Саран қаласы әкімінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 1 шешімі
Саран қаласының әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қаңтарда № 8-7-78 тіркелді
Саран қаласы әкімінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 2 шешімімен жойылды
2009 жылы 1992 жылы туған
азаматтардың Саран қаласының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
әскерге шақыру учаскесінің
есебіне алынуын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабын орындау үшін, 1992 жылы туған азаматтардың Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесінің есебіне алынуын ұйымдастырылған және сапалы түрде өткізу, оларды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесі мен денсаулық жағдайын, жалпы білім деңгейі мен мамандығын, дене-күш дайындығы деңгейін анықтау, алдын ала әскерге шақырылатындарды тағайындау және әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындау, әскери оқу орындарына түсу үшін үміткерлерді іріктеу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағы, 13 тармақшасын, 37 бабын басшылыққа алып, қала әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
-
2009 жылы 1 тоқсанда он жеті жасқа толатын 1992 жылы туған азаматтардың Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге шақыру учаскесінің есебіне алынуы өткізілсін.
2. Ақтас кентінің әкімі, қаланың оқу мекемелерінің, бағыныстығына және қала ұйымдарының меншіктік нысана түріне қарамастан басшылары:
1) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығымен белгілеген мерзімде әскерге шақыру учаскесіне есепке алынуға тиісті әскер жасына дейінгі азаматтардың тізімін тапсырсын;
2) іссапарға, демалысқа кеткен, есепке алынуға тиісті азаматтардың барлығын қайта шақыртсын және оларға хабар беруді ұйымдастырсын, олардың Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне уақытында келуін қамтамасыз етсін;
3) әскер жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді атқаруға қажетті уақытта жұмыс орны, лауазымы сақтала отырып, азаматтар жұмыстан (оқудан) босатылады.
3. Саран қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Р.Б. Малшыбекова) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырған құжаттары бойынша 2009 жылға арналған қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес есепке алу кампаниясының уақтылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
4. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (К.О.Тұңғышбаева) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының тапсырысы бойынша есепке алуды өткізу кезеңіне техникалық жұмыстарды атқару үшін жұмыссыз азаматтар санынан 5 қоғамдық жұмыскер бөлсін;
5. Осы шешім қаланың әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және қалалық газетінде алғашқы ресми түрде жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.Н.Кимге жүктелсін.
Саран қаласының әкімі Е. Жиенбеков
Достарыңызбен бөлісу: |