Түрлі шаруашылықтарда, оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және т.б. салаларда берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Мысалы, жоғары оқу орындарында дайындалатын мәліметтер:
-
Факультеттер, олардың құрамындағы кафедралар мен кафедра қызметкерлерінің тізімі не қызметкерлер жөнінде басқа мәліметтер;
-
емтихан ведомостары;
-
студенттер жөнінде мәліметтік тізімдер;
-
түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдардың тізімі (тегі, аты жөні, білімі, адресі, үй телефоны, т.б.).
Мұндай мәліметтерді сақтау және өңдеу көп тараған әдісі – оларды берілгендер қоры түрінде дайындау. Берілгендер қоры – құрылымы арнайы тәсіл бойынша берілген форматтағы файлдар жиынтығы. Файл негізінен кесте түрінде дайындалады. Кестелерді дайындау, жылдам түрде олардан қажетті жазулар тобын таңдау (шартты қанағаттандыратын сұраныс құру), оларды сақтау, жазуларды редакциялау, жолдарды алып тастау, кестені басып шығару сияқты орындалатын іс-әрекеттер – күрделі жұмыстар.
Соңғы кездерде кестелерден тұратын берілгендер қорын құрып, оларды өңдейтін көптеген программалар жүйесі дайындалған. Оларды берілгендер қорын басқару жүйелері деп атайды. Белгілі берілгендер қорын басқару жүйелер:
dBase, FoxBase, FoxPro, Paradox, Access, т.б.
1.6 DATABASE DESKTOP УТИЛИТАСЫ
Берілгендер қоры кестесі Dlephi құрамына енгізілген Database Desktop (Берілгендер қоры жұмыс столы) қосымша программасы (утилитасы) арқылы құрылады:
-
Tools - Database Desktop (Сервис Берілгендер қоры жұмыс столы / қабықшасы) командасын беру. Қабықша программасы көрінеді (2.6-сурет).
2.6-сурет. Database Desktop терезесі
-
терезеден File – New – Table (Файл-Жаңа-Кесте) командасын беру. Create Table (Кесте құру) сұхбаттық терезесі шығады. Онда ашылатын тізімнен қажетті кесте форматын таңдау (Paradox не dBase). Алғашқы рет Paradox7 форматы іске қосылып, терезе өрісінде осы атау көрінеді (2.7-сурет).
2.7-сурет. Кесте форматын таңдау
-
Paradox7 форматымен келісіп, ОК түймесін шерту (онда пайдалануға болатын өріс типтері жеткілікті). Бірінші бағанында автоматты түрде өрістің номері жазылып қойылған кесте өрісі атауын сипаттау терезесі көрінеді (2.8-сурет).
2.8-сурет. Өрісті сипаттау терезесі
-
Екінші бағаннан бастап ретімен өріске берілетін атауды (FieldName), өріс типін (Type), өлшемін (Size) енгізу (өлшем өріс символдық типті болса ғана енгізіледі). Өрісті кілттік ету қажет болса, оның бесінші бағанда (Key) көрсетілуі тиіс. Ол «*» символы арқылы белгіленеді (жалпы, кілт Delphi-де және MS Access сияқты арнайы берілгендер қорын басқару жүйелерінде кеңінен пайдаланылады).
2 ПРОГРАММА ФОРМАЛАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Программа мынадай формалардан тұрады: Негізгі форма, «Тауарлардың жалпы тізімі» формасы, «Маркеттер» формасы, Маркеттерді енгізу формасы, Тауарларды енгізу формасы Тауарларды іздеу формасы, Маркеттерді іздеу формасы, Фильтрлеу және Есептер.
2.1 Негізгі форма
Программа қосылғанда ашылатын Негізгі форма терезесінің жалпы көрінісі төмендегі суреттегідей.
3.1-сурет
program Project1;
uses
Forms,
SysUtils,
TradeLIB in 'TradeLIB.pas',
mess in '..\MyLib\Mess.pas' {messag},
TitleUnit in 'TitleUnit.pas' {TitleForm},
TradePointsUnit in 'TradePointsUnit.pas' {TradePointsForm},
OpenDoc in 'OpenDoc.pas' {OpenDocumentDialog},
CreatDoc in 'CreatDoc.pas' {CreatDocForm},
MakeOtchetUnit in 'MakeOtchetUnit.pas' {MakeOtchetForm},
ActPrihod in 'ActPrihod.pas' {EditDoc},
PrintUnit in 'PrintUnit.pas' {PrintForm},
input in '..\MYLIB\input.pas' {Inp},
ViewOptionsUnit in 'ViewOptionsUnit.pas' {ViewOptionsForm},
InfoUnit in 'Infounit.pas' {InfoForm},
TovarsTypesUnit in 'TovarsTypesUnit.pas' {TovarsTypesForm},
AnalisOtchet in 'AnalisOtchet.pas' {AnalisForm};
{$R *.RES}
//const tohta=0;
begin
Application.Initialize;
TitleForm := TTitleForm.Create( Application );
TitleForm.Show;
TitleForm.Label3.Caption:='';
TitleForm.Update;
Application.CreateForm(TEditDoc, EditDoc);
Application.CreateForm(Tmessag, messag);
Application.CreateForm(TTradePointsForm, TradePointsForm);
Application.CreateForm(TOpenDocumentDialog, OpenDocumentDialog);
Application.CreateForm(TCreatDocForm, CreatDocForm);
Application.CreateForm(TMakeOtchetForm, MakeOtchetForm);
Application.CreateForm(TPrintForm, PrintForm);
Application.CreateForm(TInp, Inp);
Application.CreateForm(TViewOptionsForm, ViewOptionsForm);
Application.CreateForm(TInfoForm, InfoForm);
Application.CreateForm(TTovarsTypesForm, TovarsTypesForm);
Application.CreateForm(TAnalisForm, AnalisForm);
TitleForm.Free;
{ if Date>Encodedate(maxY+100,maxM+100,maxD+100) then
begin
messag.OutMessage('Срок действия демонстрационной версии истек. Программа больше работать не будет. Обратитесь к разработчику (66-35-84)','','Ok','');
halt;
end;}
Application.Run;
end.
Форма келесі бас мәзір қатарынан тұрады: Файл, Түзету (Редактировать), Іздеу (Поиск), ? (анықтамалық). Файл мәзірінде Тауарлардың жалпы тізімін (Список товаров), Маркеттердің тізімін (Маркеты), стандартты Сақтау (Сохранить), Ашу (Открыть), Баспаға шығару (Печать), Құру (Создать), Принтер және Шығу (Выход) командалары орналасқан. Олардың Шығу командасынан басқаларының барлығы белгілі бір диалогтық терезелерді ашады.
Келесі суреттерде Тауарлардың жалпы тізімі және маркеттердің тізімі шығарылатын формалар кескінделген. Олардың әрқайсысы TDBGrid, TDBNavigator, TRadioGroup, TЕdit және TButton компоненттерімен жабдықталған. «Мәліметтерді іріктеу (Фильтрация данных)» бөлімінде осы терезелдегі мәліметтерді қандай да бір белгілері бойынша іріктеу мүмкіндігі қарастырылған.
Терезелердің екеуі де базадағы мәліметтерді тек қарап шығу (көру) режимінде жұмыс істейді. Яғни, егер қандай да бір өрістегі мәліметтерді бұл терезелердің көмегімен өзгерту мүмкіндігі жоқ.
Негізгі форманың оң бөлімінде пайдаланушы интерфейсіне эстетикалық сипат беру мақсатында TImage1 компоненті орналастырылып, оған ағымдық каталогта орналастырылған flowers файлы тіркелді. Негізгі форманың WindowState қасиетіне wsMaximized мәні меншіктелді.
Достарыңызбен бөлісу: |