2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары



Дата22.02.2016
өлшемі55.18 Kb.
#592
Явленка селолық округі әкімі О.Шарапиденовтың “2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары” атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасынан
Өткен 2008 жыл біздің мемлекетіміздің тарихындағы ерекше мәнді белгі болып табылады. Жуырда біз “Қазақстан-2030” даму стратегиясын қабылдағанымыздың 10-жылдығын атап өттік және сонда біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев стратегиялық міндеттерді және ұзақ мерзімді мақсаттарды анықтады, біздің қоғамның болашағын және мем-лекетіміздің миссиясын ұсынды. Өзінің соңғы Қазақстан халқына Жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның жаңа заманғы бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде дамуын тездетуге бағытталған стратегияны анықтады. Елімізде он шақты техника мен технологияның соңғы жетістіктері бойынша құрылған жаңа ірі кәсіпорындар қатарға қосылды, кейбіреулерінің әлемде бәсекесі жоқ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысындағы сөз сөйлеуінде Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің алдағы ке-зеңдегі басты міндеттерін келесі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, қазақстандықтардың әлеуметтік игілігі және экономиканың жаңартылуы сияқты басты бағыттардан тұжырымдағанын айтты.

Тұрақтану бағдарламасының аясында әр түрлі қосымша инвестициялық және аймақтық бағдарламаларды іске асыру арқылы тұрғындардың кірісін және жұмыспен қамтамасыз етілуін көтеру бойынша шаралар ойластырылды.

2009 жылдың 1-ші қаңтарындағы мәліметтерге қарағанда Явленка селолық округ аумағында 6152 адам, 2000 аула бар. 2008 жылы 254 адам келді, 223 адам кетті, 64 бала туды және 55 адам қайтты. Шаруашылық есеп жүргізудің қорытындысы бойынша 1124 бас ІҚМ, соның ішінде 677 сиырлар, 1003 шошқалар, 814 қой-ешкі, 165 жылқы.

Округ жерінің жалпы алаңы 3161 га құрайды, қосымша пішен шабу мен жайылымға бұрынғы “Образцовый” совхозының 1 бөлімінің жерлерінен 450 га алынды. Осымен пішен шабу мен жайылымның аумағы алаңы қосымша көбейтілді. 2008 жылда тұрғындардан ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу бойынша тапсырмалар орындалды.

Жануарлардың індеттік амандығын қамтамасыз ету үшін селолық округте жылына екі рет міндетті емдік-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Қосалқы шаруашылықты дамытуға ауылшаруашылықтың қолдау көрсету қорынан 8 адам 890 мың. тенге көлемінде несие алды.

Бүгінгі күннің басты мәселесі – тұрғын-үй құрылысының бағдарламасы, құрылыс учаскелерін іске асыру, құрылыс объектілерін пайдалануға әр түрлі меншік формаларын мобилиза-циялау болып табылады.

Қазіргі уақытта тұрғындар қаража-тынан жеке құрылыс басымырақ, тұрғын алаңының бір шаршы метрі 5490 теңгені құрайды. 2008 жылы 900 шаршы метр алаң пайдалануға берілді. 12-пәтерлі тұрғын үйдің алты пәтерін қайта жөндеуге және екі 1-пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына бюджеттен 38 млн. тенге бөлінді. Осы пәтерлерге су, канализация тартылғанын, электрожылыту жасалғанын және тұрғындарды ыстық сумен қамтамасыз етуге титандар орнатылғанын атап өткім келеді.

Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 6 наурызындағы “Шағын биз-нестің дамуына мемлекеттік қолдау және белсендендіруді күшейту бойынша іс-шаралар туралы” Қаулысына сәйкес аудан орталығында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасын орындау бойынша белгілі бір жұмыстар жасалды. Бұрынғы АКК әкімшілік ғимаратын қайта жөндегеннен кейін күрделі-тұрмыс және ауылшаруашы-лық техникаларға мен жеңіл көліктерге қосалқы бөлшектер дайындау бойынша қазіргі заманғы құралдар орнатылған дүкен жеке кәсіпкер С.Байдуевке пайдалануға берілді. Жеңіл көліктерге ТҚКС алаңын кеңей-ту бойынша құрылыс аяқталды (жеке кәсіпкерлер М.Фоменко және В.Бромот).

Сауда кешенін (шағын кафе, қонақ-жай, ойын орталығы) ашу үшін бұрынғы аудан одағының қоймалары ғимаратын қайта жөндеуі аяқталуда (жеке кәсіпкер А.Ермекбай). Бұрынғы аудан одағының қоймалары ғимаратын қайта жөндегеннен кейін желтоқсан айында жеке кәсіпкер С.Гарагульмен сауда орталығы ашылды.

2009 жылы жеке кәсіпкер Н.Кирюхин С.Мұқанов көшесіндегі екіқабатты ғимараттың жөндеу жұмыстарын бастауды сауда-өндірістік кешенін ашуға, жеке кәсіпкер А.Литвинюк бұрынғы АТК цехы ғимаратында ағаштан жартылай фабрикат бұйымдар дайындау цехын ашуды, сонымен қатар құрылыс материалдарының көтерме сауда дүкенін ашуды жоспарлауда.

Азық-түліқ және өнеркәсіптік тауарларының көтерме саудалы дүкенін ашу жоспарланған бұрынғы лимонад цехы ғимаратының жөндеу жұмыстары аяқталды. Қыркүйек айында село-ның оңтүстік бөлігінен АЗС және дүкен пайдалануға берілді. Сонымен қатар жеке кәсіпкер А.Чикуновпен кәсіпорындар, ұйымдар және тұрғындардың тапсырыстары бойынша оларға қолайлы бағамен ағаш кесу үшін жаңа құралдармен жабдықталған пилорама пайдалануға берілді.

Явленка селосында “Достық” кредитті серіктестігі ЖШС-і 25,7 млн. теңге қорымен өз қызметін жүзеге асыруда. 2008 жылда жалпы құны 124 млн. теңгеге несие берілді. Каспий және Халық банкілерінің филиалдарымен 120 млн. теңгеге несие беріл-ген, “Казпочта” АҚ-ы, “Альянс-банк” банкі, “Хоум Кредит Казахстан” АҚ-ы арқылы 110 млн. тенге несие берілген. Бүгінгі күнде біздің селода 51 дүкен, 7 кафе, 4 көтерме дүкендері жұмыс істейді. Шағын бизнеспен айналысатындар саны 336 адамға жетті.

2008 жылдың өткен кезеңінде округ әкімі аппаратымен және тұрғындармен селоны абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Селоны санитарлы тазалау бойынша жұмыс көлемі орындалды, 3000 шаршы метр көлемінде аудан орталығының қоқыс төгетін жерлерінде тұрмыстық қалдықтарды жинау бойынша жұмыс жүргізілді, 220 тонна көлемінде ұйым-дастырылмаған қоқыстар шығарыл-ды.

Аудан орталығы ұйымдары, кәсіпорындары, тұрғындарының және жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен 2000-нан астам көшеттер отырғызылды, Петропавл қаласынан гулдер, кө-шеттер сатып алынып, селоның орталық алаңында отырғызылды. 1600 шаршы метр алаңымен жол төсемін төсеу және 47 километр қашықтықта аудан орталығы көшелерін кескіндеу бойынша жұмыстар жасалды, 1800 мың тенгеге асфальт шұңқырларын жабу жұмыстары жасалды.

Селоның төрт көшесі бойынша 554 мың тенгеге аншлагтар мен нөмірлерді жаңаға ауыстыру бойынша жұмыстар жасалды. Көліктердің қозғалысын реттеу мақсатында негізгі көшелер бойына 321 мың теңгеге жол белгілері орнатылды. Қоқыс төгетін жерлердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету үшін 304 мың тенге жұмсалды. Аудан орталығы жолдарын қысқы уақытқа дайындау бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы мақсатқа бюджеттен 498 мың тенге бөлінді. Христиандық зираттың қоршауын жөндеу бойынша жұмыстар аяқталды.

Көшелерді жарықтандыру бойынша үлкен жұмыс жасалды. Аудан әкімі В.Бубенконың тапсырмасы бойынша қараша айында Береговая, Қизатов және З.Байтокин көшелері бойына орнатуға қосымша 60 шам, ДРЛ лампалары және фотореле алынды. 2008 жылы Явленка селосы көшелерін жарықтандыру бойынша барлығы 3 млн. 200 мың тенге шығындалды.

2008 жылы селоны абаттандыру және көгалдандыру үшін байқау-конкурс қорытындысы бойынша біздің аудан 1 млн. тенге сыйақы мен бірінші орынға иеленді. Соңғы жылдары аудан орталығында ұзындығы 11,6 км су құбырларын жөндеу бойынша жұмыстар орындалды. Бүгінгі күні су бөлетін 61 құбыр жұмыс істейді. Олар-ды күтіп ұстауға төрт темір ұста және пайдаланған су үшін тұрғындардан ақша жинауға екі дилер жұмысқа алынды. Су құбырлар желісі “Қамқор” МКК-ы балансына берілді. Бүгінгі күні су құбырлар желісіне аудан орталығы-ның 19 мекемелері және 124 пәтері қосылған.

2009 жылға тұрғындарды сумен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша аудан орталығында Жамбыл, Шоқаев, Малышева көшелері бойынша 6,4 км су құбырлар желісінің қайта жөндеу жүргізуі жоспарлануда. Одан басқа 2009 жылы жеке сектордағы тұрғын үйлерге су құбырларын қосу бойынша жұмыстарды жалғастыруды жоспарлаудамыз.

Өмір сапасының негізгі көрсеткіші болып, тұрғындардың ең әлсіз тобының әлеуметтік қорғалуының деңгейі және жалақы көлемі болып табылады. Ағымдағы жылда кедейлікпен және жұмыссыздықпен күресу бағдарламасының орындалуы бойынша жұмыстар жасалды. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту бойынша іс-шараларға сәйкес жоспарланған 456 адамның орнына 478 адам, немесе 105% орналастырылды. 216 адам жаңа тұрақты жұмыс орындарына және 102 адам уақытша жұмыс орындарына ие болды.

Жыл басынан бері ешбір жұмысшы жоқ отбасыларынан 5 адам жұмыспен қамтылды. 2008 жылда 103 адам қоғамдық жұмысқа қатыстырылды, 6378,9 мың тенге көлемінде жалақы төленді, жыл бойында меңгеру 108,3% құрады. 22 адам кәсіптік білім алды және барлығы жұмыспен қамтылды.

Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік атаулы көмек туралы” Заңына сәйкес 2008 жылы МАӘК 59 отбасына 2613 мың тенге көлемінде және мемлекеттік балалар жәрдемақысы 138 отбасына 2563 мың тенге көлемінде тағайындалды.



2008 жылы аз қамтылған отбасыларына “СҚО шағын кәсіпкерлік субъектілерін шағын несиелеу” қоғамдық қорынан 700 мың тенге көлемінде кәсіпкерлік қызмет үшін 3 шағын несие берілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет