2008 жыл үшін 2007-2010 жылдарға арналған
Солтүстік Қазақстан облысының Индустриялдық-инновациялық
даму бағдарламасын іске асыру барысы туралы
аналитикалық жазбахат
2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы аясында облыста облыстық мәслихаттың 2006ж. 21.12. № 27/5 сессиясының шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Индустриалдық-инновациялық дамуының екінші кезеңін іске асыру жүзеге асырылуда.
Бағдарламаның іс-шаралар жоспарына сәйкес өнеркәсіпті дамыту үшін қолайлы жағдайлар құруға және өңірдің бәсекеге қабілетті, тиімді индустриясын құруға бағытталған шаралар кешені жүргізіліп жатыр.
Толығымен облыс өнеркәсібі орнықты қарқынмен дамуда.
2008 жылғы қаңтар-қарашада облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 2007 жылғы ұқсас мерзімге 4,2%-ға өсіммен 60,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді және өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер көрсетілді (үй шаруашылығы секторындағы өндірісті есептеумен).
1.12.2008ж. жағдай бойынша өнеркәсіптік өндіріс құрылымында тау-кен өнеркәсібінің үлесі 0,3%-ды құрайды, электр энергиясы, газ және су өндіру мен тарату жөніндегі салаға 23,0%-ы келеді, 76,7% – басым үлес ұқсату өнеркәсібіне келеді, оның 58,6%-ы – тамақ өнімдері, 22,7%-ы – машина жасау өндірісін құрайды.
Ұқсату өнеркәсібінде өткен жылдың сәйкес мерзіміне 0,6%-ға өсіммен 46,3 млрд. теңгеге өнімдер шығарылған.
Тамақ өнеркәсібінде үй шаруашылығы секторындағы өндірісті есептеумен) 27,2 млрд. теңгеге өнім шығарылды.
2007 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 6,0%-ға сары май, 11,2%-ға құс еті, 11,9%-ға өңделген сұйық сүт және кілегей, 7,3%-ға йогурт, ферменттелген немесе ашытылған сүт және кілегей, 12,9%-ға астық дақылдарынан ұн және қоспалар, 21,4 есе минералды су және алкогольсіз сусындар өндірісі өсті.
Машина жасау саласында 10,3 млрд. теңгеге өнім шығарылды. Өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда өндіріс көлемі 2,3%-ға артты.
42,7%-ға «Киров атындағы зауыт» АҚ, 36,4%-ға «ЗИКСТО» АҚ, «ПЗТМ» АҚ (22,5%-ға), 11,6%-ға «Поиск» ВФ ЖШС өсімді қамтамасыз етті.
Олармен 142,5 есе сұйықты айдау үшін центртепкіш сорғылар, 2,1 есе мұнай-газ өңдеу жабдықтары, 14,4%-ға ауыл және орман шаруашылығы үшін машина бөлшектері, 25,1%-ға – теміржол және жылжымалы құрам локомотиві бөлшектері өндірісі өсті. 21,4%-ға машина және жабдықтарды орнату, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер, 26,5%-ға көліктік құралдарды жөндеу, техникалық қызмет көрсету және қайта жасау жөніндегі қызметтер артты.
2008 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша машина жасау кәсіпорындарының республиканың өнеркәсіптік кешендеріне және шетелдік әріптестерге өнімдер жеткізуге тапсырыс портфелі 2007 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 37,7%-ға өсті және 14,6 млрд. теңгені, соның ішінде жетекші өнеркәсіптік кешендері бойынша 39,1%-ға өсіммен 8,5 млрд. теңгені құрады.
Өнімдер жеткізу жөніндегі шарттардың ең мол көлемі 5,3 млрд. теңге – теміржол кешені және 2,9 млрд. теңге – мұнай-газ кешені компанияларымен жасалған.
Облыстың машина жасау кәсіпорындарымен жасалған шарттар аясында 2008 жылғы қаңтар-қарашада 2007 жылғы сәйкес мерзім көлеміне 32,3%-ға өсіммен 9,8 млрд. теңгеге, соның ішінде Қазақстанның жетекші кешендері үшін 35,3%-ға өсіммен 7,6 млрд. теңгеге өнім дайындалды.
Электр энергиясы, газ және су өндіру мен тарату жөніндегі саламен 2007 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 12,4%-ға өндіріс көлемдері өсті және 13,9 млрд. теңгені құрады. Облыс кәсіпорындарымен 2,0 млрд. кВт.сағ электр энергиясы немесе 2007 жылғы қаңтар-қарашадан 19,5%-ға көп, 3,4 млн. Гкал жылу энергиясы шығарылды немесе 5,9%-ға көп және 32,1 млн. куб. метр ауыз суы немесе 1,4%-ға аз өндірілді.
Ең мол жүктеме арқалау жағдайларында энергетика объектілері жылу және электр энергиясына тұтынушылық сұранысты толық қанағаттандыра отырып, тұрақты жұмыс істейді.
2008 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша осы мақсатқа 1838,2 млн. теңге бағытталды, оның 1163,7 млн.теңгесі - СолтҚазЭнерго (Петропавл)» ЖШС (ПТЭЦ-2), 295,6 млн. теңгесі - «Петропавл Жылу торабы» ЖШС, 182 млн. теңгесі – «Солтүстік Қазақстандық РЭК» ЖШС және 227,9 млн. теңгесі «Көкшетау Энерго» ЖШС үлесіне келеді.
2007-2010 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының іс-шаралар жоспарымен барлығы 51 іс-шара, с.і. 14 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген .
2008 жылы 42 іс-шараны орындау жүзеге асырылуда, соның ішінде 41,3 млрд. теңге сомалық құнымен 16 инвестициялық жобаны іске асыру мониторингі жүргізілуде. Бекітілген нысандар бойынша жобаларды жылжыту туралы ақпарат тоқсан сайын ҚР Индустрия және сауда министрлігіне ұсынылады.
Жобаларды іске асыру аясында, сондай-ақ кәсіпорындарды кеңейту және жаңартуды есепке алумен жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіпте 40 жаңа өндіріс құрылды. 1106 жұмыс орны, соның ішінде 400 – жаңа өндіріс енгізу, 706 өндірісті қайта құру және кеңейту есебінен құрылды.
22 Серпілісті жобалар республикалық тізбесіне 17,6 млрд. теңге құнымен «Еуропалық Одақ стандарттары бойынша мал және құсты өнеркәсіптік бордақылау кешені, ет комбинаты» жобасы енгізілген («Баско» ЖШС). Жобамен 108 мың басқа арналған шошқа кешені, сойыс цехымен ет комбинаты, жылына 210 мың тонна өнімділігімен құрама жем зауыты құрылысы, 5 мың басқа арналған ІҚМ бордақылау кешені құрылысы, 840 мың жұмыртқалайтын тауыққа арналған құс фабрикасы құрылысы көзделген.
2007 жылғы қарашада жылына 54 мың басқа арналған шошқа кешенінің 1-кезегі пайдалануға енгізілді. 2008 жылғы наурызда санитарлық-сойыс цехы, ет комбинатының зертханасы және биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу цехы пайдалануға берілді.
Үстіміздегі жылы 15 мың тонна/жыл сойыс салмағында ет өндірісі және жылына 9 мың тонна дайын ет өнімдері жөніндегі қуатымен ет комбинатын пайдалануға беру жоспарлануда, сонымен шикізат өндірісінен дайын өнім алуға дейін тұйық айналымын құрылатын болады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарды дамыту және технологиялық жаңартуға инвестиция көлемі 2008 жылғы қаңтар-қарашада 7085,3 млн. теңгені құрады, оның 2077,9 млн. теңгесі немесе 29,3%-ы ұқсату өнеркәсібіне жіберілді.
2008 жылы облыста 5,3 млрд. теңге жалпы сомаға 8 инвестициялық жоба іске асырылды, соның ішінде:
Тау-кен өнеркәсібінде - «Компания «Диорит- LTD» ЖШС-мен 875 млн. теңге құнымен «Компания Диорит LTD» қиыршықтас өндірісі жөніндегі технологиялық базаны кеңейту (жоба құны - 875 млн. теңге). Сағатына 140 тонна қиыршықтас өндірістік қуатымен финдік ұсату-сұрыптау жабдық орнатылды;
Тамақ өнеркәсібінде - 3,6 млрд. теңге сомаға 4 жоба. Келесі жаңа қуаттар енгізілген: тәулігіне 200 тонна және 150 тонна астықты өңдеу жөніндегі қуатымен екі диірмен («Сұлтан ЭММК» АҚ, «Асыл Дән» ЖШС) және тәулігіне 72 тонна қуатымен макарон өнімдері өндірісі жөніндегі желі («Сұлтан ЭММК» АҚ);
- «Сүт одағы» ЖШС - 54 млн.теңге сметалық құнымен және сағатына 1000-2500 литр сүт қуатымен «Табиғи сүт өнімі өндірісі жөніндегі цехты қайта құру». 1000-2500 литр/сағат сүтті құю жөніндегі реттелетін өнімділігімен автоматтандырылған желі орнатылды. Жоғары температуралық пастерлеу режимін қолданумен сатудың ұзартылған мерзімімен өңделген сұйық сүт өндірісі игерілді.
Құрылыс индустриясында «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС «Тиги-Кнауф» құрылыстық метал пішіні өндірісі игерілген, аусымына 3,5 км өнімділігімен желі орнатылды.
Машина жасау саласында - «ПЗТМ» АҚ-да 2 инвестициялық жоба іске асырылды: «Бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған 125, 160 және 200 тонна жүк көтергіштілігімен жылжымалы бұрғылау кешендерін әзірлеу және жетілдіру, олардың өзгешелік элементтері мен құрылымдары өндірісінің технологиясын игеру».
- «БРК-Лизинг» АҚ қатысуымен 646,2 млн. теңге сомаға «Осы заманғы технологиялар және жоғары өнімді жабдықтар енгізу базасында машина жасау өндірісін құру» инвестициялық жобасының 1 кезеңі. Метал өңдейтін 24 жабдық бірлігін жеткізілді.
«ПЗТМ» АҚ-ны «Бәйтерек» мемлекеттік бағдарлама жобасына кешеннің бөлек элементтерін жобалау және дайындау жөніндегі кәсіпорын ретінде енгізу жөніндегі жұмыс жалғастырылуда. Қазақстандық және ресейлік тараптармен «Бәйтерек» КЗК-ны дайындаудың кешендік желілік кестесі рәсімделді, онда «ПЗТМ» АҚ ұшу кешеннің элементтерін дайындауға қатысушы болып табылады. Ұшу кешенінің элементтерін дайындауды бастау 2009 жылдан жоспарлануда. Осы жобаға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорынмен «2008-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамыту» Мемлекеттік бағдарлама жобасына «ПЗТМ» АҚ-да технологиялық жабдықтар және зымырандық- ғарыштық техника элементтерінің өндірісі жөніндегі базаны құру жөніндегі ұсыныстар жіберілді
«ЗИКСТО» ЖШС 489,7 млн.теңге құнымен «Жүк вагондарының перспективалық түрлерін әзірлеу және оларды өндіріске енгізу» жобасын іске асыруда. 2008 жылғы 20-21 тамыздағы облысымызға жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н. Ә. «ЗИКСТО» АҚ-ға барды. Мемлекет басшысы осы жобаны құптады, отандық теміржол вагоны өндірісін ұйымдастырудың маңыздылығын ерекше атады, сондай-ақ зауытта мемлекет үшін қажет өндіріс және бәсекеге қабілетті өнімді жайғастыру жөнінде істелген жұмысқа жоғары баға берді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен құрылған комиссия ағымдағы жылдың мамырында жартылай вагонның сынақтық үлгісі қабылданды. 2008 жылғы қарашада РФ Сертификаттау регистрімен Федералдық теміржол көлігінде жартылай вагонға сертификаттық тексеру жүргізілді және сәйкестік сертификаты алынды. Теміржол көлігі жөніндегі Орталық Кеңес Комиссиясының сараптамалық тобында жартылай вагонды сериялық шығаруға рұқсат берілді. Жобаны іске асыруға өз қаражаты шығыны 81 млн.теңгені құрады. Жартылай вагонның 30 данасы санымен сынақ-өнеркәсіптік партиясы дайындалды. Қазіргі кезде жентек тасымалдаушы вагонның сынақ үлгісін Санкт-Петербург қ. сыналуға жіберу жоспарлануда.
«Киров атындағы зауыт» АҚ 123,5 млн. теңге құнымен «Ижев радио зауыты» ААҚ-мен бірлесе «КЛУБ-У және КЛУБ-УП типті қауіпсіздіктің кешенді локомотивтік құрылғысы және РС-46МЦ типті симплекстік радиостанция шығару жөніндегі өндірісті ұйымдастыру» инвестициялық жобасын іске асыруды жалғастыруда. КЛУБ (қауіпсіздіктің кешенді локомотивтік құрылғысы) және радиостанцияларды сериялық шығару басталды. Жылына қауіпсіздік құрылғысы өндірісі жөніндегі жобалық қуат – 200 дана, радиостанция 200 дананы құрайды. ММ1 май тазалау машинасын шығару жөніндегі өндіріс ұйымдастырылды. Жобаны іске асыру аясында Бүкілресейлік автоматика және байланыстың ғылыми-зерттеу институтымен (БАБҒЗИ, Мәскеу қ.) ынтымақтастық жалғастырылып жатыр, ол бұғаттаудың микропроцессорлық жүйесін және қауіпсіздіктің кешенді локомотивтік құрылғыларын (КЛУБ) дайындауда ғылыми-әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, осы жабдықтың бағдарламалық қамтамасыз етілуін әзірлейді және жеткізеді.
Жиналып қалған проблемаларды шешу және өңірдің машина жасау кәсіпорындарын бұдан әрі дамыту мақсатында 2008 жылы ҚР ИСМ-ға ҚР заңнамалық актілер қатарына өзгертулер енгізуді есеке алумен отандық машина жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға дайындалуға ұсыныстар жіберілді. Ү.ж. қазанда ҚР ИСМ-ға «Отандық машина жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысының келісілген жобасына жіберілді. Ү.ж. қарашасында жоғарыда көрсетілген жоба «Отандық машина жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1115 қаулысымен қабылданды.
2008 жылғы 31 наурызда ҚР Индустрия және сауда министрлігімен «2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасы Технологиялық даму бағдарламасын нақты іске асыру» тақырыбына семинар өткізілген, оған департамент және облыстың машина жасау кәсіпорындары өкілдері қатысты. Семинарға «Құрылымдаушы бюро құру» тақырыбына «ПЗТМ» АҚ баяндамасы ұсынылды.
Энергетика саласында Петропавл қ. № 2 күл үйіндісінің № 3 секциясының құрылысы жөніндегі «Аксесс Энерго ПТЭЦ-2» ЖШС жобасын іске асыру белгіленді. 2008 жылғы 1 тамызда «Энергоинвест-ПВ» ЖШС мердігерлік ұйымымен № 2 күл үйіндісінің № 3 секциясының құрылысына 25.06.2008ж. № 376 шартқа сәйкес дайындық жұмысы басталды. 2008 жылғы 1 қазанда № 2 күл үйіндісінің № 3 секциясының құрылысы басталды. Құрылыс құны шамамен 3,5 млрд. теңге.
Топырақ беті қабаты (ТБҚ) және саздақты үю Мердігерлік ұйымымен әзірленген ЖПӘ-ге сәйкес жүргізіледі. Қазіргі кезде Топырақ беті қабаты (ТБҚ) және саздақты әзірлеу жөніндегі жұмыс 57 га алаңда жүргізілді.
Үю орнына ТБҚ-ны тасымалдау 32023 тн көлемде жүргізілді. Күл үйіндісі орнын әзірлеу 30036 куб.м көлемде жүзеге асырылды. Құрылыс ауласына дейін ЭТЖ-ны уақытша жинау жөніндегі жұмыс жүргізілді.
«Ремплазма» ЖШС жүк вагондары доңғалақ жұптарының жүгіртпе жолдарын бөлектеусіз қалпына келтіру жөніндегі технологиялықкешен құру мақсатында осы қызметтерге нарықты зерделеуге кірісті, ұқсамасын ақпараттық іздеу, технология, қажет жабдықтар таңдау жүргізілуде.
- «ПЗТМ» АҚ республикалық бюджеттен 130 млн. теңге бөлінумен «Бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған 125, 160 және 200 тонна жүк көтергіштілігімен жылжымалы бұрғылау кешендерін әзірлеу және жетілдіру, олардың өзгешелік элементтері мен құрылымдары өндірісінің технологиясын игеру» жобасы игерілген.
Жобаларды іске асыру аясында, сондай-ақ кәсіпорындарды кеңейту және жаңартуды есепке алумен 2008 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіпте 16 жаңа өндіріс (полимерлік үлдір өндірісі жөніндегі кәсіпорын, құрылыс материалдары өндірісі жөніндегі 2 цех, сүрек өңдеу жөніндегі 4 цех), соның ішінде тамақ өнеркәсібінде 9 цех (5 наубайхана, 2 диірмен, сүт өңдеу жөніндегі цех, санитарлық-сойыс цехы) енгізілген. Барлығы 602 жұмыс орны, соның ішінде 394 - кеңейту және 198 – жаңа өндіріс енгізу есебінен құрылған.
2008-2010 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының энергия үнемдеу өңірлік бағдарламасын құру мақсатында облыста өнім бірлігін шығаруға энергия қорын тұтынуды кемітуге бағытталған шаралар кешені айқындалады. Облыстың ірі кәсіпорындарында өздерінің энергия үнемдеу бағдарламалары бар. ПТЭЦ-2 2008 жылы энергия үнемдеу шараларына 401 млн. теңге бөлді. Станцияда 12,8 млн.кВтч электр энергиясы, 9000 тонна көмір үнемделді. Халық ішінде энергия үнемдеуді насихаттау жөніндегі кең ауқымды жұмыс жүргізілуде. «Солтүстік Қазақстан» және «Северный Казахстан» газеттерінде 24.11.08ж. облыс әкімі С.С. Біләловтің энергия қорын үнемдеу туралы үндеуі шықты. Сондай-ақ 24.11.2008 ж. «Тікелей эфир» хабарына облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы А.Федяев қатысты. 2008 жылы облыстық газеттерде энергия үнемдеу тақырыбы бойынша 71 мақала жарияланды, 60 теледидар сюжеті шықты.
Ресей Федерациясымен екі жақты өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту және кеңейту аясында есептік мерзімде екі сауда-экономикалық миссия өткізілген:
2008 жылғы 12-16 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы делегациясы Пермь өлкесіне барды. Пермь өлкесі әкімшілігі өкілдерімен, жекелегенде, Пермь өлкесі сауда және кәсіпкерлікті дамыту министрі, Пермь өлкесі өнеркәсіп, инновация және ғылым министрі, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бастығы, Пермь қ. әкімшілігі басшысының орынбасарымен кездесулер өткізілген, оларда екі тараптық ынтымақтастық мәселелері талқыланған.
Сапар барысында делегация «Ресей өңірлерінің құрылыс кешені; құрылыс және жөндеу» көрмесі өтіп жатқан «Пермь жәрмеңкесі» көрме орталығында болды. Осы көрмеде құрылыс және жөндеу саласындағы Ресейдің барлық өңірлерінің жаңа технологиялары ұсынылған болатын. Көрме ұйымдастырушыларымен кездесу өтті.
Пермь өлкесінің сауда- өнеркәсіп палатасында ресейлік кәсіпорындар өкілдерінің Солтүстік Қазақстан облысы делегациясы құрамынан мүдделі әр шаруашылық субъектісімен іскер келіссөздер жүргізілген болатын. Құрылыс, жөндеу және қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын 50-ден астам кәсіпорын біздің өңірдің кәсіпорындарына қызығушылық танытты. Келіссөздер барысында Пермь өлкесі және Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлері арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі шарттарға қол қойылды.
2008 жылғы 21-24 мамырда облыс делегациясы Екатеринбург қ. барды. Сапар барысында делегация Екатеринбург қ. сауда- өнеркәсіп палатасында болды. Ресей кәсіпорындары өкілдерінің Солтүстік Қазақстан облысы делегациясы құрамынан мүдделі әр шаруашылық субъектісімен іскер келіссөздер жүргізілген болатын. Құрылыс, жөндеу және қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын 40-тан астам кәсіпорын біздің өңірдің кәсіпорындарына қызығушылық танытты. Келіссөздер барысында Екатеринбург қ. және Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлері арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі шарттарға қол қойылды.
260 келіссөзде Пермь өлкесі және Свердлов облысы компанияларының 90-нан астам өкілі қатысты, оның 100-ден астам келіссөз нәтижелі деп танылды.
17-18 маусым (Астана қ.) – құрамына Петропавл қ. үш кәсіпорнының өкілдері кірген СҚО делегациясының ҚР СӨП, РФ СӨП, РФ СӨП-тің Орталық Азиядағы өкілдіктерімен ұйымдастырылған «Инновациялық даму жолы – еуразиялық экономикалық шоғырлану өзегі» қазақстан-ресей бизнес-форумына қатысуы. Форум аясында «Инновациялық өнеркәсіптік даму – бәсекеге қабілетті экономикаға жол», «Ресей-қазақстан инвестициялық ынтымақтастығының перспективалары. Ресей-қазақстан өзара әрекетінің салалық және аумақтық кесіндісінде инвестициялық басымдықтарын айқындау», «Кәсіпорын – тауарөндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесін шешуде ұйым менеджменті жүйесін сертификаттау ролі» және «Қазіргі кезеңде ресей-қазақстан экономикалық байланыстарына банкілік қызмет көрсету ерекшеліктері» тақырыптары бойынша 4 отырыс өтті.
Ынтымақтастық туралы келісім аясында машина жасау кәсіпорындары жаңа технологияларды игеру мақсатында РФ жетекші ҒЗИ-лары және компанияларымен ынтымақтасады.
«ПЗТМ» АҚ «Нефтемаш» БРҒЗИ-мен мұнайхимия жабдықтары параметрлерін есептеуді жүргізу жөнінде жұмыс жалғастырылуда.
«Киров атындағы зауыт» АҚ бұғаттаудың микропроцессорлық жүйесін (АБТЦМ) және қауіпсіздіктің кешенді локомотивтік құрылғысын (КЛУБ) әзірлеу және жеткізу бөлігінде, сондай-ақ осы жабдықтарды дайындауда ғылыми-әдістемелік басшылықты жүзеге асыру жөнінде Бүкілресейлік автоматика және байланыстың ғылыми-зерттеу институтымен (Мәскеу қ.) ынтымақтастық жалғастырылып жатыр.
«ЗИКСТО» АҚ «Промтехэксперт» ЖШҚ-мен бірлесе (Мәскеу қ.) жүк вагондары қызметінің мерзімін ұзарту мақсатында оларды техникалық диагноздау жұмыстары жалғастырылып жатыр. Жартылай вагонның жасалған сынақтық үлгісі РФ Санкт-Петербург қ. сынақтар өткізу үшін жіберілуге дайындалуда. «Вагондар» ғылыми-әдістемелік орталығы (Санкт-Петербург қ.) ғылыми басшылығымен ыстық окатыштарды тасымалдау үшін жартылай вагон және вагон-хоппер, цемент тасымалдаушылар - жүк вагондарының жаңа үлгілерін құру жөніндегі жобалаушы–құрылымдаушы жұмыстар жүргізілуде.
М.Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Цветной бульвар» ААҚ-мен бірлесе (Омбы қ.) осы заманғы лак-сырлау материалдары және технологияларын әзірлеу және шығару саласындағы «серпілісті» жобалар және оларды Қазақстан және Ресей аумағында қолдану бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді.
Сәуірдің басында Ресей Федерациясы астанасы Мәскеу қ. «ХХI ғасыр мегаполисі» халықаралық форум-көрмесі өтті, оған әртүрлі елдер, соның ішінде Қазастанның 96 қаласының өкілдері қатысты. Петропавл қ. 17 адамнан тұратын делегациясын әкім Никандров В.П. басқарды.
Форум аясында пленарлық отырыс, әлеуметтік бағдарланған көрме, конференция, шебер - кластар, «дөңгелек үстелдер», Мәскеудің жетекші кәсіпорындарына тақырыптық экскурсиялар өткізілді.
Сапа саласындағы саясатты іске асыру мақсатында облыс әкімімен бекітілген 2000 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпорындарында халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйесін енгізу жөніндегі өңірлік жоспар әзірленді және іске асырылды.
Жоспарға сәйкес өңір кәсіпорындарына ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу жолымен менеджмент жүйесін енгізу, стандарттау, метрология, сертификаттау және сапамен басқару саласында нормативтік-құқықтық құжаттама өзгерту мәселелері жөнінде көмек беріледі. Бұқаралық ақпарат құралдарында үстіміздегі жылы 45 мақала жарияланды, теледидар арналарында 13 сөз сөйлеу жүргізілді, өңірдің агроөнеркәсіп кешені, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс индустриясы басшыларымен 60-тан астам кеңес, дөңгелек үстел және семинар ұйымдастырылды.
2008 жылғы 1 желтоқсанда облыста 34, соның ішінде үстіміздегі жылы 5 кәсіпорын, ұйым және мекеме халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйесін сертификаттауды жүзеге асырды.
Өнеркәсіпте 29 кәсіпорын менеджмент жүйесін сертификаттады, соның ішінде 4 кәсіпорында кіріктірілген менеджмент жүйесі бар (сапа менеджменті жүйесі, еңбекті қорғау және кәсіби қауіпсіздік жүйесі, экологиялық менеджмент жүйесі), 1 кәсіпорын сапа менеджменті жүйесі және тамақ өнімдері қауіпсіздігі жүйесін енгізді.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне кәсіпорындарды дайындау аясында облыста сыртқы рыноктарға жылжу үшін экспортқа бағдарланған өнімдердің ұдайы мониторингі жүргізілуде. Жыл сайын ҚР ИСМ-ға облыс кәсіпорындарымен шығарылатын экспортқа бағдарланған өнімдер тізбесі жіберіледі.
2008 жылғы 1 желтоқсандағы жағдайы бойынша жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы мониторингінің деректері бойынша облыс жұмыс берушілерінен аудандық және қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне 16047 бос орын өтінілген, уәкілетті органдар көмегімен 8889 адам орналастырылды.
Соның ішінде ұсынылған бос орындардың 9,8%-ын өнеркәсіптік кәсіпорындар өтінімдері құрайды. Инженерлік кадрлардағы қажеттілік 6,6% құрады. Біліктілік дағдылары мен арнайы дайындықты талап етпейтін жұмысшылар үлесіне 15,8% келеді.
Жұмыссыздардың кәсіби оқыту және қайта оқыту жөніндегі жұмыс жандандырылуда. Кәсіби оқытуды ұйымдастыру конкурстық негізде, аудандар және Петропавл қ. қаржы қаражаты есебінен жүргізіледі.
Кәсіби даярлыққа 1010 жұмыссыз жіберілді, бұл бағдарламалық тапсырманың 104,8% құрайды. Оқыту еңбек нарығында талап етілген 32 жұмысшы мамандығы бойынша жүргізіледі.
2008-2012 жылдарға арналған ҚР Техникалық және кәсіби білімді мемлекеттік дамыту бағдарламасы жобасына мемтапсырыс орналастыру жөніндегі ұсыныстар енгізілген. 11.06.08ж. №165 әкімдік қаулысымен 1129 адамға колледждерде мемтапсырыс, соның ішінде гуманитарлық-техникалық колледжде 50 адам - машина жасау мамандықтары бойынша орналастырылған. Кәсіби лицейлерде 1944 адамды бюджеттік негізде, соның ішінде Петропавл қ. №2 КЛ 25 адам санында «білдекші (метал өңдеу)» мамандығы бойынша қабылдау жоспарланған. Оқу орындарында оқу топтарын жинақтау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Инвестициялық саясат. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін бұдан әрі дамыту мақсатында өңірдің қолайлы инвестициялық ахуалын қалыптастыру және ҚР даму институттары арқылы кәсіпорындарға инновациялық ғылыми қамтымды технологияларды қолдануға негізделген инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыруда көмектесу жөніндегі жұмыс жүргізілуде. ЭБЖД, ҚР ИСМ, «Қазинвест» АҚ, «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, шетелдер елшіліктері және т.б. ақпарат ұсынумен өңірдің инвестициялық және инновациялық әлеуетінің ұдайы мониторингі және талдау жүзеге асырылады.
2008 жылғы 5 маусымда Петропавл қ. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігімен эмитенттер үшін «Компаниялардың қорлар нарығына шығуы – табысты стратегия және озық тәжірибе» ақпараттық-білім беруші семинары өткізілген. Семинар өткізудің негізгі мақсаты - қатысушыларды қосымша қаржы қаражаттарын тарту және капитализациялану өсімінің тиімді тәсілі ретінде компаниялардың қорлар нарығына шығудың нақты шешімдерімен таныстыру.
Мемлекеттік органдар және кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері арасында мемлекеттік-жеке ынтымақтастықты кеңейту жолымен кәсіпкерлікті дамыту үшін бизнес климатты жақсарту мақсатында облыс әкімінің 2008 жылғы 25 наурыздағы № 64-р өкімімен Кәсіпкерлік саладағы мәселелерді шешу және әкімшілік бөгеттерді жою жөніндегі жұмыс тобы құрылды.
2008 жылғы 25 маусымда инновациялық қызметті қадағалау және реттеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, ғылым, мемлекеттік мекемелер, аудандар және Петропавл қ. кәсіпкерлік бөлімдері өкілдері, кәсіпкерлердің қатысуымен «СҚО аумағында инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары мен шарттары» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілген.
Ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты іске асыру аясында өңір кәсіпорындарының инновациялық қызметіне мониторинг жүзеге асырылады.
СҚО-да Өңірлік технологиялық парк құру және дамыту туралы мәселе шешілген.
2008 жылғы 7 маусымда Петропавл қ. «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ президенті А.А. Бетекбаев, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар басшылары, сондай ақ облыстың шағын және орта бизнесінің қатысуымен «ИТТО» АҚ-мен әзірленген 1852,7 млн.теңге жалпы құнымен «Солтүстік Қазақстан облысында Өңірлік технопарк» инвестициялық жобасының техника-экономикалық негіздемесінің (ТЭН) тұсаукесері өтті.
«ИТТО» АҚ технопарктің жарғы капиталына республикалық бюджеттен сәйкес бюджеттік Бағдарлама бойынша бөлінетін 1500,25 млн.теңге сомадағы ақша қаражатын енгізеді.
«СҚО әкімдігінің өңірлік технопаркі» ШЖҚ МКК қайтаұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» СҚО әкімдігінің 9.09.2008ж. №259 қаулысын орындау үшін кәсіпорын теңгеріміндегі мүлікті қайта бағалау жүргізілді, бөлу теңгерімі дайындалды, бөлінетін КМК-ны ұстауға шығынды есептеу жүргізілді, тапсыру акті, КМК жарғы жобасы құрылды.
23.12.08 ж. құрылтайшы шартқа қол қойылды және тіркеу үшін Әділет департаментіне берілді.
2009 жылы «ИТТО» АҚ тіркелу мезетінен 1 жыл ішінде ілгерідегі капиталдаумен Технопарк салуға 34 млн. 441 мың, Технопарк ЖШС тіркелу мезетінен 1 жыл ішінде зияткерлік меншік түрінде ілгерідегі салымымен М.Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ӨМКК 2 млн.теңге бөледі.
Қолданыстағы технопарктер қызметінің шетелдік тәжірибесін зерделеу жалғастырылуда. Мысалы, Пермь (14-16 мамыр), Екатеринбург ққ. сауда-экономикалық миссия аясында (22-23 мамыр) облыс өкілдері осы өңірлердің Технопарктері қызметімен танысты.
Солтүстік Қазақстан облысының инновациялық әлеуетін ашу үшін облыс әкімдігінің 2006 жылғы 12 маусымдағы №135 қаулысымен жыл сайынғы «Үздік инновациялық жоба» конкурсы тағайындалды. 2007 жылдан конкурстың жүлделік қоры 3,15 млн. теңгені құрайды: бірінші орын үшін – 1,0 млн. теңге, екінші орын үшін – 750,0 мың теңге, үшінші орын үшін – 500,0 мың теңге. Сондай-ақ 300,0 теңгеден үш арнайы көтермелеу сыйлықақы бекітілді.
2008 жылы Конкурсқа келесі бағыттар бойынша 51 жоба ұсынылған: өнеркәсіп – 14, ауыл шаруашылығы – 16, құрылыс – 6, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 4, басқа салалар – 11.
Өңдеу саласындағы аудандық 2 жобаның жүлделі орынға ие болуы 2008 жылғы Конкурстың айрықшалығы болды.
«ЗИКСТО» АҚ-да жартылай вагонның осы заманғы үлгісін әзірлеу және оны өндіріске енгізу» жобасымен «ЗИКСТО» АҚ 1 орын алды. Мамлют ауданы "Арқалық" ШҚ «Жаңа технология бойынша табиғи бие сүтінен нағыз қазақы қымыз өндірісі» жобасы үшін – 2 орын. «Тайынша-Астық» ЖШС «Ауылшаруашылық малдың гендік қорын қолдан ұрықтандыру, шетел селекциясының жоғары сауымды сиырларынан эмбриондар салуды қолдану жолымен жақсарту және аналық мал басын жынысы бойынша бөлектелген тұқымдық аталық мал ұрығымен жұмыс істеу есебінен жеделдетіп арттыру» жобасы үшін – 3 орын.
Көтермелеу сыйлықақысы келесілерге берілді: М.Қозыбаев ат. СҚМУ «Петропавл жылу желілері» өңірлік кәсіпорнының қалдықтарын қайта өңдеу негізінде беріктендірілген асфальтбетон өндірісі» жобасы, «Киров ат. зауыт» АҚ «РВ – 1,1 М KZ көліктік екі диапазондық локомотивтік радиостанция шығаруды және оларды сатуды ұйымдастыру» жобасы, «Ремплазма» ЖШС «Доңғалақ жұбының жүгіру жолдарын жүк вагондарынан бөлектеусіз қалпына келтіру жөніндегі жылжымалы кешен құру» жобасы үшін.
2008 жылы Өңірлік технопарк деректері базасында 147 инновациялық жоба, оның 121-і - «Үздік инновациялық жоба» конкурсына қатынасқандар бар.
2 каталог құрылған және ұдайы жаңартылып отырады: с.і. 12 бірлікті құратын сервистік компаниялар каталогы және инновациялар жөніндегі әдебиет каталогы – 13 бірлік; және 4 деректер базасы, с.і. өңірдің ғылыми әлеуеті – 24 сарапшы енгізілген; өндірістік кәсіпорындар – 6800 бірлік; инновациялар авторлары – 80 адам, өнертапқыштар – 26 адам.
Сондай-ақ 2007 жылғы «Үздік инновациялық жоба» конкурсына ұсынылған жобалар бойынша инвесторлар іздеу және әртүрлі салалар мамандарының кең ортасын хабардар ету мақсатында технопаркпен үстіміздегі жылы венчурлық жәрмеңкелер, инвестициялық әлеуеті бар жоба тұсаукесерлері өткізілді.
Өңірлік технологиялық парктің ресми WEB-сайтында 1.07.2008 ж. жағдай бойынша инвестициялық әлеуеті бар 110 инновациялық жоба туралы ақпарат орналастырылды. 2008 жылғы қазаннан инновациялық жобалар жөніндегі ақпарат Солтүстік Қазақстан облысының ресми WEB-сайтында орналастырылды. «2008 жылғы үздік инновациялық жоба» конкурсының нәтижесі бойынша инвестициялық әлеуеті бар 51 инновациялық жоба орналастырылды. Облыс кәсіпорындарында жүргізілетін іс-шаралар, коммерциялық ұсыныстар туралы ақпарат ұдайы жаңартылады.
2007 жылғы «Үздік инновациялық жоба» конкурсына ұсынылған жобалар бойынша инвесторлар іздеу және әртүрлі салалар мамандарының кең ортасын хабардар ету мақсатында Технопаркпен 2008 жылы келесі іс-шаралар өткізілген: 20 наурыз - «Қымыздың өнеркәсіптік өндірісі» іске асырылған жобаның дайын өнімінің тұсаукесері және дәмін тату. Тұсаукесер қорытындылары бойынша дайын өнімді сату нарықтары бапталған, жоба бойынша маркетингтік тұжырымдама әзірленген; «Бидай ұрығының өндірісін ұйымдастыру» жобасы бойынша – ұрықтық қауызға стандарт әзірленген, қазіргі кезде стандарт «КазИнСт» филиалында тіркелу рәсімін өтуде; «Крахмал және крахмал өнімдері өндірісін ұйымдастыру» жобасы - Биохимда ұқсас өнімді іске асыруды бастау себебіне байланысты одан бас тартылған; «Ұлттық кәсіптерді қайта жандандыру және қамтылмаған халықты бірегей мамандықтарға оқыту жөніндегі оқу- өндірістік орталығы» жобасының тұсаукесерінен кейін технопаркпен жоба авторының еңбек және әлеуметтік қорғау департаментімен ынтымақтастығы ұйымдастырылған. Ү.ж. сәуірінде «Шебер-орталық» ООӨК базасында ағаштан қиюға оқытудың 3-айлық курсы ұйымдастырылған, 13 адам оқытылды, курсты табысты тәмамдаған 13 адам «Кугуар» ЖШС-на жұмысқа орналастырылды; «Ашық аспан астында тарихи саябақ-мұражай ұйымдастыру» жобасы туризм саласында маңызды болып табылады, әлемде оған ұқсама жоқ. Жобаның жоғары құны мемлекеттің міндетті қатысуын талап етеді. Инвесторлар іздеу мақсатында көрші түмен және омбы өңірлеріне жоба мүмкіндіктері туралы ақпарат таратылды. Авторға «Тобыл» ӘКК-ға жүгіну ұсынылды.
«СҚО әкімдігінің өңірлік технопаркі» МКК-мен 2008 ж. қазанда «Жаңа энергия үнемдейтін технология («Россомаха» ЖШС) және «Тахографтың сертификатталған функциясымен электрондық тіркеуші өндірісін ұйымдастыру» («Тета» инновациялық-енгізу орталығы» ЖШС) - 2 жоба «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ның «инновациялық сынағына» қатысу үшін жіберілді.
Жобаларды инвестициялауға назарды тарту үшін келесі инновациялық жоба-2007 және 2008 жылғы «Үздік инновациялық жоба» конкурсына қатысушылар туралы ақпаратпен «50.KZ» журналының кезекті шығарылымына мақала дайындалды:
- «"Петропавл жылу торабы" өңірлік кәсіпорын қалдықтарын қайта өңдеу негізінде беріктендірілген асфальтбетон өндірісі» (ФХТИ зертханасы, СҚМУ);
- «Метал өңдейтін (метал және қоспалар), а/ш, тамақ өнімдері, құрылыс материалдарын автоматтандырылған микроталдауға, сондай-ақ медицина-санитарлық және экологиялық препараттарды бақылауға арналған компьютерлік-аналитикалық құралдарды әзірлеу және бірлесе шығару» (Болатбаев Қ.Н.);
- «Солтүстік Қазақстан облысы өсімдіктерінен фитопрепараттар құру» (Поляков В.В.);
- «Энергияның жоғары шоғырландырылған плазмалық көздерін пайдаланумен бұйымдарды беріктендірудің технологиялық үдерісі» («Ремплазма» ЖШС);
- «Гидро, бу және газ турбиналары қалағын реновациялағанда протездеу технологиясы» ( «Ремплазма» ЖШС);
- «Жүк вагоны доңғалақ жұптарын жүгіртпе жолдан бөлектеусіз қалпына келтіру жөнінде жылжымалы кешен құру» («Ремплазма» ЖШС).
Өңірдің ұқсату өнеркәсібі салаларын дамыту үшін ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстарға СҚМУ оқытушылар құрамының белсенді қатысқанын атап өту керек. М.Қозыбаев ат. СҚМУ ғылыми-зерттеу жұмыстары Республика, өңір, ЖОО мүдделеріне жауап беретін және, бірінші кезекте, білім беру процесі сапасын жетілдіруге, ғылыми-техникалық әлеуетті нығайту және озық инновациялық технологияларды енгізуге бағдарланған басым бағыттар жөніндегі бекітілген университеттің даму бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды. Әзірлемелер 11 тақырып бойынша жүргізілді.
Жасалған шарттарға сәйкес М.Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті облыс кәсіпорындарымен, соның ішінде: «ПЗТМ» АҚ, «ЗИКСТО» АҚ, АО «С.М.Киров ат. зауыт» АҚ, «ХИМПЭК» Орал холдинг компаниясы (Пермь) кәсіпорындарымен бірлесе өндіріске ғылым, техника жетістіктерін, инновациялық жобаларды жеделдетіп енгізу жөніндегі өз қызметінің бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асырады.
2008 жылғы маусым-тамызда «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша «Алтын сапа 2008» өңірлік конкурсы өткізілді. Конкурсқа 47 кәсіпкерлік субъектісі қатысты.
Конкурс қорытындылары «Алтын сапа» өңірлік конкурсының дипломанттары атағын беру жөніндегі комиссиямен шығарылды.
1. «Алтын сапа 2008» өңірлік конкурсы дипломанты болып танылды:
«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы:
«Ірі және орта кәсіпкерлік субъектісі» санаты: 1 дәрежелі диплом –«Сұлтан элеватор-диірмен-макарон кешені» АҚ; 2 дәрежелі диплом – «Ростан» ЖШС;
3 дәрежелі диплом – «Мамлют ұн үктіру комбинаты» ЖШС.
«Шағын кәсіпкерлік субъектісі» санаты: 1 дәрежелі диплом – «Фрегат» ЖШС; 2 дәрежелі диплом – «Тортуманов және К» ЖШС; 3 дәрежелі диплом – «Зенченко және К» КС сүт зауыты.
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы:
«Ірі және орта кәсіпкерлік субъектісі» санаты 1 дәрежелі диплом – «С. М. Киров ат. зауыт» АҚ; 2 дәрежелі диплом – «Қазмұнайгазмаш» АҚ филиалы;
2 дәрежелі диплом – «Единство» ЖШС; 3 дәрежелі диплом – «Изолит» ЖШС;
3 дәрежелі диплом – «Мұнаймаш» АҚ.
«Шағын кәсіпкерлік субъектісі» санаты 2 дәрежелі диплом – «Летовочный ЖМЗ» ЖШС.
«Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы:
«Ірі және орта кәсіпкерлік субъектісі» санаты: 1 дәрежелі диплом – «Полиграфия» АҚ; 2 дәрежелі диплом – «Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы" АҚ.
«Шағын кәсіпкерлік субъектісі» санаты: 1 дәрежелі диплом – «Лига» ЖШС;
2 дәрежелі диплом – жеке кәсіпкер Тәкенов А.С. («Гауһар» ательесі); 3 дәрежелі диплом – «Эфматол ҒӨБ» ЖШС; 3 дәрежелі диплом – «Люминас» ЖШС.
Конкурстың қосымша дипломымен аталған:
«Тайынша Астық» ЖШС - «Ауылдық жерде азық-түлік тағамдары өндірісін дамытуға қосқан үлесі үшін»; «Арқалық» ШҚ - «Өңірде қымыз өнімінің өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастырғаны үшін»; ЖК Казанцев А.В. – «Экологиялық таза өнім өндірісін ұйымдастырғаны үшін»; ЖК Овчаренко И.В. – «Ауылдық жерде азық-түлік тағамдары өндірісін дамытуға қосқан үлесі үшін»; ЖК Меденников С.Ф. – «Ет өнімдері өндірісін дамытқаны және оның ассортиментін кеңейткені үшін».
Біздің өңірдің шағын кәсіпкерлік саласында 21 мың шағын бизнес субъектісі әрекет етеді, онда 53,5 мың адам жұмыс істейді.
2008 жылғы 11 айда барлық шағын кәсіпкерлік субъектілерімен тауарлар шығару 81,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы ұқсас мерзімнен 1,7 %-ға кем (салыстырмалы бағада).
Облыста екінші деңгейлі банктердің 15 филиалы, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ - 2 республикалық өкілдік, 13 селолық кредиттік серіктестік және 44 микрокредиттік ұйым (с.і. 29 – облыс аудандарында) жұмыс істейді, 3-еуі 2008 жылы құрылды.
Қаржыландырудың барлық көздерінен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне үстіміздегі жылы шамамен 22,1 млрд. теңге жалпы сомаға кредит бөлінді.
2008 жылы облыста 558 жаңа инфрақұрылым объектісі ашылды. 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың елді мекендерінде 9866 объекті, оның 4646-сы – тұрғындарға қызмет көрсету, 4414-і – дүкен, 35 бөлшек және көтерме базары, 771 қоғамдық тамақтану объектісі әрекет етеді.
2008 жылғы қаңтар-желтоқсанда шағын бизнес субъектілері қызметінің барлық салаларында – 7376 қосымша жұмыс орны, соның ішінде 4276-сы жеке кәсіпкерлермен құрылды. Сонда жылдық жоспардың орындалуы сәйкес 110% және 100%-дарды құрады.
Облста кәсіпкерлік субъектілері мүддесін қорғау және жылжыту мақсатында қоғамдық бірлестіктер торабы дамып келеді. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі 13 сараптамалық кеңес құрылды, олардың құрамына кәсіпкерлер бірлестіктері кірді. Осы кеңестер жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларына сараптамалық қорытындылар құруға қатысады. Облыста «қоғамдық қабылдау» жұмыс істейді, «дөңгелек үстелдер», кездесулер, семинарлар және кеңестер өткізіліп тұрады. Шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері БАҚ-тарда үнемі жарықтандырылып тұрады.
Облыстың сауда инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылуда.
"Селолық аумақтарды дамыту" мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс аудандарында 2008 жылғы қаңтар-қарашада 169, соның ішінде ауылда 147 сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорны енгізілді.
Қаланы дамытудың Бас жоспары және Сауда базарлары қызметін ұйымдастыру ережелеріне сәйкес базарларды оңтайландыру жөніндегі жұмыс жүргізілуде. Жабық павильондар құрылысымен және сатып алушылар мен сатушылар үшін сәйкес жағдайлар жасаумен олардың қайта құрылуы жүзеге асырылуда, базарлардың санитарлық-гигиеналық жағдайы жақсартылуда.
Сауда және қызметтер саласы кәсіпорындарының 385 бөлімінде ұсынылған қызметтер үшін есеп айырысуларды пластикалық карточкалар көмегімен және POS – терминалдар арқылы жүзеге асыруға болады.
Бағдарламаны ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету.
Облыста 2007-2010 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының индустриалдық- инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруды насихаттау барысын ақпаратты қамтамасыз етудегі мемлекеттік тапсырысты орындайтын аймақтық БАҚ тұрақты мониторингі жүргізіліп тұруда. Есепті кезеңде аталған тақырыпқа сәйкес электронды бұқаралық ақпарат құралдарында 80 ақпаратты сюжеттер мен хабарлар, ал баспалы бұқаралық ақпарат құралдарында 93 мақала шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |