Ұзақ қолданғанда қабылдамау синдромы (бүйрек үсті безінің жедел жетіспеушілігі)



бет1/2
Дата11.02.2024
өлшемі0.49 Mb.
#491578
  1   2
3 курс ОМ экз вопросы для студентов каз ЭКЗ 2022-23


700.Науқасты қарау кезінде бетінің әлсіз қызғылт бозарғаны, шөлдеу; ауыздың құрғауы, терісінің құрғауы мен тургорының төмендеуі; тынысы сирек, терең, шулы, тыныс алу кезеңі ұзарғаны, демалғанда аузынан ацетон иісі шығатыны; аяқ-қолдары бұлшықеттерінің тонусы төмендегені, бозарғаны және салқындағаны анықталды. Несепте көп мөлшерде қант бар. Диагноз қойып, осы жағдайды жоюға препарат тағайындаңыз... Қант диабеті, инсулин
701.Ұзақ уақыт Преднизолон препаратын қабылдаған науқаста препаратты тоқтатқанда аурудың асқынуы, қан қысымының төмендеуі, әлсіздік байқалды. Бұл көріністі немен байланыстыруға болады... Ұзақ қолданғанда - қабылдамау синдромы (бүйрек үсті безінің жедел жетіспеушілігі)
702.Аллергиялық конъюнктивитпен ауыратын науқас дәрігерге қаралды. Дәрігер ОЖЖ тежейтін әсері жоқ, антигистаминдік әсері ұзақ препарат тағайындады. Препаратты таңдаңыз... ДИАЗОЛИН
703.Көлік жүргізушісі дәрігерге амброзияның гүлдеуімен байланысты мұрыннан су ағуға, жөтелге, көзден жас ағуға шағымданды. Осы науқасқа аллергияға қарсы препарат тағайындаңыз... кетотифен. Кромолин натрий
704.Киікоты шөбінің гүлденуі кезінде пайда болатын аллергиялық ринитті емдеуге қолданылатын препаратты тағайындауды сұрап дәрігерге студент келді. Қандай препарат қолданған тиімді... кетотифен, кромолон натрий
705.Көктемгі кезеңде аллергиялық риитпен ауыратын 30 жастағы ер адам, мамандығы көлік жүргізушісі дәрігерге қаралуға келді. Дәрігер науқасқа шамалы седативті әсері бар және әсер ету ұзақтығы 24 сағат антигистаминдік препарат тағайындады. Науқасқа қандай препарат тағайындалды... Лоратадин
706.Аллергиялық дерматитпен ауыратын әйел апта бойы аллергияға қарсы препарат қабылдады. Осыдан кейін науқаста ұйқышылдық дамыды. Препаратты көрсетіңіз... димедрол (антигистаминдік препарат)
707.Аллергиялық дерматитпен ауыратын әйелге ОЖЖ-не тежегіш әсері жоқ антигистаминдік препараттардың ІІ-ші ұрпағынан препарат тағайындалды. Препаратты көрсетіңіз... Лоратадин

708.Ұйқысыздықпен ауыратын 35 жастағы науқастағы аллергиялық сипаттағы бөртпелер мен қышыманы емдеуге антигистаминдік және ұйықтататн әсерлері бар препарат тағайындалды. Препаратты анықтаңыз... димедрол,супрастин,дипразин
709.І-ші ұрпақтағы Н1-гистамин рецепторының тежегіші. Есекжем, шөптік қызба, вазомоторлық мұрыннан су ағу, қышымалы дерматит, аллергиялық конъюктивитте қолданылады. Тыныс демікпесінде тиімсіз. Седативті және ұйықтататын әсерлеріне қарай көлік жүргізушілерге, жылдам психикалық және қозғалыс реакцияларын қажет ететін мамандық иелеріне тағайындауға болмайды. Ганглиоблокаторлық әсер етеді, осыған орай артериялық қысымды төмендетеді. Препаратты анықтаңыз... димедрол, супрастин, дипразин
710.Мес клеткаларының тұрақтандыратын дәрі. Тыныс демікпесінің алдын алуға және кешенді емдеуге қолданылатын арнайы препарат. Қалта ингаляторы спинхайлер көмегімен ингаляция жасауға капсуладағы ұнтақ түрінде тағайындайды. Препаратты анықтаңыз... кромолин натрий
711.Адреномиметик. Анафилактикалық шокта, тыныс демікпесінің ұстамасын жоюға, дәрілерді қолданғанда болатын аллергиялық реакцияларда қолданылады. Гипертензияда, қант диабетінде, айқын атеросклерозда қолдануға болмайды. Препаратты анықтаңыз... адреналин
712.Инфекциялық полиартритпен ауыратын науқас ұзақ уақыт қабынуға қарсы дәрі қабылдады. Біршама уақыттан кейін науқаста бетінің ісінуі байқалып,дәрігерге қаралды. Несепте белок пен эритроциттер анықталды. Науқас қандай препарат қабылдады... бутадион
713.Науқас дәрігерге асқазанның жара ауруының асқынуына шағымданып келді. Эпигастрий аймағындағы ауырсыну, жүрек айну, қара нәжіс (мелена), әлсіздік пайда болды. Анамнезінен науқас екі апта бойына қызу және бас ауырумен жүретін салқын тиіп ауруына байланысты препарат қабылдағаны анықталды. Науқас қандай препарат қабылдады... ацетилсалицил қышқылы
714.Индолсірке қышқылының туындысы, күшті стероидты емес қабынуға қарсы препарат. Ревмакардитті, арнайы емес инфекциялық полиартритті, тромбофлебитті және де басқа қабынумен бірге жүретін ауруларды емдеуге қолданылады. Асқазанның және он екі елі ішектің жара ауруларында, жүктілікте, бала емізетін әйелдерге қолдануға болмайды. Оны қолданғанда бас айналуы мүмкін, осыны науқасқа ескерту керек. Кейде галлюцинация, депрессия сияқты психикалық бұзылыстар байқалады. Бұл жағдайды көлік жүргізушілеріне және станокт а жұмыс істейтін адамдарда препаратты қолдану кезінде ескеру керек. Препаратты анықтаңыз... индометацин
715.Фенилпропион қышқылының туындысы. Қабынуға қарсы, анальгетикалық және қызу түсіретін әсерлері бар. Қабынуға қарсы әсері бойынша бутадионға жақын. Ревматоидты артриттің буындық және буыннан тыс түрлерін емдеуге қолданады. Препаратты анықтаңыз... ибупрофен
716.ЦОГ-2 таңдамалы тежегіші. Қабынуға қарсы және анальгетикалық әсерлері бар. Қабынуға қарсы әсерінің механизмі гемостазға әсер етпей бос оттектік радикалдардың түзілуін тежеумен байланысты. Остеоартритте, буыннан тыс ревматикалық ауруларда, ауырсыну мен қабыну процесстерінде қолданылады. Препараттың аз мөлшерінде де асқазан-ішек жолдарына айқын теріс әсер етеді. Препаратты анықтаңыз... целекоксиб
717.Бұл топтың препараттары ревматизмді, ревматоидты артритті, коллагеноздарды, тыныс демікпесін, нейродерматиттерді, экземаны емдеуге қолданылады, себебі олардың қабынуға, аллергияға және шокқа қарсы әсерлері бар. Оларды ұзақ қолданғанда гормондар биосинтезін тежеу арқылы бүйрек үсті безі қызметінің тежелуін ескеру керек. Препаратты анықтаңыз... глюкокортикоид (стериодты қабыну қарсы препарат)
718.Ревматизмде қолданылатын ұзақ иммуносупрессивті әсері бар препарат. Клетканың өліміне әкелетін, қабыну ошағын биоэнергетикалық қамтамасыз ететін, АТФ синтезін азайту арқылы қабыну процессіне әсер етеді. Препараттың аритмияға қарсы әсері бар, сондай-ақ безгекке қарсы дәрі ретінде әйгілі. Қарсы көрсеткіштеріне көздің торлы қабығының аурулары, бауыр паренхимасының зақымдануы, цитопения жатады. Препаратты анықтаңыз... Хингамин
719.Фенилсірке қышқылының туындысы. Айқын қабынуға қарсы, анальгетикалық және қызу түсіретін әсерлері бар, тромбоциттердің агрегациясын тежейді. Препарат ревматоидты артритте, остеоартрозда тиімді. Басқа стероидты емес қабынуға қарсы дәрілермен салыстырғанда науқас жақсы көтереді. Дәрінің көп мөлшерін қабылдағанда бас ауруы, мұрыннан қан кету, микрогематурия, аллергиялық бөртпелер байқалады. Препаратты анықтаңыз... диклофенак натрий
720.Оксикамдар тобынан стероидты емес қабынуға қарсы дәрі. Бензотиазин туындысына жатады, фйқын қабынуға қарсы, анальгетикалық және қызу түсіретін әсерлері бар. Ұзақ әсер етеді. Жедел ауыр жағдайларда көп мөлшерде тағайындайды. Анальгетикалық әсері ішкеннен соң 30 минуттан кейін, ал қабынуға қарсы әсері емдеу басталғаннан бірінші апта соңында басталады. Буын ауруларында, жұмсақ тіндер мен тірек-қимыл аппаратының жарақаттық қабынуларында қолданылады. Препаратты анықтаңыз... пироксикам, лорноксикам
721.Энолий қышқылының туындысы, ЦОГ-2 таңдамалы тежегіші (ЦОГ-2 тежеуі басқа препараттармен салыстырғанда өте жоғары). Қабынуға қарсы және анальгетикалық әсер көрсетеді. Ревматоидты артритте, остеоартритте, артрозда, буындардың дегенеративті ауруларындағы ауырсыну синдромында симптоматикалық дәрі ретінде қолданылады. Асқазан-ішек жолдарының жоғары бөлімдерінің ауруларында, сондай-ақ антикоагулянттармен емдеу барысында мұқият қолдану қажет. Препаратты анықтаңыз...
722.Айқын құрттарға қарсы және иммнитетті күшейтетін әсерлері бар, клеткалық иммунитетті (макрофагтарды, Т-лимфоциттер-супрессорларды, аз дәрежеде Т-хелперлерді белсендіреді) күшейтеді, антидене өімін өзгертпейді, фагоциттердің (миграция, хемотаксис) белсенділігін жоғарылатады. Иммунитет жетіспеушілік жағдайларында (мысалы, гаммаглобулинемия), созылмалы инфекциялық ауруларда, қайталаатын инфекцияларда қолданылады. Препаратты анықтаңыз... Левамизол(декарис)
723.Іш жүргізетін әсері бар антацидті дәріні белгілеңіз... магний тотығы
724.Ащы заттардың әсер ету механизмін көрсетіңіз... тәбетті жоғарлатады
725.Асқазанның кілегей қабатының зақымдаушы факторларға төзімділігін арттыратын дәріні белгілеңіз... мизопростол,карбеноксолон
726.Сульфенамидтің белсенді метаболиті болып саналатын дәрі алды секрецияға қарсы дәріні белгілеңіз... Омепразол
727.Жедел және созылмалы диареяда қолданылатын фенилпиперидиннің туындысын таңдаңыз... лоперамид
728.Майда еритін заттармен уланғанда іш жүргізетін дәрі ретінде қандай препарат қолданылады...
729.Өттің түзілуін күшейтетін өсімдік текті дәріні белгілеңіз... Холосас
730.Препаратты анықтаңыз: М-холинорецепторларды тежейді асқорыту бездерінің сөлінісін төмендетеді түйілулерде қолданылады глаукомада қолдануға болмайды... атропин (пирензепин)
731.Препаратты анықтаңыз: асқазан мен он екі елі ішектін жара ауруларында қолданылады асқазан сөліндегі хлорлы сутекті қышқылды бейтараптайды адсорбциялаушы қасиеті бар іш қатуды туғызуы мүмкін... алюминий гидрототығы
732.Препаратты анықтаңыз: ОЖЖ-не жақсы өтеді орталық және шеткі дофамин рецепторларын тежейді кең спектрлі гастрокинетикалық және құсыққа қарсы дәрі ретінде қолданылады гиперпролактинамия мен паркинсонизм белгілерін туғызуы мүмкін... метоклопрамид (церукал)
733.Сана препараттарының іш жүргізетін әсерінің механизмін көрсетіңіз... тоқ ішек рецепторын тітіркендіріп,су мен электролит сіңірілуін кідіртіп,перистальтиканы күшейтеді
734.Асқазан безінің жетіспеушілігінде қолданылатын орын басушы терапияның дәрісін көрсетіңіз... табиғи, жасанды асқазан сөлі,пепсин, сұйытылған сутек қышқылы
735.Жүйелік алкалоз туғызатын антацидтік препаратты белгілеңіз... натрий гидрокарбонаты
736.Сибутраминнің қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсетіңіз... тәбет төмендетін
737.Сана, рауғаш, сынғақ итшомырт препараттарының әсері неше сағаттан кейін дамиды... 8-12 сағ кейін
738.Антацидті дәрілердің әсер ету принципі қандай...хлорлы сутек қыш бейтараптау
739.Құсыққа қарсы қолданылатын серотониндік 5-НТ3-тежегіштерінің қолданылуын белгілеңіз... (ондастерон) қатерлі ісік химиятерапия,сәуле ауруында болатын құсу алдын алу
740.Өсімдік текті гепатопротекторлық дәрілерді көрсетіңіз... Легалон
741.Лейкопоэзді тежейтін дәріні белгілеңіз... новэмбихин
742.Гирудиннің рекомбинантты препаратын таңдаңыз...лепирудин (рефлудан)
743.Алтеплазаның әсер ету механизмін көрсетіңіз... Негізінен тромбта әсер ететін фибринолитикалық дәрі (профибринолизиннің тіндік активаторы)
744.Варфариннің әсер ету механизмін көрсетіңіз... бауырда протромбиннің өндірілуін тежейді әсері тікелей емес антикоагулянт
745.Тромбоциттердің пурин рецепторын тежейтін антиагреганттық дәріні таңдаңыз... тиклопидин, клопидогрел


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет