Сабақтың тақырыбы: Минералдық тыңайтқыш шашатын машиналар
Топтар
|
ТР 9-192
|
|
|
|
|
|
|
Сабақ өтетін күн
|
23.10.2020
|
|
|
|
|
|
|
САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Тыңайтқыштарды салуда қандай агротехникалық талаптар қолданылады?
АИР-20 агрегатының қызметі және ол қанжай тракторлармен агрегатталады?
Минералды тыңайтқыштарды дайындау және салуға арналған машиналардың қызметін айтыңыз.
1-РМГ-4 минералды тыңайтқыштарды қандай тракторлармен агрегатталады?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Тыңайтқыш түрлері және себу әдістері. Ауыл шаруашылығында негізінен екі түрлі тыңайтқыш органикалық және минералдық тыңайтқыштар қолданылады. Органикалық тыңайтқыштарға малдың қиы, торф жатады. Оларды жергілікті жерде шаруашылықтың өздері дайындайды. Минералдық тыңайтқыштар өндірісте шығарылады. Олар майда ұн түрінде немесе түйіршіктер түрінде және сұйық түрінде дайындалады. Минералдық тыңайтқыштарға түйіршіктелген суперфосфат, фосфорит ұны, аммиак селитрасы, калий тұздары жатады. Минералдық тыңайтқыштың жергілікті жерде дайындалатын түрі де болады. Оған әртүрлі известь тектес материалдар жатады. Тыңайтқыштарды екі түрлі мақсат үшін қолданады: біріншісі - топырақ құрылысын жақсартып, оның құнарлылығын арттыру үшін көбінесе известь тектес материалдарды пайдаланады. Сор басып кеткен жерлерге жылма-жыл известь шашып, оны топырақпен араластырады. Ондай топырақ бірте-бірте құнарлы топыраққа айналады.
Өсімдікті қоректендіру үшін тыңайтқышты қолданудың үш түрлі тәсілі бар: негізгі қоректендіру, дер кезінде және кейіннен қоректендіру. Негізгі қоректендіру үшін тыңайтқыштар топырақ өңдеу алдында жер бетіне біркелкі шашылады, бұдан кейін топырақ өңделеді. Сонда тыңайтқыш пен топырақ араласады. Ондай топыраққа себілген өсімдік сол тыңайтқышпен қоректенеді. Дер кезінде қоректендіру үшін тыңайтқыш тұқыммен бірге шашылады. Мұндай тәсіл бойынша тұқым мен тыңайтқыш тікелей араласып себіледі немесе екеуінің аралығында жұқа топырақ қабаты болады. өсімдік өніп шыққаннан кейін осы тыдайтқышпен қоректенеді. Ал кейбір өсімдіктер өзінің өсуі кезінде кейбір элементтерді өте қажет етеді. Егіске сол элементтері бар тыңайтқыштар шашылады. Мұны кейіннен қоректендіру деп атайды. Осы қолданылатын тыңайтқыш түріне және қоректендіру тәсілдеріне қарай машиналардың да бірнеше түрі пайдаланылады. Оларды негізінен төрт түрге: тыңайтқыш дайындайтын, тыңайтқыш шашатын, тыңайтқышты тұқыммен бірге себетін және өсімдік қоректендіретін машиналар деп бөлінеді. Төменде солардың әрқайсысына сипаттама беріледі. Тыңайтқыш дайындайтын машиналар.
Тыңайтқыш дайындайтын машиналармен әртүрлі тыңайтқыштарды қосып араластыруға, бірігіп қатып қалған тыңайтқыштарды ұсақтауға және жергілікті жерде дайындалған тыңайтқыштарды ұсақтап, електен өткізуге болады. Мұндай машинаның өндірісте шығарылатын түрі – ИСУ-4 машинасы. Ол рамадан, шанақтан, ұсақтарыш аппараттан, транспортерден және беріліс механизмнен тұрады. Шанақ цилиндр пішіндес болады және оның қабырғасына қақпағы бар тесік орнатылған. Шанақ түбіне конусты редуктор, оның тік білігіне ұсақтағыш бекітілген. Ұсақтағыш аппарат төрт қалақшадан, әрқалақшаға бекітілген сегіз пышақтан және тордан тұрады. Ұсақтағыштың қатты және жұмсақ тыңайтқыштарға арналған екі түрлі пышағы бар. Көз шамасы 4 мм және 10 мм екі түрлі тормен жабдықталады. Шанақ тесігінен алдына транспортер бекітілген. Оның биіктігін өзгертіп тұруға болады. Беріліс механизміне жататындар: трактордың қуат білігіне жалғасатын карданды білік, конусты редуктор және шынжырлы берілістер. Тыңайтқыштарды ұсақтау былай жүргізіледі. Тракторға аспалы етіп агрегатталған ұсақтағышты тыңайтқыш үйілген алаңға алып келіп, жерге түсіреді. Беріліске қосылғаннан кейін бункерге қолмен немесе тиегішпен тынайтқыш тиейді. Ұсақтағыш аппарат айналған кезде пышақтарымен тыңайтқышты ұсақтайды. Ұсақталған тынайтқыштар тор көздерінен өтіп төмен түседі де қалақшалармен транспортерге жеткізіледі. Ал транспортер оны транспортқа тиейді немесе жерге үйеді. Тыңайтқыштарды араластыру үшін олардың әрқайсысын тиісті мөлшерде өлшеп бункерге салады да машинаны іске қосады. Бұл кезде олар араласып тор арқылы төмен түседі. Минералдық тыңайтқыш шашатын машиналар. Өсімдікті негізгі қоректендіру үшін тыңайтқыш шашатын машиналар қолданылады. Топырақты өңдеу алдында тыңайтқышты машиналармен жер бетіне біркелкі етіп шашады. Сол шашу жұмыстарын мынадай екі түрлі принципке негізделген жұмысшы бөлшектері атқарады: ортадан тепкіш күшті пайдаланып шашатын дискілі аппарат және ыдыстағы тұқымды еркін шашатын табақты аппарат. Дискілі шашқыш аппараттың негізгі бөлігі – бетіне қалақшалар орнатылған жазық диск. Жұмыс кезінде ол диск үлкен жылдамдықпен айналып тұрады. Оның үстіне шамалағыш қондырғысы бар тыңайтқыш ыдысы бекітіледі. Сол ыдыстан дискіге келіп түскен тыңайтқыш түйіршіктері қалақшалармен бірге айналады. Айналған кезде ортадан тепкіш күш пайда болады да тыңайтқыш түйіршіктері диск сыртына қарай шашылады.
Табақты аппараттың бөліктері: тылайтқыш ыдысы, табақ және лақтырғыш қалақша. Тұкымды еркін алып шығатын тарелка ыдыс астына орналасқан және арнаулы беріліс арқылы айналып тұрады. Табақтың жартысы ыдыс астында, жартысы одан шығып тұрады. Ыдыстан шықып тұрған жеріне лақтырғыш қалақшалар бекітіледі. Олар да жұмыс кезінде айналып тұрады. Табақтың ыдысқа кіріп тұрған бөлігіне тыңайтқыш өздігінен сырғып түседі. Табақ айналып тұратындықтан тыңайтқыш ыдыстан сыртқа шығарылады. Сол арада лактырғыш қалақшалар оны іліп алады да қатты лақгырып жер бетіне шашады. Бұл аппаратта шашу нормасы тарелка алып шыққан тыңайтқыш қалыңдығына байланысты болады. Оны реттеуге мүмкіндік болу үшін табақтың ыдыстан шығар жеріне қақпақ қойылады. Сол қақпақты ашып-жабу арқылы табақ алып шығатын тыңайтқыш шамасын өзгертуге болады. Тыңайтқышты тұқыммен бірге себуге арналған машиналар да табақты аппаратпен жабдықталған. Оның айырмашылығы қалақшалы лақтырқыштардың орнына дискілі түсіргіштер орнатылған. Табақ шығарған тыңайтқышты дискілі түсіргіштер сырғытып тұқым түтікке немесе тыңайтқыш түтігіне түсіреді. Мұндай аппараттар тыңайтқыш пен тұқымды бірге егетін құрамалы сеялкаларда және өсімдікті кейін қоректендіретін қатар аралық өңдеуіш культиваторларға орнатылады. Оларды реттеу жұмыстарында да жоғарылардан айтарлықтай өзгешелік жоқ. Тыңайтқыш шашатын тіркемелі сеялка РТТ-4,2 түйіршіктелген немесе ұнтақталған минералдық тыңайтқыштарды шашуға арналған. Ол рамадан, тыңайтқыш жәшігінен, сепкіш аппараттан, жүргізуші дөңгелектен және беріліс механизмінен тұрады. Жәшік түбінде табақты, онбір шашқыш аппарат орнатылған. Себу аппаратының алдына қалған қойылған. Екі қалақшалы лақтырқыштан шашылған тұқым сол қалғанға ұрылады да жер бетіне біркелкі таралады. Сеялканың екі тірек дөңгелегі бар. Сол дөңгелектер арқылы барлық жұмысшы мүшелері қозғалысқа келтіріледі. Сеялка тетіктеріне мынадай реттеулер жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |