ҚММУ Ф 4/3-06/02
2007 ж. 14 маусымдағы №6 НХ
Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы
Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар
Тақырыбы: Көбінесе жыныстық жолмен жұғатын ауруларда шырышты қабаттардың зақымданулары: диагностика және алдын-алу.
Мамандығы 051302 «стоматология»
Пән Дерматовенерология
Курс: ІІІ
Құрастырушы: Беймбетова М.Р.
Қарағанды 2014
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген «____»_____2014 ж. №_____ Хаттама
Кафедра меңгерушісі,м.ғ.д.,профессор А.А.Ким
-
Тақырыбы: Көбінесе жыныстық жолмен жұғатын ауруларда шырышты қабаттардың зақымдалулары: диагностика және алдын алу.
Мақсаты: Нақты науқасты мысалға ала отырып аурудың түрін анықтау, емі мен диагностикасы принциптерін меңгеру (анықтамасы, эпидемиологиясы, этиологиясы, патоморфологиясы, емдеу принципі, алдын алу).
Студент білуі тиіс:
Мерез,ЖЖЖА,соз инфекцияның қоздырғышын.
Бозғылт спирохетаның құрылысы, тіршілік ету түрлі, көбею ерекшеліктерін.
Мерез, ЖЖЖА,соз жұғуы және жұқтыру жағдайларын.
Мерез, ЖЖЖА,соз классификациясын.
Мерездің клиникалық әртүрлігі, ағымының ерекшеліктері.
Ажыратпалы диагноз ерекшеліктері.
Мерез, ЖЖЖА,соз диагнозын қою үшін қолданылатын зерттеу әдістері.
Бозғылт трепонеманы анықтау үшін профильды материал алу.
«Классикалық серологиялық реакция» әдісін жүргізу.
Мерездің жайылмауы үшін жүргізілетін эпидемияға қарсы шаралар.
Студент істей білу тиіс:
Мерез, ЖЖЖА,созбен ауыратын науқастан шағымдарын, анамнезін жинау.
Науқасты объекті қарау мен тері жамылғысын қарау.
Тері бөртпелерінің біріншілік және екіншілік морфологиялық элементтерін анықтау.
Диагностикалық іздеу бағдарламасын құрастыру.
Алғашқы диагнозды негіздеу және құрастыру.
Инструменттік-лабораториялық зерттеу әдістерінің нәтижелерін қорытындылау.
Клиникалық диагнозды құрастыру, негіздеу.
Науқастарды жүргізудің деантологиялық принциптеріне сүйене отырып, пациентпен және ауру тарихымен жұмыс жасау.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
а) Базисті білімдері бойынша:
- Мерез қоздырғышы, қасиеттері, құрылысы (Тимаков В.Д. Микробиология 1983).
- Боз трепонеманың тіршілік ету түрі, көбею ерекшелігі (Тимаков В.Д. Микробиология 1983).
-Гонококк құрлысы мен вируленттілігі (Тимасов В. Д Микробиология М.: Медицина 1983 ж )
-
Гонококктың микроскоптық диагностикасы. Грамм бойынша бояу әдісі. (Тимасов В.Д Микробиология М.: Медицина 1983ж )
-
АИВ қоздырғышы, әртүрлігі, генотиптері (Тимаков В.Д. Микробиология, М. Медицина, 1983).
-
АИВ инфекцияның өмір сүретін биологиялық орталары (Тимаков В.Д. Микробиология, М. Медицина, 1983).
-
Иммунитет және иммундық реакциялар туралы түсініктер (Тимаков В.Д. Микробиология, М. Медицина, 1983).
Оқыту және сабақ беру әдістемесі.
-
Жағдайлық есеп, екеулік жұмыс, оқулықтармен жұмыс істеу, рефераттарды дайындау, ситуациялық есептерді шешу,өзіндік жұмыстың тақырыбын талқылау, практикалық сабақтың сұрақтарын терең қарастыру, барлық сұрақтар бойынша оқытушымен жұмыс істеу,аралық бақылауды жүргізу, тестілеу, оқытушыдың нұсқауы бойынша науқаспен жұмыс жасау
8. Ұсынылатын әдибиеттер
а) Негізгі
-
Виленчик Б.Т . Тері және венерологиялық аурулар (оқу пособиесі) Минск “Амалфея” 1999
-
Скрипкин Ю.Н. Тері және венерологиялық аурулар . медициналық ЖОО студентеріне арналған оқулық М.: Триада – х 2000
-
Тері және венерологиялық аурулар . (мединститут студентеріне арналған оқулық) Скрипкин Ю.Н Минск М.: 1998
-
Тері және венерологиялық аурулар (мед ЖОО студенттеріне арналған оқулық) Иванов О. Л. , М.: Ишко 2002
-
Яговдик Н.З Смосновский А. Т., венерологиялық аурулар Минск: Белорустік Ғылым 1998
б) Қосымша
-
Адаскович В.П. Венерология аурулармен трепонематоздар Витебск 1997 ж
-
Сомцов В.И. Жұқпалы дерматоздармен венерологиялық аурулар С – Пб 1997
8. Бастапқы білім деңгейін тексеру үшін тест сұрақтары.
1. Мерездің алғашқы кезеңінің клиникалық көрінісі келесі белгілермен сипатталмайды:
A. Қатты шанктмен.
B.Аймақтық лимфоаденитпен.
C.Аймақтық лимфангитпен.
D.Арқада розеололы бөртпемен
E.Біріншілік аффектпен
2. Типтік қатты шанкрға не тән емес:
A. Дұрыс доңгелек немесе сопақша сызықшалар.
B.Жазық, жарқырауық түбі.
C.Табақша тәрізді жиек.
D.Ауырсыну.
E.Ұн тәрізді қабыршақтану.
3. Қатты шанкрдың түрлеріне жатады:
A. о
B.гигантты шанкр
C.Экстрагенитальды шанкр
D.Шанкр-панариций
E.Барлығы дұрыс
4. Қатты шанкр тері мен кілегей қабаттың кез келген участкесінде орналасуы мүмкін, сирек кездесетін жері:
A.
B.Жатыр мойнында.
C.Жыныс мүшесінің басы.
D.Қынап қабырғасында.
E.Бадамша безінде.
5. Аймақтық лимфаденит біріншілік мерез кезінде келесі клиникалық белгімен сипатталады:
A. Лимфа түйіндері жылжымалы.
B. Лимфа түйікдері үстінде өзгерссіз.
C. Лимфа түйіндері ауырсынусыз.
D. а, б, в жауыптары дұрыс.
.6. Соз қоздырушысы гонококк жатады :
A. жұп коктарға грам - теріс
B.жұп коктарға грам - оң
C.жұп коктарға грам - вариабельді
D.кокобацилла грам - теріс
E. кокобацилла грам – варнабельді
7. Қантты ортада гонококк ыдыратады
A.Лактоза
B.Галактоза
C.Декстроза
D.Сахароза
E.Рибоза
8. Создың рецидив беруінің жиі себебі болып гонококктың
A.хламидиямен бірге
B.ашытқы саңырауқұлақпен бірге
C.трихомонадамен
D.уреоплазамамен
E.гарднерелламен ассосациясы
9. Эксперемент жүзінде Соз келесі лабораториялық жануарларда алынды
A. адам тәріздес маймылда
B.теңіз шошқасы
C.үй қояны
D.итте
E.ешқандай жануарда тудырылмады
10. Содың келесі клиникалық түрлері бар , мынадан басқасы :
A.жаңа жедел
B.жаңа жедел асты (жеделдеу)
C.жаңа торпидті
D.латентті
E.созылмалы
9. Бастапқы білім деңгейін тексеру үшін бақылау сұрақтары:
Мерездің, ЖЖЖА,соз эпидемиологиялық аспектері.
Мерез қоздырғышының морфологиясы.
Мерездің, ЖЖЖА,соз этиопатогенезі.
Мерездің, ЖЖЖА,соз жұғу жолдары.
Біріншілік, екіншілік, үшіншілік, туа біткен мерездің жіктелуі.
Мерездің біріншілік, екіншілік кезеңдерінің клиникалық ағымдарының ерекшеліктері.
Үшіншілік, туа біткен мерездің клиникалық ағымы.
Біріншілік, екіншілік мерездің лабораториялық.
Біріншілік және екіншілік мерездің лабораториялық диагностика әдістері.
Мерездің қоғамдық және жеке алдын алу.
Достарыңызбен бөлісу: |