2011 жылға арналған корпоративтік оқиғалар жоспары



Дата01.07.2016
өлшемі48 Kb.
#169713
2011 жылға арналған корпоративтік оқиғалар жоспары

(15.02.2011ж. жағдайында өзгертулер және толықтырулармен)

Мерзімі

Корпоративтік оқиға атауы (іс-шара)

Директорлар кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес

«Атырау халықаралық әуежайы» АҚ Директорлар кеңесінің мәжілісі

Басқарманың жұмыс жоспарына сәйкес

«Атырау халықаралық әуежайы» АҚ Басқармасының мәжілісі

Ақпан

2010 жылға Қоғам аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу

Ақпан

Мини футбол бойынша Атырау облыстық чемпионатына «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ футбол командасының қатысуы

Ақпан

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын зерделеу бойынша «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ құрылымдық бөлімшелерінде жиналыс өткізу

Наурыз

«Қазақстан Республикасы азаматтық авиация субъектілерін күзгі-қысқы (көтемгі-жазғы) кезеңдегі жұмысқа дайындық ережесін бекіту туралы» ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының 29.11.2004ж. № 234 бұйрығына сәйкес алдағы көтемгі-жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындық жөніндегі ұйымдастыру және профилактикалық шаралар кешенін өткізуді бастау

Наурыз

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс

Наурыз

Азаматтық авиация комитетінің «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ аэроалаңының жарамдылық (ҚР АПЖН) нормалары мен талаптарына сәйкестігіне инспекторлық тексеру

Наурыз

«Наурыз мейрамы» мерекесіне орай конкурс өткізу

Сәуір

Алдағы көтемгі-жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындық жөніндегі ұйымдастыру және профилактикалық шаралар кешенін қорытындылау

Сәуір

Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызмет туралы «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ жыл сайынғы есеп бойынша көпшілік тыңдаулар

Сәуір

«Атырау халықаралық әуежайы» АҚ кәсіподақ комитетінің есептік-сайлау жиналысы

Сәуір-мамыр

Жалғыз акционердің «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ корпоративтік басқару жүйесінің диагностикасын жүргізу

Сәуір-мамыр

Қыркүйек-қазан



«Атырау халықаралық әуежайы» АҚ аумағын, Атырау қаласын абаттандыруға қатысу

Мамыр

2010 жылға Қоғамның қаржылық есебін бекіту

Мамыр

Қоғам Жарғысын жаңа редакцияда бекіту

Мамыр

Жеңіс күніне арналған «Жеңіс» паркіндегі мемориалдық кешенге гүлтәждар мен гүлдерді қою

Мамыр

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің шеруі

Жалғыз акционер белгілеген мерзімде

2010 жылға акциялар бойынша дивидендтерді төлеу

Тамыз

Қоғам қызметкерлері арасында спартакиада өткізу

Тамыз-қыркүйек

«Атырау халықаралық әуежайы» АҚ аэроалаңының жарамдылық (ҚР АПЖН) нормалары мен талаптарына сәйкестігін сертификаттау

Қыркүйек

«Қазақстан Республикасы азаматтық авиация субъектілерін күзгі-қысқы (көтемгі-жазғы) кезеңдегі жұмысқа дайындық ережесін бекіту туралы» ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының 29.11.2004ж. № 234 бұйрығына сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық жөніндегі ұйымдастыру және профилактикалық шаралар кешенін өткізуді бастау

Қазан

Атырау әуеторабы қызметкерлері арасында «Тіл күнін» өткізу

Қазан

«Атырау халықаралық әуежайы» АҚ 15 жылдығын мерекелеу

Қазан

Интегралдау менеджмент жүйесінің ресертификациялық аудиті

Қараша

Алдағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық жөніндегі ұйымдастыру және профилактикалық шаралар кешенін қорытындылау

Желтоқсан

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс

Оқиғалар күнтізбесі ресми құжат болып табылмайды.

Жоғарыда санамаланған мерзімдер мен оқиғалар (іс-шаралар) шамамен көрсетілген және өзгертілуі мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет