2009 жылдың 10 қараша жағдайы бойынша «Бұқар жырау ауданының жастары – 2008-2010 ж ж.»



Дата23.02.2016
өлшемі37.5 Kb.
#10467
2009 жылдың 10 қараша жағдайы бойынша

«Бұқар жырау ауданының жастары – 2008-2010 ж.ж.» аймақтық бағдарламаның жүзеге асуы және кенттер мен селолық округтеріндегі жастар ісі жөніндегі Кеңестердің жұмысы туралы

ақпарат

Бұқар жырау ауданында 60 мыңнан астам адам тұрады, олардың 27%-ы 14-29 жас аралығындағы 16 мың адам жастар құрайды.

2009 жылдың 1 қыркүйегіне жастар жағдайы мониторингіне сәйкес, ауданымызда жұмыспен қамту деңгейі – 56,4%, жұмыссыздық деңгейі – 1,3%.

2008 жылы аудан бойынша 785 адам жұмыспен қамтылды. 2009 жылдың 1 жарты жылдығында «Жол картасы» бағдарламасының аясында 1394 жас жұмыспен қамтылды, 163 адам қайта даярлау курстарын өтті. «Жол картасы» жобасы аясында 399 млн.теңге сомасында 55 нысана жөндеуден өтті, олар мектептер, мәдениет мекемелері және ауылішілік жолдар. Жөндеу жұмыстарына 72% жас тартылған.

«Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс орындары» сияқты индустриялы-инновациялық бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Біздің аудан жастары осы жұмысқа белсене қатысуда. 1 шілдеден бастап осы бағдарлама бойынша 72 колледж және жоғары оқу орындарының түлектері жұмысқа орналасты.

Ауданның әр салаларына жас және кәсіби білімді мамандарды тарту үшін бүкіл шаралар қолдануда. Жас мамандарға бюджет есебінен жәрдемақылар бөлінуде, сонымен қатар медицина қызметкерлеріне жаңа үй беру мүмкіндігі де бар. Бүгінгі күнге дейін - әлеуметтік, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларына 115 жас маман келді, оларға 70 айлық көрсеткіш есебінде көтерме ақы төленеді.

Қазіргі уақытта жүйелі түсіндіру-насихаттау жұмыстары өткізілуде. «Бұқар жырау ауданының жастары» атты аймақтық бағдарламаның жүзеге асуы туралы ақпараттық жариялау аудандық «Сарыарқа» газетінің беттерінде жүргізіледі. Аудандық газетте жастарға арналған бет ашылды.

Өткен жылдан бастап ауданымызда «Жастармен жұмыс жасау Орталығы» мемлекеттік мекемесі қызмет етеді, ол жастар саясатының белсенді өткізушісі болды. Орталық жұмысының негізгі бағытына «Бұқар жырау ауданының жастары – 2008-2010 ж.ж.» аймақтық бағдарламаны орындау болып табылады, ол аудандық бюджеттен 2,3 млн. теңге сомасында қаржыландырылған. 2008 жылы және 2009 жылдың I жартыжылдығында жастар орталығы, «Жас Отан» ЖҚ және басқа мекемелермен жастармен тәжірибелік жұмысты белсендіру бойынша 80-нен астам шара өткізді. Жалпы шараларға қатысқан жастардың саны 9 мыңды құрайды. Өткізілген шаралардың ішінен, келесілерді айтуға болады, аудандық ауыл жастарының Форумы, «Денсаулық фестивалі» жалпыреспубликалық акциясы, «Қазақша – КВН» мектеп ойындары, аудандық «Жас қанат»жас орындаушылар байқауы, аудандық «Тілге құрмет – елге құрмет» фестивалі, кенттер мен селолық округтерінде жастар Күнін тойлау. Биылғы жылы біздің аудан облыстық ауыл жастырының VI Форум делегаттарын қарсы алды. Сол сияқты өз жұмыстарын «Жастар – жастарға» облыстық ақпаратты-мәдени керуені Петровка, Тұзды селолық округтерінде және Ғ.Мұстафин кентінде жұзеге асырды.

«Бұқар жырау ауданының жастары» аймақтық бағдарламаның әрі қарай жүзеге асуына жастар саясатын дамытуға бағытталған негізгі бағыттары бар.

Жастардың ауылдық жерде кәсіпкерлік қызметі. Бұл бағытта жастар арасында жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бойынша әр түрлі семинар-жиналыстар өткізіледі. 2008 жылы облыс әкімінің грантын ауданымыздың екі жас азаматтары алды. Кисенхан Рысгүл Петровка селолық округтерінде шаштараз ашса, Савви Владимир Ғ.Мұстафин кентінің жас жеке кәсіпкері өзінің автомашина жөндеу шеберханасын дамытты.

Жастарды патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыстар жасалуда. Жыл сайын «Қалқан», «Ұлан» әскери – спорттық ойындарын өткізуімен бұқаралық-қорғаныс және әскери-патриоттық айлығы өтеді. Жылына бір рет жастар Форумы өтеді, онда делегаттар өзінің ойларымен бөліседі. Жастардың бастамашылдығымен ауданымызды Ұлы Отан соғысына қатысқандардың обелискілері мен ескерткіштерін жөндеу бойынша «Ардагерлер ерлігі – ұрпақтар өмірі» атты акциясы өтті. Жастар арасында ұлттық мәдениетті және қазақ тілін дамыту бойынша белсенді жұмыс өткізілуде. Жыл сайынғы өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді білу бойынша аудандық «Мемлекеттік тіл –менің тілім» атты байқау оған дәлел. Сол сияқты жұмыстың бір бағыты болып КТК ойындарын түсіндіріп тарату болып табылады. Бірінші мектеп чемпионатының жеңімпаздары Қарақұдық селолық округі, Аменкелді орма мектебінің «Еркетай» командасы болды.

Жастардың толықмәнді дамуының басты аспектісі болып салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері болып отыр. Бұл үшін ауданымызда барша мүмкіндіктер жасалуда. Спорт алаңдары салынып жатыр. Мини-футболдан, волейбол, баскетболдарға арналған алаңдар Ботақара, Ғ.Мұстафин, Қушоқы кенттерінде ашылды. Осындай алаңдар Доскей, Петровка және Көкпекті селолық округтерінде ашылу жоспарлануда.

Әр түрлі спорттық жарыстар мен сайыстар өткізілді. Ауданымызда кең таралған ойындарының бірі ол жастар арасында аудан әкімінің кубогына мини-футболдан жарысы. Жастар арасында тұрақты түрде нашақорлық, ішімдік, темекіні алдын-алу мәселелері бойынша шаралар өткізіледі. Биылғы жылы Ботақара кентінде облыстық «Жарық Әлем» және «Здоровая Азия» қоғамдық қорларымен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша оқыту семинар-тренингтер өтті.

2008 жылдың мамыр айынан бастап 18 кентте және селолық округтерінде, 2009 жылдың 23 селолық округінде жастармен жұмыс жасау бойынша қоғамдық қызметкерлер жұмыс істейді. Осы округтерде айтарлықтай жастармен жұмыс белсендірілді, бірақ келешекте жұмысты белсендіру үшін селолық әкімдіктер жанында тұрақты штаттық бірліктер бөлу қажет.

Кенттер мен селолық округтеріндегі жастар ісі жөніндегі Кеңестердің жұмысын күшейту керек.

Жастар ісі жөніндегі Кеңестердің жұмысының басты бағыттары болып табылады:



  • Жастардың жұмыс нарығына сараптама және болжау;

  • Жастардың жұмысқа орналасу мәселелеріне қолдау көрсету;

  • Мектептер мен мектептен тыс ортада үйірмелер, секциялар, ұйымдар торабын кеңейту;

  • Жас көшбасшыларын айқындау мен талантты жастарды қолдау бойынша шаралар ұйымдастыру.

Ауданның кенттер мен селолық округтерінде «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтарының жұмыстарын күшейту. Кенттер мен селолық округтерде жазғы демалыс уақытында студенттер мен жоғары сынып оқушыларына ауылшаруашылық және құрылыс отрядтарын құру қажет.

Жастармен жұмыс жасау

Орталығының директоры Т.Дүйсебаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет