2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары



Дата03.03.2016
өлшемі45.81 Kb.
#35694
Покровка селолық округінің әкімі Қ.Едіресовтың “2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық

дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары” туралы селолық округ тұрғындары алдындағы

есептік баяндамасы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауында: “Сөйтіп, біз қалай жоспарласақ, солай өмір сүрдік. 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясының қарпі мен рухын негізге ала отырып, біз XXI ғасырдың алғашқы онжылдығына белгіленген барлық міндеттерді шештік. Енді біз 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясын орындауға кірісеміз” деген.

Қойылған мақсаттарды есепке ала отырып, Покровка селолық округі әкімінің аппараты өзінің ұйымдастыру-саяси жұмысын атқаруда.

Покровка селолық округінде 2450 тұрғыны бар, 858 аулалы 4 ел-ді мекен біріккен. Селолық округ ау-мағында ірі ұйымдар қатары жұмыс істейді, соның ішінде: Ж.Қизатов атындағы Есіл ауылшаруашылық колледжі, колледждегі кәсібитехникалық лицей, Есіл РЭС, “Орман шаруашылық мекемесі”, “Есіл су” АММ, 9 ЖШС, 6 фермерлік ша-руашылығы, 22 шаруа қожалығы.

Покровкада дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды. Әрбір елді мекенде фельдшерлік бөлімдер бар. Мектептер мен колледжде дәрігерлік қызметкерлер жұмыс атқарады.

2011 жылы Покровка селосында 90 орынға арналған қайтадан жаңартылған балабақша ғимаратын пайдалануға қосу жоспарланып отыр.

Селолық округтің экономикасының негізін аграрлық сектор құрайды. Егін себетін жерлердің ұтымды құрылымы жасалынған. Осы жылы 12 мың га астық дақылы себілді. 13ц/га өнімнен жалпы жарма 156 мың 548 центнер құрады.

2010 жылы біздің астық шаруа қожалықтарына ЖЖМ арзандатуға егiс науқаны және егін жинау се-ріктестіктерін өткізу үшін, 9703 га кө-лемдегі қаржыланған жерге 3 млн. 968 мың теңге жәрдемақы бөлінді. Осы жылы ауылшаруашылық қа-лыптастыру басшыларымен 6,3 теңге көлемінде жаңа техника алынды.

Дәл осылай мал шаруашылығы саласының дамуы және оның өнiмiнiң өңделуі де маңызды мiндет болып саналады. Осы жылы “Достық” шаруа қожалығында алдыңғы жылмен салыстырғанда ірі қара мал басының саны 41%-ға артты. Осы жылы шаруа қожалығы аумағында мал сою алаңы ашылды.

Тұрғындар да өз өнімдерінің артықшылығын айына екі рет Петропавл қаласының базарларына шығару мүмкіндіктері бар. Осы жылдың өзінде ғана 1 млн. 795 мың тең-генің өнімі сатылды.

Селолық округтің дамуында ауылшаруашылық өнімнің өңделуі маңызды орын алады. Округте ағаш өңдеу цехі, диірмен, 4 наубайхана бар. Өзіндік ұнның өндірілуі мен нанның пісірілуіне байланысты, нанның бағасын тұрақ-тыландыру мүмкіндігі бар. 1 бөлке нанның бағасы 39 теңгені құрайды. 2010 жылдың 1 тоқсанында ортақ қуаты тәулігіне 4 мың бөлке нан өндіретін, нан-тоқаш өнімдерін және кондитер бұйымдарын пісіретін “Табыс-Агро” ЖШС наубайханасы ашылды. Наубайхананың ашылуына байланысты біздің округ толы-ғымен нан-тоқаш өнімдерімен қам-тамасыз етілген.

Тұрғындардың әлауқатын ары қарай жасқарту, халықты жұмыспен қамту мәселесін шешудің ең маңызды рөлі болып шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы болып табы-лады. Осы мәселелерді шешу үшін селолық округте нақтылы жұмыстар атқарылуда. Біздің округте шағын кәсіпкерлікпен барлығы 86 адам шұғылданады. 2010 жылы ашылған 19 дүкен жұмыс атқарады, Есильское селосында - екі дүкен, Мальцевода - біреу, Еңбекте - біреу, Покровкада - 15, олардың ішінде біреуі “Ет дүкені”, үш кафе-бар, екі АЗС, бір ГЗС, дәріхана, токарь шеберханасы, екі ұнтақтағыш және тұрғындарға отын дайындауға ар-налған екі орман пайдаланушы жұмыс атқарады. Бүгінгі таңда округте отын сатып алу, бақшаны қазу, су тасу мәселелері шешілген.

Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіші болып тұрғындардың әлсіз топтарының әлеуметтік қорғанышының деңгейі болып табылады. 2010 жылы селолық округте 177 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Олардың iшiнен 88 жаңа тұрақты жұмыс орындары, жұмыспен қам-тамасыз ету бойынша - 4 әлеуметтік жұмыс орны құрылды. Аз қамтылған жанұяны - 13 жанұя құрайды. Мемлекеттік адрестік көмекті 788,8 мың теңге көлемінде 24 жанұя (72 адам) алды. 1 млн. 206,5 мың теңге көлемінде 18 жасқа дейінгі мемлекеттік жәрдемақыны 76 жанұя (145 бала) алды.

Қоғамдық жұмыспен 28 адам қамтамасыз етілді. Округте 18 тексіз және жалғызбасты зейнеткерлерге қызмет көрсететін екі әлеуметтік қызметкер, мүгедектерге қызмет көрсететін бір әлеуметтік қызметкер және мүмкіншілігі шектелген балаларды үйде оқытатын екі әлеуметтік педагог бар. “Жол картасы” бағдарламасы шеңберінде, 85 адам мемлекет есебінен тегін жаңа мамандыққа ие болды. 13 әлеуметтік жұмыс орны құрылды. “Жастар тәжірибесі” бойынша - 8 адам жұмыспен қамтылды.

Ұдайы біздің округтің елді мекендерді сәулеттендіруге, жаз уақытында жолдарды жөндеуге және қыста қарды тазалауға бағытталған сенбіліктер мен таза бейсенбіліктер жүргізіліп тұрды. Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескеркіштер мен құлпытастардың аймақтарын сәулеттендіру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Бiлiмнiң ары қарай дамуы – бұл Қазақстанның бәсекеге түсе алатындығын нақты қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн ең маңызды қырлардың бірі болып табылады. Ок-ругте қажетті тоғыз мамандық бойынша күндізгі бөлімде 723 оқушы және сырттай бөлімде 205 оқушы оқитын Ж.Қизатов атындағы Есіл ауылшаруашылық колледжі, 3 мамандық негізіндегі 184 оқушысы бар колледждегі кәсіптік-лицей, 63 оқушы оқитын Есіл ауылшаруашылық колледжіндегі негізгі мектеп және 291 оқушысы бар колледждегі мектеп бар. 45 орынды мектепке дейінгі балабақша жұмыс атқарады.

Селолық округтің барлық мектептері телефондандырылған, Интернетке қосылған. Барлық мектептер ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. 5700 кітап қоры бар ауыл кітапханасы жұмыс атқарады.

Жыл сайын ауылшаруашылық қалыптастыру, ЖШС, шаруа қожалықтары басшыларының және жеке кәсіпкерлердің күшімен жалғызбасты зейнеткерлерге, мүгедек және көпбалалы жанұя балаларына көмек ретінде қайырымдылық акциялалары жүргізіледі.

“Бай Еңбек” ЖШС басшысы Қ.Қ.Қожасов өзінің жұмыскерлері-нің әрбір жеке қоныстарын шөппен, сабанмен және отынмен қамтама-сыз етті. Қырық зейнеткерге “Қарт-тар күніне” байланысты азық-түлік пакеттері тапсырылды. “Есіл мем-лекеттік орман мекемесі” ММ 44 зейнеткерді, бір текшеге 306 теңге жеңілдікті отынмен (10 текшеден) қамтамасыз етті. 15 мүгедек адам-дар тегін шырпы отынмен қамтамасыз етілді.

“Мальцево” ЖШС 651 мың 500 теңге көлемінде, тұрғындарға су, сабан, астық қалдықтарын тасуға, бақшаны жыртуға, қоқыс шығаруға көмек жасады. “Соколовская” ЖС зейнеткерлерін жеңілдікті отынмен қамтамасыз етті.

Округтің спортшылары аудандық, облыстық, республикалық спорттық іс-шараларға белсенді ат салысуда. Біздің спортшыларымыз “Ақ бидай” мерекесін өткізуде белсенді қатысты. Есіл ауылшаруашылық колледжінде, Покровка орта және Еңбек негізгі мектептерінде жақсы спортзалдары бар, денсаулықты сауықтыру топтары жұмыс жасайды.



Қоғамдық құрастырулармен, мектептермен және колледжбен тығыз байланыста екі учаскелік инспектор жұмыс атқарады.

Әкімдердің жыл сайынғы беретін есептері мемлекетіміздің демократияға қарай ең салмақты қадамы болып саналады. Бұл есептер - үкіметтің тұрғындармен диалогінің тиімді формасы болды: Әрбір елді мекеннің мәселелерін қарастыру, талдау мүмкіндіктері бар, тұрғындар ескертулер мен ұсыныстарын тікелей ұсына алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет