№
|
Айтылған ескертпелер/ұсыныстар
|
Ескерпелер/ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар және оның орындалу мерзімі
|
Жауаптылар
|
Орындалуы
|
Қаратал ауылдық округі
|
1.
|
Зайтынов Мұқан, Қаратал ауылдық отбасылық дәрігерлік амбулаториясының балалар дәрігері – Қаратал ауылына орталық су құбыры жүйелері қашан орнатылады?
|
ЖСҚ өңдеуде
|
Б.Көшербаев
|
2014-2015 жж
|
2.
|
Сайранов Қабиолда, аудандық маслихат депутаты – Қаратал, Үлкен Қартал ауылдарындағы көше жарықтары үнемі жанып тұру үшін бір электрик керек немесе «Зайсан Тазалық» ЖШС-не өткізіп беру керек
|
Зайсан қаласының әкімшілігі арқылы штат беруін қарастыруда
|
Т.Дюсембаев
|
2014 ж
|
3.
|
Әдібаев Қайырбек, зейнеткер, аудан әкімінің қоғамдық көмекшісі – қазір ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылық өнімдерін қабылдайтын орындар жоқ. Сол себепті ауылда ет қабылдайтын цех тоңазытқашымен болса.
|
Шешу жолдарын жоспарлануда
|
Т.Дюсембаев
|
2015-2016 жж
|
Біржан ауылдық округі
|
4.
|
Мухамадиев Асқар – «Шымды қала» ШҚ жетекшісі, Қуаныш ауылының тұрғыны –
Қуаныш – Көкжыра ауылдары арасындағы жаяукөпір жөнделсе
|
ЖСҚ құрастырылды, бюджеттік өтінім берілді
|
Б.Көшербаев
С.Молдашев
|
2014ж
|
|
Қуаныш ауылындағы ескі моншаның құдығы тазаланса, ауыз сумен қамту мақсатында
|
Жаңа ұнғыма бұрғылауды карастырылуда
|
Б.Көшербаев
С.Молдашев
|
2014ж
|
|
Перзентхана жұмысы жандандырылса, тіс дәрігері мен невропатологтың жұмысына бақылау жасалса.
|
Тиісті медицина қызметкерлеріне тапсырмалар мен нұсқайлар берілді
|
Н.Тіметова
|
әрдайым
|
Дайыр ауылдық округі
|
5.
|
Рахманова Сауле – мәдениет қызметкері – ауылда малдан аусыл шығып жатыр, қалай емделеді?
|
Уақытылы вакцинация туралы халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді
|
С.Әндірбаев
С.Кожекенов
М.Бейсембаев
|
әрдайым
|
6.
|
Далабаев Кенжехан «Береке» ШҚ жетекшісі – Көкжыра ауылы шағын ауыл. Осы ауылдағы клуб үйін тойхана ретінде пайдалануға рұқсат етілсе.
|
Халықпен тойхананың ғимаратын реконструкциялау немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жеке инвесторларды тарту туралы түсіндіру жұмыстары өткізілді
|
Б.Балғабаев
|
2014-2015 жж
|
Айнабұлақ ауылдық округі
|
7.
|
Боқбаев Нұрахмет – Айнабұлақ ауылының жолына тас төсеп берсеңіздер.
|
Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
|
М.Көшербаев
|
1 желтоқсан
2013ж
|
8.
|
Дайырбеков Серік – көшеге колонка ауыз су құдығы орнатылса.
|
Данников көшесінде колонка орнатылған
|
М.Көшербаев
|
25 қазан 2013 ж
|
Сартерек ауылдық округі
|
9.
|
Елжасов Шайқымұрат – қымыз сатуды және автокөлік жөндейтін шеберхана жұмысын жандандырса.
|
Халықпен автокөлік жөндеу шеберханасын реконструкциялау немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жеке инвесторларды тарту туралы түсіндіру жұмыстары өткізілді, сонымен қатар халыққа қымыз сату аудан орталығының базарында ғана мүмкін екені түсіндірілді.
|
А.Орынбаев
Е.Әдібаев
|
Наурыз 2014 ж
|
Зайсан қала округі
|
10.
|
Заречный мөлтек ауданының тұрғыны Келемедиев – Заречный мөлтек ауданындағы бақшалық су мәселесі шешілсе.
|
Бақшалық су мәселесіне байланысты график құрастырылды.
|
Д.Тожыбаев
Б.Көшербаев
|
Сәуір 2014 ж
|
11.
|
Б.Мазбаева – Жангельдин көшесінің жоғарғы жағы жарықтандырылып, газбен қамтылса.
|
ЖСҚ құрастырылды, бюджеттік өтінім берілді
|
Д.Тожыбаев
Б.Көшербаев
|
2014 ж
|
Шілікті ауылдық округі
|
12.
|
Саяш Насретов ардагерлер ұйымының төрағасы – Шілікті ауылына су тартылса.
|
ЖСҚ өңдеуде
|
Қ.Сагиев
Б.Көшербаев
|
2014-2015 жж
|
Кеңсай ауылдық округі
|
13.
|
Ибраев Манарбек – су берілу графигіне өзгеріс еңгізілсе.
|
Су берілу графигі жасалды
|
Т.Бықаев
|
2013 ж
|
Қарабұлақ ауылдық округі
|
14.
|
Мұсылманова Майра – М.Жұмабаев көшесіне су тартылса.
|
ЖСҚ өңдеуде
|
Қ.Чилибаев
|
2015 ж
|
15.
|
Теңізбаев Құмарбек - аудан орталығынан келетін дәрігерлер графигі алдын ала хабарланып отырса
|
«Достық» газеті арқылы құлақтандыру
|
Н.Тіметова
|
2013ж
|