Ырғыз ауылдық округінің әкімі А. А. Сариннің 2015 жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттер жөнінде есеп беру баяндамасының тезисі



Дата23.02.2016
өлшемі48.5 Kb.
#3938
Ырғыз ауылдық округінің әкімі А.А.Сариннің 2015 жылғы

атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттер жөнінде есеп беру баяндамасының тезисі

Ауылдық округке 4 елді мекен жатады. Олар Ырғыз ауылы, Ақши, Қалыбай және Қалалыкөл ауылдары. Округ бойынша жалпы халық саны - 7029. Аула саны - 1349. Жалпы активті халық – 4306 адамды құрайды.


Округте 7 мектеп, мектеп жасына дейінгі 4 нысан, қосымша 3 білім беру ұйымдары, 3 денсаулық сақтау нысаны, 2 дәріхана, 5 мәдениет ошағы, электр желілерін тарату, су шаруашылығы кәсіпорны, шағын наубайхана, сондай-ақ байланыс жүйелері тұрақты халыққа қызмет көрсетуде.

Мектептерге 1403 оқушы, даярлық тобына 173 бала, балабақшалар мен кіші орталықтарға 519 бала тартылған. Қосымша білім беру ұйымдарында 559 балаға тәлім-тәрбие беріледі.



Ауылшаруашылығы саласында 60 ауыл шаруашылық құрылымы жұмыс жасайды. Ауылшаруашылығы малдарын бірдейлендіру жұмыстары дерекқорына толық енгізілді. Мал дәрігерлік шаралар уақытылы көрсетіліп келеді.

Есепті жылы мал тұқымын асылдандыру мақсатында Ырғыз кредиттік серіктестігі арқылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Қалалыкөл» шаруа қожалығы 1 бас асыл тұқымды бұқа және 10 аналық сиыр, «Ұлпан» шаруа қожалығы 1 бас бұқа және 20 аналық сиыр, «Мәулен» шаруа қожалығы 2 бас бұқа және 30 аналық сиыр, «Дана» шаруа қожалығы 2 бас бұқа және 45 аналық сиыр, «Бердалы» шаруа қожалығы 1 бас бұқа және 30 аналық сиыр сатып алып кірістеді.

«Құлан» бағдарламасы бойынша «МТС» ӨК-і 4 бас асыл тұқымды айғыр және 32 бас бие, «Тастанбек» шаруа қожалығы 1 бас асыл тұқымды айғыр және 8 бас бие малын сатып алып кірістеді.

Жеке табындардағы аналық сиырларды асылдандыру мақсатында «АқтөбеАгроСервис» арқылы лизингке 21 бас асыл тұқымды қазақтың ақ бас бұқасы алынып жайылымда бағылатын аналық сиырларға қосылды.

Мал қыстату науқанына 37940 тн мал азығы дайындалды. Арзандатылған бағамен ұнтақ жем сату ұйымдастырылды.

Ауылшаруашылығы техникаларын жаңарту мақсатында жеке қаржысы есебінен «Наурыз-СИМ» ШҚ-ы лезингі негізінде 7 млн. 820 мың тегенің МТЗ-80, МТЗ-82,1 маркалы тракторын, «Дана» ШҚ-ы лезингі негізінде 3 млн. 650 мың тегенің МТЗ-82,1 маркалы тракторын, «Мантай» ШҚ-ы лезингі негізінде 3 млн. 221 мың тегенің МТЗ-80 маркалы тракторын, «Өркен» ӨК-і лезингі негізінде 3 млн. теңгенің МТЗ-82 тракторын сатып алды.



Шағын кәсіпкерліктің дамуы. Кәсіпкерлік субъектілер саны - 176. компьютерлік орталықтар, тұрмыстық қызмет көрсету нысандары, моншалар халыққа қызмет көрсетіп келеді. Жыл басынан бері 39 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

Коммуналдық шаруашылық қызметі. Ырғыз, Қалыбай, Ақши елді мекендерінде орталықтандырылған су құбыры тұрақты жұмыс жасап тұр. Қалалыкөл ауылында ауыз су құдығы пайдаланылады. Құдыққа көктем және күз айларында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Құдықтар ақылы қоғамдық жұмыс негізінде күтімге алынған.

Шетырғыз-Ырғыз жеткізуші газ құбырының құрылысы жүргізілуде. Ырғыз ауылында ауылішілік газ құбырының құрылысы аяқталды. Оңтүстік-батыс аумаққа инженерлік-коммуникациялық электрмен қамту желісі жүргізілді. Ырғыз селосынан Шалқар бағытына шығатын автомобиль жолының 11,3 шақырымы күрделі жөндеуден өткізілді.

«Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС-нің аудандық қуатпен жабдықтау учаскесінің ғимараты салынып пайдалануға берілді.

Салық базасы. Мұлік салығы 2015 жылға есептелінгені 182,0 теңге. Ақши ауылы бойынша 95, Қалыбай-53, Төсщи-2, Қалалыкөл 21, Ырғыз ауылында -1112 үйге, барлығы 1283 үйге мүлік салығы есептелініп 2015 жылдың 1 қарашасына дейін толық жиналып 100 пайызға орындалды.

Жер салығы 2015 жылға есептелінгені 234,3 теңге. Округ бойынша 1283 үйге жер салығы есептелініп толық жинақталып 100 пайызға орындалды.



Кедейшілікті азайту. Балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы туралы заңнаманы басшылыққа алып, жыл басынан бері 214 отбасының 603 баласына 10,575 мың теңге балалар жәрдемақысы төленген.

Жұмыссыздықпен күрес. Жыл басынан бері 453 адам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы арқылы тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 261 жұмыссыз тартылды. Жергілікті бюджет есебінен 25 жас маман жастар практикасынан өткізілді.

«Жасыл ел» бағдарламасына облыстық трансферттен қаражат бөлініп жұмыссыз жүрген 60 жастар өкілі жұмыспен қамтылды. Бағдарлама екі кезеңге бөлініп екі ай бойы жүргізілді.



«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының орындалуы. Бағдарлама бойынша жыл басынан бері кәсіптік оқуға 4 адам, қайта даярлауға 3 адам. Қайта даярлау және біліктілігін арттыруға жіберілген адамдарға ережеге сәйкес, оқудың шәкіртақысын және жол шығынын өтеу мақсатында республикалық бюджеттен 1728728 теңге бөлінсе, оның 1728503 теңгесі игерілді.

Округ бойынша әлеуметтік жұмысқа 17 адам жіберілді. Жастар іс-тәжірибесінен республикалық бюджет есебінен 31 жас түлек тәжірибеден өтті. Бағдарлама арқылы 26 адамға несие беріліп, 8 адам кәсіпкерлік негіздерін меңгеру үшін оқуға жіберілді.

«Аққайың» балабақшасы мен №1 орта мектебі күрделі жөндеуден өткізілді. Жөндеу жұмыстарына жергілікті жерден 7 жұмыссыз тартылды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы жеке кәсіпкер Қ.Асанова мен «Наурыз-СИМ» ЖШС-гі бұрынғы алынған несиелерінің пайыздық үстеме мөлшерін субсидиялау бағыты бойынша мемлекеттік қолдауға ие болды.

Ырғыз елді мекенінің іргетасы құрылғанына 170 жыл толуына орай аудан орталығында кең көлемде мерейтой аталып өтілді. Мерейтой шеңберінде ғылыми конференция, ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, ұлттық спорт ойындары мен ақындар айтысы, тарихи көріністер, мәдени шаралар өткізілді. Осы шара барысында мекеме-кәсіпорындар ұжымдарының демеушілігімен көшелерге орнатылған белгілер жаңартылды. Ауыл тұрғындары тұрғын үйлері мен аулаларына көркейту жұмыстарын жүргізді. Көшедегі түрлі деңгейдегі танымдық, саяси, экономикалық тақырыптардағы бильбордтар уақытында жаңартылып отырылды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы «Арай» мәдениет үйінің аумағы абаттандырылды.



2014 жылдың қортынды есебі бойынша тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің 4 орындалып 2 бақылауға алынды.

2015 жылы округ әкімі атына 388 арыз түсті, оның 5 заңды тұлға, 383 жеке тұлға. Оның ішінде 41 қанағаттандырылып, 347 заңға сәйкес түсіндірілді.



Ырғыз ауылдық

округінің әкімі А.А.Сарин

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет