2013 жылғы 1 желтоқсандағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы жөніндегі ақпарат



Дата17.06.2016
өлшемі35 Kb.
#141983
2013 жылғы 1 желтоқсандағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы

жөніндегі ақпарат
2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістері 102,6%-ға атқарылды, жоспардағы 5 650,3 млрд. теңгенің орнына кірістердің түсімі 5 797,3 млрд. теңгені құрады.

2013 жылғы 1 желтоқсанға мемлекеттік бюджет жоспары салықтық түсімдер бойынша 102,5%-ға немесе 101,8 млрд. теңгеге, салықтық емес түсімдер бойынша – 162,9%-ға немесе 49,5 млрд. теңгеге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 109,0 %-ға немесе 3,5 млрд. теңгеге арта отырып, артығымен орындалды және трансферттердің түсімдері бойынша атқарылу 99,4%-ды құрады.

1 желтоқсанға корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардағы 998,3 млрд. теңгенің орнына бюджетке 869,2 млрд. теңге түсті, атқарылу 87,1%-ды құрады, бұл пайдалы қазбаларға әлемдік бағаның және аванстық төлемдердің төмендеуіне байланысты.

Жеке табыс салығы бойынша жоспар 104,5 %-ға орындалды немесе жоспардағы 421,2 млрд. теңгенің орнына бюджетке 440,2 млрд. теңге түсті, бұл еңбек ақы қорының өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,6 %-ға өсуіне және әкімшілендірудің жақсартылуына байланысты.

Әлеуметтік салық бойынша жоспар 101,7 %-ға орындалды, жоспардағы 329,5 млрд. теңгенің орнына бюджетке 335,2 млрд. теңге түсті.

Ішкі өндіріс тауарларына салынатын ҚҚС бойынша атқарылу 185,7 %-ды құрады немесе жоспарланған 256,1 млрд. теңге сомада қайтарудың жоспарланғанға қарағанда азаюына байланысты іс жүзінде 475,6 млрд. теңге түсті.

Импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС бойынша жоспардағы 742,8 млрд. теңгенің орнына 739,1 млрд. теңге түсті немесе атқарылу 99,5%-ды құрады.

Тұтастай алғанда акциздер бойынша жоспардағы 89,0 млрд. теңгенің орнына бюджетке 94,5 млрд. теңге түсті немесе 106,2 % құрады.



Ішкі өндіріс тауарларына салынатын акциздер бойынша жоспар 102,2 %-ға орындалды немесе жоспардағы 61,8 млрд.теңгенің орнына өндіріс көлемінің ұлғаюы есебінен түсімдер 63,2 млрд.теңгені құрады.

Импортталатын тауарларға салынатын акциздер бойынша жоспардағы 27,2 млрд. теңгенің орнына іс жүзінде 31,2 млрд.теңге түсті немесе негізінен Ресей Федерациясынан арақ, фильтрлі темекі және бензин импорты көлемінің өсуі есебінен 115,0 %-ға орындалды.

Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер бойынша есепті кезеңде жоспардағы 286,0 млрд. теңгенің орнына бюджетке 270,1 млрд. теңге түсті немесе 94,4%. Жоспардың орындалмауы пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша, пайдалы қазбаларға әлемдік бағаның төмендеуіне байланысты қалыптасы.

Халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салықтар бойынша жоспардағы 795,1 млрд. теңгенің орнына іс жүзінде 772,0 млрд. теңге түсті немесе 97,1%, төмендеу негізінен Қазақстан Республикасының кеден органдары әкімшілендірмейтін Ресей Федерациясынан бөлінетін кедендік баждар есебінен қалыптасты.

Салықтық емес түсімдер бойынша есепті кезеңге арналған жоспардағы 78,7 млрд. теңгенің орнына іс жүзінде 128,3 млрд. теңге түсті немесе 162,9 %.

Жоспарлы көрсеткіштердің негізгі асыра орындалуы:

- жоспарланбайтын 15,8 млрд. теңге сомасындағы айыппұлдардың;

- іс жүзіндегі мөлшердің жоспарланған көрсеткіштерден ұлғаюына байланысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза пайдасы бір бөлігінің түсуі есебінен түсіндіріледі.



Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер есепті кезеңге арналған жоспардағы 38,9 млрд. теңгенің орнына 42,4 млрд. теңге түсті. Асыра орындау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ведомстволық бағынысты шетелдегі мемлекеттік мекемелер теңгеріміндегі мүліктерді сатудан түскен түсімдерге байланысты.

Трансферттердің түсімдері жоспардағы 1 399,2 млрд. теңгенің орнына 1 391,4 млрд. теңгені немесе 99,4%-ды құрады, оның ішінде есепті кезеңде бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін 1 380,0 млрд. теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт тартылды.

2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан


3 195,2 млрд. теңге сомасында тікелей салықтар түсті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет