Еуразия ұлттық университеті
Баспасөз қызметі
Тел.: +7 (7172) 709-548, 709-500 (вн.31-116,)
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Биыл 18 мамырда еліміз бойынша тұңғыш рет «Түркі жазуы күні» аталып өтеді. Айтулы күнге орай 19 мамырда Бейбітшілік және келісім сарайында «Түркі жазуы» атты халықаралық форум өтеді.
Форумға қатысушылар кітап көрмесін аралап, содан кейін пленарлық отырысқа қатысады. Форумның жалғасы сағат 15.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өз жалғасын табады. Ал келесі күні (20 мамыр) Ресей Ғылым Академиясы Уфа ғылыми орталығымен меморандумға қол қою рәсімі ұйымдастырылып, Түркі академиясы тарапынан жарық көрген кітаптардың тұсаукесері және түрлі мәдени іс-шаралар алдын ала бекітілген кестеге сейкес, Тұңғыш Президент мұражайы секілді Астананың көрікті жерлерінде өткізілмек.
Шараның мақсаты – руна жазуларына байланысты көптен бері көкейде жүрген мәселелерді көп болып ортаға салу.
Естеріңізде болса, 2013 желтоқсан айында ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі Комитетінің көшпелі отырысы ЕҰУ қабырғасында өткен болатын. Сол басқосуда Комитет төрайымы Дариға Назарбаева белгілі түркітанушы ғалым Мырзатай Жолдасбековпен 2014 жылдың 18 мамырын «Түркі жазуының күні» деп атау керектігін көтерген еді. Орнықты пікір ескеріліп, ұтымды ұсыныс қолдау тапты. Өйткені бұл күн – 18 мамыр Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін ескерткішінің көшірмесі қойылған тарихи күн.
Түркі жазуларына байланысты ғалымдарымыз аз еңбек етіп жатқан жоқ.Зерттеу жұмыстары жылдан жылға тыңғылықты жүргізіліп келеді. Алайда тарихшы ғалымдар алдағы кезде атқарылатын шаруалардың одан да көп екенін еске салып отыр. Сондықтан Еуразия ұлттық университетінде өтетін басқосудың маңызы зор болмақ.
Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Түркі Жазуы» атты халықаралық форумға Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева – Қазақстан Республикасы Мәжіліс төрағасының орынбасары; Гүлшара Наушақызы Әбдіхалықова – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; Бағлан Асаубайұлы Майлыбаев – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары; Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов – ҚР Білім және ғылым министрі; Арыстанбек Мұхамедиұлы – ҚР Мәдениет министрі; Халил Акынжы – Түркі Кеңесі Бас хатшысы; Дүйсен Қорабайұлы Қасейінов – ТҮРКСОЙ Бас хатшысы; Олжас Омарұлы Сүлейменов – мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ақын; Мырзатай Жолдасбекұлы Жолдасбеков – Белгілі түркітанушы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қорқыт ата ғылыми зерттеу орталығының директоры;Мирфатих Закиевич Закиев – академик, Татарстан Республикасы Ғылым академиясы Тіл-Әдебиет және Тарих Институты Тілбілімі бөлімінің меңгерушісі; Гасан Гасанов – Төтенше және өкілетті елші, Әзірбайжан Республикасының экс-премьер-министрі, доктор, профессор; Ерлан Бәтташұлы Сыдықов – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры; Абдылдажан Амантурович Акматалиев – академик, Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы президенті; Хаяти Девели – Түркия Республикасы Халықаралық Юнус Эмре мәдени ұйымының төрағасы; Алишер Алахитдинович Салахитдинов – Өзбекстан Републикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі; Махтымкули Киясович Акмырадов – Түркменстан Републикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі; Алдан Зейноллаұлы Смаил – Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты қатысады деп күтілуде.
Ұйымдастырушы:
Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті.
Өткізу орны: Мирзоян 2.
Бас әкімшілік ғимарат, 259 аудитория,
Өткізу күні: 2014 жыл, 19 мамыр. Басталуы: сағат 15:00.
Аккредитациядан өту үшін, ЕҰУ баспасөз- қызметіне хабарласыңыздар
+7 (7172) 709 -548
+7(7172) 70-95-00 (31-116,31-118 внутр)
+ 7 702 363 60 05, lyaka-tompi@mail.ru – Ләйлә Рахманова
Достарыңызбен бөлісу: |