Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2012 жылғы 14 маусымдағы
№ 231-ө-м бұйрығымен бекітілген
(ҚР Әділетминінде 2012 жылғы 25 маусымда
мемл.тізілімде № 7754 болып тіркелді)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (31-шығарылым)
-
Жалпы ережелер
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (31-шығарылым) «Резеңке қоспаларын өндіру мен қайта өңдеудің жалпы кәсіптері», «Резеңке техникалық бұйымдардың, резеңке аяқ киім мен кеңінен тұтынылатын резеңке бұйымдарының өндірісі», «Шиналардың өндірісі, қалпына келтіру және жөндеу», «Техникалық көміртегінің өндірісі», «Регенерат өндірісі» бөлімдерінен тұрады.
Осы бөлімдерге берілген жұмыстар өндірісі немесе түрі үшін тән жұмысшылардың кәсіптері кіргізілген.
Жұмыс кәсіптерінің тарифтік- біліктілік сипаттамалары алты разрядтық тарифтік кестеге орай әзірленді. Жұмыстардың разрядтары олардың күрделілігі бойынша, әдетте, еңбек жағдайларын ескерусіз анықталған.
Тарифтік-біліктілік сипаттамасы осы бөлімдрде көрсетілген, жұмыс түрлері мен өндірісі бар мекемелердегі, жұмысшылардың біліктілік дәрежелерін иемдену, олардың құқықтық-ұйымдастыру түрі мен меншік түріне қарамастан қолданылады.
Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.
Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да (31-шығарылым) алфавиттік көрсеткіш (1- қосымша) көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.
2. Резеңке қоспаларын өндіру мен қайта өңдеудің жалпы кәсіптері
Латексті қоспаны дайындау аппаратшысы
1. Латексті қоспаны дайындау аппаратшысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Батырылған немесе кеуекті бұйымдар үшін латексті қоспаларды дайындау кезінде жекелеген операцияларды жүргізу. Ерітінділерді сүзу, латексті (вультексті) араластырғышқа құю, барабандарды шаю, аппаратураны тазарту. Латексті (вультексті) ваннаға беру. Дистиллятордың жұмысын қадағалау. Кеуекті бұйымдарды дайындау кезінде латексті көбікті пресс- қалыптарға құю. Толтырылған пресс- қалыптардың көлемін көзбен анықтау.
Білуге тиіс: көмекші операцияларды орындау және аппаратураны тазартудың тәсілдері, пресс- қалыптарды латексті көбікпен толтыру әдістері, қолданылатын шикізат пен материалдардың қасиеттері, түрлері мен белгіленуі, дайын өнімдердің ассортименті, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, аппаратураның және аспаптардың құрылысы.
2. Латексті қоспаны дайындау аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі жабдықта латексті қоспаны өндіру үшін эмульсиялар мен дисперсиялардың ерітінділерін дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Берілген рецептураға сәйкес ингредиенттерді асып қою. Домалақ диірмендерде ұсату. Берілген режимдер мен температураға сәйкес ерітінділер мен дисперсияларды араластыру және ұстау. Өнімнің сапасын көзбен анықтау. Мерзімді әрекеттегі аппараттарда латексті көбіктер дайындау. Технологиялық регламентке сәйкес латексті көбіктерді дайындау. Бактегі көбіктің көлемі бойыншаеселігін көзбен анықтау.
Білуге тиіс: ерітінділерлі, эмульсияларды, латексті қоспа мен көбіктерді дайындаудың технологиялық процесі, компоненттер мен дайын өнімнің қасиеттері және белгіленуі, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, көбіктің көлемінің еселігін анықтау әдістері, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен пайдаланылуы.
3. Латексті қоспаны дайындау аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Реакторда эмульсиялар мен дисперсиялардың дайын ерітінділерінен латексті қоспаны дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Реакторға латексті қоспаларды жүктеу. Технологиялық регламентке сәйкес қоспаларды араластыру. Желатиндейтін, көпіртетін және басқа компоненттерді реакторға қосу. Қоспаны өндіріске технологиялық регламентке сәйкес сорғылармен беру. Үздіксіз әрекеттені аппараттарда латексті көбіктерді дайындау. Қоспаларды берілген температураға дейін суыту немесе қыздыру, берілген режимге сәйкес температураны ұстап тұру. Аспаптар бойынша немесе көзбен өнімнің дайындығын анықтау. Қоспаны бакқа төгу.
Білуге тиіс: эмульсиялар мен дисперсиялардың ерітінділерін, латексті қоспаларды дайындаудың және жетілу технологиялық процесі, қолданылатын компоненттердің физика- химиялық қасиеттері және олардың белгіленуі, дайын қоспаның рецептурасы, режимдері және сапасына қойылатын техникалық талаптар, дайын қоспаны анықтау әдімтері, қызмет көрсетілетін жабдықтың және аспаптардың құрылысы, пайдалануы.
Резеңке желімдер мен жабындарды дайындау аппаратшысы
4. Резеңке желімдер мен жабындарды дайындау аппаратшысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резеңке желімлері мен жабындар (лактар) алу үшін жатырлық ерітіндіру үшін сырлар дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Рубраксты балқыту процесін жүргізу. Рецептуралық карталарға сәйкес материалдарды ілу, оларды араластыру аппараттарына жүктеу. Орнын басу процесінің және механизмдер мен аспаптардың жұмысының барысын қадағалау және бақылау. Сырлар мен ерітінділердің дайындығын анықтау. Дайын өнімді сүзу және ыдысқа құю.
Білуге тиіс: резеңке желімдерді, жабындарды әзірлеудің технологиялық процесі, пайдаланылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, жабдық пен құралдың құрылысы, өнімнің сапасына техникалық талаптар.
5. Резеңке желімдер мен жабындарды дайындау аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі аппараттарда резеңке желімдер, пасталар мен әр түрлі композициялы суспензиялар дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Қыздыру, булау және жұмсартқыштар дайындау процесін жүргізу. Каучукты және ингредиенттерді берілген рецептураға сәйкес өлшеу. Қоспаны білікшеде қыздыруы, технологиялық регламентке сәйкес аппаратқа тиеу. Бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша технологиялық процесті реттеу және механизмдерді басқару. Желімдердің, пасталардың, жұмсартқыштар мен суспензиялардың дайындығын анықтау. Талдау үшін сынамалар іріктеу. Жабдықты және құбырларды үрлеу және тазарту. Дайын өнімді ыдысқа түсіру немесе құю.
Білуге тиіс: резеңке желімдер, пасталар мен суспензиялар әзірлеудің технологиялық процесі, пайдаланылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, өнімнің дайындығын анықтау әдістері, өнімнің сапасына қойылатын талаптар, жабдық пен құралдың құрылысы.
6. Резеңке желімдер мен жабындарды дайындау аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі аппараттар мен ыдыстарда лактарды, тиоколдық герметиктер мен тиокол пасталарын дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Лакты дайындау кезінде - майды қыздыру. Ауамен үрлеу (оксидтеу). Компоненттерді (қорытпаны, каучукты, май мен сырды) лак пісіретін қазандыққа жүктеу. Майсыз лакты қайнату. Майсыз лакты бояу, бақылау - өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша және технологиялық регламентке сәйкес лакты қайнату процесін жүргізу. Тиокол герметиктері мен тиокол пастасын дайындау кезінде – рецептке сәйкес және белгіленген реттілікпен компоненттерді араластырғышқа тиеу. Аспалардың мөлшерін есептеу. Араластыру. Берілген режим бойынша тиокол герметиктері мен тиокол пастасын дайындау процесін жүргізу. Пастаның дайындығын көзбен анықтау. Өнімді өлшеп орау. Агрегатталған жабдықты басқару.
Білуге тиіс: лактарды, тиокол герметиктері мен пасталарын әзірлеудің технологиялық процесі, пайдаланылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, өнімнің дайындығын анықтау әдістері, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, жабдық пен құралдың құрылысы.
Резеңке қоспалардың жаныштап үгушісі
7. Резеңке қоспалардың жаныштап үгушісі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 800 мм дейін біліктер ұзындығымен резеңке қоспаларды жаныштап үгу. Резеңке, резеңке- шүберек қоспаларды қыздыру. Каучукты пластиктеу. Синтетикалық каучукты тазарту. Эбонитті және шүберектен жасалған қоспалардың тегістер білікшелерде ұсақтау. Резеңке, резеңке – шүберек қоспаларды, каучуктарды және әртүрлі ингредиенттерді білікшелерге тиеу. Бақылау - өлшеу аспаптарының көмегімен білікшелердің температурасын және олардың арасындағы саңылауды реттеу. Өделетін каучуктарды немесе резеңке және резеңке - шүберектен жасалған қоспаларды қолдық немесе механикалық пышақпен кесу. Қоспалардың физикалық - механикалық көрсеткіштерін орташалау және жақсарту мақсатымен қоспаларды соңына дейін жаныштап үгу. Процестің соңында – қоспаларды білікшелерден кесу, жекелеген жағдаларда ұнтақ жағу немесе суыту. Білікшелердің техникалық ақаусыздығын қадағалау.
Білуге тиіс: 800 мм дейін біліктерінің ұзындығымен білікшелерде қоспаларды немесе каучукты жаныштап үгудің технологиялық процесі, қолданылатын материалдардың маркалары, сорттары мен қасиеттері, өнімге қойылатын техникалық талаптар, жабдықтың және бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы.
8. Резеңке қоспалардың жаныштап үгушісі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 800 мм-ден 1100 мм дейін біліктердің ұзындығымен білікшелерде резеңке қоспаларды жаныштап үгу. Резеңке қоспаларды дайындау (бояу), кеуекті пластинаны жұмсарту. Шүберектен жасалған қоспаларды, гуттаперчиді, қатты қоспаларды және полиизобутилендік білікшелерде ұсату. 1100 мм жоғары білік ұзындығымен білікшелерле жаныштап үгу бойынша қарапайым жұмыстарды орындау: табиғи каучукты пластикациялау, резеңке қоспаларды қыздыру, термопластикатты орталау, синтетикалық каучукты, резеңке қоспаларды тазарту, регенератты жаныштап үгу. Біліктілігі анағұрлым жоғары жаныштап үгушінің басшылығымен 1100 мм жоғары біліктер ұзындығымен біліктерде резеңке қоспаларды дайындау (бояу) бойынша жұмыстарды орындау. Қоспаны қажетті температураға және иілгіштік деңгейіне дейін кесу және қайта жаныштап үгу. Қоспаның дайындығын анықтау. Біліктерден кесілген әрбір табақты маркалау және талдау үшін сынамалар іріктеу, жабдықты тазарту. Материалды тазартқан кезде - оны жұқа табақтармен барабанға орау. Барабаннан оралған қабатын кесу және оны жинап қою.
Білуге тиіс: білікшелерде каучуктарды, қоспалар мен массаларды өңдеудің технологиялық режимдері, өндірісте қоспалардың шифрлары, қасиеттері мен белгіленуі, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, сынамалар іріктеу ережесі, жабдықтың, бақылау- өлшеу аспаптарының және құралдардың құрылысы.
9. Резеңке қоспалардың жаныштап үгушісі 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 1100 мм-ден 2100 мм дейін біліктердің ұзындығымен білікшелерде немесе біліктілігі анағұрлым жоғары жаныштап үгушінің басшылығымен 2100 мм және жоғары білікшелер ұзындығымен біліктерде резеңке қоспаларды жаныштап үгу. Кеуекті пластинаны жұмсарту және резеңкелерді табақтау. Күкіртгі және басқа ингредиенттерді технологиялық регламентпен қарастырылған тәртіпте енгізу. Қоспаны мұқият араластыру. Бақылау - өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша немесе сыртқы түрі бойынша қоспаның дайындығын анықтау.
Білуге тиіс: қоспаларды дайындау мен өңдеудің технологиялық режимі, қоспалар мен олардың компоненттерінің шифрлары, қасиеттері, белгіленуі, дайындау ерекшеліктері, өнімге қойылатын техникалық талаптар, сынамалар іріктеу ережесі, жабдықтың және бақылау- өлшеу аспаптарының, және құралдардың құрылысы.
10. Резеңке қоспалардың жаныштап үгушісі 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 2100 білік ұзындығымен білікшелерде резең қоспаларды дайындау (бояу) – жаныштап үгу. Біліктер мен жабдықтарға қызмет көрсететін жұмысшыларға басшылық ету.
Білуге тиіс: резеңке дайындау технологиясының негіздері, ерекше мақсаттағы жауапты қоспаларды дайындаудың технологиялық режимі, қоспалардың және олардың компоненттерінің шифрлары және дайындау ерекшеліктері, өнімнің сапасына қойылатын мемлекеттік стандарттар, әр түрлі құрылымдардың, құралдар мен бақылау- өлшеу аспаптарының кинематикалық және электрлік сызбалары.
Вулканизаторшы
11. Вулканизаторшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резеңке бұйымдарды вулкандауға дайындау бойынша жұмыстарды орындау, дорнға викельдерді кигізу, қанылтыр табаларға, платформаларға, арбашаларға немесе арнайы ыдыстарға дайындамаларды салу, вулканизациялық қазандықтарды және аппараттарды жүктеу, вулканизация процесі аяқталысымен - бұйымдардың түсіру және оларды келесі өңдеуге дайындау бойынша жекелеген операцияларды орындау. Бақылау - өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша режимдерді жазу.
Білуге тиіс: шикі және вулкандалған бұйымдардың түрлері мен қасиеттері, қызмет көрсетілетін жабдықтың, аспаптар мен құралдардың құрылысы және қайта зарядтау тәртібі, жұмыс тәсімдері.
12. Вулканизаторшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резеңкеден, латекстен, резеңке желімдерден және асбесттен күрделі емес құрылымды вулканизациялық жабдықта қарапайым және орта күрделі жұмыстарды орындау: кішігірім көлденең қазандықтарда (1,5 м дейін диаметрімен және 3 м дейін ұзындығымен) немесе біліктілігі анағұрлым жоғары вулканизаторшының басшылығымен вулкандау бойынша күрделі жұмыстарды. Қарапайым конструкциялы бұйымдармен және прес – қалыптармен кез келген вулканизациялық қазандықтарды қайта зарядтау процесін жүргізу. Инфрақызыл сәулелер арқылы маталарды вулкандау үшін агрегатты жаятын жабдықтарға қызмет көрсету. Қазандықтарды және басқа құрылғыларды жұмысқа дайындау. Технологиялық регламентке сәйкес бақылау - өлшеу спаптарының көрсеткіштері бойынша вулканизация процесін жүргізу. Вулканизация аяқталысымен – ораған бинтін шешу, қалыптардан суырып алу.
Білуге тиіс: вулканизацияның технологиялық процесі, бұйымдардың ерекшелігі, мөлшерлері мен құрылымы, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, жабдықтың, құралдар мен бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы.
Жұмыс үлгілері.
1) Велокамералар, веложиектік және жиектік ленталар-көлденең қазандықтарда вулканизация;
2) Химқорғау бұйымдары, батырылған бұйымдар, резеңке жеңдер, резеңке - техникалық бұйымдар - кішігірім қазандықтарда өз бетімен вулканизация;
3) Силумин қалыптардағы ойыншықтар және қуыршақтар - вулканизация;
4) Жиектік ленталарға арналған қайнату камералары, дайындамалар мен бөлшектер, резеңке қоспалардың үлгілері – плитада вулканизация;
5) Клапандар - плитада;
6) Шыны, қалыптарда жануарлар мен құстардың үлгілері, шарлар- вулканизация;
7) Резеңкеленген маталар- кептіру барабандарында вулканизациялау.
13. Вулканизаторшы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Орта күрделі құрылымды вулканизациялық жабдықта резеңкеден, латекстен, резеңке желімдерден және асбесттен жасалған бұйымдарды вулканизациялау бойынша технологиялық процесін жүргізу және күрделі жұмыстарды орындау: үлкен қазандықтарда (1,5 м артық диаметрімен және 3 м артық ұзындығымен), автоклавтарда, туполдарда, мульдаларда, үздіксіз әрекеттегі вулканизация аппараттарында, лак- вулкандау агрегаттарында. Жабдықты жұмысқа дайындау, вулканизацияға тиісті бұйымдарды қабылдау, күрделі құрылымды заттармен және қалыптармен жабдықты қайта зарядтау. Технологиялық регламентпен қарастырылған технологиялық режим параметрлерін бақылау және реттеу: температураны, қысымды. Жабдықты жұмысқа дайындау: температураны, қысымды. Инфрақызыл сәулелер арқылы маталарды вулкандау үшін агрегатты жаятын жабдықтарға қызмет көрсету. Вулканизация жабдығына қызмет көрсететін анағұрлым төмен біліктілікті жұмысшыларға басшылық ету. Жоғары біліктілікті вулканизаторшының басшылығымен күрделі құрылымды вулканизация жабдығында әр түрлі резеңке бұйымдарды вулкандау бойынша ерекше күрделі жұмыстарды орындау.
Білуге тиіс: вулканизацияның технологиялық процесі, негізгі және көмекші жабдықтың, бақылау- өлшеу аспаптарының және автоматты реттеу жүйелерінің құрылысы, жұмыс істеу қағидасы, коммуникациялар сызбасы, бұйымдардың ерекшелігі, мөлшерлері мен құрылымы, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар.
Жұмыс үлгілері.
1) Үлкен бактар, жұмсақ резервуарлар, арнайы маталар, гуммусталған металл бұйымдары және резеңке аяқ киім- вулканизация;
2) Бензобактар – қалыптарды жинау- бөлшектеу;
3) Латекстен кеуекті бұйымдар – вулканизация;
4) Зауытішілік тұтынатын бұйымдар (стандартты емес мақта камералар, вулканизаторларға арналған төсемдер, электрокарлар үшін доңғалақтарды шиналау және тағы басқа) - әр түрлі вулканизация жабдығында вулканизация;
5) Паронитті және ферронитті толтырма бұйымдары және өнеркәсіптік техниканың арнайы бұйымдары - вулканизация;
6) Химқорғау бұйымдары, жеңбер, стандартты маталар – үлкен қазандықтар мен туполдарда вулканизация;
7) Қалыптық және қалыптық емес бұйымдар-термостаттарда жете вулканизация;
8) Жегетін және пісіретін камералар, пісіретін қаптар және жеке вулканизаторларда жиектік ленталар - вулканизация;
9) Резеңке аяқ киім – үлкен қазандықтарды қайта зарядтау;
10) Қақпақтар, қалпына келтірілетін- мульдаларда вулканизация;
11) Қақпақтарды жөндеуге арналған пластырьлар- вулканизация;
12) Темір қаңқаланған мата, паронит - вулканизация;
13) Камераның түйіске жері - мұздату;
14) Резеңкеленген маталар – қазандықтарда вулканизация;
15) Дәретхана ысқышы - вулканизация;
16) Тұлыптармен қуыршақтар - үлкен қазандықтарда вулканизация;
17) Велосипед шиналары, төсем шығыршықтары, тежегіш камералары, ішкі және сыртқы – қазандықтарда вулканизация.
14. Вулканизаторшы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Орта күрделі құрылымды вулканизациялық жабдықта резеңкеден, латекстен, резеңке желімдерден және асбесттен жасалған бұйымдарды вулканизациялау бойынша технологиялық процесін жүргізу және ерекше күрделі жұмыстарды орындау: үздіксіз әрекеттегі үлкен қазандықтарда, вулканизация аппараттарында. Анағұрлым жоғары білікті вулканизаторшының басшылығымен күрделі құрылымды вулканизация жабдығында бұйымдарды вулканизациялау бойынша ерекше күрделі жұмыстарды орындау.
Орта күрделі конструкциялы вулканизация жабдығына қызмет көрсететін төмен білікті жұмысшларға басшылық ету.
Білуге тиіс: вулканизация технологиялық процесі, вулканизация жабдығының, бақылау- өлшеу аспаптарының және автоматты реттеу жүйелерінің құрылысы мен жөндеу ережесі, коммуникациялар сызбасы, бұйымдардың ерекшелігі, мөлшерлері мен құрылымы, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар.
Жұмыс үлгілері.
1) Кеуекті бұйымдар – латекстен кеуекті бұйымдарды вулканизациялау кезінде жоғары қысымды қалқанда жұмыстарды орындау;
2) Тасымалдайтын ленталар, жалпақ қозғалтқыш және арқанды белдіктер - үздіксіз вулканизаторларда вулканизациялау;
3) Гуммусталған металл бұйымдары, үлкен бактар (жұмсақ резервуарлар), табақтық эбонит, эбониттен істелген таяқтар, жоғары вольтты сызықтарға арналған изоляторлар, арнайы мақсаттағы резенкеленген маталар және резеңке аяқ киім- үлкен қазандықтарда вулканизация;
4) Шинопневматикалық муфталар – анағұрлым жоғары вулканизаторшының білікті басшылығымен монтаж-вулканизация;
5) Пневмобаллондар және қақпақтар - форматорларда вулканизация;
6) Қақпақтар, массивті шиналар – автоклавтарда вулканизация;
7) Қалпына келтірілетін қақпақтар - жеке немесе бандаждық вулканизаторларда вулканизация;
8) Маталар - инфрақызыл сәулелердің көмегімен арнайы агрегатта вулканизация;
9) Маталар –жоғары жиілік тоқтарымен вулканизация;
10) «ГК» шиналары – көлденең қазандықтарда вулканизация;
11) Массивті шиналар, қақпақтар, диафрагмалар– жеке вулканизаторларда вулканизация.
15. Вулканизаторшы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қақпақтарды, арнайы шиналарды, кеуекті арнайы пластинаны, автоклавтарда ірі габаритті қақпақтарды вулканизация процесін жүргізу, форматор - вулканизаторларда диафрагмаларды вулканизациялау және жинақтау. Шинопневматикалық муфталарды монтаж-вулканизациялау. Вулканизация учаскесінің жұмысшыларына басшылық ету. Учаскенің бүкіл жабдығының жұмысын қадағалау, бақылау - өлшеу аспаптарының көмегімен технологиялық регламенттің сақталуын бақылау. Технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың алдын алу және себептерін жою. Вулканизация жабдығын жөндеу және қайта жөндеу.
Білуге тиіс: резеңке дайындау технологиясының негіздері, вулканизация технологиялық процесі, жабдықты жөндеу ережесі, коммуникациялардың және бақылау- өлшеу аспаптарының сызбалары, бұйымдардың мөлшері, құрылымы мен ерекшелігі, желімдер мен жаққыштардың құрамы мен белгіленуі, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімнің сапасына қойылатын мемлекеттік стандарттар.
Дайындамалар мен бұйымдардың қысқартып кесушісі
16. Дайындамалар мен бұйымдардың қысқартып кесушісі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резеңке, резеңке - техникалық, эбониттен істелген, қатпарлы пластикты немесе басқа полимерлық материалдардан шағын және орта кесетін престерде қарапайым конфигурациялы дайындамалар мен бөлшектерді кесу бойынша жұмыстарды орындау. Штанц сайманды және жиектеу карталарын іріктеу, бүйір тақтаны орнату, жабдықты жұмысқа дайындау, шаблондарды матаға ұтымды салу. Штанц пышақтарды алмастыру, тесіктерді тесу немесе тескіштің, балғаның, штанц пышақтардың көмегімен қолмен сыртқы контурмен кесу немесе олардың вулканизациясынан кейін әртүрлі бөлшектердің және техникалық бұйымдардың престерінде шабу. Кесетін престерге қызмет көрсету бойынша күрделі емес операцияларды орындау. Резеңке, резеңкетоқыма, эбониттен істелген бөлшектерді және басқа полимерлық материалдардан бөлшектерді қабылдау.
Білуге тиіс: бұйымдардың және жиектелетін материалдардың түрлері, бөлшектердің ерекшелігі мен белгіленуі, кесудің ұтымдың тәсімдері, кесілген дайындамалардың сапасына қойылатын талаптар, салу және тасу ережелері, қызмет көрсетілетін жабдықтың және құралдардың құрылысы мен пайдаланылуы.
Жұмыс үлгілері.
1) Бөлшектер мен бұйымдар – вулканизациядан кейін кесу;
2) Шиналарға және боркерлерге арналған бөлшектер - кесу;
3) Тегеріш магнитофондықтар, пластинкалар - кесу;
4) Кілемшелерге, шығыршықтарға арналған дайындамалар - кесу;
5) резеңке вулканизациялық бұйымдардағы саңылулар – тесу;
6) Боттарға арналған этикеткалар - кесу;
7) Медициналық мақсаттағы бұйымдарға және резеңкеден жасалған халық тұтынатын тауарларға бөлшектер – кесу.
17. Дайындамалар мен бұйымдардың қысқартып кесушісі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Материалдың барынша көп үнемділігін сақтаумен аяқ киім картондардан, пласттеріден, резеңкеден, эбонитты және басқа полимерлық материалдардан кесетін престер мен жапырақшалы машинада, әр түрлі конструкциялы шағын және орта престерде орта күрделі конфигурациялы дайындамалар мен бөлшектерді кесу бойынша жұмыстарды орындау. Технологиялық регламентке сәйкес - дайындамаларды тазарту, ұнтақ жағу, қыздырылатын үстелдерде дымқыл резеңкеден жапырақтарды жылыту, ауаөткізушілікті тексеру, дайындамаларды тартпаға салу. Штанц пышақтарды, штанцтарды (прессформаларды) алмастыру. Штанцтарды немесе кесуге арналған материалды ауыстырғаннан кейін престі реттеу.
Білуге тиіс: пішілетін материалдардың түрлері мен қасиеттері, кесілген дайынмадара мен бөлшектердің сапасына қойылатын техникалық талаптар, олардың мөлшерлері, конфигурациясы, салу және тасу ережесі, қызмет көрсетілетін жабдықтың және құралдардың құрылысы, жөндеу мен пайдалану.
Жұмыс үлгілері.
1) Маскаларға, клапандарға арналған бөлшектер, гүлжапырақшалар, қайқы бел және басқа ұсақ бөлшектер - престерде кесу;
2) Боксшы грушаларға, жүзуге арналған шеңберлерге, үрлемелі ірі габаритті ойыншықтарға, футбол камераларына, тымақтарға арналған бөлшектер - кесу;
3) Тоқыма материалдардан резеңке аяқ киімнің бөлшектері - кесу;
4) Наркоз маскаларына арналған дайындамалар, клапандардың бөлшектері, пенициллин тығындары - кесу;
5) Тістер - кесу;
6) Каблуктар, табандар – кесетін машиналарда немесе престерде кесу;
7) Баллон бүріккіштерге, ойыншықтарға, сүтсорғыштарға, сепкіштерге арналған дайындамалар – жапырақшалы машинада және арнайы престерде кесу гүл;
8) Қайыс белдіктер – тіскесетін станокта тістерді кесу.
18. Дайындамалар мен бұйымдардың қысқартып кесушісі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Берілген мөлшерлері мен конфигурацияны сақтаумен резеңке аяқ киімнің бөлшектерін кесетін аграгеттарда, резеңкеден, резеңке - техникалық материалдардан, пластеріден, аяқ киім картондардан және және басқа полимерлық материалдардан әр түрлі конструкциялы престерде күрделі конфигурациялы бұйымдар мен бөлшектерді кесу бойынша жұмыстар орындау. Материалдарды барынша көп үнемдеу мақсатымен бөлшектерді кесу реттілігін анықтау.
Білуге тиіс: кесудің технологиялық процесі, пішілетін материалдардың түрлері мен қасиеттері, кесілетін бөлшектер мен бұйымдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар, олардың мөлшерлері, салу және тасу ережелері, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, оны салу және пайдалану ережесі.
Достарыңызбен бөлісу: |