4
|
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі «Агробизнес 2020» бағдарламасын және де басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түзету, онда мынадай міндеттерді
1)ауыл шаруашылығында, оның ішінде шөлейт өңірлерде жаңа технологияларды енгізуді;
2)ашық баға белгілеу және инвестицияларды тарту қағидаттарына озық технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі міндеттемелерді көздейтін тиімді жер нарығын құруды;
3) агробизнесті жүргізуге, кооперация процесіне, жерді тиімді пайдалануға кедергі келтіретін тосқауылдарды жою;
4) ауыл шаруашылығы субъектілеріне ұзақ мерзімді қаржыландыру мен өткізу нарықтарына тікелей шығуын қамтамасыз етуді;
5) қарыздарды кепілдендірудің және сақтандырудың тиімді жүйесін құруды;
6) ауыл шаруашылығында және денсаулық сақтауды ғылыми зерттеулерді өрістетуді,оның ішінде сынақтық ғылыми-инновациялық кластерлер құруды және құрғақшылыққа төзімді гендік-модификацияланған өнімдер мәселесін зерттеуді ескеру
|
жоба
|
АШМ, БҒМ, ЭБЖМ, ӨДМ, ИЖТМ, ДМ, ТМРА, БҚА, Астана және Алматы қ., облыс әкімдері, «Қазагро» ҰБХ» АҚ
|
2014 жылғы маусым
|
«Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 маусымдағы отырысында бекітілген.
«Агробизнес-2020» бағдарламасын түзету кезінде қарастырылған тұжырымдамалық жаңалықтар.
1. Республикада өндірілетін элиталық тұқымның тек 15% ғана
1-3 репродукцияға дейін өсіруге бағытталуы бойынша тауарлы шаруашылықтарын қамтамасыз ету үшін тұқымның жаңаруы бойынша проблеманы шешу мақсатында Министрлікпен 2014 жылдың тұқым түсімінен бастап тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдау механизмін өзгерту жоспарланды. Осылайша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге
1 репродукциялы тұқымдармен қажетті мөлшерлерде қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін элиталық тұқымдарды субсидиялауды алып тастау және жоспарлы сорттық ауысуын және сорттық жаңаруына қажетті мөлшерлерде
1 репродукциялы тұқымдарды субсидиялауға ауысу жоспарланды.
2. Су пайдаланушыларды су үнемдеу технологияларына ауысуын ынталандыру мақсатында суды беру бойынша қызметтер құнын субсидиялау механизмі суаруға арналған судың шаршы метріне субсидия мөлшерін есептеу әдістемесін өзгерту бойынша жетілдірілетін болады.
Сонымен қатар, әкімшілік рәсімдерді төмендету және су мөлшерін қолжетімді бағамен алуды жеңілдету мақсатында АШТӨ су беру бойынша қызметтер құнын субсидиялау тікелей су берушілерге беру жоспарланды. Осылайша су шаруашылығы ұйымдарының гидромелиоративтік жүйелерін тиісті күтіп-ұстау бойынша іс-шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
3. Қаулы жобасында АӨК мемлекеттік саясатын саралап және тиімдірек жүргізуге мүмкіндік беретін, табиғи-ауа райлық жағдайлары, сату нарықтарының болуын және аймақты дамыту әлеуетін есепке алып, Ауыл шаруашылығы өнiмiнің нақты түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы жерлерiн оңтайлы пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылатын схемасын енгізу механизмі қарастырылды.
Осыған байланысты, агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын беру ережесі өңірлерді мамандандыру схемасын ескере отырып түзетіледі және өңірлерді мамандандыру схемасы шеңберінде ұсынылмайтын ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялауды кезең-кезеңмен тоқтатуды қамтитын болады.
4. Ғылым мәселелері бойынша аграрлық ғылым бойынша Ұлттық ғылыми кеңес, халықаралық деңгейдегі пәнаралық ғылыми білім беру кешендерін (орталықтарын) құру, экологиялық таза және қауіпсіз өнімдермен өндірісті қамтамасыз ету, органикалық егіншілік принциптерінде ауыл шаруашылық дақылдарын егу, құрғақшылыққа төзімді генді-өзгертілген дақылдар (бидай, мақта, соя, рапс, жүгері) мәселесін зерттеу, «жасыл» экономикалық тиімді агротехнологияларды жасау жөніндегі зерттеулерді жүргізу және басқа бойынша аграрлық ғылым жүйесін реформалау бойынша жоспарланған жұмыс жөнінде түзетулер енгізілді.
5. Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайының мониторингтеу және бағалаудың тиімділігін арттыру, мал шаруашылығындағы сақтандырудың экономикалық қолжетімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және агроөнеркәсіптік кешені саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жаңа міндеттер қосылды.
6. Бақтар (интенсивті және отбасылық), тауарлы фермалар (ІҚМ, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы), сүтті тауарлы фермалар, астық қоймалары, жылы жайлар және жеміс-көкөніс сақтау қоймаларын құру, қайта өңдеу кәсіпорының құрылысы, кеңейуі және қайта жаңғыртуы, балық өсіру кәсіпорынның құрылысы секілді инвестициялық субсидиялау үшін басым инвестициялық бағыттар анықталып, жылдар бойынша сандық көрсеткіштері көрсетілген.
Жер қорларын тиімді басқару бойынша міндеттерді шешу мақсатында АШМ ҚР Өңірлік даму министрлігі әзірлеп жатқан «Кейбір заңнамалық актілерге жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына тиісті ұсыныстар берген.
Заң жобасы келесі мәселелерді шешуге көзделген:
- жер учаскелерін пайдаланбау жағдайларын айқындау;
- жер учаскелерін, соның ішінде кепілдегі, күшпен тартып алу жағдайларын жетілдіру;
- кепілдегі пайдаланбайтын немесе заңнаманы бұза отырып, пайдаланылатын ауыл шаруашылық жер учаскелерін уақытша басқару;
- ауыл шаруашылық жерлерді , соның ішінде шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға және шетел заңты тұлғаларға беру және пайдалану тетіктерін жетілдіру;
- жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу бойынша нормаларды жетілдіру;
- мемлекеттік қажеттілікке жер учаскелерін күшпен иеліктен айыру рәсімін бақылау).
Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ұтымды пайдалану туралы жаңа ереже әзірленуде, олар: агрохимиялық топырақ жағдайын деңгейде ұстау, өндірістік көрсеткіштерді (түсімділіктің және/немесе өнімділіктің белгіленген деңгейінен төмен емес) сақтау бойынша белгілі талаптарды қамтиды.
Өңірлік даму, ауыл шаруашылығы, қоршаған орта және су ресурстары министрліктерінің бірлескен бұйрығымен жерді ұтымды және тиімді пайдалану, соның ішінде пайдаланбайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға тарту бойынша кешенді жоспар бекітілген.
Жалпы ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ұтымды пайдалану мәселелері Өңірлік даму министрлігінің стратегиялық және бағдарламалаық құжаттарында көзделген.
Бұдан басқа, 2014 жылғы 17 мамырдағы Үкімет отырысында Қазақстан Республикасын индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралды және мақұлданды, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында тамақ өндеркәсібін дамыту бойынша жеке бөлім көзделді.
Аталған бөлімді әзірлеу кезінде басым бағыттар, міндеттер мен нысаналы көрсеткіштер анықталды. Сондай-ақ тамақ өнеркәсібін дамытудың әр бағыты бойынша жобалардың карталары құрылып, оларда жұмыс істеп тұрған және жоспарланған кәсіпорындардың тізімі, олардың қуаттары анықталады, құрылыс пен жаңғырту бойынша жоспарлар, мемлекеттік қолдау механизмдері пысықталып, қаражат қажеттілігінің есептері жүргізілуде.
АШМ ҚР ПӘ-ге аталған тармақты бақылаудан алу туралы 2014 жылғы 27 маусымдағы №1-1-7/1396//733 хат жолданды.
|