2013 жыл қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат



Дата23.02.2016
өлшемі177.25 Kb.
#8198
2013 жыл қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат
1. Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспары



р/р

Тармақ №

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Орындалу барысы




1.

25.

Ветеринарияны халықаралық стандарттарға көшіру жөнінде шаралар қабылдау


Президент Әкімшілігіне есеп

АШМ, ИЖТМ

қаңтар

2009-2012 жж.



Орындалуда

Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ақпарат ҚР ПӘ-ге және ҚР ПМК-ге тиісінше 2013 жылғы 10 шілдедегі № 16-02-09/3055//488-7 және № 16-02-09/3055//488-7 хаттармен жолданған.

ҚР ПӘБ К.Қ. Мәсімовтің 2013 жылғы 26 шілдедегі №488-9 қарарымен ақпарат назарға алынған және АШМ-ге Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық бөлімшелерінің ауыл шаруашылығы жануарларына іс жүзінде егу жүргізілуін бақылау жұмысын күшейту және ғылыми институттармен («ҚазАгроИнновация» АҚ мал шаруашылығы, азықтандыру және ветеринария ҒЗИ, ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ҒЗИ) бірлесіп, Президент Әкімшілігіне ветеринариялық қолайлылық және жалпы елдің азық-түлік қауіпсіздігі үшін салдардың қаупін анықтай отырып, импорттық малды, соның ішінде Қазақстанда бұрын тіркелмеген жұқпалы аурулар жұқтырған малды әкелу ахуалына бағалауды ұсыну тапсырылған.

ПМК Басшысы Е.Ж. Қошановтың 2013 жылғы 18 шілдедегі №11-29/002-786 (1.25 т.) қарарымен аталған тармақ бақылаудан алынды.

Өз кезегінде, АШМ аталған тармақтың орындалуы туралы ақпаратты ҚР ПӘБ К.Қ. Мәсімовтің атына жолдаған.

Қазақстан Республикасының аймақтарында эпизоотиялық және ветеринариялық қолайлылықты қамтамасыз ету мақсатында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитет қажетті нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеп бекітті және Комитеттің аумақтық испекцияларының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторлары бақылау-қадағалау шараларын жүргізу бойынша жұмысты күшейтті.

Осылайша, тексерулердің қорытындылары бойынша, Комитеттің аумақтық испекцияларының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторлары ветеринария саласында заңнаманы бұзғаны үшін аудандар мен ауылдық округтер әкімдіктерінің қызметкерлеріне 782 ұйғарымдар шығарды және 515 тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға 7 064,1 теңге мөлшерінде айыппұл санкциялары қолданылған.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта ҚР Парламенті Сенатының қарауында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы жатыр, ол ҚР ветеринариялық заңнамасын бұзғаны үшін, соның ішінде жергілікті атқарушы органдар ветеринариялық ұйымдарының лауазымдық тұлғаларына қатысты әкімшілік жауапкершілікті күшейту және қылмыстық жауапкершілік енгізу бойынша нормаларды қамтиды.

Ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ірі қара малды импорттау (тасымалдап әкелу) кезінде жұқпалы және экзотикалық аурулардың қоздырғыштарын Қазақстан Республикасының аумағына енуіне жол бермеу мақсатында Іс-қимыл алгоритмі әзірленген.

Әзірленген Алгоритм Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңесімен, Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институтымен, сондай-ақ Халықаралық эпизоотиялық бюросымен (ХЭБ) келісілген.

Қазіргі уақытта ІҚМ тек әзірленген Алгоритмнің талаптарының сақталуы шартында тасымалдап әкелінеді, мұндай жағдай жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының енуі және таралуы қаупін азайтады.

Сонымен қоса, қазіргі уақытта бұрын тасымалдап әкелінген жануарлар орналасқан аумақтарға, Комитет эпизоотиялық мониторинг ұйымдастырды. Бұл мониторингті жүргізу кезінде «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы» РМК-нің және «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты» РМК-нің жетекші ғылыми мамандарының ұсыныстары ескерілді.

Сондай-ақ, қазіргі таңда жануарлардың аса қауіпті және карантиндік аурулары бойыншажедел және дәл анықтау диагностикасы бойынша референттік зертханаларды жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл Халықаралық эпизоотиялық бюросының (ХЭБ) талаптарына сәйкес жануарлардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын индикациялау және бірдейлендіру, диагностика жүргізу тәртібі, тәсілдері және шараларын бір қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді. Жануарлардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын индикациялау және бірдейлендіру бойынша нормативтік құжаттама әзірленуде.

Ветеринариялық зертханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында, оларға халықаралық жүйе бойынша (АЙЛАК, SNAS, және т.б.) аккредитациялау жүргізілуде және бүгінгі күні «Республикалық ветеринариялық зертханасы» РМК-ның барлық филиалдары 9001:2008 ХС ИСО халықаралық талаптары бойынша «Аккредитациялау ұлттық орталығы» ЖШС-мен аккредитациядан өткізілді.

Осылайша, Қазақстан Республикасының ветеринариялық қолайлығын және жалпы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік ветеринариялық қызметінің алдына «Агробизнес-2020» бағдарламасымен қойылған негізгі тапсырмасы болып табылады.




2. Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспары



р/р

Тармақ №

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Орындалу барысы




1.

25.

Агроөнеркәсіптік кешеніндегі экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларды іске асыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

АШМ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, ӘКК

шілде, қаңтар 2009-2011 жж.

Орындалуда

ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының ҚР ПӘБ К. Мәсімовтің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі №230-5 ПАБ тапсырмасына берілген 2012 жылғы 16 қазандағы №11-8/001-315 (п.25) қарарымен АШМ-ға ЭДСМ, ИЖТМ, ДМ, ККМ, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстарының әкімдіктерімен, сондай-ақ «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «ҚТЖ» АҚ және «KAZNEX INVEST» АҚ бірлесіп Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша шаралар кешенін іске асыруды жалғастыру және тапсырманы орындау мерзімін ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне 2013 жылғы маусымда атқарылған жұмыс туралы аралық есеп ұсына отырып, 2013 жылғы желтоқсанға дейін ұзарту тапсырылды.

АШМ 2013 жылғы 8 қарашадағы № 10-1-3/1617-дир,2 хатымен ПМК-ге ҚР ПӘ-ге жауабының жобасын жолдады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты шеңберінде «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) іске асыратын экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларды қолдау және жылжыту мақсатында, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Холдингтің инвестициялық жобаларды толық қуатқа шығару бойынша проблемаларды шешуге (жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп) байланысты іс-шараларды тұрақты негізде жүргізуін, «KaznexInvest» АҚ мүмкіндіктерін пайдалануды, талдау жүргізуді және жобалардың бастамашыларына міндеттемелерін өтеу бойынша мерзімін ұзарту жөнінде шешім қабылдауды және т.б. көздейтін шаралар кешені әзірленді. Бүгінгі күні аталған шараларды іске асыру жеті экспортқа бағдарланған инвестициялық жобалар бойынша жоспарлы көрсеткіштерді жоғарылатуға жетуге мүмкіндік берді.

Осылайша, «KaznexInvest»АҚ қолдауымен Жамбыл облысында биязы жүнді қайта өңдеу және дамыту жөніндегі инвестициялық жоба бойынша («Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС) Қытайға экспортқа 71 тонна топс немесе өндірілген өнім көлемінің 53,6%-ы жөнелтілді;

- «Костанайский мелькомбинат» АҚ инвестициялық жобасы бойынша қазіргі күнгі жағдайда 12994 тонна макарон өнімдері өндірілді, оның 8415 тоннасы немесе барлық өндірілген өнімнің 64,8%-ы жақын шетелдерге экспортқа шығарылды;

- Қостанай облысындағы ет коминатының құрылысы инвестициялық жобасы бойынша («Қарасу-Ет» ЖШС) ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 1 493 тонна өнім өндірілді – жоспарлы көрсеткіштің 61,8%-ы. 2012 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын 100% жоспарлы қуатқа шыққаны жайлы айта кету қажет, ет өндірісінің жоспарлы көрсеткіші 2 160 тонна болған жағдайда 2 331 тонна өнім шығарылды;

- Ақмола облысындағы (KazBeef Ltd» ЖШС) бордақылау алаңының құрылысы инвестициялық жоба бойынша қазіргі күнгі жағдайда кәсіпорын 1935 бас ІҚМ бордақылауға қойды, ол көрсеткіштің 103% орындалуын құрады;

- Алматы облысында («Жақсылық» ШҚ) 4 500 ІҚМ басына арналған қолданыстағы бордақылау алаңын жаңарту және кеңейту инвестициялық жобасы бойынша қазіргі күнгі жағдайда ІҚМ 4878 басты құрайды, ол көрсеткіштің 163% орындалуын қамтамасыз етті;

- Қостанай облысында («Қараман-К» ЖШС) бордақылау алаңының құрылысы инвестициялық жобасы бойынша 2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бордақылауда 2104 ІҚМ басы бар – жоспарлы көрсеткіштің 112%-ы;

- Ақмола облысында («Астана АгроПродукт» ЖШС) етті қайта өңдеу кешенін құру инвестициялық жобасы бойынша 2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1295 тонна өнім өндірілді немесе ол жоспарлы жобалық қуаттың 106%-ы.

Сонымен қатар, шикізаттың бағасының жоғары болуы себебінен және өткізу нарығындағы бәсекелестікке байланысты жоспарлы көрсеткіштерден өнім өндірісінің қарқынын арттыру бойынша бір инвестициялық жоба - Алматы облысында етті қайта өңдеу кешенін құру жөніндегі жоба («Байсерке Агро» ЖШС) кешеуілдеп қалып қоюда. Осы жоба бойынша өндірісті өсіру үшін барлық қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, «Қаржылай сауықтыру үшін АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидаларының бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 тамыздағы қаулысына сәйкес оны қаржылық сауықтыру бойынша іс-шаралар жоспарланып отыр.




3. Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар



р/р

Тармақ №

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Орындалу барысы




1

57

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасының іске асырылуын қамтамасыз ету

Мемлекет басшысына баяндама

АШМ, «ҚазАгро» Холдингі, Астана, Алматы ққ., облыстардың әкімдері


2012 жылғы желтоқсан

Орындалуда

Аталған тармақты орындау бойынша ақпарат Премьер-Министрдің орынбасарымен келісіліп, АШМ-нің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №3-1-7/409-ДИР хатымен Мемлекет басшысының атына жолданды.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 952 қарарымен ПӘ Басшысының орынбасарына талдап, бақылауда ұстау тапсырылған.

А.ж. 5-наурызда ПӘ Басшысының орынбасарының төрағалығымен «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру проблемалары» мәселесі бойынша кеңес өткізіліп, оның қорытындысы бойынша АШМ-ға бірқатар тапсырмалар берілген.

Жоғарыда аталған кеңес хаттамасының (2013 жылғы 18.03. №61-9/952-2) 4.1-тармағына сәйкес АШМ-ге «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасының іске асырылуын мониторингілеу үшін Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, АӨК мемлекеттік инспекиця комитетінің, «ҚазАгроИнновация» АҚ мал шаруашылығы, азықтандыру және ветеринария ҒЗИ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ мамандарының, ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты мамандарының, қоғамдық бірлестіктердің сарапшыларының арасынан тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру тапсырылған.

Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген комиссияға іріктеп тексерілуге тиіс шаруашылықтардың тізбесін анықтау және бір айлық мерзімде тексеру жүргізу және оның қорытындылары бойынша, сондай-ақ «ҚазАгроИнновация» АҚ Қазақ мал шаруашылығы және азықтандыру ҒЗИ-дің мал азығымен қамтамасыз етілу бойынша талдауын ескере отырып, «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру бойынша Кешенді жоспарды түзету шараларын ұсына отырып, Президент Әкімшілігіне қорытынды енгізу тапсырылған.

Өз кезегінде, АШМ 2013 жылғы 23 мамырдағы № 3-2-8/5968/61-9/952-2// хатпен ҚР ПӘ-ге тиісті ақпарат енгізген.

ПӘБ орынбасары 2013 жылғы 30 мамырдағы № 952-6 қарарымен аталған тармақ 2013 жылғы 5 наурыздағы № 61-9/952-2 кеңес хаттамасының тармақтарын есепке ала отырып, жарты жылдық негізде Президент Әкімшілігіне ақпарат берумен ұзақ мерзімді бақылауға қойылды. Сондай-ақ, бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша тамыз айында Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасының іске асырылу барысы туралы есебін тыңдау және талқылау үшін ПӘБ-тің төрағалығымен кеңес өткізу тапсырылған.

Аталған тапсырманы орындау үшін АШМ 2013 жылғы жартыжылдық қорытындысы бойынша ҚР ПӘ-ге 2013 жылғы 23 тамыздағы № 3-1-7/5968,1//952-6 ПАБ хатымен қажетті материалдарды енгізген болатын.

Сондай-ақ, АШМ 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-1-7/5968,1//952-6ПАБ хатпен ҚР ПӘ-ге аталған тармақтың орындалуы туралы ақпаратт енгізген.



Бордақылау алаңдарын құру

2010-2015 жылдар кезеңінде Жобаның шеңберінде 150 мың бір уақытта бордақылау орнына арналған бордақылау алаңдарының желісін құру жоспарланған.

2013 жылы 30,4 мың бірыңғай ұстау бордақылау орнына арналған бордақылау алаңдарының желісін құру жоспарланған.

2013 жылғы 23 желтоқсандағы жағдай бойынша «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) несие ресурстарының есебінен 3 700 бордақылау орнына арналған жобаны қаржыландыру мақұлданды.

Сонымен қатар,бастамашылардың (шаруашылық етші субъектілердің) өз қаражаты есебінен 32,5 мың бір уақытта бордақылау орнына арналған бордақылау алаңдарын құру жоспарланған, олардың ішінен 2013 жылғы 23 желтоқсандағы жағдай бойынша 23,4 бордақылау орны іске қосылды.

Репродукторлар құру

Жобаның шеңберінде 2013 жылы 14 мың бас асыл тұқымды, шетел селекциясының таза тұқымды ІҚМ әкелу жоспарланған.

2013 жылғы 23 желтоқсандағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдары 8 617 бас ІҚМ, с.і. Холдинг қаражаты есебінен – 7 976 бас ІҚМ, басқа көздер, соның ішінде АШТӨ өз қаражаты есебінен – 641 бас ІҚМ.

Бүгінгі күні Холдинг 18,6 мың ІҚМ басына өтінімдерді мақұлдады, 4,7 мың бас ІҚМ әкелуге өтінімдер қаралуда.



Развитие фермерских хозяйств

Жобаның негізгі блогы ферма қожалықтарында асыл тұқымды табын құру мен дамытуға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасы болып табылады. 2013 жылы кемінде 42 мың ІҚМ басын сатып ала отырып, ферма қожалықтарының желісін құру жоспарланған.

2013 жылғы 23 желтоқсандағы жағдай бойынша фермерлік қожалықтар 49,7 мың аналық ІҚМ басы мен 2,8 асыл тұқымды аталық бұқалар сатып алған, бұл жоспардың 118% және 199% құрайды.

53,3 ІҚМ басын сатып алу жоспарланған, қосымша 2,2 ІҚМ мың басын сатып алуға өтінімдер қаралуда.




4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050»: стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын



р/р

Тармақ №

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі




19

Мыналарға:

азық-түлікке артып келе жатқан жаһандық сұранысты ескере отырып, ауыл шаруашылығын ауқымды жаңғыртуға;

ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2020 жылға қарай 4,5 есе ұлғайтуға;

шығымдылықтың елеулі өсуіне;

егістік алқаптарын ұлғайтуға;

жаңа технологияларды енгізуге;

мал шаруашылығының әлемдік деңгейдегі жемшөп базасын құруға;

жаппай өндіру ірі экспорт нарықтарын игеруге мүмкіндік беретін азық-түлік өнімдерінің түрлерін айқындауға;

елдің экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншылар қатарына кіруін қамтамасыз ете отырып, экологиялыққа баса назар аударумен бәсекеге қабілетті ұлттық брендтер құруға бағытталған елдің агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдау


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ, «КазАгро» ҰБХ

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Е. Көшербаев



2013 жылғы маусым

Орындалуда.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілген.

Осыған орай, АШМ ПӘ-ге аталған тармақты бақылаудан алу туралы 2013 жылғы 4 мамырдағы № 1-1-7/2309//319-4 ПАБ хат жолдады.

Сонымен бірге, Д. Ерғожиннің ПӘ-нің Басшысы К.Қ. Мәсімовтің атына жазған 2013 жылғы 11 маусымдағы № 61-9/1293-2 ПАБ жазбасында АӨК салаларындағы саясаттың елдік шолуында берілген ЭДЫҰ ұсыныстарын қарастыру және Бағдарламада ескеру орындылығы атап өтілген болатын.

ПӘ-нің Басшысы К.Қ. Мәсімовтің осы жазбаға берген 2013 жылғы 16 маусымдағы № 1293-2 ПАБ қарарымен АШМ-ге ЭБЖМ және ӨДМ бірлесіп, 2013 жылғы 1 желтоқсанға дейін жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды қарастыру бойынша шаралар қабылдау тапсырылған.

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Б.Ә. Сағынтаевтың 2013 жылғы 26 маусымдағы № 11-25/01-15 (п. 19) қарарымен АШМ, ЭБЖМ және ӨДМ-ге бірлесіп қарап, ПӘ Басшысы К.Қ. Мәсімовтің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 1293-2 ПАБ тапсырмасын орындау бойынша ұсыныс енгізу тапсырылған.

Өз кезегінде, АШМ 2013 жылғы 8 қарашадағы № 10-1-3/1617-дир,2 хатпен ҚР ПМК-ге ҚР ПӘ-ге жауап жобасын енгізді.

ҚР ПӘ ӘЭМБ-ның 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1293-5ПАБ жазбасында аталған тармақтың толық көлемде орындалмағаны атап өтілген.

Осыған орай, ҚР ПӘБ К.Қ. Мәсімовтің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 1293-5ПАБ қарарымен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа ЖҰЖ-ның 19-тармағын сапасыз орындағаны үшін ауыл шаруашылығы мен экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін қарау тапсырылған және оны орындау мерзімі 2014 жылғы 1 маусымға дейін ұзартылған.

Бұл ретте, ауыл шаруашылығы мен экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктеріне Президент Әкімшілігінің алдында берген ұсыныстарын ескере отырып, қарастырылып отырған тармақты орындау бойынша Ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (Жол картасы) әзірлеу және бір айлық мерзімде Президенттің Әкімшілігіне келісуге енгізу тапсырылған.



20

Ең жаңа агротехнологияларды енгізуге бағытталған орташа және ірі тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін құру жөнінде заңнамалық және экономикалық ынталандыру жүйесін тұжырымдау

нормативтік құқықтық актілер

АШМ, ЭДСМ, ҚМ, ӘМ, ЖРБА «ҚазАгро" ҰБХ

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Е. Көшербаев



2013 жылғы желтоқсан

Орындалуда.

ҚР Премьер-Министрі Бірінші орынбасарының м.а. А.Ө. Исекешевпен келісілген ең жаңа агротехнологияларды енгізуге бағытталған орташа және ірі тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін құру жөнінде заңнамалық және экономикалық ынталандыру жүйесін тұжырымдау бойынша ақпарат ҚР ПӘ-ге 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 1-1-6/27726//01-38.148(ПӘ)(п.20) хатпен енгізілді.

«Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өзінің өндіріс процессінде өнімділікті, сауындарды, қосылған салмақты арттыру үшін жаңа технологияларды қолданатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия берудің жоғарлатылған нормативтері көзделген мемлекеттік қолдауды көрсетудің жаңа ережелері әзірленіп, қолданыстағы ережелерге өзгерістер енгізілуде.

Осылайша, агроөнеркәсіптік кешен салаларының басым бағыттарында жаңа өндірістік қуаттылықтар салуға және қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған негізгі шараның бірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің инвестициялық салымдар кезіндегі шығыстарын өтеу болып табылады.

Бұл ретте аталған шараның басты мақсаты жаңа технологиялар мен жабдықтар қолданылатын жаңа жоғары өнімді кәсіпорындар салу үшін, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңарту және кеңейту үшін қаражаттардың экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Тиісті заңнамалық құзырет алу үшін Министрлік «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңына агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын енгізуді көздейтін өзгерістер енгізуде, олардың бірі инвестициялық субсидия болып табылады.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жаңа технологияларды енгізуін қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алу кезінде пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау көзделген.

Сондай-ақ, агротехнологияларды қолдану деңгейлеріне қарай субсидиялар базалық және көтеріңкі нормалар бойынша төлену тәжиребесі сақталған.

Осылайша, көтеріңкі норма бойынша субсидия дақылдар ғылым ұсынған құрамында сүрi жердiң (пар) үлесi бар және (немесе) нөлдік технологиялар қолданумен аймақтық ғылыми негiзделген агротехнологияларды сақтай отырып өсiрiлген жағдайда төленедi.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi бойынша әдеттегідей үстіңгі суландыруға 20% субсидия нормативі көзделген, ал тамшылатып суару әдісін қолдану кезінде норматив 80%-ды құрайды.

Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау ержелері бойынша өсімдік шаруашылығындағыдай субсидиялар базалық және көтеріңкі нормалар бойынша төленеді.

Осылайша, 3-деңгейлі сиыр еті үшін норматив килограмм үшін
120 теңгені, 1-деңгейлі сиыр еті үшін 220 теңгені құрайды.

Бұл ретте, 1-деңгейлі сиыр етін өндірушілерге бiр мезгiлде кемiнде 3 мың бас iрi қара малды бордақылау қуаты бар және инфрақұрылымы дамыған мамандандырылған алаңның болуы, азықтандырудың байытылған рациондары арқылы қол жеткізілетін бұқалардың аса жоғары сойылу салмағы сияқты аса жоғары талаптар қойылады.

Асыл тұқымды жануарлардың үлес салмағын және ауыл шаруашылығы жануарлардың өнім сапаларын арттыру мақсатында селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізуге, ірі қара малдың асыл тұқымды төлін сатып алуға және т.б. мемлекеттік қолдау көзделген.

Сондай-ақ, жердің өнімділігін сақтау үшін оны қолдану кезінде су ресурстарын сақтайтын технологияларды енгізуге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ынталандыру мақсатында Министрлік ауыл шаруашылық жерлерді ұтымды қолдану ережелерінде Қазақстан Республикасы үшін топырақтың агрохимиялық зерттеулердің мерзімділігі анықталды –суармалы жағдайларда бес жылда бір рет және богара (суарылмайтын) жағдайларда жеті жылда бір рет.

Аталған мерзімділік топырақтың өнімділік күйін бақылауын тиімді жүргізуге және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен жерді қолдану процессінде топырақта болатын теріс процесстеріне уақтылы әрекет жасауға мүмкіндік береді.

Осылайша, жоғарыда көрсетілген шаралар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ең жаңа агротехнологияларды енгізуге бағдарланған орташа және ірі тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін құруға ынталандыруға бағытталған.










Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет