2. Импортты қаржыландыру бойынша талаптар
|
жоқ
|
|
a. Қаржыландыру бойынша ең төменгі талаптар
|
жоқ
|
|
b. Алдын ала төлем туралы талап
|
жоқ
|
Импортқа алдын ала ақы төлеу коммерциялық кредит деп саналады. Егер алдын ала ақы төлеу сомасы 50 000 АҚШ доллары баламасынан асатын болса және тауарды жеткізу мерзіміне дейін 180 күннен бұрын жүзеге асырылса, резиденттің импортқа алдын ала ақы төлеуі үшін ҚҰБ-де тіркелу талап етіледі. Тіркеуді талап ету мәміле паспорты толтырылған импорттық келісім-шарттарға қолданылмайды.
|
c. Аванстық импорттық депозиттер
|
жоқ
|
|
3. Импортқа ақы төлеуге шетел валютасын алу үшін құжаттамалар ұсыну туралы талаптар
|
иә
|
|
a. Домицилирлеу туралы талаптар
|
жоқ
|
|
b. Тиеп жөнелту алдындағы инспекциялау
|
жоқ
|
|
c. Аккредитивтер
|
жоқ
|
|
d. Валюталық лицензиялар ретінде импорттық лицензияларды пайдалану
|
жоқ
|
|
e. Басқа талаптар
|
иә
|
Мәміле паспортын құны 10 мың АҚШ доллары баламасы сомасынан асатын импорттық мәмілелер бойынша ғана есепке алу мақсатында ресімдеу талап етіледі. Мәміле паспорты импортердің шотына қызмет көрсететін уәкілетті банкте ғана ресімделуі тиіс. Мәміле паспорты импорттық келісім-шарт талаптарына сәйкестігін тексеру үшін пайдаланылады және мәміле аяқталғанға дейін банк бақылау жасайды. Импорт бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру коммерциялық кредиттерге жатқызылады. Егер резидент емес 300 мың АҚШ долларынан асатын сомаға импорт бойынша алдын ала жеткізуді ақы төлеу күніне дейін 180 күннен бұрын жүзеге асырса, ҚҰБ-де тіркеу талап етіледі. Тіркеуді талап ету мәміле паспорттары ресімделген импорттық келісім-шарттарға қолданылмайды.
|
4. Импорттық лицензиялар және басқа тарифтік емес шаралар
|
иә
|
Қару-жарақ және әскери техника; ядролық материалдар, технологиялар, құрал-жабдықтар және құрылғылар, арнайы ядролық емес материалдар, радиоактивті қалдықтарды қоса алғанда, радиоактивтік сәулелену көздері; оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жарылыс құралдары және пиротехника (аңшылық оқ-дәріні қоспағанда); қызметтік және азаматтық қару-жарақ; жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техника; улар; технологиялардың ядролық материалдары, құрал-жабдықтар және құрылғылар, арнайы ядролық емес материалдар, радиоактивтік сәулелену көздері, альфа-, бета- немесе гамма- сәулелендіруді пайдалануға негізделген аппаратуралар; пестицидтер (улы химикаттар); рентген жабдықтары, радиоактивтік заттар және изотоптар пайдаланылған медициналық техника; өнеркәсіптік қалдықтар; апиын шикізаты; сусындар өндіру кезінде пайдаланылатын хош иісті заттар негізінде жасалған өнімдерден басқа спиртті жартылай фабрикаттардың құрамдас бөліктері; шарап және шарап материалдары; арақ; коньяк және бренди; этил спирті; 80 айн. % аз спирт қоспасымен денатурленбеген этил спирті; спиртті тұнбалар, ликерлер және басқа да спиртті ішімдіктер; уайт-спирит, басқа да жеңіл дистилляттар, арнайы қайта өңдеу процестеріне арналған, процестердегі химиялық өзгерулерге арналған басқа да орташа дистилляттар импортына лицензиялау режимі белгіленді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2008 жылғы 26 ақпан - 2008 жылғы 1 қазан аралығында құмшекер импортына уақытша сандық шектеулер енгізді, бұл ретте құмшекерді импорттауға отандық кондитерлік фабрикаларға ғана рұқсат етілді.
|
a. Рұқсат етілген тауарлар тізбесі
|
жоқ
|
|
b. Тыйым салынған тауарлар тізбесі
|
иә
|
ҚР әкелуге тыйым салынды: әр түрлі әскери үлгідегі қару-жарақ және оның оқ-дәрілері, жаппай қырып-жоятын қару-жарақ, сондай-ақ жаппай қырып-жою қару-жарағын жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдар мен жабдықтар; есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар және оларды пайдалануға арналған құрылғылар; мемлекеттік және қоғамдық құрылысты құлатуға бағытталған, соғысты, лаңкестікті, зорлық-зомбылықты, нәсілшілдікті насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары және порнографиялық мазмұндағы материалдар; озон қабатын бұзатын заттар мен құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар тауарлар; оң жақтағы рөлмен басқарылатын автокөлік құралдары.
|
c. Ашық бас лицензиялар
|
жоқ
|
|
d. Квоталары бар лицензиялар
|
жоқ
|
|
e. Басқа тарифтік емес шаралар
|
жоқ
|
|
5. Импорттық салықтар және/немесе тарифтер
|
иә
|
Импорталатын тауарларға мынадай салық салынады: (1) ҚҚС және кеден бажы (босатылғандарды қоспағанда); (2) акциздер (егер тауар акцизделетін болса); (3) антидемпингтік, қорғаныш және өтемақы баждары (олар белгіленген жағдайда). ҚҚС ставкасы 13% құрайды.
|
Валюта жүйесі арқылы салық алу
|
жоқ
|
|
6. Импортқа мемлекеттік монополия
|
жоқ
|
|
7. Заң құжаттарына сілтемелер және гиперсілтемелер
|
иә
|
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы,
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы №214 ҚР Заңы,
«Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» ҚҰБ Басқармасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы №129 қаулысы,
«Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» ҚҰБ Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысы,
«Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы» ҚР Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы №1037 қаулысы,
«Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбiр кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбелерiн, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргiзуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекiту туралы» ҚР Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысы,
«Кедендік одақ туралы келісімге қатысушы мемлекеттерге әкелінетін тауарларға қатысты техникалық, медициналық, фармацевтикалық, санитарлық, мал дәрігерлік, фитосанитарлық және экологиялық стандарттардың, нормалардың, ережелердің және талаптардың қолданылуының бірыңғай тәртібі туралы хаттаманы бекіту туралы» ҚР Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 қазандағы № 1716 қаулысы,
«Қазақстан Республикасының кедендік тарифі туралы» ҚР Үкiметiнiң 2006 жылғы 17 тамыздағы № 765 қаулысы,
«Тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге сандық шектеулер енгізу туралы» ҚР Үкiметiнiң 2008 жылғы 26 ақпандағы № 190 қаулысы,
«Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысы
|
VIII. Экспорт және экспорттан түсімдер
|
1. Репатриация туралы талаптар
|
иә
|
Резиденттер мәмілелердің талаптарында көзделген мерзімде тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспортына ақы төлеуге алған ұлттық және шетел валютасын уәкілетті банктердегі банк шоттарына есептеуді қамтамасыз етуі тиіс. Резиденттердің уәкілетті банктердегі банк шоттарына экспорттық валюталық түсімдерді есептеу мынадай жағдайларда талап етілмейді: (1) валюталық түсімдер резиденттің міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін резидент еместен тартылған заемның талаптары бойынша шетелдік банктердегі шоттарға есептеледі; (2) резиденттердің шетелдердегі филиалдары мен өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз ету үшін валюталық түсімдер шетелдердегі шоттарға есептеледі.
Экспорттық валюта түсімі уәкілетті банктердегі шоттарға түспеген жағдайда репатриация бойынша міндеттеме мынадай жағдайларда ішінара немесе толықтай орындалған болып саналады: (1) біртекті қарсы талапты ескергенде резидент еместің міндеттемесін тоқтатуы; (2) олардың арасындағы қолданылып жүрген бастапқы міндеттемені сол тұлғалардың арасында орындаудың өзге мақсатын немесе тәсілін көздейтін басқа міндеттемемен ауыстыру арқылы резидент еместің міндеттемесін тоқтатуы; (3) резидентке талап қою құқығын басқа тұлғаға беру; немесе (4) резидент еместің міндеттемелерін орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемін алу.
|
Валюталық түсімді міндетті сату туралы талап
|
жоқ
|
|
а. Орталық банкке
|
жоқ
|
|
b. Уәкілетті дилерлерге
|
жоқ
|
|
2. Қаржыландыру бойынша талаптар
|
жоқ
|
|
3. Құжаттама ұсыну туралы талаптар
|
иә
|
Экспорт бойынша төлемдерді және (немесе) аударымдарды өткізу үшін экспорттық келісім-шарт не басқа растау құжаттарын ұсыну талап етіледі.
|
a. Аккредитивтер
|
жоқ
|
|
b. Кепілдіктер
|
жоқ
|
|
c. Домицилирленген
|
жоқ
|
|
d. Тиеп жөнелту алдындағы тексеру
|
жоқ
|
|
e. Басқа талаптар
|
иә
|
Баламасы 10 мың АҚШ долларынан жоғары сомаға тауарлардың орнын ауыстыруды көздейтін экспорттық мәмілелер бойынша, есепке алу мақсаттары үшін экспортердің банктік шотына қызмет көрсететін уәкілетті банкте мәміле паспортын ресімдеу талап етіледі. Мәміле паспортының экспорттық келісім-шарттың талаптарына сәйкестігі тексеріледі және мәміле аяқталғанға дейін банк бақылайды. Экспорт бойынша төлемді кейінге қалдыру не экспортқа аванс беру коммерциялық кредиттерге жатқызылады. Резидент экспортерлер экспорт бойынша коммерциялық кредитті мынадай жағдайларда ҚҰБ-да тіркетуі тиіс: 1) егер резидент ақы төлеу күніне дейін 180 күннен астам уақыт бұрын баламасы 50 мың АҚШ доллары сомасынан асатын экспорт бойынша алдын ала жеткізуді жүзеге асырса; 2) егер резидент емес жеткізу күніне дейін 180 күннен астам уақыт бұрын баламасы 300 мың АҚШ долларынан жоғары сомаға экспорт бойынша алдын ала ақы төлеуді жүзеге асырса. Тіркеу талаптары мәміле паспорттары ресімделген экспорттық келісім-шарттарға қолданылмайды.
|
4. Экспорттық лицензиялар
|
иә
|
Тауарлардың 12 санаты бойынша экспортқа лицензия талап етіледі, оның ішінде: қару-жарақ және әскери техника; ядролық материалдар, технологиялар, құрал-жабдықтар мен қондырғылар, арнайы ядролық емес материалдар, радиоактивті қалдықтарды қоса алғанда, радиоактивті сәулелендіру көздері; маралдың мүйізі, тұяғы және панты, маржан және осыған ұқсас материалдар (Халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатындардан басқа жойылып кету қаупі бар жабайы фауна және флораның түрлері); өсімдік және жануарлар тектес дәрілік шикізат; сары («ақ») фосфор; ҚР шығарылған ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтарын, нормативтік және техникалық құжаттамаларын қоса алғанда; оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жару құралдары және пиротехника; қызметтік және азаматтық қару-жарақ; сирек металдар, сирек кездесетін өндіріске арналған шикізат, қоспалар, қосылыстар мен бұйымдар; жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техника; улар; ядролық материалдар, технологиялар, құрал-жабдықтар және құрылғылар, арнайы ядролық емес материалдар, радиоактивтік сәулелену көздері, альфа-, бета- немесе гамма- сәулелендіруді пайдалануға негізделген аппаратуралар.
|
a. Квотасыз
|
иә
|
Экспорттау лицензиялар арқылы жүзеге асырылатын тауарлар тізбесі айқындалды.
Күнбағыс, сафлор немесе мақта майы және және олардың фракцияларын экспорттауға уақытша, 2008 жылғы 1 қазанға дейін тыйым салынды; бидай мен меслинге уақытша, 2008 жылғы 15 сәуірден 1 қыркүйекке дейін тыйым салынды; күрішке – 2008 жылғы 1 желтоқсанға дейін; ұнтақ сүт пен кілегейге, құрамындағы майлылығы 1,5 маc. % аспайтын түйіршік немесе басқа да қатты түрлеріне, ұнтақ сүт пен кілегейге, құрамындағы майлылығы 1,5 маc. % асасын түйіршік немесе басқа да қатты түрлеріне, басқа да сүт және кілегей – 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін; рапс немесе кольза дәні; соя майы және оның фракциясы; рапс майы (рапс немесе кользадан) немесе қыша және оның фракциясы; соя бұршағы; мақта дәні; басқа да май алынатын дақылдардың дәндері мен жемістері; күнбағыс дәні 2009 жылғы 1 сәуірге дейін.
|
b. Квоталармен
|
иә
|
Экспорттау Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі бекітілді.
|
5. Экспорттық салықтар
|
иә
|
|
a. Валюта жүйесі арқылы салықтар алу
|
жоқ
|
|
b. Басқа экспорттық салықтар
|
иә
|
Кеден баждары қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары, теміржолдар мен трамвай жолдары үшін пайдаланылатын қара металдардан жасалған бұйымдар, алюминий және алюминий өнімдері, үй жануарларының терісі және жүні, теміржол локомотивтерінің бөліктері, вагондар, трамвайлар және жылжымалы құрамалар мен мұнай өнімдері сияқты тауарлар экспорты кезінде қолданылады.
|
6. Заң құжаттарына сілтемелер және гиперсілтемелер
|
иә
|
«Лицензиялау туралы» ҚР 2007 жылғы 11 қаңтардағы №214 Заңы,
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы»,
«Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезiнде кедендiк баждарды алу туралы» ҚР Үкiметiнiң 2005 жылғы 15 қазандағы №1036 қаулысы,
«Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына уақытша тыйым салуды белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 765 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 20 қазандағы № 976 қаулысы,
«Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы туралы»
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 қаулысы,
«Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды
жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» ҚҰБ Басқармасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы №129 қаулысы,
«Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» ҚҰБ Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысы,
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» ҚР Кодексі 12.06.01 ж. №209 (9-1 бөлім),
«Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбiр кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбелерiн, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргiзуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекiту туралы» ҚР Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысы және ҚР Үкіметінің 15.04.08ж. № 343 және 08.10.08ж. № 930 қаулылары,
«Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысы
|
IX. Көрінбейтін операциялар және ағымдағы трансферттер бойынша төлемдер
|
Осы трансферттерге бақылау жасау
|
иә
|
Төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды ұсыну талап етіледі.
|
1. Саудамен байланысты төлемдер
|
иә
|
|
a. Алдын ала рұқсат
|
жоқ
|
|
b. Сандық шектеу
|
иә
|
Цедент олардан алған комиссиялық сыйлықақыны шегеріп тастағанда, цедент резидент емес қайта сақтандыру компанияларына төлеген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері толық қаржылық жыл аяқталғанда сақтандыру шарттары бойынша олар алған сақтандыру сыйақыларының (қайта сақтандыру компанияларына төленгендерін қоса алғанда) жиынтық мөлшерінің 85% аспауы тиіс.
|
c. Болжамды шектеу/
адал ниеттілікті тексеру
|
иә
|
|
2. Инвестицияларды жүзеге асырумен байланысты төлемдер
|
иә
|
|
a. Алдын ала рұқсат
|
жоқ
|
|
b. Сандық шектеу
|
жоқ
|
|
c. Болжамды шектеу/
адал ниеттілікті тексеру
|
иә
|
|
3. Жол жүру ақысын төлеу
|
иә
|
|
a. Алдын ала рұқсат
|
жоқ
|
|
b. Сандық шектеу
|
жоқ
|
|
c. Болжамды шектеу/
адал ниеттілікті тексеру
|
иә
|
Резидент заңды тұлғалар өздерінің қызметкерлерінің жол жүру ақысын төлеу мақсатында валюталық қаражатты пайдалану үшін қаражатты мақсатты пайдалануды растайтын құжатты ұсынуы тиіс.
|
4. Жеке төлемдер
|
иә
|
|
a. Алдын ала рұқсат
|
жоқ
|
|
b. Сандық шектеу
|
жоқ
|
|
c. Болжамды шектеу/
адал ниеттілікті тексеру
|
иә
|
Жеке тұлғаның растайтын құжаттары болмаған жағдайда төлемдер (жеке тұлғаға ақша беру) жеке тұлға жасаған осы төлемнің жеке сипатын растайтын және құқық қорғау органдарына және ҚҰБ-ға олардың талап етуі бойынша жүргізілген операциялар туралы ақпарат ұсынуға уәкілетті банкке рұқсат ететін жазба болған кезде ғана жүргізіледі.
|
5. Шетелдік қызметкерлердің жалақылары
|
иә
|
|
a. Алдын ала рұқсат
|
жоқ
|
|
b. Сандық шектеу
|
жоқ
|
|
c. Болжамды шектеу/
адал ниеттілікті тексеру
|
иә
|
|
|