Николаевка селолық округінің әкімі Е.Тұтқышевтің “2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық
дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары” туралы селолық округ тұрғындары алдындағы
есептік баяндамасы
Президентіміздің Қазақстан халқына “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауында біздің қоғамымыздың кезекті дамуының кезеңі болды, бұнда біздің қоғамымыздың жеткен жетістігі көрінеді және ел алдында тұрған негізгі стратегиялық міндеті анықталды.
Николаевка селолық округінде округ дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы мақсатты және жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр.
Селолық округтің ең негізгі экономикалық секторы – аграрлық сектор. Бүгінгі күні округте 8 ЖШС, 1ФШ және 13 шаруа қожалығы бар. 2010 жылы астық егетін жер алқабы 13657 га, 2009 жылға қарағанда 1055 артық, соның ішінде дәнді 12497 га және майлы 1016 га, жазда ауа райының құрғақ болуына байланысты дәнді-дақылдың шабылғаны 10145 тоннаны құрады, былтырғы жылға қарағанда 7014 тоннаға кем, орташа астықтың шабылғаны 8,2 ц/га құрады, майлы дақылдар 333 тонна. Осылармен қатар 20 га картоп пен көкөніс өсірілді. Картоптан 120 тонна, көкөністен 211 тонна алынды.
Мемлекетіміздің қолдау көрсеткенінің арқасында, егіншілік шаруашылығын дамытуға 6,4 млн.теңге субсидия, сондайақ минералды тыңайтқыш алу үшін 4,8 млн.теңге қаржы бөлінді.
Жеке мал шаруашылығының секторында жазда ауа райының құрғақ болуына байланысты барлық мал санының басы азайды. Ветеринарлық қызметпен әкім аппаратының 1 жетекші маманы және дәрігер – лицензиат жұмыс істейді.
2010 жылы төмендегідей төл алынды:
ІҚМ жас төлі - 505 бас.
Ұсақ қара мал - 1832 бас.
Шошқа - 1134 бас.
Құлын - 202 бас.
Барлық үй жануарлары идентификациядан өтті.
Жеке мал шаруашылығы секторының дамуымен қатар ЖШС және шаруа қожалықтарында да өсіріледі.
“Деметра” шаруа қожалығы 223 бас шошқа, соның ішінде мегежін 16 бас, ІҚМ 46 бас, соның ішінде 20 бас сиыр. “Габбас” шаруа қожалығында 60 бас қазақтың ақ бас тұқымы өсіріледі, соның ішінде етті 30 бас сиыр. “Айса и К” ЖШС 78 бас Еділбай қой тұқымы, 21 бас ІҚМ өсіріледі. Округте жоспарлы ет және жұмыртқа сатылып алынады. 2010 жылы округ 25 рет Петропавл қаласындағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне қатысты, азық-түлік 1,3 млн.теңгеге сатылды.
Орташа және шағын бизнестің сферасы тұрақты дамып келе жатыр. Бүгінгі күні округте 10 дүкен, шаштараз жұмыс істейді. Жыл бойы күн сайын Николаевка Петропавл бағытымен 2 автобус жүреді. Бұрынғы асхана ғимаратынан сауда орталығын құру жұмысы жүргізіліп жатыр. 2011 жылы ашылу жоспарлануда, және де келесі жылы шиномонтажды шеберхана ашылу жоспарлануда. Шағын наубайхана халықты нанмен, кондитерлік өнімдер-мен қамтамасыз етеді. 2010 жылы күн сайын тәулігіне 1000-ға жақын нан пісіріледі, бөлкесі 35-тен 38 теңге бағамен күн сайын халықты жаңа піскен нанмен қамтамасыз етеді.
Халыққа қызмет көрсету бойынша орман кесетін және қоршау істейтін ағаш өңдейтін цех жұмыс істейді. 2010 жылы халыққа кесілген ағаш дайындамалары және қызмет көрсетілімде-рі 125 мың теңге көлемінде болды. 2011 жылы тағы бір ағаш өндейтін цех ашылу жоспарлануда.
Округтегі ең басты мәселе – “Ауыз су” бағдарламасы жүзеге асты су айдауыш мұнара пайдалануға берілді, 2012 жылы “Жол картасы” бағдарламасы бойынша Николаевка селосында тарату жүйесін қалпына келтіру жоспарланған. Николаевка және Қаратал ауылындағы ҰОС жылдары қаза тапқан жауынгерлердің 2 ескерткі-ші жөндеуден өтті.
Сапалы өмір сүрудің ең басты көрсеткіші, бұл халықтың осал жерінің әлеуметтік қорғалуы болып табылады.
Негізгі әлеуметтік көмектің түрі қайта даярлау оқуына жіберу және жұмыспен қамтамасыз ету. 2010 жылы 13 адам кәсіптелген қайта даярлау оқуын бітірді. Жұмыспен қамту және аз қамтамасыз етілген халықты қолдау бағдарламасы бойынша 2010 жылы 143 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде жаңа жұмыс орнына 52 адам, бұрын қалыптасқан тұрақты жұмыс орнына 36 адам, уәкілетті орган бойынша 70 адам, әлеуметтік орынға 4 адам, “Жастар практикасы” бағдарламасы бойынша 4 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.
2010 жылдың 1 қаңтарына аз қамтамасыз етілген адамдар саны 33 адам - 10 отбасы, мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек 579984 теңгеге, 18 жасқа дейінгі балаларға 1019 мың теңге көмек көрсетілді.
Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасын жүзеге асыру барысында Николаевка селосының ауруханасында 5 орынды күндізгі тұрақты жататын орын, дәріхана, Қаратал ауылында емханалық пункт жұмыс істейді. Ағымды жылда халықтың 96%-ы сақтандыратын медициналық қараудан өтті.
Округ мектебінде материалдық техникалық базасының нығайып дамуына және білім беру жүйесінің жүзеге асуының негізгі бағдарлама-сына байланысты ағымды жылда млн.теңге шамасында спорттық инвентарь алынды. “Жол картасы” бағдарламасы бойынша бұрынғы 2 қабатты мектеп ғимаратын қалпына келтіріп, 90 орындық балабақша құрылды, бұған 20 млн.теңге бөлінген, 2011 жылы бұл ғимаратты толық қалпына келтіру жоспарланған, биыл балабақша барлық тілек білдірген балаларды қабылдап жатыр.
Мектеп қарамағында 40 орынды интернат бар. Мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылған, 19 бала тегін тамақ ішеді. Жазғы уақытта мектеп маңындағы алаңдарда жұмыс жүргі-зіледі, 45 бала демалып, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Денсау-лық жақсартатын “Родничок” балалар демалатын лагерінде 9 бала демалып келді. Мұғалім мамандығының беделі көтеріліп келе жатыр. 2010 жылы Николаевка орта мектебінің ұжымына 7 мұғалім қосылды.
Округте селолық кітапхана жұмыс істейді, онда 10 мың дана кітап бар, кітапханада кітап көрмелері, оқушылармен сұхбат, мерекелік шаралар өткізіледі.
ҰОС қатысқан ардагерлерге үлкен назар аударылады. Округте жыл сайын мерекелік мейрамдар және қарттар күні аталып отырады. Мейрамдарға жеке кәсіпкерлер және ша-руа қожалықтары өз үлестерін қосып отырады. 2010 жылы қайырымдылық көмек 536,2 мың теңгені құрады.
Селода инфроқұрылым дамуда. Округ аумағында ұялы телефонның байланысы жұмыс істейді, АТС-те 200 нөмірлік, 160 тұрғынға радио телефон орнатылды. Округте құқық бұзушы-лық пен қылмыстық істердің алдын алу бағдарламасының негізінде жүйелік жоспарда жұмыс жүргізіледі. Селолық округте учаскелік полиция мен қоғамдық құқық бұзушылық коммисиясы бірігіп күрес жүргізеді. Селолық округте қоғамдық құрылым, ардагерлер кеңесі, сарбаздар қоғамдық тәртіпті қадағалауға ат салысып отырады. 23 адам сақтандыру есебінде тұр. Учаскелік инспектормен 150 әкімшілік хаттама, соның ішінде 43 хаттама қоғамдық жерге мас болғаны үшін толтырылды, оның жалпы сомасы 80,6 мың.теңгені құрады.
Еліміздің Президенті Н.А.Назарбаевтың ақылды саясатының арқасында біз өміріміздің барлық жақтарынан оң өзгерістерді көріп отырмыз, қоғамымызда тұрақтылық орнап, бейбітшілік, келісім, өзара қарым-қатынас нығаюда.
Достарыңызбен бөлісу: |