2008 жылдың І тоқсанына Зырян ауданы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама
Өнеркәсіп
Жыл басынан бері аудан кәсіпорындарымен өнеркәсіп өнімі 12,5 млрд. теңгеге өндірілді, өсу қарқыны 107,7 % құрады.
Негізгі өнеркәсіп объектілерімен кенді шығару және байыту, электр энергия, құрылыс материалдары, резіңке техникалық, пластмассалық бұйымдары, азық-түлік өнімдерінің кең түрлері және басқа да өнімдер өндіріледі.
Таукен саласы басымдық болып қалды –жалпы көлемнен 60,6%.
Резіңке техникалық бұйымдарын өндіру 1,9 есеге артты, респираторларды (2,6 %) жасау да артты.
Ағымдағы жылы ауданның өндірістік әлеуетін өсіруіне маңызы бар бір қатар жоба іске асыру сатында.
Ақпан айында «Фаворит» ЖШС жаңа жарақтандырылған шере және жиһаз қалқандарын жасау бойныша цехты іске қосты.
Адам саны 50 дейін баратын кәсіпорындарының өнеркәсіп өндірісінің көлемі жыл басынан 138,8 млн.теңгені немесе 2007 жыл деңгейімен салыстырғанда 144,2 % құрады.
Ағымдағы жылдың наурыз айында «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ меморандумы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелерін шешу жөніндегі бір қатар шараларын қарастырады. Өткен жылы өзара ынтымақтастық туралы ұқсас меморандум «Қазмырыш» АҚ және бір қатар ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен жасалған.
Қаңтар - ақпан айларына ауданның негізгі кәсіпорындары бойынша орташа еңбекақы 41281 теңгені немесе 2007 жылмен салыстырғанда 125,4 % құрады.
Шағын бизнес
Кәсіпкерлік қызметінің 8 объекті пайдалануға енгізілді, соның ішінде 1 ауылдық жерде (5 - сауда объектісі, 4 - қоғамдық тамақтану).
Бизнесті ұйымдастыру және дамытуда әкімшілік тосқауылдарды жоюға бағытталған жұмыс жалғасуда. Ауданда бизнестің дамуына кедергі болатын мәселелерді айқындау және шешу үшін жарты жылда бір рет әкімнің кәсіпкерлермен кездесулері, «дөңгелек үстел» отырыстары, мемлекеттік органдары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен семинарлар өткізіледі.
Жыл басынан «дөңгелек үстелдің» 1 отырысы, 2 семинар, 2 кездесу өтті.
2008 жылдың І тоқсанында ауданда әрекет ететін екінші деңгейдегі банктерімен бизнес дамуына 72,6 млн. теңге сомасына несие берілді.
Ауыл шаруашылығы
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда.
Жыл басынан 619,9 тонна ет (өткен жылмен салыстырғанда 102 %), 651 мың дана жұмыртқа (95,5 %) даярланды, 2,97 мың тонна сүт (87,1 %) алынды.
Ірі қара мал басы 19,7 мың басты (86,2 %), шошқа - 11,4 мың басты, (111,0%), қой мен ешкі - 11,0 мың басты (101,1 %), жылқы- 3,8 мың басты (95,1 %), құстар саны - 62,0 мың басты (91,2 %) құрады. Тұқым шаруашылығын құру, егіс алаңдарын оңтайландыру бойынша қайта құру шаралары жүргізіліп жатыр, 4 қолдан ұрықтандыру орны мен өңір экономикасының осы саласын дамытуға бағытталған басқаларын ашу жоспарланған.
97,3 млн. теңге сомасына ауыл шаруашылық техникасы алынды, соның ішінде «Қазагрофинанс» АҚ арқылы лизинг бойынша 86,0 млн. теңге.
Өз қаражаттарының есебінен 11,5 млн. теңге сомасына минералды тыңайтқыш алынды, облыс бюджетінің қаражаттарынан 1500,0 мың теңгеге тұқым сортын жаңартуға бөлінді.
Ағымдағы жылдың басынан «Зыряновское» несие серіктестігімен 60,3 млн. теңге сомасына несие берілді, соның 38,0 млн. теңгесі негізгі құралдарды сатып алуға, 22,3 млн. теңге айналым қаражаттарын толықтыруға.
«Нивы Чапаево» ЖШС базасында «Ауылшаруашылықнесие» ШНҰ ЖШС шағын несиелеу ұйымы құрылды. Ауылда жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға 18,55 млн. теңге сомасына несие берілді.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауылда республикалық бюджет қаражаттарынан аул шаруашылық емес бизнес түрлерін несиелеу бағдарламасының шарттарын түсіндіру және әлуетті қарызгер – ауданның кісіпкерлері туралы ақпаратты нақтылау бойынша жұмыс жүргізеді.
Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау
Халықтың нашар қорғалған бөлігінің әлеуметтік қолдауына ерекше назар аударылады.
Кедейлік шегінен төмен тұрмыс кешетін азаматтар саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда төмендеді және 2008 жылдың 01 сәуіріне 1435 адамды құрады.
466 адам 1,9 млн. теңге жалпы сомасына әлеуметтік қолдау мен көмек, 599 адам 3,5 млн. теңге сомасына тұрғын үй көмегін, 522 адам 3,7 млн. теңге сомасына мемлекеттік атаулы көмегін алды.
Жұмыссыздықтың ресми деңгейі 0,9 % құрады.
2008 жылдың 01 сәуіріне тіркелген жұмыссыздардың саны – 435 адам. Жыл басынан 243 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 174 адам бағытталды. 18 жаңа орын құрылды.
Бюджет
Жыл басынан аудан бюджетіне 375,9 млн. теңге сомасында меншікті табыс түсті, ол өткен жылдан 119,2 млн. теңгеге артық, жоспар 101,9 % орындалды. Бюджеттің шығыс бөлігі 445,9 млн.теңгені құрады, ол 2007 жылдан 26,7 % артық. Әлеуметтік бағдарламаларға 79,7 % бағытталды.
Экономикалық саясат және жоспарлау секторының меңгерушісі Т.Мыслимова
Достарыңызбен бөлісу: |