Білім алушыларды неге үйретуіміз керек?
себеп-салдарлық байланысты айқындау;
меңгерген білім негізінде жаңа идеяларды қарастыру;
анық және керек ақпаратты алу;
әр түрлі ақпараттардың өзара байланысын түсіну;
талдау кезінде қателерді бөліп көрсету;
бағдары, қызығушылығы, идеясының қойылуы туралы
нақты қорытынды жасауы;
өзінің пікірін дәлелдеуде қайтпастықтан алыс болу;
өз пікіріңді дәделдеуде адал болу;
өзіндік пікірің мен жалпы тұжырымның арасын үнемі
тексеруге болатын фактілерді ажырата білу;
Зерттеуші ғалымдардың пікірлерін ескере отырып, сыни ойлау технологиясының келесі ерекшеліктерін көрсетеміз:
Берілетін білімнің немесе ақпараттың көлемі маңызды емес, бастысы білім алушы сол ақпаратты қалай басқара алады: ізденуі, тиімді тәсілмен өзіне қабылдайды, оның мағынасын түсініп, өмірде қолдануы;
Дайын білімді меңгеруі емес, оқыту үдерісінде өзінің құрастыруынан жаңа пайда болады;
Оқытудың коммуникативтік-ақпараттық ұстанымы диалогке құрылады, сабақ интербелсенді түрде ұйымдастырылады, проблеманы бірлесіп шешуге ізденеді, педагог пен білім алушы арасында «серіктестік» қарым-қатынас орнайды;
Сыни ойлай білу - бұл кемшілікті іздеу емес, таным объектісінің теріс жағы мен оң жағына әділ баға беру;
Қазақстандық ғалымдардан А.Х.Әлімовты атауға болады. Автор сыни ойлау проблеманы шешуге бағытталумен қатар, өзіндікке, дербестікпен ерекшеленеді: қандай да болмасын түсінік ақпарат бойынша, өзіндік түсінік қалыптастырып, оған тәуелсіз тұрғыдан баға беру, шешім қабылдау, - деген тұжырым жасаған.
Сондықтан да болашақ мамандар сыни тұрғыдан ойлау технологиясымен жұмыс істеу үшін келесі сапаларды қалыптастыруы тиіс: шыдамдылық, басқаларды тыңдай білу, өзінің көзқарасына деген жауапкершілік.
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы келесі үш фазадан тұрады
Бірінші фазаның міндеттері:
Меңгертілген білім мен түсініктерді белсендіру;
Өтілетін тақырыпқа танымдық қызығушылығын ояту;
Білім алушылар меңгертілген білімнің бағытын айқындайды.
Бірінші фазада алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талданады, жұмыс жеке, жұпта, топта орындалады.
Екінші фазаның міндеттері:
Мәтінмен белсенді жұмыс жүргізу;
Танымдық сұранысын қанағаттандыру;
Мәтінге өзінің қатынасын қалыптастыру.
Жаңа ақпаратпен тікелей байланысқа түседі (мәтін, фильм, дәріс, тармақша материалдары), жеке және жұппен жұмыс жүргізіледі.
Үшінші фазаның міндеттері:
Бұрынғы және жаңа түсініктерді салыстыру;
Меңгерген материалды тереңдету, кеңейту;
Тақырыпты әрі қарай меңгеру үшін бағытын айқындау.
Шығармашылық жұмыстар талдау, интерпретация және т.б. меңгерген ақпараттармен жұмыс жеке және топтық, ұжымдық түрде ұйымдастырылады.
Қорыта келе, сыни ойлау жеке дағды емес, дағды мен іскерлік кешені, білім алушыларды оқыту мен дамыту барысында біртіндеп қалыптастырылады. Ол үшін білім алушылар сабақта белсенді, ақпаратты іздеуші, алған білімін өзінің тәжірибесінде қолдана алатын, білімін осы саладағы басқалармен салыстыра алатын пәнішілік және пәнаралық байланысты өздігінен қоя алатын болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |