының мазмұнын әртүрлі ғылымдар тұрғысынан қарастырып көрелік.
Ғылыми таным әдіснамасы ретіндегі парадигма талдауының күрделілігінің үшінші маңызды себебі ғылыми-зерттеу әдіснамасының бірыңғай түсініктемесінің жоқтығынан, тұтас бірқатар ұғымдардың және бәрінен бұрын, әдіснама мен парадигма, әдіснама және әдіснамалық негіздері арақатынасының анықталмағанынан тұрады.
Қазіргі уақытта әдіснама күрделі, көп жоспарлы және көп деңгейлі құбылыс ретінде қарастырылады. Қазіргі заманғы әдіснама – барынша тұрақты және өзгерістерге қарсы тұратын сала.
Әдіснама саласы – бұл әр жағдайға жеке дайындалмайтын, қолдануға дайын тұрған құралдары, әдістері, принциптері, идеалдары және бағдарлары бар жеткілікті тұрақты сала. Парадигма да көптеген осындай белгілерге ие. Дүниетанымның шекті ұтымдылығымен оны теңдестіретін әдіснама анықтамасын кездестіруге болады. Бұл жағдайда әдіснамалық үдерістерді түрлі құраушыларды дифференциациялау, анықтау және салыстырмалы зерделеу мәселесі туындайды.
Қазіргі заманғы батыстық философияда білімнің өсуі мен дамуы проблемасы орталықтанған болып табылады. Проблеманы әсіресе өте белсенді талқылаған тұрақты позитивизм жақтаушылары – Поппер, Кун, Лакатос және тағы басқалар.
Томас Кун («Ғылыми революциялар құрылымы») ғылымды құрамында әлеуметтік топтар және ұйымдар әрекет ететін әлеуметтік институт деп санады. Ғалымдар қоғамының басты біріктіруші бастауы ойлаудың бірыңғай стилі, осы қоғамның белгілі бір іргелі теориялары мен әдістерін мойындауы болып табылады. Ғалымдар қоғамдастығын біріктіретін осы ережені Кун парадигма деп атады.
Кунның айтуынша, ғылымның дамуы – бұл мәнісі парадигмалардың ауысымынан көрінетін секірмелі, революциялық үдеріс. Ғылымның дамуы биологиялық әлемнің дамуына ұқсас – бір бағытты және тұрақты үдеріс.
Ғылыми парадигма – бұл ғылыми қоғамдастық бөлісетін білім, әдістер, міндеттерді шешу үлгілері, құндылықтар жиынтығы.
Парадигма екі функцияны атқарады: «танымдық» және «нормативтік».
Парадигмадан кейінгі ғылыми танымның келесі деңгейі – бұл ғылыми теория. Парадигма өткен жетістіктерге теорияларға негізделеді. Бұл жетістіктер ғылыми проблемаларды шешудің үлгісі болып саналады. Түрлі парадигмалар аясында болатын теорияларды салыстыруға келмейді.
Кун қалыпты ғылымға тән іс-әрекеттің түрлерін бөліп қарайды:
1.Парадигма көзқарасы тұрғысынан барынша көрнекті фактілер айқындалады, теориялар нақтыланады. Осындай проблемаларды шешу үшін ғалымдар барынша күрделі және нәзік аппаратураны ойлап шығарады.
2. Парадигманы растайтын факторларды іздеу.
3.Эксперимент пен бақылау үшін түсініксіздіктерді шеттетумен және басында шамалап қана шешілген проблемаларды шешуді жақсартумен байланысты. Сандық заңдарды бекіту.
4. Парадигманың өзін жетілдіру. Парадигма бірден мүлтіксіз бола қалмайды.
Ғылыми білім эволюциясы парадигмалардың қалыптасуын, бәсекелесуін және ауысуын білдіреді. Парадигма (грек сөзінен. – мысал, үлгі) – нақты тарихи кезеңде зерттеудің тән типтерін және оның негізгі бағыттарын айқындайтын теориялық және әдіснамалық алғышарттар (үлгілер, құндылықты анықтамалар және нормалар мен ережелер) жиынтығы. Термин оны ғылым революциясы теориясын құруға талпынған кездегі түсініктер жүйесінде американдық ғалым-ғылымтанушы Томас Кунның (1929) еңбегінен кейін кеңінен тарады. Т.Кун ғылыми революциялар тұжырымдамасын парадигмалардың ауысуы ретінде алға тартты. Бұл ұғым ғылыми пәндерді қалыптастыруды сипаттау, ғылыми білімнің түрлі кезеңдерін (парадигмалыққа дейінгі, яғни ғылыми қоғамдастық мойындаған теория болмаған кезең және парадигмалық кезең) сипаттау үшін, ғылыми революция талдауы үшін қолданылады.
Парадигма келесілерді айқындауды белгілейді: 1. ғылыми таным мақсаттары (анықтауға жататын фактілер, заңдылықтар, заңдар, механизмдер), 2. осы мақсаттарға жету тәсілдері (материалды өңдеудің болжамы, әдістері, аппаратуралары және тәсілдері деңгейінде), 3. осы тарихи кезеңде қабылданған талаптарға зерттеудің барлық компоненттерінің сәйкестігіне баға беру критерийлерінің жүйесі (математика-статистикалық критериилер, дұрыстық, сенімділік критериилері).
Ғылымның жүйецентристік және антропоцентристік парадигмалары
Антропоцентрлік парадигма зерттеушінің объектіні түсінудің орнына субъектке қызығушылықтың ауысуымен сипаттайды, яғни адам білімде және білім адамда талдап жіктеледі. Білім жүйесін және құрылымын зерттеудің орнына – қабілеттілікті оқып үйрену, әлем туралы білімді, білім алушыларға жаңа талаптар қойылады. Формальді өлшем негізінде құрылған зерттеу, айырбастау оның орнына енді лингвистикада «жеке тұлғаның ықпалы» деген қажеттілік есепке алынады, - деген түсінік келді. Демек, ғылымды түсіну және танып білу үшін оның тілдік тасымалдаушы, яғни сөйлей алатын және ойлай алатын жеке тұлғаға бұрылу керек. И.А.Бодуэна де Куртенэ сөзіне қарағанда «тіл тек қана жеке ақылында, жанында, жеке тұлғаның психикасында немесе ерекше тілдік ұжымда құрылады және өмір сүреді». Адам тек «барлық дүние-мүліктің шарасымен», яғни сәйкесінше аспан әлемінің орталығына және тілдің ортаға қойылатынын мойындайды. Ол адамгершіліктіктің және өзіне тән ұлттық-мәдениеттік құндылығында тасымалдаушы болып табылады. Сол себептен бірінші жоспарда жалпы әмбебап коды және адамдар арасындағы іргелі байланыс ретіндегі мәдениеттің мәселелері шығады. Демек, философиялық негізгі қатынас ол антропоцентрлік және қызметтік теория болып табылады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. «Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» курсының мақсаты мен міндеттері, мазмұны
2. Педагогикалық зерттеу әдіснамасы
3. Қазіргі ғылым мен бастауыш білімнің әдіснамалық тұғырлары
4. Оқыту нәтижелері сапасын бағалауға құзыреттілік тұрғысынан келу
7. Әдіснамалық рефлексия және оның зерттеу жұмысындағы мәні.
8. Дамытушылық білім беру үдерістерін психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық жобалау
9. Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі.
10. Жаңартылаған бастауыш білім беру оқу бағдарламаларының басты идеялары. (1-4 сыныптар).
11. Бастауыш мектептегі әмбебап оқу әрекетттерді жобалау технологиялары
12. Педагогика ғылымы дамуының жаңа тұжырымдамалық идеялары мен бағыттары.
13. Бастауыш білім берудегі инновациялық үдерістердің мәні.
14. Білім беру философиясының тұжырымдамалары
15.Бастауыш оқыту педагогикасы саласында ғылыми білім алудың заманауи әдістерінің бірі – интербелсенді әдістер.
16. Жаңартылған бастауыш білім берудің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама.
17. Жеке пәндердің оқу-әдістемелік кешендеріне талдау жасаңыз.
18. Бастауыш білім сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі.
19. Ғылымның жүйесцентристік және антроцентристік пардигмалары.
20. Парадигма – әдіснамалық категория ретінде
21. Білім берудің мониторингі – ғылыми және практикалық мәселе.
22. Интелектуальды интерфейс тұжырымдамасы.
23. Тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының тұжырымдамасы.
24. Деңгейлеп, саралап, даралап оқыту технологияларына сипаттама.
25. Ақпараттық технологиялардың теориясы мен әдістемесі
26. Коммуникативті технологиялардың теориясы мен әдістемесі
27. Мультимедия технологиялары және оларға сипаттама
28. Отандық білім жүйесі мен шетелдік білім кеңістігін кіріктіру
29. Бастауыш білімді дамытудың бағыттары мен жаңа тұжырымдамалық идеялары
30. Бастауыш оқыту педагогикасы саласындағы ғылыми таным әдістері

1

№ 7
Дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет