Мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің сақталуын тексеру және Ойыл ауданы бойынша бағаланатын атқарушы органдармен ұсынылған есептік ақпараттарындағы мәліметтерді қайта тексеру қорытындысына
АНЫҚТАМА
2013 жылдың 23 – 27 желтоқсан аралығы
Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» № 88-V Заңы 11 бабының 12 тармақшасына және «Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ 2013 жылға арналған операционды жоспарының 1.3, 1.7 тармақтарына сәйкес, 2013 жылдың 23 – 27 желтоқсан аралығында, Ойыл ауданы әкімі аппаратының басшысы Н.Тұрғанбеков және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімінің бас маманы Б.Иманғалиевтің қатысуымен облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы – Ж.Алдашев, жетекші маманы – Д.Шинтаев және инженері – А.Жарикесова мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің сақталуын тексеру және Ойыл ауданы бойынша бағаланатын атқарушы органдармен ұсынылған есептік ақпараттарындағы мәліметтерді қайта тексеру жүргізді.
Тексеру барысында білім; дене шынықтыру және спорт; экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік; жер қатынастары; архитектура, қала құрылысы және құрылыс; жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар; тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильді жолдар бөлімдерінің; Ойыл, Ш.Берсиев атындағы, Көптоғай, Қараой, Сарбие, Саралжын, Қайыңды ауылдық округтердің мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің сақталуы қаралып, келесі деректер анықталды:
1. Жұмыспен қамту және әлеуметтк бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі – Бөлім).
Бөлім басшысы – М.Сембі.
Бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша бақылау жұмысына жауапты қызметкер ретінде 2013.02.10. № 77 бұйрығымен тек қана сектор меңгерушісі С.Наурызбаев тағайындалған. Алайда мемлекеттік қызметтерді Р.Есенаманова, А.Шабинова және В.Жакина көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.20.07. № 745 қаулысына сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызметтердің 18 түрі бойынша жұмыстар жүргізіледі:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
2) семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу және оларға куәліктер беру;
3) жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
4) 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау;
5) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды рәсімдеу;
6) мүгедектерді сурдо - тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшін оларға құжаттар рәсімдеу;
7) тұрғын үй көмегін тағайындау;
8) мүгедектерге протездік- ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу;
9) ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмек тағайындау;
10) жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою;
11) қозғалуы қиындық туғызатын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші беруге және есту бойынша мүгедекетерге ымдау тіл маманын беру үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу;
12) мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін құжаттарды рәсімдеу;
13) мүгедектерге санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу;
14) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілілігін растайтын анықтама беру;
15) жұмыссыз азаматтарға анықтама беру;
16) тұлғаларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру;
17) жалғыз басты, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу;
18) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу.
Ақпараттық стенд бар, алайда талапқа сай келмейді.
Бөлім арқылы көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтерге арналған өтініштерді тіркеу журналдарында жауап берілген күні жазылмаған. Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру мемлекеттік қызметі бойынша арналған өтініштерді тіркеу журналында 2013 жылғы 18 ақпанынан кейін, 2013 жылғы 4 ақпанындағы өтініш тіркелгені анықталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 ж. 07.04. № 394 қаулысымен бекітілген мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін құжаттарды рәсімдеу, қозғалуы қиындық туғызатын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші беруге және есту бойынша мүгедекетерге ымдау тіл маманын беру үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу, мүгедектерге санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу, мүгедектерді сурдо - тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшін оларға құжаттар рәсімдеу мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының 11 тармағы бұзылып, бөлім қызметкерімен артық құжат (үй кітапшасының көшірмесі) талап етілген.
Жалғыз басты, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу мемлекеттік қызметі бойынша 2013 жылдың 6 айлық қорытындысында айырмашылық анықталды, есептік ақпаратта – 19, өтініштерді тіркеу журналы бойынша – 25 қызмет көрсетілген. Сонымен қатар, үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу мемлекеттік қызметі бойынша есептік ақпаратта 5 қызмет көрсетілген делінген, алайда журнал бойынша қызмет көрсетілмегені анықталды. Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік қызметі бойынша есептік ақпаратта – 941, факт – 946. Мүгедектерді сурдо - тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшін оларға құжаттар рәсімдеу мемлекеттік қызметі бойынша есептік ақпаратта – 24, алайда бұл қызмет 29 рет көрсетілген. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыларын өтініштерді тіркеу журналы бойынша 1 087 рет тағайындаған, ал есептік ақпаратта 1 090 рет қызмет алынғанын көрсетеді. Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою мемлекеттік қызметі бойынша да айырмашылық анықталды, яғни есептік ақпаратта – 302, ал факт – 344.
Бөлімнің басшысымен бірге мемлекеттік қызметшілері бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, мемлекеттік қызметтер көрсету заңы, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерізімін толық білмейді.
ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлық түрі бойынша үлесі 72 %-ды құрайды, бірақ ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмек тағайындау, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау мемлекеттік қызметтерінен басқа баламалы түрде ХҚКО арқылы көрсетілу қарастырылған 7 мемлекеттік қызметтер түрі ХҚКО арқылы бірде рет көрсетілмеген.
2. Білім бөлімі (бұдан әрі – Бөлім).
Бөлім басшысы – С.Сүлейменов.
Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде 2013.10.01. № 5 және 2013.29.11 № 81 бұйрықтарымен Г.Жеткергенқызы, Е.Тілепов, С.Досымбаева, Б.Мұхамбетқали, Е.Смагулов, А.Таңатарова, С.Жантолы тағайындалған. Бұйрықта Тізілім бойынша білім бөлімі арқылы көрсетілмейтін бастауыш, негізге орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметіне лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру мемлекеттік қызметі көрсетілген. Жасөспірімдер арасындағы екінші және үшінші, бірінші, екінші және үшінші разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық санаттар мен разрядтарын беру мемлекеттік қызметін жаңадан құрылған дене шынықтыру және спорт бөліміне берілсе де, бөлім бұйрығында сәйкесінше өзгеріс енгізілмей жауапты қызметкер тағайындалған. Сонымен қатар, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім мекемелеріне денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметі екі рет жазылған, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды тегін әкелу және кері апару қызметін көрсету үшін құжаттар қабылдау, арнайы жалпы білім беру оқу бағдарламалары бойынша мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім ұйымдарына алу, экстернат нысанында бастапқы, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарда оқуға рұқсат беру мемлекеттік қызметтері көрсетілмеген және сәйкесінше жауапты қызметкерлер тағайындалмаған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.20.07. № 745 қаулысына сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызметтердің келесі түрі бойынша жұмыстар жүргізілуде:
1) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;
2) жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар рәсімдеу;
3) қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру;
4) зейнетақы қорларына, Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру;
5) тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру;
6) шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды тегін әкелу және кері апару қызметін көрсету үшін құжаттар қабылдау;
7) білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
8) меншік нысаны және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беретін жалпы орта білім бағдарламалары бойынша оқу үшін жалпы білім беретін мектептерге, мектеп-интернаттарға құжаттарды қабылдау және тіркеу;
9) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім мекемелеріне денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;
10) мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және тіркеу;
11) арнайы жалпы білім беру оқу бағдарламалары бойынша мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім ұйымдарына алу;
12) оқудан тыс уақытта қосымша білім беруге қосымша білім беру ұйымдарына балалардың құжаттарын қабылдау және оқуға алу;
13) жалпы білім беретін мектептердің жеке санаттағы оқушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақтану үшін құжаттар қабылдау;
14) аз қамтылған отбасы балаларына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге демалыс беру шарттарын қамтамасыз етуге құжаттарды қабылдау;
15) экстернат нысанында бастапқы, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарда оқуға рұқсат беру;
Ақпараттық стендт бар, алайда талапқа сай емес.
Ағымдағы жылдың 6 ай қорытындысында кейбір мемлекеттік қызметтердің көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны бойынша есептік ақпаратта айырмашылықтар табылды. Атап айтқанда, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою мемлекеттік қызметі бойынша көрсетілген қызметтер саны есептік ақпаратта – 165 қызмет, өтініштерді тіркеу журналы бойынша – 172.
Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру мемлекеттік қызметі бойынша ХҚКО арқылы көрсетілген қызметтер саны есептік ақпаратта – 2, факт – 3. Зейнетақы қорларына, Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру мемлекеттік қызметі бойынша есептік ақпаратта 1 қызмет ХҚКО арқылы көрсетілген делінген, алайда өтініштерді тіркеу журналы бойынша ХҚКО арқылы бірде бір қызмет көрсетілмегені және мемлекеттік орган арқылы 5 қызмет көрсетілгені анықталды.
Есептік ақпаратта білім туралы құжаттардың телнұсқалары берілмеген делінген, алайда 1 қызмет көрсетілген. Аталған қызметке жауапты мемлекеттік қызметші ай сайын есептік ақпаратты ұсыну қажет екенінен хабарсыз.
Оқудан тыс уақытта қосымша білім беруге қосымша білім беру ұйымдарына балалардың құжаттарын қабылдау және оқуға алу мемлекеттік қызметі бойынша арналған өтініштерді тіркеу журналы тігілмеген және нөмірленбеген, журнал бойынша 266 өтініштер тіркелген, алайда есептік ақпарат бойынша 601 қызмет көрсетілген делінген.
Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру мемлекеттік қызметіне жауапты маман қажетті құжаттарын таба алмады.
ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлық түрі бойынша үлесі 96 %-ды құрайды, дегенмен тек қана ХҚКО арқылы көрсетілуге тиіс зейнетақы қорларына, Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру, тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру мемлекеттік қызметтерін мемлекеттік орган өздігінен көрсетіп келеді.
Бүгінгі күні, 15 мемлекеттік қызметтердің 5 түрі электрондық түрде көрсетіледі, соның ішінде бір қызмет бойынша (мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою) ағымдағы жылы 34 қызметтің белгіленген мерізімінің бұзылуымен көрсетілгені анықталған.
3. Дене шынықтыру және спорт бөлімі (бұдан әрі – Бөлім)
Бөлім басшысы – Б.Мұхамбетқали.
Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2013.30.10. № 7 бұйрығымен бөлім басшысы өзін тағайындаған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.20.07. № 745 қаулысына сәйкес, бөліммен тек қана ХҚКО арқылы көрсетілу қарастырылған жасөспірімдер арасындағы екінші және үшінші, бірінші, екінші және үшінші разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық санаттар мен разрядтарын беру мемлекеттік қызметі көрсетіледі.
Ақпараттық стенд бар, алайда мемлекеттік қызмет стандарты және мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы қаулысы орналастырылмаған.
Ағымдағы жылдың басынан 14 қызмет ХҚКО арқылы көрсетілген. Өтініштерді тіркеу журналы дұрыс арналынған.
Мемлекеттік орган, мемлекеттік қызметтерді ғимараттың 3 қабатында көрсетеді, алайда дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасалынбаған.
4. Жер қатынастары бөлімі (бұдан әрі – Бөлім)
Бөлім басшысы – Ж.Ержанов.
Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2013.05.01. № 2 бұйрығымен М.Туремуратов тағайындалған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.20.07. № 745 қаулысына сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызметтердің 4 түрі көрсетіледі:
1) жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекіту актісі;
2) жер учаскаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту;
3) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
4) іздестіру жұмыстары үшiн жер учаскесін қолдануға рұқсат беру.
Бөлім арқылы көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтерге арналған өтініштерді тіркеу журналдары тігілмеген, нөмірленбеген. Түскен өтініштерге жауап берілген күні жазылмаған. «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 Қаулысымен бекітілген «жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекіту актісі» мемлекеттік қызмет стандартының 7 тармағы бұзылған, яғни 2013 жылдың 17 шілдесінде түскен З.Сенгалиеваның өтінішіне 2013 жылдың 3 қыркүйегінде актісі бекітілген. Кейбір актілерде бекітілген нөмірі мен бекітілген күні жазылмаған.
Ақпараттық стенд бар, алайда мемлекеттік қызметтер регламенттері және олардың бекітілуі туралы қаулылары, өтініштердің үлгілері, сенім телефон нөмірі орналастырылмаған.
Мемлекеттік орган, мемлекеттік қызметтерді ғимараттың 3 қабатында көрсетеді, алайда дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасалынбаған.
5. Архитектура, қала құрылысы және құрылыс бөлімі (бұдан әрі – Бөлім)
Бөлім басшысының м.а. – А. Тоқпағанбетов.
Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2013.04.01. № 2 бұйрығымен А. Тоқпағанбетов тағайындалған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.20.07. № 745 қаулысына сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызметтердің 3 түрі көрсетіледі:
-
сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру
-
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру
-
елді мекендердің көшелері және облыс пен аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарына сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру.
Ақпараттық стенд бар, жауапты қызметкер туралы мәліметтен басқа барлық қажетті ақпараттар орналастырылған.
Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру мемлекеттік қызметі бойынша арналған өтініштерді тіркеу журналында 8-ші болып 2013 жылғы 1 қыркүйегінде түскен өтініштен кейін 9-шы болып 2013 жылғы 12 тамызында түскен өтініш, 10-шы болып 2013 жылғы 10 қазанында түскен өтініш тіркелген. Төрт сәулет-жоспарлау тапсырмасы өтінішсіз берілген. Барлық қызмет бөлім арқылы көрсетілген, алайда аталған қызмет баламалы түрде ХҚКО арқылы көрсетілу қарастырылған. Есептік ақпарат бойынша 6 айда 6 қызмет көрсетілген делінген, алайда бөлім арқылы 7 қызмет көрсетілгені анықталды.
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру мемлекеттік қызметі бойынша есептік ақпаратта 69 қызмет мемлекеттік орган арқылы, 14 қызмет ХҚКО арқылы көрсетілген делінген, алайда тексеріс барысында мемлекеттік орган арқылы 45 қызмет, ХҚКО арқылы 24 қызмет көрсетілгені анықталды.
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартының 11 тармағы бұзылып, жауапты қызметкер тұтынушыдан талап етілетін құжаттардың бірде біреуін талап етпей қызмет көрсете берген.
6. Тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильді жолдар бөлімі (бұдан әрі – Бөлім).
Бөлім басшысы – С.Бақтыгереев.
Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2013.16.07. № 31 бұйрығымен Г.Абуова тағайындалған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.20.07. № 745 қаулысына сәйкес, бөліммен баламалы негіздегі, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою мемлекеттік қызметі көрсетіледі. 2013 жылдың бірінші жартыжылдыға бойынша 26 қызмет көрсетілген. Жыл басынан түскен құжаттарды бөлім басшысы тауып бере алмады.
Өініштерді тіркеу журналы дұрыс арналынған.
Ақпараттық стенд бар, алайда стендте мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы қаулы және мемлекеттік қызмет регламенті орналастырылмаған. Сонымен қатар, ақпараттық стенд тұтынушыға қол жетімсіз жерде ілулі тұр.
Мемлекеттік орган, мемлекеттік қызметтерді ғимараттың 2 қабатында көрсетеді, алайда дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасалынбаған.
7. Экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі (бұдан әрі – Бөлім).
Бөлім басшысы – Ш.Қарабалина.
Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2013.31.10. № 55§2 бұйрығымен Д.Жалғаспаев тағайындалған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.20.07. № 745 қаулысына сәйкес, бөліммен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қорғау шараларын көрсету мемлекетті қызметі көрсетіледі.
Ақпараттық стендте мемлекеттік қызмет регламенті, жауапты қызметкер туралы ақпарат және сенім телефон нөмірі жоқ.
2013 жылдың жартыжылдығына өтініштерді тіркеу журналы бойынша 10 қызмет көрсетілген, алайда есептік ақпаратта 9 қызмет көрсетілген делінген. Өтініштерді тіркеу журналы арналған, тігілген және нөмірленген.
Бөлім басшысы мемлекеттік қызметтер көрсету заңының қай уақытта қабылданғаны туралы білмейді. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге тағайындалған жауапты қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша нормативті құқықтық актілер талаптарын толық білмейді.
Ауылдық округтер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.20.07. № 745 қаулысына сәйкес, ауылдық округтермен мемлекеттік қызметтердің 7 түрі бойынша жүргізілген жұмыстары қаралды:
-
жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру;
-
жануарларға ветеринариялық паспорт беру;
-
ветеринариялық анықтамалар беру;
-
шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды тегін әкелу және кері апару қызметін көрсету үшін құжаттар қабылдау;
-
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
-
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау;
-
ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмек тағайындау;
8. Ойыл ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімі – И.Сабиржанов
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде 2013.26.02. № 24, 2013.12.11 №169 және 2013.26.11. № 171 өкімдерімен А.Алдияров, Г.Тулесинова тағайындалған.
Ақпараттық стенд бар, бірақ 3 мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау, ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері және олардың бекітілуі туралы қаулылар, сенім телефон нөмірі жоқ.
Мемлекеттік орган, мемлекеттік қызметтерді ғимараттың 3 қабатында көрсетеді, алайда дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасалынбаған.
2013 жылдың жартыжылдығына Ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметі 102 рет көрсетілген, алайда есептік ақпаратта – 76 қызмет. 102 анықтаманың квитанциялары жоқ. 10 мемлекеттік қызметтер көрсету карточкаларына нашар бағасы қойылған. Өтініштерді тіркеу журналында 2013 жылдың 16 маусымынан кейін 2013 жылдың 20 мамырында түскен өтініш тіркелген.
2013 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша жануарларға ветеринариялық паспорт беру мемлекеттік қызметі 355 тұтынушыға 1 186 рет көрсетілген, алайда есептік ақпаратта 264 тұтынушыға 1 078 қызмет көрсетілген делінген. 2 мемлекеттік қызметтер көрсету карточкаларына бағалары қойылмаған.
Өтініштерді тіркеу журналы арналған, тігілген және нөмірленген.
Баламалы негізде ХҚКО арқылы көрсетілу қарастырылған жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру мемлекеттік қызметі 256 рет мемлекеттік орган арқылы көрсетілген. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 қыркүйектегі N 1223 Қаулысымен бекітілген жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру стандартының 11 тармағы бұзылып, жауапты қызметкермен артық құжаттар (өтініш және жеке куәлік көшірмесі) талап етілген.
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау, ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік қызметі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда, өтініштерді тіркеу журналы арналынбаған.
ҚР Үкіметінің 2012.31.08. № 1119 қаулысымен бекітілген «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды тегін әкелу және кері апару қызметін көрсету үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, аталған мемлекеттік қызметті ауылдық округ әкімдіктері арқылы көрсетілу қарастырылған, алайда бұл қызмет бойынша ауылдық округ әкімдігінде жұмыс жүргізілмеген.
9. Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімі – Ж. Есмухамбетов.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде О.Ахметов, А.Бақтығалиев тағайындалған.
Ақпараттық стенд бар, бірақ 3 мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау, ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері және олардың бекітілуі туралы қаулылар, сенім телефон нөмірі жоқ.
2013 жылдың жартыжылдығына Ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметі 24 рет көрсетілген. 24 анықтаманың квитанциялары жоқ. 2 мемлекеттік қызметтер көрсету карточкаларына баға қойылмаған.
2013 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша жануарларға ветеринариялық паспорт беру мемлекеттік қызметі 20 тұтынушыға 65 рет көрсетілген, алайда есептік ақпаратта 20 тұтынушыға 20 қызмет көрсетілген делінген. Ешбір мемлекеттік қызметтер көрсету карточкалары толтырылмаған.
Өтініштерді тіркеу журналы арналған, тігілген және нөмірленген.
Жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру мемлекеттік қызметі 43 рет көрсетілген. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 қыркүйектегі N 1223 Қаулысымен бекітілген жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру стандартының 11 тармағы бұзылып, жауапты қызметкермен артық құжаттар (өтініш және жеке куәлік көшірмесі) талап етілген.
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау, ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік қызметі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда, өтініштерді тіркеу журналы арналынбаған.
10. Көптоғай ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімі – Ғ.Амирова.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде 2013.12.03. № 10 өкімімен М.Мусиров, С.Дуйсенов тағайындалған.
Ақпараттық стенд бар, бірақ 3 мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау, ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері және олардың бекітілуі туралы қаулылар, сенім телефон нөмірі жоқ.
2013 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша жануарларға ветеринариялық паспорт беру мемлекеттік қызметі 174 тұтынушыға 1 131 рет көрсетілген, алайда есептік ақпаратта 350 тұтынушыға 1 841 қызмет көрсетілген делінген. Ешбір мемлекеттік қызметтер көрсету карточкалары толтырылмаған.
Өтініштерді тіркеу журналы арналған, тігілген және нөмірленген.
Жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру мемлекеттік қызметі 120 рет көрсетілген, алайда есептік ақпаратта – 115 қызмет. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 қыркүйектегі N 1223 Қаулысымен бекітілген жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру стандартының 11 тармағы бұзылып, жауапты қызметкермен артық құжаттар (өтініш және жеке куәлік көшірмесі) талап етілген.
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау, ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік қызметі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда, өтініштерді тіркеу журналы арналынбаған.
11. Қараой ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімі – С.Жуманғалиев.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде 2013.15.03. № 09 А.Султанов, С.Тажибаев тағайындалған.
Ақпараттық стенд бар, бірақ 3 мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау, ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері және олардың бекітілуі туралы қаулылар, сенім телефон нөмірі жоқ.
2013 жылдың жартыжылдығына Ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметі 107 рет көрсетілген, алайда есептік ақпаратта 58 рет көрсетілген делінген. Тек қана 7 анықтаманың квитанциялары бар. 40 мемлекеттік қызметтер көрсету карточкалары ғана толтырылған. Өтініштерді тіркеу журналы тігілмеген, нөмірленбеген және таза емес.
Жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру мемлекеттік қызметі 104 рет көрсетілген, алайда есептік ақпаратта – 100 қызмет. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 қыркүйектегі N 1223 Қаулысымен бекітілген жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру стандартының 11 тармағы бұзылып, жауапты қызметкермен артық құжаттар (өтініш және жеке куәлік көшірмесі) талап етілген.
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау, ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік қызметі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда, өтініштерді тіркеу журналы арналынбаған.
12. Сарбие ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімі – Б.Оразбаев.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде 2012.25.09 № 39 және № 40 өкімдерімен Н.Сейлханов, А.Имангазин тағайындалған.
Ақпараттық стенд бар, бірақ 3 мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау, ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері және олардың бекітілуі туралы қаулылар, сенім телефон нөмірі жоқ.
2013 жылдың жартыжылдығына Ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметі 119 рет көрсетілген, ал есептік ақпаратта – 118. Ешбір анықтаманың квитанциялары жоқ. 3 мемлекеттік қызметтер көрсету карточкаларына баға қойылмаған.
2013 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша жануарларға ветеринариялық паспорт беру мемлекеттік қызметі 174 тұтынушыға 440 рет көрсетілген, алайда есептік ақпаратта 164 тұтынушыға 609 қызмет көрсетілген делінген. Өтініштерді тіркеу журналы арналған, тігілген және нөмірленген.
Жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру мемлекеттік қызметі 128 рет көрсетілген, ал есептік ақпаратта – 134.
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау, ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік қызметі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда, өтініштерді тіркеу журналы арналынбаған.
13. Саралжын ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімі – М.Тәжигалиев.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде 2013.06.11. № 67 өкімімен Қ.Килашева, Қ.Тілеумағамбетов тағайындалған.
2013 жылдың жартыжылдығына Ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметі 72 рет көрсетілген. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 29 сәуiрдегi N 464 Қаулысымен бекітілген Ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызмет стандартының 11 тармағы бұзылып, артық құжат (өтініш) талап етілген.
2013 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша жануарларға ветеринариялық паспорт беру мемлекеттік қызметі 39 тұтынушыға 168 рет көрсетілген, алайда есептік ақпаратта 32 тұтынушыға 221 қызмет көрсетілген делінген. Өтініштерді тіркеу журналы арналған, тігілген және нөмірленген, алайда ұқыпсыз жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 29 сәуiрдегi N 464 Қаулысымен бекітілген Ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызмет стандартының 11 тармағы бұзылып, артық құжат (өтініш) талап етілген.
Жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру мемлекеттік қызметі 86 рет көрсетілген. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 қыркүйектегі N 1223 Қаулысымен бекітілген жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру стандартының 11 тармағы бұзылып, жауапты қызметкермен артық құжаттар (өтініш және жеке куәлік көшірмесі) талап етілген.
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау, ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік қызметі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда, өтініштерді тіркеу журналы арналынбаған.
ҚР Үкіметінің 2012.31.08. № 1119 қаулысымен бекітілген «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды тегін әкелу және кері апару қызметін көрсету үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, аталған мемлекеттік қызметті ауылдық округ әкімдіктері арқылы көрсетілу қарастырылған, алайда бұл қызмет бойынша ауылдық округ әкімдігінде жұмыс жүргізілмеген.
14. Қайыңды ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімі – С.Өскінбаев.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер тағайындалғаны туралы өкімі жоқ.
Ауылдық округ әкімі ағымдағы жылдың 19 желтоқсанына тағайындалғанына байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы нормативті құқықтық актілерді толық игермеген.
2013 жылдың жартыжылдығына Ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметі 41 рет көрсетілген, алайда есептік ақпаратта 39 рет көрсетілген делінген.
Жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру мемлекеттік қызметі 40 рет көрсетілген, алайда есептік ақпаратта – 39 қызмет.
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау, ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік қызметі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда, өтініштерді тіркеу журналы арналынбаған.
Қорытындылар:
-
Аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөліміне екі құрылымдық бөлімнің (мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру және құжаттамалық қамтамасыз ету) функциялары жүктелген.
-
Көптеген мемлекеттік органдар басшылары мен мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалар, мемлекеттік қызметтер көрсету туралы заңын, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын тиісті деңгейде білмейді.
-
Көптеген мемлекеттік органдардың ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтер стандарттары, мемлекеттік қызмет регламенттері, сонымен қатар олардың бекітілуі туралы қаулылар орналастырылмаған. Өтініштердің үлгілері, сенім телефон нөмірлері жоқ.
-
Дұрыс емес есептік ақпараттарды ұсыну фактілері анықталды.
-
Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерін бұзу фактілері бар.
-
Мемлекеттік қызметтерді көрсететін жергілікті атқарушы органдарда стандарттар мен регламенттердің ережелерінің сақталуына қатысты аудан әкімі аппараты тарапынан ішкі бақылау жұмыстары жүргізілмеген.
-
Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша сұрақтар аудан әкімдігі отырыстары мен коллегияларында қаралған.
-
Аудан деңгейінде көрсетілетін 12 электрондық мемлекеттік қызметтердің 11 түрі бойынша ешқандай жұмыс жүргізілмеген.
-
Қызметкерлердің қызметіне шағымдар жоқ. Кейбір көрсетілген қызметтерге мемлекеттік қызметтер тұтынушылары «нашар» бағасын қойған. Дөрекілік фактісі, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпаратты ұсынылмау, құпиялықты бұзу анықталмады.
-
Мемлекеттік қызметтер көрсететін аудандық бөлімдер мен ауылдық округтерде мемлекеттік қызметтер стандартының 7 тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету барысында уақыт бойынша шектеу сақталған.
-
Жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдар жоғарғы қабаттарда қызметтер көрсетіледі, алайда дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасалынбаған.
Ұсыныстар:
-
Мемлекеттік қызметтерді көрсететін жауапты мемлекеттік қызметшілердің біліктілік деңгейін арттыру.
-
Ақпараттық стендтерді қалыпқа келтіру.
-
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны және мемлекеттік қызметтерді алған адам саны бойынша дәл мониторинг жүргізу.
-
Ауылдық округ әкімдерімен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қызметтер стандарттар мен регламенттеріне сәйкестендіру.
-
Мемлекеттік қызметтердің стандарттар мен регламенттері ережелерінің сақталуына қатысты ішкі бақылау жүргізу.
-
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді қамтамасыз ету.
-
Электрондық қызметтердің әйгілігін арттыруы және олардың алға жылжуы үшін, қолданушыларды ақпараттандыру бойынша жедел іс-шараларды қарастыру.
-
«Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге түскен өтініштерді уақытылы өңдеу.
-
Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетілуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау.
-
Мемлекеттік қызметтер көрсету карточкаларын жүргізу.
-
Ақтөбе облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөліміне анық есептік ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз ету.
-
Жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдар ғимараттарында дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасау.
-
Аталған ұсыныстар бойынша тиісті шаралар қабылдап, 2014 жылдың 27 қаңтарына Ақтөбе облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөліміне ақпарат ұсынуды қамтамасыз ету.
Комиссия төрағасы Ж.Алдашев
Комиссия мүшелері Д.Шинтаев
А.Жарикесова
Анықтамамен таныстық:
Ойыл ауданы әкімі
аппаратының басшысы Н. Тұрғанбеков
Ойыл ауданы әкімі
аппаратының мемлекеттік
қызметтер мәселелерін
үйлестіру бөлімінің бас маманы Б.Иманғалиев
Достарыңызбен бөлісу: |