«2012 жылдың 1 тоқсандағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингтік көрсеткіштерін орындау туралы» облыс әкімдігінің мәжілісіне



Дата24.02.2016
өлшемі56.41 Kb.
#17401
«2012 жылдың 1 тоқсандағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингтік көрсеткіштерін орындау туралы» облыс әкімдігінің мәжілісіне

ақпарат

2011 жылдың қорытындысы бойынша облыстың қалалары және аудандары рейтингінде аудан әлеуметтік-экономикалық дамуы ұстанымында 17 орында.

2011 жылдың қорытындысымен салыстырғанда ұстаным кесінінде ауданның көрсеткіші жақсарды. Сонымен, 2011 жылдың қорытындысы бойынша 6-10 ұстаным тобында аудан 3 орын, 2012 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша 9 орынды иеленді. Жыл қорытындысының 11-19 ұстаным тобы бойынша 12 орын, 2012 жылдың 1 тоқсаны бойынша тек 7 орында.

Негізгі каприталды инвестициялау көлемінің физикалық индексі бойынша жыл қорытындысымен салыстырғанда көрсеткіштер жақсарды: (95,9 % (16 орын)/151,9% (8 орында), ауыл шаруашылығының жалпы өнімі (97,7 % (18 орын)/102,2 % (12 орын), құрылыс жұмыстары (109,6 % (11 орын)/203,5 % (6 орын),туу деңгейінің өзгеруі (93 % (13 орын)/ 115,4 (5 орын), өлім деңгейінің өзгеруі (100,6 % (11 орын)/ 77,9 % (5орын), туберкулез ауруымен ауырғандардың деңгейінің өзгеруі (94,6 % (12 орын) / 78 % (7 орын), қылмыс деңгейінің өзгеруі (107,1 % (2 орын)/ 85,5 % (1 орын).

Бюджеттің өз табыстары көлемінің өсу қарқыны бойынша серпіні төмендеді (114,1 % (15 орын)/ 87,3 % (18 орын), мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсімінің қарқыны (114,9 % / 97,8 % (17 орын), сапалы ауыз сумен қамтылған тұрғындар санының өсу қарқыны (100,5 (14 орын)/ 99,7 % (18 орын), қылмысты ашу деңгейінің өзгеруі (91,5 % (3 орын)/ 73,2 (14 орын).

Өндірістік өнімнің физикалық көлемінің индексі 126,0 % құрады, соның ішінде тау-кен өндірісінде- 117,0 %, өңдеуде- көрсеткіш 2011 жылдың деңгейін 6,5 есе артық орындалды, соның ішінде азық-түлік өнімдерін өндіруде физикалық көлемінің индексі- 165,9 %.

Ауданның 3 ірі өндірістік кәсіпорындарында жаңа жұмыс орындарын құру және өндірістік өнімнің көлемін арттыруға бағытталған, инвестициялық жобаларды іске асыру басталды.

1. «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Николаев байыту фабрикасын қайта құру (жоба индустриализациялау картасына енгізілді).

2. «Шемонаиха ұн-құрама жем комбинаты» ЖШС ұн және құрама жем өндіру бойынша құралдарды жаңарту

3. «Востоксельхозпродукт» ЖШС күнбағыс майын құтыларға құю, тазарту және ақтау бойынша цехты жаңғырту

Аталған жобалар бойынша индустриализациялау картасына кейін енгізу үшін Үйлестіру кеңесінің қарауына құжаттардың пакеті дайындалуда.

Жобаларды іске асырудан күтілетін нәтиже:

92 жаңа жұмыс орындарын құру, өндірістік өнімнің көлемін 18 % арттыру.



Тоқсанның қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің физикалық көлемінің индексі 102,2 % құрады.

1 тоқсанның қорытындысы бойынша аудан шаруашылықтарының барлық санаттарында 7,1 мың бас бұзаулар (2011 жылға 130% ) бұл ІҚМ басының санын өткен жылмен салыстырғанда көрсеткішті шығаруға және ІҚМ басын 30,7 мың басқа жеткізуге ықпал етті. Ет өндіру 100,6 %, сүт өндіру 103,0 % құрады. Ауданның шаруашылықтары өз қаражаттары есебінен бруцеллез ауруының алдын алу үшін 82 штамм екпе дәрілерін сатып алуда. Бұл шара малды сауықтыруда оңды рөл атқарады. Ауданды ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін «Шемонаиха ауданының ветеринарлық қызметі» КМҚМ құрылды.

Ауданда ІҚМ басын бұдан әрі өсіруде ағымдағы жылы келесі бағыттар жоспарланды:

- өз қаржысы есебінен сауын сиырларды көбейту «Камышинское» ш/қ -120 бас, «Шемонаихинское» ш/қ-100 бас, «Выдрихинское» ЖШС-200 бас, «А.В.Шипулина» ш/қ -40 бас, «ДеВита» ЖШС-30 бас, барлық ІРМ басыын 290 жеткізу.

- Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында 350 бас ІҚМ сатып алу;

- «КазАгроФинанс» АҚ»- арқылы «Герефорд» тұқымды 90 бас ІҚМ сатып алу.

Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша 1030 бас мал сатып алынады.

Тағы бір нәтижелі қорытынды, жалпы табында 50 % асыл тұқымды малдың үлесі артады (бүгінгі күні көрсеткіш 47 % құрайды).

Ауданда себу науқаны басталды. 2012 жылдың өніміне 86 мың га жер жыртылды (2010 жылмен салыстырғанда 103 %), ылғалды сақтау технологиясы бойынша 35,8 мың га жерге күнбағыс және бидай дақылдарын себуге аумақ дайындалып, 2011 жылдың деңгейі жоғары немесе 5,3 мың гектар. Шаруашылықтар 812 тонна тыңайтқыш сатып алды. Аудан тұқыммен толық қамтамсыз етілген (19,0 мың тонна), соның ішінде 1-2 сыныпты-82 %, 3 сыныпты- 18 %. Жалпы аудан бойынша себу аумағы 137 мың гектар, облыс әкімінің себу аумағын 400 га жеткізу бойынша тапсырмасы орындалады. Суармалы аумақ ағымдағы жылы 500 гектарға дейін жеткізіледі. Аталған бағыт бойынша ауданның жағдайын жақсарту мақсатында ауыл шаруашылық құрылымдарын ірілендіру жұмыстары жүргізілуде. Себу құрылымдарында астық және бұршақ дәнді дақылдарын себу аумағы 3,9 мың гектарға үлкейтіліп және 85,3 мың немесе 65% көктемгі себуді құрайды, күнбағыс себу аумағы 0,4 мың гектарға төмендейді, жалпы 35,6 мың гектар немесе 27 %, рапс және софлорды себу аумағы 0,7 мың гектарға көбейеді және 2,4 мың га құрайды. Себу науқанына 686 дана техника жұмылдырылып, соның ішінде 47 дана техника 2011 жылы сатылып алынды.

Шағын ауыл шаруашылық құрылымдарды ірілендіру бойынша 2011 жылы 18 шаруа қожалықтары жер телімдерін ірі серіктестіктерінің Жарғылық капиталын өткізді. Қазіргі уақытта Волчанка округінде жалпы аумағы 4300 және 8400 гектар жері бар екі шаруашылықты біріктіру бойынша құжаттар рәсімделу үстінде. Каменев округінде 50 шаруа қожалықтарын біріктіру бойынша, Выдриха округінді 9 шағын ауыл шаруашылық құрылымдарын біріктіру бойынша құжаттар рәсімделуде.

Ағымдағы жылы ауданның ауыл шаруашылығында 4 инвестициялық

жобаларды іске асыру басталды:

1. 30 мың жұмыртқадан балапандар шығару бағытындағы, 2500 бас құсқа арналған шағын құс-фермасының құрылысы

2. 500 га картофель және көкөністерді суаруға 2 қондырғысын сатып алу;

3. Чехиядан 300 бас ІҚМ сатып алу

4. Даниядан «Герефорд» асыл тұқымды 90 бас мал сатып алу;

5. Суару жүйесін салу, 294 га картофель және жемістерді суаруға 2 суару қондырғысын сатып алу;

Жобаларды іске асырудан күтілетін нәтиже:



26 жаңа жұыс орындарын ашу, ауыл шаруашылық өнімдерін 8 % өсіру.

Тоқсан қорытындысы бойынша бөлшектеп сатуда тауар айналымының физикалық индексінің көлемі 116,7 % құрады. Ағымдағы жылы ауданда «Рахат» АҚ өнімдерін көптеп сату бойынша заңды тұлға тіркелді. Күтілетін қорытынды- көрсеткіші 7 %-ға өсті. «Шекаралық сауда –саттық жасау үшін агрокешенді транспорт-логистикалық орталығы» жобасы бойынша 4000 тоннаға арналған көкөніс қоймасының құрылысы басталды және қытай, қазақстандық және ресейлік тауарлардың көптеп сату базарын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылы инфляциялық процестерді ұстау мақсатында терморежимі бірқалыпты сақталған 1500 тонна картофельге арналған қойма орындарын ашу қарастырылған.

Негізгі капиталды инвестициялау тоқсан қорытындысы бойынша физикалық индексінің көлемі 151,9 % деңгейінде. Жалпы барлық жоғарыда аталған өнеркәсіптегі және ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды іске асыруда көрсеткіштің күтілетін өсім жыл қорытындысы бойынша 15 % кем емес деп жоспарлануда.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінен 2 есеге өскен. Резервтер: Николев байыту фабрикасын жаңарту бойынша инвестициялық жобаны іске асыру, бұл құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемін асырады, «Уба» шипажайының корпусының құрылысын аяқтау, хоккей және спорт модулдерінің құрылыстары, 30 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысының басталуы.

Шағын бизнестің белсенді кәсіпорындарының саны 5,7 % көбейді. Қолданылған шаралар: 14 шағын кәсіпорындарды «белсенді жұмыс істейтіндер» санатына ауыстыру.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім берумен қамтылған балалардың өсу қарқыны, 117 % құрап (барлық 1950 баланың 1737 қамтылған немесе 89,1%). Ағымдағы жылы Березовка және Белый Камень ауылдарында шағын орталықтар ашу жоспарланған, «Аленушка» балабақшасында 5 топ ашу.

Туберкулез ауруының деңгейі 78 %-ға төмендеді. Қолданылған шаралар: ерте анықталуға және аурудың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыс, аудан бюджеті қаражатынан әлеуметтік көмек шараларын көрсету, тамақтандыру, емделу орнына тегін жеткізу.

Дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысатындардың өсу қарқыны 111,3 % құрады. Ағымдағы жылы спорт модулінің құрылысы бойынша жобаларды іске асыру басталды. (Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы әлеуметтік жобаларды іске асыру кешенді жоспарының аясында) және жабық хоккей модулінің құрылысы (бюджет қаражаты есебінен), бұл дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың санының артуына ықпал етеді.

Тоқсан қорытындысы бойынша қылмыс жасау деңгейі ұқсас кезеңмен салыстырғанда 85% төмендеді, бірақ қылмысты ашу деңгейі 73 % дейін төмендеді.. Аудандық ішкі істер бөлімінің 1 тоқсандағы жұмысының қорытындысы үйлестіру кеңесінде тыңдалып, тапсырма берілді. Осы бағыттағы резервтер- профилактикалық жұмыстарды күшейту, жылдам-іздестіру жұмысының сапасын арттыру. Ұсыныс: алкоголь ішімдіктері салдарынан жасалған қылмыстардың санын азайту үшін ауданда медициналық айықтырғышты ашу мүмкіндігін қарастыруды сұраймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет