АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКАНОМИҚАЛЫҚ ДАМУЫ
Бюджет
Аудан бюджетіне 377,4 млн.теңге көлемде кіріс түсіп, 101,3 пайызға орындалды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 37,3 млн. теңгеге артты.
2014 жыл ішінде аудан бюджеті трансферттер мен субвенциялардың түсімімен бірге 3 млрд. 449,6 млн.теңгені құрап, жоспар 100,1 пайызға орындалды.
Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 2014 жыл ішінде 3 млрд. 465,6 млн.теңгеге орындалып немесе 99,9 пайызды құрады.
Бюджет саласындағы қызметкерлердің еңбекақылары мен жәрдемақылары уақытында төленуде.
Ауыл шаруашылығы
Агроөнеркәсіп кешені аудан экономикасының негізгі саласы болып табылады.
Жалпы ауыл шаруашылығы өнімі 2014 жылы 11,0 млрд.теңгені құрап, физикалық көлем индексі 103,7% құрады, оның ішінде мал шаруашылығының өнімі 8,2 млрд.теңгені немесе 105,1% құраса, өсімдік шаруашылығының өнімі 2,8 млрд. теңгені немесе 101,8 пайызды құрады.
Ет өнімдері 7537,9 тоннаға немесе 102,2 пайызға, сүт 48 644,2 тоннаға немесе 103,3 пайызға, жұмыртқа 4 млн. данаға немесе 103 пайызға өндірілді.
Ірі қара мал басының саны 33,7 мың басты немесе 102,6%, қой және ешкі 46 мың басты немесе 100%, жылқы 8 мың басты немесе 104,4%, шошқа 1 мың басты немесе 43,5%, құс 51,9 мың басты немесе 159,3% құрады.
«ҚазАгроФинанс» АҚ-ң қаражаттары арқылы «Бестерек» фермерлік қожалығымен қазақтың ақ бас тұқымды малын сатып алуға арналған жобасы іске асырылып, лизингке жалпы сомасы 64,1 млн. теңгеге 155 ірі қара малы сатып алынды.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Саттаров» шаруа қожалығымен Алтай Республикасынан 200 бас қазақтың ақ бас тұқымды малы және Ресей Федерациясының Алтай өңірінен жалпы сомасы 34,2 млн. теңгеге Герефорд тұқымды 7 бас мал сатып алынды.
«Бекарыс» фермерлік қожалығы тауарлы-сүт фермасын салып, өз қаражаты есебінен жалпы сомасы 6,6 млн. теңгеге ауыл шаруашылығының техникаларын сатып алды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы алынған 3 млн. теңгеге ірі қара мал сатып алынып, мал саны 62 сиырды құрады. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасына қатыса, 4,4 млн. теңге мөлшерінде субсидия алынды. Жоспар бойынша тауарлы-сүт фермасы 2015 жылдың 2-тоқсанында іске қосылатын болды.
Мал шаруашылығының дамуына төленген субсидиялардың жалпы сомасы 116,8 млн. теңгені құрады.
21,9 мың гектар астық жиналып, жиналған астықтың орташа түсімі гектарына 11,1 центерді құрады.
Өсімдік шаруашылығының дамуына төленген субсидиялардың жалпы сомасы 102,2 млн. теңгені құрады.
Шағын бизнес
Ауданда 1344 шағын кәсіпорын субъектілері жұмыс істейді. Тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының саны 56 бірлікті құраса, оның ішінде белсенді кәсіпорындар саны 22 бірлікті құрады.
2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айы ішінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 198,7 млн.теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 208,7 пайызға жетті.
2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айы ішінде негізгі капиталға тартылған инвестициялар 1392,6 млн. теңгені құрады.
Үйлестіру кеңесінің отырысына Бесқарағай ауданынан 4 өтініш жолданып, барлығы қарастырылды:
1.«Сат-Никель» ЖШС-ң «Кобальт-никелді өнім алу бойынша зауыт құрылысы» инвестициялық жобасы. 600–ден астам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етілетін болады, инвестициялық жобаның жалпы құны 33 млрд. теңгені құрайды.
2. Екі инвестициялық жоба қаралып, инновация элементерінің жоқтығына байланысты қабылданбады, олар:
а) «Е.Т.Арбиев» шаруа қожалығының базасында 2000 басқа арналған мал бордақылау аланың құру». Бүгінгі күні 900 бас ірі қара мал әкелінді.
б) «iSunplast» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің полиэтилендік құбырларды өңдіру бойынша сомасы 51,5 млн. теңге жобасы.
3. Сомасы 68 млн.теңгеге «Биоотындық брикеттерін өңдіру бойынша» «Эко-Отын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жобасы қаралып, түзетуге қайта жіберілді.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру аясында келесі іс-шаралар жүргізілді:
1. 2015-2016 жылдарға жалпы сомасы 1 млрд. 773,7 млн.теңгеге «Гидромелиоративті кешен құрылысымен «Жаңбыр» агроөнеркәсіптік алаңы» жобасын іске асыру жоспарланды.
2. Сомасы 30 млн.теңгеге «Балке» шаруа қожалығының «Тауарлы-сүт фермасын қайта жаңғырту» жобасы әзірленді, бірақ жоба қабылданған жоқ. Жобаны «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында мақұлдау үшін қайта жолданды.
«Даму-Өндіріс» бағдарламасы аясында сомасы 37 млн. теңгеге сүт өнімін өңдеу бойынша құрал-жабдық сатып алу үшін «Қаликанұлы» шаруа қожалығының жобасы іске асырылуда.
Әлеуметтік сала
2014 жылы 374 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылып, жылдық жоспар 143,8 пайызға орындалды. Жұмыссыздар деңгейі 0,6 пайызды құрайды (облыстық жұмыссыздар деңгейі 0,6 пайыз).
Жұмыссыздар саны 64 адамды құрайды.
Жұмысқа орналасуға 613 адам өтініш білдіріп, 299 адам жұмысқа орналасты немесе 48,8 пайыз құрады.
Білім беру
Ауданда 22 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 1 бастауыш, 3 негізгі және 18 орта мектеп жұмыс істейді. Мектептер бойынша оқушылар контингенті – 2915 құрайды. Оңтайландыру жүргізіліп, Бөкебай және Бірлік бастауыш мектептері жабылды. Балалар Н.Баймұратов атындағы және Глуховка орта мектептеріне автобуспен жеткізіледі.
Аудан мектептерінде 727 баланы қамтыған 38 шағын орталық бар. Мектеп алды мекемелеріне қатысатын балалардың жалпы саны 952 баланы немесе қамту 97,8 пайызды құрады.
2015 жылы Өндіріс орта мектебінде 25 орынға арналған толық күнді шағын орталығының ашылуы жоспарлануда.
Барлық 22 мектепте ыстық тамақтану ұйымдастырылды немесе 100 пайызды құрайды.
Демеушілердің есебінен аудан мектептері сүт және балмен 100 пайызға қамтылған.
ҰБТ қорытындылары бойынша ауданда орташа балл 73,2 пайызды құрады, бұл 2013 жылдың балл көрсеткішінен 7,2 пайызға жоғары (66 балл).
Ауданда балалар саз мектебі және Шығармашылық үйі жұмыс істейді.
Ағымдағы жылы апатты мектептердің орнына екі жаңа мектептің құрылысына 180 млн.теңге сомада ақша қаражаттары бөлінді. Қазіргі кезеңде 80 орынға арналған Башкөл орта мектебінің құрылысы жоспарға сәйкес жүргізілуде, жұмыстарды ағымдағы жылдың қаңтар айында аяқтау жоспарлануда. 80 орынға арналған Мостик орта мектебінің құрылысын 2015 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда.
2014 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ауданның 3 мектебінде күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді:
- Канонерка орта мектебі - сомасы 32,2 млн.теңгеге ғимараттың күрделі жөндеуі,
- Б-Владимировка орта мектебі - сомасы 23,6 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу,
- Семеновка орта мектебі - сомасы 39,9 млн.теңгеге ғимараттың ағымды жөндеуі.
Сомасы 4 млн.теңгеге Қоянбай орта мектебінің 25 баланы қамтумен толық күнді шағын-орталығының ағымды жөндеуі аяқталды.
Бөдене орта мектебінде 2,9 млн.теңге сомада химия кабинеті сатып алынды.
2014 жылы маусым айында сомасы 234,5 млн.теңгеге «Айналайын» бала-бақшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Сомасы 26,1 млн.теңгеге Кривинка орта мектебі қазандығының қайта жаңарту, сомасы 26,2 млн.теңгеге Глуховка орта мектебі қазандығының қайта жаңарту, сомасы 1,3 млн.теңгеге Б-Владимировка орта мектебі қазандығының ағымды жөндеу жұмыстары аяқталды.
Денсаулық сақтау
Аудандағы медициналық қызмет көрсету аудандық орталық ауруханамен, 7 дәрігерлік амбулаториямен, 3 фельдшерлік–акушерлік және 15 медициналық пунктерімен іске асырылады.
Ауданда 41 дәрігер және 123 орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді.
Кадрлар тапшылығы жоқ. 2014 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 13 жас маман жұмысқа алынды.
261 сәби дүниеге келді. Соңғы 3 жыл ішінде ауданда аналар өлімі тіркелген жоқ. 2014 жылы сәби өлімі 25 пайызға төмендеді.
2014 жылы туберкулезбен алғашқы науқастану 12 пайызға төмендеді.
Өлім 2013 жылмен салыстырғанда 22,7 пайызға төмендеді.
Құрылыс
2014 жылы баспананы пайдалануға беру 2567 шаршы метрді құрап, 2013 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны - 128,8 пайызды құрайды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 1956,5 млн.теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 56,3 пайызды құрайды.
«Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2010 жылдан бастап «Фирма «Азия» ЖШС-гі мердігерімен «Бесқарағай ауылының су құбыры жүйесін қайта жаңарту» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2014 жылға 288,5 млн.теңге қаражат бөлінді, нысан мемлекеттік қабылдау комиссиясымен қабылданды.
2014 жылдан бастап сомасы 217 млн.теңгеге «Құрылыс» ЖШС-мердігерімен «Өндіріс ауылындағы су құбыры жүйесінің құрылысы» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. 202,6 млн. теңге игерілді. Қалған сомасы 2015 жылға қарастырылған.
Сомасы 51,6 млн.теңгеге Бесқарағай ауылындағы колледж қоғамдық-тұрмыстық корпусын абаттандыру, сыртқы инженерлік желісінің құрылысы аяқталды.
2014 жылы тамыз айында сомасы 81,1 млн.теңгеге Глуховка ауылында дәрігерлік емхананың құрылысы аяқталды. Сомасы 62,4 млн.теңгеге аудандық емхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Бесқарағай ауылындағы спорттық алаңды қайта жаңарту» объектісі бойынша 2014 жылы облыстық бюджеттен 55,2 млн.теңге қаражат бөлінді. Нысан пайдалануға берілді.
Бесқарағай ауылында сомасы 186,3 млн.теңгеге денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. 2015 жылдың сәуір айында жұмыстары аяқталады.
Жалпы сомасы 102 млн.теңгеге «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының қатысушыларына «ЖармаҚұрылыс-Газ» ЖШС мердігерлік ұйымымен 34 дана блок-модуль (вагон) жеткізілді.
Келесі жобалар бойынша жобалық-сметалық құжаттама өңделуде:
- сомасы 7,9 млн.теңгеге «Қарағайлы ауылының су құбыры және су іркуіш ғимаратының құрылысы» жобасы мемлекеттік сараптама қарастырылуда;
- сомасы 9,3 млн.теңгеге «Ерназар ауылының су құбыры және су іркуіш ғимаратының құрылысы» жобасы мемлекеттік сараптама қарастырылуда;
- сомасы 3,5 млн.теңгеге «Долон ауылында 80 орынға арналған жасөспірімдер мен балаларға қызмет көрсетуге арналған сауықтыру кешенінің құрылысы» жобасы мемлекеттік сараптама қарастырылуда;
- сомасы 4,5 млн.теңгеге «Бесқарағай ауылында өнер мектебі ғимаратының құрылысы» жобасы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының аясында 29 жасқа дейінгі жастарға арналған жалпы сомасы 39,9 млн.теңгеге қайта жаңартудан өткен көп қабатты тұрғын үй сатып алынды.
Ауданда «Семей Орманы» МОТР 6 филиалы жұмыс атқарып жатыр.
«Семей Орманы» МОТР Қара-Мырза филиалында Дүниежүзілік банкінің қаражаттары есебінде орман тұқымды стансасының құрылысы басталды, оның ішінде құрылыс жұмыстарға 600 млн.теңге, құрал-жабдықтарды сатып алуға 685 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күні құрылыс-монтаждау жұмыстары 500 млн. теңге сомада орындалды.
«Семей Орманы» МОТР Беген филиалында қызметкерлері үшін жалпы құны 66 млн. теңге 600 шаршы метр үш 2-пәтерлі үй салынуда.
Жарықтандыру
Жалпы сомасы 17,7 млн.теңгеге Бесқарағай ауылының Пушкин, Жабаев, Сейфуллин, Әуезов көшелерінде көше шамдары орнатылды.
Бесқарағай ауылында сомасы 1,7 млн.теңгеге заманауи «Сырға» жарығы орнатылды.
Абай ауданының демеушілік көмегінің есебінен Бесқарағай ауылының Шәкәрім көшесінде 14 дана тірек орнатылды.
Абаттандыру және санитария
Сомасы 6 млн.теңгеге Бесқарағай ауылы Партизанская көшесі бойында Абай ескерткіші абаттандырылды.
Үржар ауданының демеушілік көмегі есебінен Бесқарағай ауылының кіре берісіне стелла орнатылды, Зайсан ауданымен Бесқарағай ауылына жануарлар түрінде 7 архитектуралық форма жасалып әкелінді. Жарма ауданымен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының әкімшілік ғимаратының жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сумен жабдықтау
Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 10542 адам немесе 50,5 пайызға қамтылды.
Жол саласы
Автомобиль жолдарының жұмыс істеуіне жергілікті бюджеттен 30 млн. теңге ақша қаражаты бөлінді, оның ішінде 24 млн.теңге – ұстау үшін, 6 млн.теңге – қысқы ұстау үшін.
«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендердің дамуына жалпы сомасы 22,3 млн.теңге ақша бөлініп, 2 шақырым ұзындықтағы Ерназар ауылы, Ленин көшесінің орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Облыс маңызындағы «Семей-Долон-Сосновка-Қоянбай» автомобиль жолдарына 134-144 шақырым ұзындықта орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыс бюджетінің қаражатынан 172,5 мың теңге бөлінді.
Сомасы 21,2 млн.теңгеге Пушкин-Сейфуллин, Елистратов – Әуезов, Әуезов–Тәуелсіздік көшелерінің даңғылында бағдаршамдар орнатылды.
Шемонаиха ауданының демеушілік көмегі есебінен Бесқарағай ауылының Партизанская көшесін асфальттау бойынша жұмыстар жүргізілді.
2013 жылдан бастап Семей қаласынан Павлодар қаласына дейін республикалық автокөлік жолының құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күні 2,3 млрд.теңге сомада Семей қаласынан Жыланды ауылына дейін 30 шақырым жол салынды. Осы жолдың құрылысы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілген.
Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту
Ауданда бір басылым-аудандық қоғамдық саяси газеті «Бесқарағай тынысы» тіркелді.
19 кітапхана, аудандық Мәдениет үйі, 3 ауылдық клубы, 1 аудандық Достық үйі, 1 аудандық Ардагерлер үйі, 6 үкіметтік емес ұйым, 7 этномәдени бірлестіктер жұмыс атқаруда.
«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, «Ақжол» партиясының, коммунистік партиясының және «Ауыл» партиясының өкілдіктері өздерінің қызметтерін іске асыруда.
«Туған жерге тағзым» қайырымдылық акциясының аясында жалпы сомасы 56,6 млн.теңгеге 40 жоба жоспарланған. Сомасы 43,5 млн.теңгеге 35 жоба іске асырылды.
Қоғамдық қауіпсіздік және құқық сақтау тәртібі
2014 жылы жалпы қылмыстарды ашу деңгейі 69,2 пайызды құрады (2013 жылы - 73 пайыз).
2014 жылы 10 мың адамға шаққанда қылмыстын деңгейі 81,2 пайыз, 2013 жылы - 81,4 пайызды құрады.
Бесқарағай ауданы аумағында 165 қылмыс тіркеліп, тіркелген қылмыстардың ішіндегі 3 ауыр қылмысқа, 134 орташа ауыр қылмысқа, 28 аса ауыр емес қылмысқа жатады.
Есептік кезеңінде 38 қылмыс ашылмай қалды.
Барлығы 476 құқық бұзушылық анықталып, 11,2 млн. теңге сомада айыппұл салынды.
Жоғары аталған жұмыстармен қатар әлі де болса шешімін таппай жүрген мәселелер, 2015 жылы белгіленген жағдайларды талап ететін тапсырмалар, жұмыстар бар.
Ауданда «Жаңбыр» агроөнеркәсіп алаңы» Бесқарағай ауданында Гидромелиоративтік құрылысы» жобасы бар. Жобамен Жетіжар ауылдық округінің бұрыңғы Семияр және Кривинка совхоздарының аумақтарында суармалы жерлерді суару үшін 4041 гектарлы суарғыш желілерді қалпына келтіру қарастырылуда. Жобаның жалпы сомасы 1 млрд. 773,7 млн.теңгені құрайды. 2015 жылға жобаны іске асыруға 803,9 млн.теңге сомада қаражат қарастырылған.
2015 жылы мына жобалар бойынша жұмыстар аяқталуда:
- Баскөл ауылында 80 орынға арналған мектептің құрылысына - 130,7 млн. теңге;
- Мостик ауылында 80 орынға арналған мектептің құрылысына - 239,8 млн. теңге;
- Бесқарағай ауылында 160 орынға арналған денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына - 45,5 млн. теңге.
2015 жылға «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Өндіріс ауылындағы орта мектебінің жылу беру жүйесінің және ғимаратының ағымды жөндеуіне 22,5 млн.теңге бөлінді.
2015 жылға жергілікті бюджет қаражаттары есебінен қарастырылғаны:
- Мостик ауылында су құбырлары құрылысына ЖСҚ-ны әзірлеуге - 9 млн. теңге сома;
- Башкөл ауылында су құбырлары құрылысына ЖСҚ-ны әзірлеуге - 9, млн. теңге сома;
- орталық алаңды абаттандыру және аудандық орталықтың көшелерін асфальттауға.
Достарыңызбен бөлісу: |