20-жылдардың бас кезінде қазақ әдебиетінде социалистік реализм


жылы ол «Азамат» патриоттық поэмасын жариялады. М.Дулатов тың бүкіл шығармашылығы қазақ халқының ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталды



бет2/3
Дата02.03.2023
өлшемі0.75 Mb.
#470280
1   2   3
Қазақ әдебиеті

1913 жылы ол «Азамат» патриоттық поэмасын жариялады. М.Дулатов тың бүкіл шығармашылығы қазақ халқының ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталды.
1928 жылы оны IIХК органдары қазақ ұлтшылдығымен айыптау бойынша тұтқындады.
Ол Бутырка түрмесінде екі жыл отырды, одан кейін ерекше тағайындалған Соловецк лагеріне жіберілді. 1935 жылы М.Дулатов Соловецк лагерінің орталық лазаретінде қайтыс болды.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938)
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) - қазақ жазушысы, ақын, аудар-
машы, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, педагог.
Бастауыш білімді мектепте алды, Уфа қаласында медресені бітірді,кейін Омбы мұғалімдер семинариясына оқуға түсті. М.Жұмабаев «Алаш» партиясына кіріп, Алашорда үкіметінің құрамында болды, газеттер редакцияларымен ынтымақтасты, қоғамдық қызметпен айналысты.
1923-1927 жылдары Мәскеу әдебиет институтында оқыды. Мәс-
кеуде Лермонтов, Кольцов, Бальмонт, Мережковский, Вс. Иванов,Мамин-Сибиряк, Горький, Блок шығармаларын, сондай-ақ Гете,Гейне және т.б. шетелдік ақындардың өлеңдері мен поэмаларын қазақ тіліне аударды. Оны «қазақ Пушкині» деп атады. Газет-журналдармен («Ақжол», «Сана», «Шолпан» және басқалар) тығыз байланыста болып, көптеген өлеңдері мен поэмаларын, сондай-ақ бірқатар зерттеушілік әдеби еңбектерін жариялады.
Ақын 1937 жылы 30 желтоқсанда
қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылды.
Бейімбет Майлин (1894-1938)
Бейімбет Майлин - ақын, драматург, дарынды жазушы. Шығармашылық қызметін 1912 жылы бастады. Ол Қазан революциясын қолдады. Б.Майлиннің 20-30-жылдардағы шығармашылығында жаңа өмір құрылысшылары – ауыл кедейлері басты орын алады. Б.Майлин халық арасынан шыққан, еңбексүйгіш,
адал адам – Мырқымбайдың типтік бейнесін жасады. «Шұғаның белгісі» повесінде кейіпкерлердің жарқын бейнесін шынайы әрі көркем суреттейді, Шұға бейнесі
тазалықтың нышаны.
1916 жылғы ұлт-азаттық күресті бейнелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет