2. СҒЗЖ: Сүт және сүт өнімдерін лабораториялық зерттеу


Импортқа жіберілген малдың биологиялық қауіпсіздігі



бет6/9
Дата13.03.2024
өлшемі61.71 Kb.
#495322
1   2   3   4   5   6   7   8   9
сүтті зерттеу

2.5 Импортқа жіберілген малдың биологиялық қауіпсіздігі

Мал шаруашылығы халықты ет, сүт, жұмыртқа сияқты жоғары бағалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз етеді, өнеркәсіпте жүн, тері, елтірі, қой терісі, мамықты пайдаланса, фармацевтикалық өндірісте жануарлардың қаны қажет, техникалық мақсатта желім, пластмасса, альбумин өндіру үшін өнімдер пайдаланылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда импорт есебінен мал басы тез өсіп келеді. Бұл жағдай асыл тұқымды базаның дамуына оң әсер етеді. Асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша селекциялық жұмыстар қазір өте мұқият жүргізілуде,бұл сапалы өнімдер шығаруға, өз кезегінде сондай-ақ асыл тұқымды малдарды өсіріп-жетілдіріп шығаруға өз ықпалын тигізеді. Сондықтан мал импорты барлық ілеспе қондырғылар бойынша өтуі тиіс, мысалы, тұқымның қазақстандық климаттық жағдайларда өмір сүруі үшін сәйкестігі, жемшөп базасының бірдейлігі, ерекше тұқымдарға және т. б. арналған ветеринариялық көмекті қамтамасыз ету мүмкіндігі маңызды сәт болып табылады.Соңғы жылдары біздің елімізге батыс еуропалық, канадалық (АҚШ) тұқымды жануарлар әкелінді, оларды пайдалану жұмыстары мал ағзасын жаңа жағдайларға бейімделу мүмкіндіктерін ескерместен жүргізіледі. Импортталған асыл тұқымды ресурстардың ең үлкен үлес салмағы өте сараланған табиғи-климаттық жағдайлары бар, әртүрлі елдерден әкелінетін герефорд және абердин-ангус етті бағыттағы тұқымдарына тиесілі. Мұндай жағдайда жерсіндіру проблемаларын зерттеу біздің елімізде басқа климаттық аймақтардан әкелінетін асыл тұқымды малдың генетикалық әлеуетін арттырудың қажетті негізгі шарты болып табылады .Сол себептіимпортталған жануарларды жерсіндіру ешқашан толық болмайды, ал


оның теріс салдары жануарлардың келесі ұрпақтарында пайда болуы мүмкін.
Сондықтан Қазақстан республикасына әкелінген жануарларды жерсіндіруді ғылыми-зерттеу жұмыстары әдетте жануарларға үш генетикалық және экологиялық ұрпақтары бойынша толығымен тереңінен сарапталып толық түрде сараланып оң нәтижелері тексеріліп талданып анықталып жүргізіледі.
2.6 Терапия негіздері

Ішкі жұқпалы емес аурулар басқа ауруларға қарағанда өте кең тараған. Бұл аурулардың ерекшеліктері олардың қатарына көптеген клиникалық сау, бірақта организмдегі зат алмасу деңгейі бұзылған малдар да жатады. Ондай малдарға да емдік көмек көрсетуге тура келеді.


Малдәрігерлік тәжірибеде жалпы және жеке сақтандыру шаралары жүргізіледі.
Жалпы сақтандыру шаралар - дені сау, жоғарғы өнімді малдардың табынын жасақтауға бағытталған жоспарлы жұмыс жүйесі.
Жеке сақтандыру шаралары жекелеген ішкі жұқпалы емес аурулардың пайда болуына жол бермеуге бағытталған.
Жалпы сақтандырудың теориялық негізі - организм мен сыртқы ортаның бірлігі туралы жалпы биологиялық заң. Ауылшаруашылық малдары үшін сыртқы ортаға жататындар:

  1. Шаруашылықтағы жер мен климат ерекшелігі;

  2. Азыққорының, оның саны мен сапасының жағдайы;

  3. Азықты дайындау және сақтау әдістері;

  4. Шаруашылықтағы малды күтіп-бағу, дұрыс пайдалану ерекшеліктері.

  5. Ішкі жұқпалы емес аурулардың алдын алуды жоспарлауда төлдердің туғаннан кейінгі кезеңдегі жетілуін және соған сәйкес физиологиялық процесс ырғағьш ескеру керек. Төлдердің жатырда өсу заңдылықтарын, аналық малдың азықтануын қадағалап отырған жөн.

  6. Туғаннан кейінгі алғашқы кезеңде гуморальды иммунитеттің болмай тек қана клеткалық иммунитеттің болуы организмнің қорғаныс қабілеттілігінің нашарлығының бір белгісі. Бұл жерде төлдердің алғашқы рет қабылдайтын уыз сүтінің сапасының жоғары болуы қажет. Өйткені жоғары сапалы уыз сүті тез арада гуморальды иммунитетті жандандырып, организмнің резистенттілігін жоғарлатады.

  7. Бірінші жұмада төлдер организмінің клинико-биохимиялық көрсеткіштері әртүрлі болып келеді де, келесі жұмада сыртқы ортаның факторларына байланысты не жағымды, не жағымсыз жаққа қарай бейімделіп өзгереді.

  8. Сүттен шығарып қатқыл тамаққа көшірілген төлдердің организмінде белоктардың, углеводтардың, майлардың, минеральды заттардың, витаминдердің алмасулары жоғарылайды да, қарсы денелердің түзілуі жақсарады. Жалпы клиникалық физиологиялық көрсеткіштері тұрақтанады. Бұл процесс тек организмге сыртқы ортаның қолайсыз жағдайлары әсер етсе ғана бұзылады. Мұндай жағдайда әуел баста тотығу процесі нашарлайды да организм қышқылдық реакциясына тап болады. Ол сілтілік қордың азаюына апарып соғады. Олардың екі түрін ажыратуға болады:

  9. Заттардың толық тотығып үлгермеуінің салдарынан болатын - метаболдық;

  10. Өкпе мен тіндерде көмірқышқыл газының шоғырлануынан болатын - респираторлық.

Организмдегі сілтілік-қышқылдық тепе-теңдік қандағы буфер жүйесі арқылы реттеліп отырады және толық тотығып үлгермеген заттар уақытында организмнен тысқа шығарылып отырылуы тиіс. Ондай болмаған жағдайда қышқылдықтың созылмалы түрі зат алмасу процесінің барлық түрлерінің деңгейін төмендетеді. Солардың кейбіреулеріне тоқтала кетейік.
Көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде орагизмнің мұқтаждық қажетін қамтамасыз ету үшін және иммунобиологиялық статусы қалыпты төл алу үшін рациондағы бір азық бірлігінде 100-120 г қорытылатын протеин болуы шарт. Осыған байланысты мал азығының құрамында белокты және толыққанды амин қышқылдары бар тағамдар болуы керек. Сонымен қатар малды бірыңғай жеммен азықтандыруға да болмайды. Құрамында май қышқылы басымырақ болатын сүрлеммен азықтандыру да зат алмасу процесін бұзатыны анық. Жақсы дайындалған сүрлемде 80% сүт және 20% сірке қышқылдары болуы шарт. Ал май қышқылы жалпы болмауы керек. Бола қалған жағдайда кетонурия, кетонолактия құбылыстарымен сипатталатын ацидоздың ауыр түрі дамиды.
Сірке қышқылы ары қарай май түзілуі үшін және энергиялық ингридиент ретінде; пропион мен сірке қышқылдары бауырда гликогеннің жинақталуы үшін пайдаланылады. Ал май қышқылы кетон заттарын түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет