2012 жылдың 1 жартыжылдығы облыстық бюджетті атқару туралы ақпараты



Дата03.03.2016
өлшемі72.79 Kb.
#35549
2012 ЖЫЛДЫҢ 1 ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІ АТҚАРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТЫ
2012 жылдың 1 жартыжылдығына облыстық бюджет түсімдер бойынша жоспар 47 787,2 млн.теңге болғанда, толықтай 49 649,3 млн.теңгеге немесе 103,9%-ға атқарылды.
млн. теңге

 

Болжам

Нақты

Жоспарға атқару, %

Түсімдер

47787,2

49649,3

103,9

Кірістер, оның ішінде:

10201,8

12132,7

118,9

Салықтық түсімдер

9792,3

11805,7

120,6

Салықтық емес түсімдер

409,2

326,9

79,9

Негізгі капитал сатудан кірістер

0,4

0,1

13,8

Трансферттер түсімі, соның ішінде:

32019,6

31937,7

99,7

Субвенция

13746,2

13746,2

100,0

Нысаналы трансферттер

18273,4

18191,5

99,6

Бюджеттік кредиттерді өтеу

410,1

423,3

103,2

Қарыздар түсімі

5155,5

5155,5

100,0

Өз кірістері бойынша түсімдер (салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсімдер) болжам 10 201,8 млн.теңге болғанда, 12 132,7 млн.теңге немесе 118,9%.

Республикалық бюджеттен облыстық бюджетке 13 746,2 млн.теңге субвенция (облыстық бюджеттен жергілікті бюджетке берілетін бюджеттік қаражаттар) қарастырылды және алынды.

Нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша жоспар 32 019,6 млн.теңге, 31 937,7 млн.теңге түсті, бұл 99,7% құрайды.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттен облыстық бюджетке 5 155,5 млн.теңге сомасында қарыздар түсті.

Есепті кезеңге бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша атқарылу жоспар 410,1 млн.теңге болғанда, 423,3 млн.теңгені құрады.

2012 жылдың 1 шідесіне бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары 0,03 млн.теңгені құрады.

2011 жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда толықтай түсімдер 16 244,1 млн. теңгеге артты.





Облыс бюджетін шығыстар бойынша атқару
Шығыстар бойынша облыстық бюджет жоспар 47 787,2 млн.теңге болғанда, атқару 98,8% немесе 47 225,5 млн.теңге.

Республикалық трансферттер бойынша игерілу 17215,2 млн. теңгені немесе 95,9% құрады, соның ішінде ағымдағы – 12 253,7 млн. теңге, даму – 4 961,5 млн. теңге.




Олардың ішінде, Бизнестің жол картасы-2020 бойынша жоспардағы 362,4 млн. теңгеден игерілу 178,7 млн. теңгені немесе 49,3% құрады. Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы бойынша жоспардағы 4 378,4 млн теңгенің 4 094,0 млн.теңгесін немесе 93,5 пайызын құрады.




Әлеуметтік сала
Әлеуметтік сала бойынша шығыстар 4 функционалдық топтан құралады, атап айтсақ, білім беру; денсаулық сақтау; әлеуметтік қамту және әлеуметтік көмек; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік.

Білім беру бойынша қаражаттар 22 ағымдағы сипаттағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қаралды. Республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қаражаттар мынандай бағдарламаларды іске асыруға бағытталды:

- орта білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жаңа базасын құру үшін 30 химия кабинетін сатып алуға;

- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім беру тапсырысын іске асыруға;

- жетім балаларды және ата-ананың қарауынсыз қалған балаларды ұстаушы қамқоршысына (қамқорлыққа алушысы) айлық ақшалай қаражат төлеміне.

- 383 шеберлерге техникалық және кәсіптік білімге өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін, мұғалімдердің біліктілік деңгейін және әлеуметтік мәртебесін арттыру үшін, білім беру сапасын арттыру үшін үстеме ақы тағайындауға;

- 11417мектеп мұғалімдері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілерінің сыныптамалық дәрежесі үшін үстеме ақыға;

- «Назарбаев зияткерлік мектебі» ЖАҚ оқу бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдердің еңбек ақысын арттыруға.

Үйден оқытылатын мүгедек балаларға сапалы білім алуда тең жағдайлар жасау үшін 100 мүгедек балаларға жабдықтар мен бағдарламалық қамту сатып алуға қаражатттар бөлінді. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқу орындары қызметінің тиімділігі үшін жағдай жасау үшін еңбек және қоғам нарығының талаптарына сәйкес қаражаттар бес оқу орнын өндірістік жабдықтармен қамтуға бағытталды.

Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы шеңберінде қаражаттар даярлыққа, қайта даярлыққа және біліктілік арттыуға бағытталды. Бұл мақсаттарға 2012 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жсопарға сәйкес 571 127,0 мың теңге қарастырылды, игерілу 426 766,2 мың теңге немесе 74,7%. Мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үш бағыт бойынша жүргізіледі:

- даярлау (10 айлық оқыту мерзімімен) - 785 адам;

- қайта даярлау (3 ай) - 180 адам;

- біліктілік арттыру (1 аймесяц) - 134 адам және оқытуды жалғастыру (жете оқыту), 2009, 2010 және 2011 жылдарда қабылданғандар  - 2135 адам, барлығы – 3234 адам.

Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы шеңберінде оқушылар орны тапшылығын азайту және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қол жеткіліктілігін кеңейту, 5білім беру объектісіне күрделі жөндеу жүргізу үшін 328162 мың теңге бөлінді, игерілу 162765,3 мың теңгені құрады.


Денсаулық сақтау бойынша қаржыландыру 2011 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы 8 пайызға артты, яғни 13,9 млрд.теңгеден 16,4 млрд. теңгеге дейін.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы онкологиялық қызметті дамыту мәселелері бойынша іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен республикалық бюджеттен халыққа онкологиялық көмек көрсетуге 1,0 млрд.теңге немесе республикалық трансферттердің жалпы сомасынан 23,2 % қарастырылды. еРес

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде кең тараған аурулардың ерте анықтау мақсатында скрининг бойынша бағдарламаларды дайындауға көп көңіл бөлінуде. Бұл мақсаттарға 111,1 млн.теңге сомасында қаражат бөлінді, соның ішінде:

- "В" және "С" гепатитін анықтау үшін ересек жастағы және балалар тобына скрининг өткізуге;

- Рак ауруларын анықтауға әйелдерді скринингтік тексеруден өткізуге;

- Колоректальді рак ауруын анықтауға тұрғындарды скирнингтен өткізу;

- ересек жастағы тұрғвындарға тексеру өткіуге: артериалдық гипертензия, жүрек ишемиясы, қант диабеті,

600 млн.теңгеден астам мемлекеттік қаражаттар сомасы ауруларды туберкулезге қарсы, диабетке қарсы препараттармен, вакциналармен және басқа да иммунобиологиялық препараттармен қамту үшін, "В" және "С" гепатитімен ауыратын ересектер мен балаларды емдеу үшін препараттармен қамту үшін, амбулаторлық деңгейде онкологиялық ауруларды дәрілік құралдармен қамту үшін, миастения, ренальдық анемия және т.б. аурулармен ауыратын ауруларды амбулаторлық препаттармен қамту үшін бөлінді.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек үйымдарына, балалар және перзентхана ұйымдарына, облыстық және аудандық онкологиялық және кардиологиялық ауруханалардың диспансерлеріне 56 бірлік медииналық жабдық сатып алуға 700 млн.теңгеге жуық қаражат бөлінді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына облыстық бюджетте 8 млрд.теңгеге жуық қаражат қарастырылды, соның ішінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамытуға және орналастыруға – 3,1 млрд.теңге, тұрғын үй құрылысына - 1,7 млрд.теңге. 2,9 млрд.теңгеден астам қаражаттар ағымдағы жылы облыстың 13 елді мекендеріндегі су құбыры жүйелерін салу мен қайта жаңғыртуға бөлінді: Приуральное, Саралжын, Жаксыбай, Оян, Тасқала, Шыңғырлау, Ақсоғым, Пугачево, Аралтал, Болашақ, Жиекқұм, Бозай, Серебряково ауылдары және Орал қаласының жаңа 5 шағынаудандарын сумен қамту.
Облыстың Базартөбе, Базаршолан, Көлтабан, Құрсай, Тасмола, Қарасу, Томпақ, Беспішен, Қарауылтөбе ауылдарын газбен қамтуға 14,4 млрд.теңгеден астам қаражат қарастырылды.

Жолдарды қалпына келтіру, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін ағымдағы жылға 2,9 млрд.теңгеден астам қаражат қарастырылды, олардың есебінен Чапаево-Жаңақала-Сайхын, Ақсай-Шыңғырлау және Жымпиты-Қаратөбе бағытындағы тас жолдарға күрделі жөндеу жүргізіледі.

Ағымдағы жылы Жәнібек ауданы Қамысты ауылындағы және Орал қаласы 5 шағынауданындағы мектеп құрылысының аяқталуына 879 млн.теңге, Қызылтал ауылындағы балабақша құрылысының аяқталуына - 195 млн.тенңге.бағытталды.

Ақсай қаласында, Жаңақала ауылында, Зашаған кентінде үш емхана құрылысы басталды, оларға облыстық бюджетте 1,4 млрд.теңге қарастырылды.


Ауыл шаруашылығына ағымдағы жылы бюджеттен 2,8 млрд.теңге бағытталды, оның ішінен мал шаруашылығын қолдауға және оның өнімділігін арттыруға 1,6 млрд.теңгеге жуық, өндірістік тауарлардың аймақтық тұрақтандыру қорын қалыптастыруға 0,6 млрд.теңгеден астам, эпизоотияға қарсы шаралар өткіуге 0,3 млрд.теңге.

Шағын және орта бизнесті қолдауға 3,7 млрд.теңгеден астам қаражат бағытталды, соның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялауға, кредиттерді кепілтендіруге және бизнес жүргізуді сервистік қолдауға - 0,5 млрд.теңгеден астам қаражат, в рамках программы «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы шеңберінде бюджеттік кредиттерді ұсынуға және кәсіпкерлік негіздерін оқытуға - 3,2 млрд.теңгеден астам қаражат бағытталды.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет