Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» бұйрығына 2010 жылы өзгерістер енгізілді (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 21 қаңтарда № 14 бұйрығы, Әділет министрлігінде 2010 жылы 1 ақпанда № 6023 болып тіркелді).
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) және жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
2.Жоғары оқу орындарында студенттер контингентін қалыптастыру бюджеттік қаржыландыру мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты (білім беру гранты) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздері есебінен оқуға төлеу арқылы жүзеге асырылады.
Білім беру гранты Қазақстан Республикасының азаматымен бірдей басқа мемлекет азаматы болып табылатын қазақ ұлтының өкілдеріне, Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтарына беріледі.
Басқа шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - ЖОО) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарға сәйкес қабылданады.
3.Жоғары оқу орындарына азаматтарды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі - ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі - ҰТО) әзірлеген технология бойынша өткізілетін кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
4.ҰБТ ағымдағы жылғы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері үшін өткізіледі.
Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері, бастауыш және кәсіптік орта оқу орындарын бітірушілер (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі), ҰБТ-ға қатыспаған халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектепті бітірушілер, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектепті бітірушілер, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері,сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген азаматтар үшін өткізіледі.
5.Азаматтарды ақылы негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
6.Азаматтарды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің комитетіне, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына қабылдау 1-қосымшаға сәйкес кешенді тестілеудің немесе ҰБТ сертификатындағы балдарға сәйкес жүргізіледі.
7.Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтарды жоғары оқу орындарына медициналық мамандықтардан басқа ақылы негізде қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
Ұқсас мамандықтарға қабылдау бекітілген тізбеге сәйкес өткізіледі.
Кәсіптік жоғары білімі бар (жоғары) азаматтарды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзімде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
8. Екі немесе одан көп елдер арасында мемлекетаралық келісімдер бойынша құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына мемлекеттік тапсырыс негізінде белгіленген квота бойынша шетел азаматтарын қабылдауды жоғары оқу орындары дербес түрде жүзеге асырады.
Шетел азаматтарын ақылы негізде шетел тілінде оқытуға қабылдау жоғары оқу орындары оқыту тілінде жүргізетін кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
9. Оқу орындарына оқуға қабылдау кезінде Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296 қаулысымен бекітілген қабылдау квотасы белгіленеді.
Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген бакалавр және жоғары арнайы білім мамандықтарының тізбесі осы Қабылдаудың үлгі ережесінің 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
10.Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша оқуға қабылдауды ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
11.Азаматтарды арнаулы немесе шығармашылық дайындықты (бұдан былай - шығармашылық мамандықтары) қажет ететін мамандықтарға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар (бұдан былай - шығармашылық емтихандар) нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
12. Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.
Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында ЖОО қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар тек қана бір шығармашылық мамандықты көрсетеді.
6-тармақта көрсетілген мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына өтініштерді қабылдау мерзімін тиісті мемлекеттік органдар белгілейді.
13. Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар өздері таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихан тапсырады. Шығармашылық емтихандар саны - екеу.
Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі.
Шығармашылық емтихан бойынша ең жоғарғы балл саны - 25.
Шығармашылық емтихан бойынша 10 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген талапкерлер осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді.
Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
14.Шығармашылық мамандықтарға, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарынан басқа 6-тармақта көрсетілген мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсу кезінде өтініштер ЖОО орналасқан жерде қабылданады.
2. Кешенді тестілеуді өткізу
15.Кешенді тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалы ЖОО) өткізіледі.
Шығармашылық мамандықтарға түсетін, сондай-ақ 6-тармақта көрсетілген мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін азаматтарға кешенді тестілеу азаматтың таңдаған ЖОО-ға бекітілген базалы ЖОО-да өтеді.
16.Жергілікті жерде ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру мен өткізу жөнінде мемлекеттік комиссиялар құрылады (бұдан әрі - мемлекеттік комиссия).
Мемлекеттік комиссия тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды қолданған (ақпараттық материалдар, электронды жазба кітапшалары, калькулятор, ұялы телефон, пейджер және басқа да байланыс құралдары) талапкерлердің тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылдайды.
17.Кешенді тестілеуге қатысу үшін азамат жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішін, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік) немесе кәсіптік орта (ортадан кейінгі) оқу қажетті ақыны төлегені туралы түбіртекті (квитанция), 3х4 көлеміндегі екі фотосуретті, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
18.Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.
19.Кешенді тестілеуге келген талапкер куәлігін (төлқұжат) және емтиханға рұқсат қағазын көрсетуі тиіс.
20.Кешенді тестілеу азаматтардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән: қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және 3-қосымшаға сәйкес талапкердің таңдаған мамандығына байланысты пән бойынша өткізіледі.
21.Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.
Шығармашылық мамандыққа түсуші азаматтар үшін кешенді тестілеудің екі пәні бойынша балдары есептеледі: қазақ немесе орыс тілі және тарих.
22. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыру рұқсат етілмейді.
23.Кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу кешенді тестілеу жүзеге асырылған жоғары оқу орнында өткізіледі.
24.Тестілеуден кейін өткізілетін жауап парақтарын сканерлеу аяқталғаннан кейін бірден дұрыс жауаптар коды ілінеді.
25.Сертификаттарды алу үшін өткізілген тест нәтижелерін мемлекеттік комиссия тест сынағы өткізілген күні жариялайды.
26.Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әр қатысушыға белгіленген үлгідегі сертификат толтырылады, оны мемлекеттік комиссия тест сынағы өткеннен кейінгі үш күнтізбелік ішінде береді.
27. Тест сынағының нәтижесімен келіспеген азаматтың апелляцияға өтініш беруге құқы бар.
Апелляциялық комиссия әрбір базалы ЖОО-да құрылады.
Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша талас тудыратын сұрақтарды республикалық аппеляциялық комиссия қарайды.
4. Жоғары оқу орындарына қабылдау
44.Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары студенттер қатарына қабылдауды 10-25 тамыз аралығында өткізеді.
Азаматтар жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (жалпы орта білім), кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі (түпнұсқа) туралы құжатын, 3х4 көлеміндегі 6 суретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарын, сондай-ақ білім беру гранты тағайындалғаны туралы куәлігін (ол болған жағдайда) қоса береді.
45. Мемлекеттік білім беру грантын алу құқығына ие болғаны туралы куәлік алған азаматтар, куәлікте көрсетілген ЖОО-ға қабылдау туралы өтініш береді және ЖОО ректорының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.
Шығармашылық мамандық бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау туралы куәлігі барлар өздері арнайы (шығармашылық) емтихан тапсырған ЖОО-ға қабылданады.
46. Ақылы оқуға ағымдағы жылғы ҰБТ-дан өткен, жалпы орта білім беру ұйымын бітірушілер, тестілеу нәтижелері бойынша 50, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 55 балл келесі пәндерден: қазақ немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен, оның ішінде, бейіндік пәннен 7 балдан кем емес (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан кем емес), ал қалған пәндерден ең төмені 4 балдан жинаған кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.
Оқуға қабылдау мамандықтар бойынша және тілдік бөлімдерге жеке жүргізіледі.
Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдары есепке алына отырып жүргізіледі.
47.6-тармақта көрсетілген мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына студент қатарына қабылдауды талапкерлердің медициналық, тәндік және психофизиологиялық көрсеткіштерін ескере отырып осы жоғары оқу орнының мандат комиссиясының сертификат балдарына сәйкес қабылдаған шешімімен жүргізіледі.
48. Меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органға белгіленген нысанда және белгіленген мерзімде ақпаратты ұсынады, қабылдау өткізгеннен кейін 10 күннің ішінде қабылдауды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қорытынды есепті, студенттерді қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, сондай-ақ одан бас тартқан білім беру гранты иегерлері куәліктерінің түпнұсқасын және жоғары оқу орнына келмеген тұлғалардың мәліметтерін (А.Т.Ә, мамандығы) береді.
49.Осы Үлгі ережеде регламенттелмеген мәселелерді ЖОО-ның қабылдау комиссиялары дербес түрде шешеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 бұйрығымен бекітілген
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын иске
асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелеріне
3-қосымша
БАКАЛАВРИАТ МАМАНДЫҚТАРЫ
ҰБТ және кешенді тестілеу жүргізілетін пәндер
көрсетілген мамандықтар тізбесі
Код
|
Мамандықтар топтары мен мамандықтар атауы
|
Таңдау бойынша пәндер
|
Бейіндік пән
|
1. Білім
|
5В010300
|
Педагогика және психология
|
Биология
|
Биология
|
5В010800
|
Денешынықтыру және спорт
|
2-шығармашылық емтихан
|
1-ші шығармашылық емтихан
|
5В011000
|
Физика
|
Физика
|
Физика
|
5В011100
|
Информатика
|
Физика
|
Математика
|
5В011200
|
Химия
|
Химия
|
Химия
|
5В011300
|
Биология
|
Биология
|
Биология
|
5В011400
|
Тарих
|
Дүниежүзі тарихы
|
Дүниежүзі тарихы
|
5В011500
|
Құқық және экономика негіздері
|
Дүниежүзі тарихы
|
Дүниежүзі тарихы
|
5В011600
|
География
|
География
|
География
|
5В011700
|
Қазақ тілі мен әдебиеті
|
Қазақ әдебиеті
|
Қазақ тілі
|
5В011800
|
Орыс тілі мен әдебиеті
|
Орыс әдебиеті
|
Орыс тілі
|
5В011900
|
Шетел тілі: екі шетел тілі
|
Шет тілі
|
Шет тілі
|
5В012300
|
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
|
Биология
|
Биология
|
2. Гуманитарлық ғылымдар
|
5В020100
|
Философия
|
Дүниежүзі тарихы
|
Дүниежүзі тарихы
|
5В020200
|
Халықаралық қатынастыр
|
Шет тілі
|
Шет тілі
|
5В020300
|
Тарих
|
Дүниежүзі тарихы
|
Дүниежүзі тарихы
|
5В020400
|
Мәдениеттану
|
Дүниежүзі тарихы
|
Қазақстан тарихы
|
5В020500
|
Филология
|
Әдебиет
|
Ана тілі
|
5В020600
|
Дінтану
|
Дүниежүзі тарихы
|
Дүниежүзі тарихы
|
5В020700
|
Аударма ісі
|
Шет тілі
|
Шет тілі
|
5В020800
|
Археология және этнология
|
Дүниежүзі тарихы
|
Қазақстан тарихы
|
5В020900
|
Шығыстану
|
Шет тілі
|
Шет тілі
|
5В021000
|
Шетел филологиясы
|
Шет тілі
|
Шет тілі
|
3. Құқық
|
5В030100
|
Құқықтану
|
Дүниежүзі тарихы
|
Дүниежүзі тарихы
|
5В030200
|
Халықаралық құқық
|
Шет тілі
|
Шет тілі
|
5В030400
|
Кеден ісі
|
Дүниежүзі тарихы
|
Дүниежүзі тарихы
|
4. Өнер
|
5В041600
|
Өнертану
|
2-шығармашылық емтихан
|
1-ші шығармашылық емтихан
|
5В041900
|
Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау
|
Дүниежүзі тарихы
|
Қазақстан тарихы
|
5В042200
|
Баспа ісі
|
Әдебиет
|
Әдебиет
|
5. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес
|
5В050100
|
Әлеуметтану
|
Дүниежүзі тарихы
|
Қазақстан тарихы
|
5В050200
|
Саясаттану
|
Дүниежүзі тарихы
|
Қазақстан тарихы
|
5В050300
|
Психология
|
Биология
|
Биология
|
5В050400
|
Журналистика
|
2-шығармашылық емтихан
|
1-ші шығармашылық емтихан
|
5В050500
|
Аймақтану
|
Шет тілі
|
Шет тілі
|
5В050600
|
Экономика
|
География
|
Математика
|
5В050700
|
Менеджмент
|
География
|
Математика
|
5В050800
|
Есеп және аудит
|
География
|
Математика
|
5В050900
|
Қаржы
|
География
|
Математика
|
5В051000
|
Мемлекеттік және жергілікті басқару
|
География
|
Математика
|
5В051100
|
Маркетинг
|
География
|
Математика
|
6. Жаратылыстану ғылымдары
|
5В060100
|
Математика
|
Физика
|
Математика
|
5В060200
|
Информатика
|
Физика
|
Математика
|
5В060300
|
Механика
|
Физика
|
Математика
|
5В060400
|
Физика
|
Физика
|
Физика
|
5В060500
|
Ядролық физика
|
Физика
|
Физика
|
5В060600
|
Химия
|
Химия
|
Химия
|
5В060700
|
Биология
|
Биология
|
Биология
|
5В060800
|
Экология
|
Биология
|
Биология
|
5В060900
|
География
|
География
|
География
|
5В061000
|
Гидрология
|
География
|
Математика
|
5В061100
|
Астрономия
|
Физика
|
Физика
|
5В061200
|
Метеорология
|
География
|
Математика
|
7. Техникалық ғылымдар және технологиялар
|
5В070100
|
Биотехнология
|
Биология
|
Биология
|
5В070300
|
Ақпараттық жүйелер
|
Физика
|
Математика
|
5В070500
|
Математикалық және компьютерлік модельдеу
|
Физика
|
Математика
|
5В071000
|
Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
|
Физика
|
Физика
|
5В071100
|
Геодезия және картография
|
География
|
Математика
|
5В072000
|
Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
|
Химия
|
Химия
|
5В072100
|
Органикалық заттардың химиялық технологиясы
|
Химия
|
Химия
|
5В072200
|
Полиграфия
|
Физика
|
Физика
|
5В072300
|
Техникалық физика
|
Физика
|
Физика
|
5В073100
|
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
|
Физика
|
Математика
|
5В073200
|
Стандарттау, сертификаттау және метрология
|
Физика
|
Математика
|
8. Ауылшаруашылық ғылымдары
|
5В080400
|
Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
|
Биология
|
Биология
|
9. Қызмет көрсету
|
5В090200
|
Туризм
|
География
|
География
|
5В090500
|
Әлеуметтік жұмыс
|
География
|
География
|
5В091000
|
Кітапхана ісі
|
Әдебиет
|
Әдебиет
|
Достарыңызбен бөлісу: |