2012 жылғы 25 қыркүйектегі №132
Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
2010 жылғы 9 желтоқсандағы Өнеркәсіптік субсидиялар ұсынудың бірыңғай ережелері туралы келісімге сәйкестігін анықтау үшін Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше-мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына салыстырмалы-құқықтық талдау және мониторинг жүргізу тәртібі туралы
ереже
І. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Өнеркәсіптік субсидиялар ұсынудың бірыңғай ережелері туралы келісімнің 12 бабы 1 тармағымен белгіленген (бұдан әрі - Келісім), Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) уәкілеттіктерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында жасап шығарылған және Келісімге сәйкестігін анықтау үшін Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше-мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына салыстырмалы-құқықтық талдау және мониторинг жүргізу, сонымен қатар Тараптардың Келісім ережелерінің қадағалануы туралы жыл сайынғы есеп берулерді әзірлеу тәртібін орнатады.
2. Мониторинг, Тараптардың аумағында өнеркәсіптік тауарларға қатысты жәрдемақы ұсыну қарастырылған (бұдан әрі - субсидиялар), Тараптардың ұлттық заңнамаларына қатысты тұрақты негізде жүзеге асырылады.
3. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар Келісімде анықталған мағынада қолданылады.
ІІ. Мониторинг жүргізу қағидаттары
4. Комиссия жүргізетін мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдау келесі негізге алынатын қағидаттарға негізделеді:
тәуелсіздік қағидаты: мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдау нәтижелері Тараптардың мемлекеттік билік органдарына тәуелсіз, сарапшылардың бағалауы арқылы қалыптасады;
шыншылдық қағидаты: мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдау нәтижелері зерттелетін саладағы істердің шынайы жағдайын көрсетеді және зерттеу жүргізген тұлғалардың субъективті пікірі мен еркіне тәуелсіз;
заңдылық қағидаты: мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдау Келісімнің ережелеріне негізделеді.
ІІІ. Мониторингтің мәні
5. Мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдауға Тараптардың нормативтік-құқықтық акттары жатқызылады, оларға сәйкес Тараптар Келісім күшіне енгеннен кейін субсидиялар береді.
6. Мониторингке Келісімнің ережелеріне сәйкестігін анықтау үшін Тараптардың нормативтік-құқықтық акттарын жинақтау, жалпылау, талдау және бағалау кіреді, соның ішінде:
а) Тараптардың заң актілері;
б) Тараптардың президенттерінің жарлықтары;
в) Тараптардың үкіметтерінің қаулылары;
г) жәрдемақы ұсыну саласындағы Тараптардың мемлекеттік билік органдарының нормативтік-құқықтық акттары.
7. Қажетті деректерді жинақтаған кезде келесі ақпараттар қолданылады:
а) Келісімнің жүзеге асырылуы үшін жауапты, Тараптардың уәкілетті органдарынан және Тараптардың құзыретті органдарынан Комиссияға келіп түскен ақпарат;
б) нормативтік-құқықтық акттар ресми жарияланатын ұлттық дереккөздерде орналастырылған ақпарат;
в) Тараптардың заңды және жеке тұлғаларынан арыз, наразылық, өтініш және өзге мәліметтер келіп түскен ақпарат;
в) Комиссияға өзге дереккөздерден келіп түскен ақпарат;
Мониторинг жүргізген кезде жоғарыда көрсетілген ақпараттан басқа, статистикалық деректер негізінде алынатын және Тараптардың мемлекеттік билігінің салалық статистикалық органдарымен толықтырылатын статистикалық ақпарат қолданылуы мүмкін.
8. Мониторинг жүргізген кезде Комиссия:
а) 2011 жылдың 18 қарашасындағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартта қарастырылған тәртіпте Тараптардың өнеркәсіптік тауарларға қатысты субсидиялар ұсыну механизмі мен шарттары туралы түсінік беретін ақпаратты және құжаттар сұратуға;
б) Тараптарға Келісім ережелеріне сәйкестігін анықтау үшін Тараптардың заңнамаларын үйлестіру және біріздендіру мәселелері бойынша Тараптарға консультация ұйымдастыруда көмек көрсетуге құқылы.
IV. Тараптардың уәкілеттік органдарының ақпарат ұсынуы
9. Тараптардың заңнамаларының Келісімге сәйкестігін анықтау үшін мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу, сонымен қатар Тараптардың Келісім ережелерін қадағалауы туралы жыл сайынғы есепті әзірлеу мақсатында, Тараптар Комиссияның сұратуы негізінде 2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартта және 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1 Жоғары Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентімен белгіленген тәртіпте және мерзімде Комиссияға мына мәліметтердің жолдануын қамтамасыз етеді:
субсидиялар ұсыну саласындағы Тараптардың қолданыстағы нормативтік-құқықтық акттары туралы мәліметтері;
Тараптың субсидиялар ұсыну мақсаттары және оларға жету нәтижелері туралы ақпараттар;
Келісімге №5 қосымшаға сәйкес рәсімделген, ұсынылған субсидиялар туралы мәлімдемелер (қағаз және электрондық түрде);
Келісім ережелерінің орындалуы туралы тоқсан сайынғы есептер;
өзге мәліметтер.
Комиссия Тараптарға қажетті ақпаратты келесі мерзімде ұсыну туралы сұратулар жолдайды:
а) кезекті жылы ұсынылуы жоспарланатын барлық субсидиялар туралы – жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кеш емес;
б) барлық ұсынылған субсидиялар туралы – тоқсанына кемінде бір рет;
в) есептік жыл ішінде Тараптардың мемлекеттері аумағында ұсынылған барлық субсидиялар туралы – есептік жылдан кейінгі жылдың 1 маусымына дейін.
V. Тараптар ұсынатын субсидиялар туралы ақпараттың Комиссиямен талдануы және бағалануы
10. Салыстырмалы-құқықтық талдаудың мәні субсидиялар ұсыну саласындағы Тараптардың нормативтік құқықтық акттарын салыстыру және олардың Келісім ережелеріне сәйкестігін зерттеу.
11. Салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу кезінде мыналар зерттеледі:
1) жәрдемақы ұсыну негізі;
2) жәрдемақыны алушы (өндіруші, экспортшы, өзге тұлғалар) туралы ақпарат;
3) жәрдемақы ұсыну механизмі мен шарттары туралы ақпарат;
4) жәрдемақы көлемі туралы ақпарат;
5) жәрдемақы үлгісі туралы ақпарат;
6) жәрдемақыны ашқан (жапқан) күнін қоса алғанда, жәрдемақының әрекет ету ұзақтығы және (немесе) өзге уақыт шектеуі туралы ақпарат;
7) сыртқы және өзара сауданың статистикалық деректерін, өндіріс, тұтыну, субсидияланатын тауарлар немесе секторлардың импорты және экспорты бойынша деректерді талдау арқылы алынған, саудаға әсер ететін деректер:
статистикалық деректер болған, соңғы үш жыл ішіндегі деректер;
өткен жылғы – субсидияларды енгізуден бұрынғы немесе жәрдемақының соңғы маңызды өзгертілгенінен бұрынғы, соңғы жыл;
8) субсидияларды ұсыну мақсаттарының жетістігін бағалау туралы деректер және ұсынылған субсидиялардың кәсіпорынның (саланың) жағдайына келетін әсерін бағалау.
VI. Мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу нәтижелері бойынша Комиссияның есеп беруі
12. Мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша Комиссия:
а) қажет болған жағдайда Тарапқа, Келісім ережелеріне сәйкестендіру мақсатында ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыным дайындайды;
б) Тараптарға Келісім ережелеріне сәйкестігін анықтау үшін Тараптардың ұлттық заңнамаларын үйлестіру және біріздендіру мәселелері бойынша Тараптарға консультация ұйымдастыруда көмек көрсету;
в) Тараптармен Келісім ережелерінің қадағалануы туралы жыл сайынғы есептер дайындайды және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында (үкімет басшыларының деңгейінде) жылдың қорытындылары бойынша ақпаратты баяндайды.
______________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |