2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп


Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясының іс-шараларын 2010 жылы іске асыру туралы ақпарат



бет2/2
Дата23.02.2016
өлшемі458.64 Kb.
#11455
1   2

Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясының іс-шараларын 2010 жылы іске асыру туралы ақпарат

Жол картасы іске асырылды, оған 2009-2010 жылдары республикалық бюджеттен 236,3 млрд. теңге, 2010 жылы - 101,6 млрд.теңге бөлінген, бұл нысаналы трансферттер ретінде өңірлерге жіберілді және халықты жұмыспен қамтамасыз етуге (90,8 млрд.теңге), кадрларды даярлау және қайта даярлауға, әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейтуге және жастар саясатын ұйымдастыруға (10,8 млрд.теңге) пайдаланылды. Стратегияны іске асыруда сондай-ақ 46,6 млрд.теңге көлемінде жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен бірлесе қаржыландыру көзделген.

«Жол картасының» арқасында 2009-2010 жылдары тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жүйесінің 1535 объектісі, 2 634 білім беру объектісі, 764 денсаулық сақтау объектісі, 119 спорт объектілері, 361 мәдениет объектісі, 79 әлеуметтік объектілер жөнделді.

5 мың километрге жуық жергілікті жолдарға күрделі, орташа жөндеу жүргізілді және реконструкцияланды, 2976 мың шаршы метр алаңға ағымдағы жөндеу жүргізілді.

«Жол картасы» жастар практикасына түлектерді қамтуды 2008 жылмен салыстырғанда 20 есеге ұлғайтты.

Жастар жұмыссыздығының деңгейін Статистика агенттігі алғаш рет елдегі жалпы жұмыссыздық деңгейінен төмен тіркеген және қазіргі күні


4,7%-ды құрайды.


Бюджет аралық қарым қатнас

Жалпы сипаттағы трансферттер туралы деректер

мың тенге



Атауы

2008

2009

2010

Республикалық бюджетке алынатын бюджеттік алулар

81 752 134,0

89 922 302,0

77 663 111,0

оның iшiнде бюджеттерден:

 

 

 

Атырау облысы

15 467 703,0

20 192 716,0

18 739 180,0

Маңғыстау облысы

4 249 313,0

5 342 114,0

2 431 287,0

Алматы қаласы

52 400 834,0

55 811 279,0

54 999 926,0

Астана қаласы

9 634 284,0

8 576 193,0

1 492 718,0

Республикалық бюджеттен берілген субвенциялар

449 066 155,0

526 926 835,0

645 354 441,0

оның iшiнде бюджеттерге:

 

 

 

Ақмола облысы

31 498 056,0

35 399 399,0

42 771 759,0

Ақтөбе облысы

15 722 690,0

17 544 081,0

23 691 835,0

Алматы облысы

48 921 656,0

60 034 569,0

73 799 997,0

Шығыс Қазақстан облысы

46 936 313,0

54 083 302,0

64 659 125,0

Жамбыл облысы

44 196 691,0

52 049 283,0

62 677 573,0

Батыс Қазақстан облысы

20 212 610,0

21 712 022,0

26 545 434,0

Қарағанды облысы

35 715 079,0

40 621 386,0

50 337 692,0

Қызылорда облысы

36 160 661,0

42 159 181,0

51 506 999,0

Қостанай облысы

33 661 004,0

37 721 866,0

45 264 059,0

Павлодар облысы

14 677 917,0

16 370 560,0

21 736 991,0

Солтүстiк Қазақстан облысы

31 031 953,0

34 097 487,0

40 432 203,0

Оңтүстiк Қазақстан облысы

90 331 525,0

115 133 699,0

141 930 774,0

Жыл сайын өңірлерге республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер түрінде көптеген қаражат бөлінеді.

Мәселен, егер 2009 жылы республикалық бюджеттен өңірлерге 728,5 млрд.теңге бөлінген болса, 2010 жылы - 804,2 млрд.теңге бөлінген.





Республикалық бюджет бойынша тапшылық және оны қаржыландыруы

Республикалық бюджет бойынша тапшылық 554,8 млрд. теңге сомасында немесе жалпы ішкі өнімнің 2,6%-ы деңгейінде қалыптасты, бұл жоспардағыдан 248,8 млрд.теңгеге кем.



Бюджет тапшылығын қаржыландыруға 882,2 млрд.теңге көлемінде сыртқы және ішкі мемлекеттік қарыздар тартылды. Ішкі нарықта орналастырылған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша және сыртқы қарыз шарттары бойынша борышты өтеу 290,1 млрд.теңгені құрады. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджет қаражатының пайдаланылмаған қалдығы 93,4 млрд. теңгені құрады.

Үкіметтік қарыз алу бюджеттік бағдарламаларды уақтылы қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылды. Ішкі қарыз алуды мемлекеттік бағалы қағаздар шығару жолымен жүзеге асыра отырып, Қаржы министрлігі, халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, бюджет тапшылығын қаржыландырумен бір қатарда борыштық құралдар нарығын қолдау міндеттерін де шешіп отырды. Сырттан қарыз алу саласында инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы институттарының қарыздарын тарту жүзеге асырылды. Бұдан басқа, есепті жылда Үкіметтің Дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асыруға Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің қаражаты тартылды.

Есепті жылдың қорытындылары бойынша үкіметтік борыш деңгейі мен оған қызмет көрсету және өтеу бойынша ағындар жол берілетін және қауіпсіз шекте болып табылады. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Үкіметтік борыш 2 222,0 млрд. теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 11,5 %-ын құрады. Инфляция мен пайыз ставкаларының ағымдағы деңгейлері кезінде 2010 жылы 10,6% деңгейінде қалыптасқан борыштық жүктеме лимиті (борышқа қызмет көрсету және өтеуге шығыстар республикалық бюджет кірістерінің 15%-нан аспауға тиіс) сақталады. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау Қазақстанға орта мерзімді кезеңде өзінің борыштық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ете алмайтындай жағдайлар жоқ деп болжамдауға мүмкіндік береді.





Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылаудың 2010 жылғы негізгі қорытындылары

2010 жылы бақылау тиімділігін арттыру және объектілерге түсетін жүктемені азайту мақсатында қаржылық бақылау тексерулерін жоспарлау тәсілдері өзгертілді. Атап айтқанда, бақылау объектілерін іріктеу кезінде Тәуекелдерді басқару жүйесі әзірленді және енгізілді. Мұндай дәлме-дәл тәсілдің есебінен республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді тексерулердің жалпы саны азайған кезде айқындалған бюджет заңнамасын бұзушылықтар сомасы 6 есеге ұлғайған және 94,6 млрд.теңгені (2009ж. – 15,8 млрд.теңге) құрады.



Сондай-ақ 2010 жылы бұзушылықтар бюджетке қалпына келтірілген және орны толтырылған сомасын айтарлықтай ұлғайтуға қол жеткіздік. Осылайша, 2010 жылы бюджетке 2,9 млрд.теңге қалпына келтірілген және орны толтырылған, бұл алдыңғы жылдың осындай көрсеткішіне (2009 жылы – 2,0 млрд.теңге) қарағанда 1,4 есе көп.

2010 жылы өткізілген мемлекеттік сатып алу мониторингі бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша да осылай заңнаманы бұза отырып өткізілген мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің саны 25 %-ға азайған (2009ж. - 2 086, 2010ж. - 1 564).

Бақылау объектілерінің бақылау қорытындылары бойынша жіберілген нұсқамалар мен ұсынымдарды орындауының өсуіне қол жеткізілді. Мәселен, егер 2009 жылы бұл көрсеткіш 93 %-ды құраған болса, онда 2010 жылы - 95 %-ды құрады.

Құқық қорғау органдарына 18,8 млрд.теңге сомаға 192 бақылау материалы берілді. 36 лауазымды тұлғаға 4,2 млн.теңге сомаға әкімшілік жаза салынды (оның ішінде бірінші басшыларға – 5, бірінші басшылар орынбасарларына – 2, бас бухгалтерлерге – 17), оның бюджетке 76,2% түсті.

Тәртіптік жауапкершілікке 494 лауазымды тұлға тартылды, олардың ішінде бірінші басшылары – 14, бірінші басшылардың орынбасарлары – 24, бас бухгалтерлер – 84.


Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне берген ұсынымдары

Бюджет кодексінің 141-бабына сәйкес Есеп комитеті 2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне қорытынды болып табылатын есеп дайындады, онда бюджет және өзге де заңнаманы жетілдіру, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін басқарудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік бағдарламаларды және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру жөнінде 17 ұсыным берді.

1. Республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде экономиканы дамытудың ішкі және сыртқы факторларын, атап айтқанда: әлем нарықтарының конъюнктурасын, Кеден одағының мүмкіндіктерін, экономиканың дағдарыстан кейінгі кезеңдегі дамуын және басқаларды ескере отырып, нақты макроэкономикалық көрсеткіштерді пайдалану;

2. Бюджетті нақтылау және түзету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қатаң сақтау; бюджеттің негізгі көрсеткіштерін «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы ғана түзету;

3. Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдамаға ұлттық холдингілер, компаниялар және мемлекеттің қатысуымен құрылған акционерлік қоғамдар тартатын сыртқы қарыздардың тартылуы мен пайдаланылуын мониторингілеу мен бақылау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу, бағалы қағаздардың отандық рыногын дамытудың есебінен ішкі қарыздарды тартуды жандандыру;

4. Салық төлеушілерді есепке қою, салықтық тексерудің нәтижелеріне шағымдану рәсімі және салықтарды бюджетке мәжбүрлеп өндіріп алу мәселелері бойынша салықтық әкімшілік ету тетігін оңайлату; заңды тұлғалардың банкротқа ұшырауына байланысты, салықтарды есептен шығару сомасын қысқарту мақсатында мемлекеттің қатысуымен құрылған рентабельді емес ұйымдарды сауықтырудың тиімді тетіктерін әзірлеу; оларды оңалту жүйесін жетілдіру;

5. Отандық бизнесті және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды қолдаудың және дамытудың, еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне дайындықтың пәрменді тетіктерін әзірлеу үшін Кеден одағының аясында экономикалық шарттарға терең талдау жүргізу;
ҚҚС қайтару рәсімін кеңінен пайдаланудың негізінде Кеден одағының жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отырып, отандық тауар өндірушілерді қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеу;

6. Декларацияланған тауарлар құнының төмендеуін, олардың тауарлық кодтарының бұрмалануын және бюджет кірісіне түсетін түсімдердің азаюына ықпалын тигізетін басқа да бұрмалаушылықтарды болдырмау үшін транзиттік жүктердің орын ауыстыруын бақылау тетігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының және басқа елдердің арасындағы өзара сауда көрсеткіштерінде статистикалық алшақтықтарды жою жөнінде шаралар қолдану;

7. Қаражат алушыларға есепті жылдың аяғында республикалық бюджеттен қаражат бөлудің және республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі қаржылық есептілікте оларды игерілген ретінде көрсетудің қалыптасқан тәжірибесін жою;

8. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға республикалық бюджеттен трансферттер бөлудің орындылығын қарау; сондай-ақ нысаналы трансферттерді пайдаланғаны үшін республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің және жергілікті атқарушы органдардың жауаптылық дәрежелерін айқындаудың міндетті нормаларын әзірлеу;

9. Кредит берудің қол жетімді жүйесін қалыптастыру, кредиттердің түпкілікті қарыз алушыға уақтылы жетуі жөніндегі мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру; бюджеттік кредиттерді, атап айтқанда, ауыл шаруашылығын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға бағытталған кредиттерді бөлу шарттарын жұмсарту;

10. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына инвестициялық жобаларға (экономикалық, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және басқа) салалық сараптама жүргізуді бірыңғай кешенді мемлекеттік сараптамаға біріктіру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарау;

11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер енгізу тәжірибесін жою;

12. Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды мониторингілеу мен бақылаудың айқын жүйесін енгізу мақсатында бағдарламалық құжаттарды іске асыруға бағытталған қаражатты жоспарлаудың және пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс бөлінетін бюджеттік бағдарламаны жауапты мемлекеттік органдарда қарау;

13. Мемлекеттік мүлік тізілімінде және қаржылық есептілік депозитарийінде мемлекет активтері мен мүліктерінің толыққанды есебін және мониторингін қамтамасыз ету;

14. Холдингілердің және квазимемлекеттік сектордың басқа да субъектілерінің қызметтерінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін олардың ұйымдастырушылық құрылымына талдау жүргіз және көп сатылылық пен функцияларының қосарланушылығын жою;

Индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру бойынша мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында өзара іс-қимылдарының тетігін жетілдіру;

15. Өңірлердің табиғи-климаттық жағдайларының ерекшеліктерін, олардың ауыл шаруашылық бағыттарын және «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның кредит ресурстарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарына лизинг беру әлеуетін ескере отырып, сервистік-дайындау орталықтарын дамытудың стратегиялық бағыттарын әзірлеу жөнінде шаралар қолдану;

16. «Электрондық үкімет» аясында әзірленген және әзірленіп жатқан барлық ақпараттық жүйелерге кешенді түгендеу жүргізу және соның нәтижелері бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер мен толықтыруларды енгізе отырып, «электрондық үкімет» құрудың тұжырымдамалық негіздерін пысықтау;

17. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бөлініп жатқан бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуын болдырмау үшін оларды дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу, филиалдарының үлгі құрылымдарын, көрсететін қызметтерінің көлемін негізге ала отырып тиісті нормативтерін бекіту ұсынылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет