Әлеуметтік педагогиканың туындауы мен дамуы Оқу нәтижелері



бет1/3
Дата03.01.2024
өлшемі24.5 Kb.
#488436
  1   2   3
2 Дәріс тақырыбы


2 Дәріс тақырыбы: Әлеуметтік педагогиканың туындауы мен дамуы


Оқу нәтижелері.
- әлеуметтік педагогика ғылымының тарихы мәнін ашады;
- мейірімділік және қайырымдылық дәстүрін сипаттайды;
- дәріс тақырыбы бойынша талдайды, жинақтайды, салыстырады және қорытынды жасайды.

Дәріс жоспары:


1. ХІХ ғасырда әлеуметтік педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуы.
2. ХХ ғасырда әлеуметтік педагогиканың дамуы.
3. Мейірім және қайырымдылық дәстүрінің дамуы.

Дәріс тезистері:


Әлеуметтік педагогика - әр түрлі келеңсіз, тосын жағдайларға душар болған адам, немесе адамдар тобы мен бүкіл бір қауымды осындай қиыншылықтан шығару және олардың жүйке жүйесін қалыбына келтіруге арналған тәрбиелік жұмыстардың теориялық және практикалық қосындысынан туындаған ілім.
Кеңес дәуірінде «әлеуметтік педагогика» ұғымы қолданылмайтын, бірақ, әр түрлі әлеуметтік мәселелер көп болатын және олар әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері тарапынан шешіліп отыратын. Алайда ресейлік ғалымдар 1917 жылға дейін-ақ Бұл мәселені танып-біле бастаған еді.
П.Ф.Лесгафттың (1837-1909 жж.) «Семейное воспитание ребенка и его значение» деген кітабы XIX ғ. 80-жылдарында жазылып, осы уақытқа дейін педагогика ғылымы үшін ез мөнін жойган жоқ. Орыстың философы және психологы В.П.Вахтеров (1853-1924 жж.) қоғамның балаға тигізетін әсерін белгілеп, «балалар үжымы еркін дамуға кедергі бола алмайды», - деген ойды айтқан. Ал педагог П.Ф.Каптеров (1849-1922 жж.) «мектеп - баланың қарым-қатынас және байланыс түзу ортасы» екенін белгілеген.
1911 жылы неміс ғалымы Пауль Напорттың «Социальная педагогика» деген кітабы орыс тілінде басылып шыққан. Оның басты пікірі - «Адам қоғамда ғана «адам» болып қалыптасады». Ескерілмей қалған орыс педагогі С.И.Гесен (1887-1950 жж.) «Основы педагогики» (Берлин, 1923) деген еңбегінде «баланы әлеуметтендірудің ең негізгі орны - мектеп» деген пікір айтқан.
XIX ғ. ортасында «әлеуметтік педагогика» деген ұғымды неміс педагогі А.Дистервег ұсынғанымен, ол XX ғасырдың басында ғана қолданысқа ене бастады. Өйткені, Еуропаға экономикасы артта қалған, не нашар дамыған өлкелерден эмигранттар көп барып, оларда бейімделу үрдісі үстем болғандыктан, андрогогика (ерссек адамдарды тәрбиелеу педагогикасы) туындады. Одан барып герогогика (қарттар педагогикасы) бөлініп шықты. Ал, XX ғ. жасөспірім балалар мәселелері көп болғаңдықтан, оларды тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу, түзету, қатарға қосу, қалыбына келтіру мақсатында түзету (пенитенциар) педагогикасы пайда болды.
XIXғ. ортасында орыс педагогі К.Д.Ушинский (1824-1870 жж.) «Человек как предмет воспитания» деген антропологиялық еңбегінде баланы тәрбиелеуде қоғамның, оқытудыңжәне халық педагогикасының мәнін баса көрсеткен.
Әлеуметтікпедагогика XIXғ. аяғында дүниеге келіп, XXғ. 20 жылдары мектепті өмірмен ұштастырыла бастаған. Бірақкең қодданысқа енгізілмеген еді. Бұл практика кейбір алдыңғы қатарлы педагогтардың ғана жұмыс тәжірибесінде қолданыс тапты.
Ресейде әлеуметтік педагогаканы қуаттап негіздеушілердің біріфилософ, психолог және тарихшы В.В.Зенковский қоршаған ортаның, қоғамның, отбасының, мектептің, ұлттық салт-дәстүрдің, діни наным-сенімдердің баланы әлеуметтендіруге тигізетін әсерін негізгі фактор ретінде қарастырған (Осовский Е.Ғ. Педагогика российского зарубежья//Хрестоматия. - М., 1996. с. 18-19)
Белгілі кеңестік педагог және психолог П.П.Блонский (1884-1941 жж.) «Бірінші тәжірибе стансасын» үйымдастырып, балаларғаәлеуметтік-экономикалықжәне географиялық ортаның ықпалын зерттеу мен әлеуметтендіруге көмектесу міндетін шешуге ұмтылыс жасаған. Ал, А.С.Макаренко (1888-1939 жж.) қамқоршысыз және қылмыскер жасөспірімдерді қайта тәрбиелеуге арналған М.Горький атындағы еңбек колониясын және ФДзержинский атыңдағы коммуна ұйымдастырып, онда көптеген балаларды тәрбиелеп, қатарға қосып, игілікті өмір жолына салған.
Осындай тәжірибелердің болуына қарамастан Әлеуметтік тәрбие жүйесі жақсы дамыған жоқ, ал 1936 жылы қабылданған («О педагогических извращениях в системе Наркомпроса» - мүнда педагогикалық теорияны «жалпы ғылым» дегенді сынаған болатын) белгілі шешімнен кейін бұл жұмыс мүлде керексіз болып қалды. Кеңес Одағының тұсында, XXғ. 30-жылдары көптеген ғалымдар әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы зерттеулерін тоқтатып, әлеуметтік проблемалы тақырыптар жабық сипатқа көшті.
Мындаған адамдарды күйзеліске душар қылған екінші дүние жүзілік соғысы (1941-1945 жж.), әлеуметтік мәселелерге қайтадан назар аударуға мәжбүрледі. Соғыс салдарынан көптеген балалар жетім қалып, тұрған мекендерінен басқа жақтарға көшірілген.Оларға соғыстан зардап шеккендер ретінде көмектесу үшін көптеген балалар үйін ұйымдастырыпжәне мектеп-интернаттар ашуға тура келді. Қамқорсыз қалған әскерлер мен офицерлердің балаларына жәрдем беру мақсатында қайырымдылық қоры және әлеуметтік есепшоты ашылып, халықтан ақшалай көмектер жинақталды.
60-70 жж. педагогика ғылымында қайтадан әлеуметтік ортаның адамға тигізетін ықпалын зерттеу қолға алынабастады, өйткені, әлеуметтік езгерістер салдарынан көптеген тәлім-тәрбиелік мәселелер туындады.
80-85 жж. экономикада сыр бере бастаған дағдарыс қоғамдық тұрмыстың барлық жағына түгелдей қанат жайды. Шаруашылықты басқару әдістері заман талабына сай келмей ескіргендіктен, өндірістік күштер мен экономика арасындағы қарым-қатынас қайшылыктары күшейіп, кірісді дұрыс бөлістірмеу, еңбек технологиясының жарақсыздығы мен бүзылуы, тәртіптің нашарлауы, шығарған заттардың саны көп, сапасының төмендігі жалпы халықтың тұрмысына теріс әсерін тигізді. Мұндай кәріністер адамдардың жүріс-тұрысы, ақылаклык, және тұлғалық сапалары мен көзқарасына теріс ықпал етті. Бұл жылдары ересектер алкогольді ішімдікке беріліп, балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыстық істерге бару, нашақорлыққа салыну да белең ала бастады.
Кеңес Одағы күйреген соң, жаңа ғана құрылған елдердін. экономикасы әлсіз болып, халықтың түрмысы нашарлаған сайын әр түрлі әлеуметтік мәселелер де көбейді: әр түрлі сипатта күйзеліске ұшыраған балалар, ауру адамдар, түрмыс ахуалы темен қарттар, т.б. келеңсіздікке душар болған адамдар саны артты. Бұларға мемлекет тарапынан мәміле әр қалай: қоғамның аксиологиялық (құндылық) көзқарасына, идеологиялық негізіне, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық (нравстванный) т.б. құндылықтарына байланысты болатыны белгілі.
Қоғам қаншалықты дамыған болса да, жекетұлғаның ешкіммен қатыспай, қарым-қатынас жасамай, оз алдына өмір сүре алмайтыны белгілі. Қоғам жаңа сипатқа көшіп, әр ел өз алдына мемлекет болып құрылған соң сыртқы әлеммен қарым-қатынас күшейді. Соның салдарынан басқа елдерден жақсы технологиялық, ақпараттық құралдар, мәдени-түрмыстық заттармен қатар, рухани мәдениет материалдары да тарала бастады. Бұл адамдардың, әсіресе мінез-құлкы қалыптасып болмаған балалар мен жасөспірімдер, жастарға теріс ықпал ететіні белгілі. Оларда педагогиканың «жақсы үлгі-өнеге көрсету арқылы ықпал ету» деген асыл ережесіне қайшы келетін заттар коптеп тарала бастады.
Өтксн тарихи дәуірге көз салсақ, Қазақстан Ресейге қосылар алдында, XVIIIғ. 30-70 жылдарында патриархалды-феодалдық қоғам үстемдік еткен кез болатын. Орта ғасырдан бері келе жатқан ішкі рулық қақтығыстар халықты хандықтарға бір бөлсе, одан кейінгі кезде жекелеген бай- шонжарлар бөліп-жарып билік құрған еді. Мұндай күрделі әлеуметтік жағдайда өмір сүрген елге рахымшылық, қайырымдылық жасау, кедей-кепшіктерге көмектесумаксатында байлар мен би, болыстар төңірегіне өзінің туысқан, жекжат-агайындарын, бұқара халықты топтастырған. Олар мал бағып, үй шаруасы, егін егу, отын-су тасу т.б. жұмыстарын істеген сөйтіп жан бағып, күн көрген.
1936 жылы Қазақ ССР-і қүрылып, ол КСРО-ның кұрамына тең кұқықты одақтас республика ретінде кіргеннен бастап, Ресейде болган барлық өзгерістер бізге де ықпал етіп отырды. Қазан теңкерісінен кейін жеке меншіктің жойылуы, қайырымдылық - буржуазиядан қалған ескіліктің қалдығы ретінде қарастырылып, шет елдердің ғалымдарымен қарым-катынасқа «темір тордың» тосқауыл болуы, әлеуметтік кедейшілікті жоққа шығарған заманға алып келді. Соған карамастан өлкеде әлеуметтік жәрдемге мұқтаж адамдарға қайырымдылық көрсетіліп, арнайы есеп және қор ашылып, балалар үйі, интернаттар, қарттар үйі жұмыс істеген. 90-жылдары Отанымызда зор өзгерістер болып, олэкономикалық дағдарыс, мәдени, ғылыми және білім беру үрдісінің кұлдырауына алып келді. Соның салдарынан халықтың тұрмысы нашарлап, қылмыс көбейіп, қараусыз қалған балалар мен қарттардың, саны өсіп, әр түрлі әлеуметтік түйткілді мәселелер (маскүнемдік, нашақорлық, кедейшілік, психикасы және денсаулығы нашар туған балалардың саны көбейе бастады. Осы жылдары қылмыс жасаған, үйінен безіп кеткен балалардың саны бұрынғыдан да артты. Жасөспірімдер арасында бейресми үйымдар (хиппи, металсит, рокерлер, ж.б.) пайдаболды.
Қазіргі кезде жасөспірімдер арасындағы қылмыс көбеюде. Мысалга, 2005 жылы Шьшкент облысында жасөспірімдер арасында 4 рет отты қару қолдану, 8 кісі өлтіру, 46 кісі тонау, 28 қарақшылық тіркелген. Осыған байланысты мектептерге полиция қызметкерлері бекітіліп, бақылау койылатын болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет