2014 жылдың 1-жартыжылдығы қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат



Дата23.02.2016
өлшемі101.93 Kb.
#8199
Қосымша
2014 жылдың 1-жартыжылдығы қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050»: стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын



р/р

Тармақ №

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі




19

Мыналарға:

азық-түлікке артып келе жатқан жаһандық сұранысты ескере отырып, ауыл шаруашылығын ауқымды жаңғыртуға;

ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2020 жылға қарай 4,5 есе ұлғайтуға;

шығымдылықтың елеулі өсуіне;

егістік алқаптарын ұлғайтуға;

жаңа технологияларды енгізуге;

мал шаруашылығының әлемдік деңгейдегі жемшөп базасын құруға;

жаппай өндіру ірі экспорт нарықтарын игеруге мүмкіндік беретін азық-түлік өнімдерінің түрлерін айқындауға;

елдің экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншылар қатарына кіруін қамтамасыз ете отырып, экологиялыққа баса назар аударумен бәсекеге қабілетті ұлттық брендтер құруға бағытталған елдің агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдау


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ, «КазАгро» ҰБХ

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Е. Көшербаев



2013 жылғы маусым

Орындалуда.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы бекітілген.

Сонымен бірге, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы АӨК салаларындағы саясаттың елдік шолуында берілген ЭДЫҰ ұсыныстарын қарастыру және Бағдарламада ескеру, сондай-ақ оны «Қазақстан - 2050» Стратегиясында белгіленген стратегиялық міндеттерге сәйкестендіруді тапсырған. Аталған тармақты орындау мерзімі 2014 жылғы 1 маусымға дейін ұзартылған.

ҚР ПӘ-ге 2014 жылғы 30 мамырдағы № 1-1-6/2017//1293-7ПАБ хатпен ҚР ПӘ-ге ақпарат жолданды.

ҚР ПӘБ Н. Нығматуллиннің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 1293-10 ПАБ қарарымен:


  1. АШМ-ге ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде нақты өндірістік индикаторларды көздей отырып, Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің ескертулерін есепке алып, Агроөнеркәсіптік кешенді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасын пысықтау;

  2. Бағдарламаны әзірлеуге жауапты ауыл шаруашылығы вице-министрі тәртіптік жауапкершілікке тарту тапсырылды.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 92-р өкімімен ауыл шаруашылығы вице-министрі С.К. Омаровқа ескерту жарияланды.

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 маусымдағы отырысында бекітілген.



20

Ең жаңа агротехнологияларды енгізуге бағытталған орташа және ірі тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін құру жөнінде заңнамалық және экономикалық ынталандыру жүйесін тұжырымдау

нормативтік құқықтық актілер

АШМ, ЭДСМ, ҚМ, ӘМ, ЖРБА «ҚазАгро" ҰБХ

үйлестіруші: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Е. Көшербаев



2013 жылғы желтоқсан

Орындалуда.

Аталған тармақ бойынша ақпарат ҚР ПӘ-ге 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 1-1-6/27726//01-38.148(ПӘ)(п.20) хатпен енгізілді.

ҚР ПӘБ-тің 2014 жылғы 14 қаңтардағы № 2002-1 ПАБ қарарымен АШМ-ге 2 айлық мерзімде ПӘ ұсыныстарын ескере отырып, қарастырылып отырған тармақты орындау бойынша ұйымдастыру іс-шаралар жоспарын (Жол картасын) әзірлеп, ҚР ПӘ-ге енгізу тапсырылған. Тармақты орындау мерзімі 15.11.2014 ж. дейін ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылған.

Жол картасы ҚР ПӘ-ге 2014 жылғы 19 наурыздағы № 1-1-6/725//2002-1 ПАБ хатпен енгізілген.

Осылайша, аталған Жол картасының шеңберінде АӨК субъектілерін кіші, орта және ірілерге жіктеу өлшемдері бойынша әлемдік тәжірибені зерттеу жұмысы жүргізілуде.

Әлемдік тәжірибені зерттеген соң АӨК субъектілерін кіші, орта және ірілерге жіктеу бойынша әдістеме әзірленіп, ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау департаментімен келісілетін болады.



2. Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары



р/р

Тармақ №

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

4

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі «Агробизнес 2020» бағдарламасын және де басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түзету, онда мынадай міндеттерді

1)ауыл шаруашылығында, оның ішінде шөлейт өңірлерде жаңа технологияларды енгізуді;

2)ашық баға белгілеу және инвестицияларды тарту қағидаттарына озық технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі міндеттемелерді көздейтін тиімді жер нарығын құруды;

3) агробизнесті жүргізуге, кооперация процесіне, жерді тиімді пайдалануға кедергі келтіретін тосқауылдарды жою;

4) ауыл шаруашылығы субъектілеріне ұзақ мерзімді қаржыландыру мен өткізу нарықтарына тікелей шығуын қамтамасыз етуді;

5) қарыздарды кепілдендірудің және сақтандырудың тиімді жүйесін құруды;

6) ауыл шаруашылығында және денсаулық сақтауды ғылыми зерттеулерді өрістетуді,оның ішінде сынақтық ғылыми-инновациялық кластерлер құруды және құрғақшылыққа төзімді гендік-модификацияланған өнімдер мәселесін зерттеуді ескеру


жоба

АШМ, БҒМ, ЭБЖМ, ӨДМ, ИЖТМ, ДМ, ТМРА, БҚА, Астана және Алматы қ., облыс әкімдері, «Қазагро» ҰБХ» АҚ

2014 жылғы маусым


«Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 маусымдағы отырысында бекітілген.

«Агробизнес-2020» бағдарламасын түзету кезінде қарастырылған тұжырымдамалық жаңалықтар.

1. Республикада өндірілетін элиталық тұқымның тек 15% ғана


1-3 репродукцияға дейін өсіруге бағытталуы бойынша тауарлы шаруашылықтарын қамтамасыз ету үшін тұқымның жаңаруы бойынша проблеманы шешу мақсатында Министрлікпен 2014 жылдың тұқым түсімінен бастап тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдау механизмін өзгерту жоспарланды. Осылайша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге
1 репродукциялы тұқымдармен қажетті мөлшерлерде қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін элиталық тұқымдарды субсидиялауды алып тастау және жоспарлы сорттық ауысуын және сорттық жаңаруына қажетті мөлшерлерде
1 репродукциялы тұқымдарды субсидиялауға ауысу жоспарланды.

2. Су пайдаланушыларды су үнемдеу технологияларына ауысуын ынталандыру мақсатында суды беру бойынша қызметтер құнын субсидиялау механизмі суаруға арналған судың шаршы метріне субсидия мөлшерін есептеу әдістемесін өзгерту бойынша жетілдірілетін болады.

Сонымен қатар, әкімшілік рәсімдерді төмендету және су мөлшерін қолжетімді бағамен алуды жеңілдету мақсатында АШТӨ су беру бойынша қызметтер құнын субсидиялау тікелей су берушілерге беру жоспарланды. Осылайша су шаруашылығы ұйымдарының гидромелиоративтік жүйелерін тиісті күтіп-ұстау бойынша іс-шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

3. Қаулы жобасында АӨК мемлекеттік саясатын саралап және тиімдірек жүргізуге мүмкіндік беретін, табиғи-ауа райлық жағдайлары, сату нарықтарының болуын және аймақты дамыту әлеуетін есепке алып, Ауыл шаруашылығы өнiмiнің нақты түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы жерлерiн оңтайлы пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылатын схемасын енгізу механизмі қарастырылды.

Осыған байланысты, агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын беру ережесі өңірлерді мамандандыру схемасын ескере отырып түзетіледі және өңірлерді мамандандыру схемасы шеңберінде ұсынылмайтын ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялауды кезең-кезеңмен тоқтатуды қамтитын болады.

4. Ғылым мәселелері бойынша аграрлық ғылым бойынша Ұлттық ғылыми кеңес, халықаралық деңгейдегі пәнаралық ғылыми білім беру кешендерін (орталықтарын) құру, экологиялық таза және қауіпсіз өнімдермен өндірісті қамтамасыз ету, органикалық егіншілік принциптерінде ауыл шаруашылық дақылдарын егу, құрғақшылыққа төзімді генді-өзгертілген дақылдар (бидай, мақта, соя, рапс, жүгері) мәселесін зерттеу, «жасыл» экономикалық тиімді агротехнологияларды жасау жөніндегі зерттеулерді жүргізу және басқа бойынша аграрлық ғылым жүйесін реформалау бойынша жоспарланған жұмыс жөнінде түзетулер енгізілді.

5. Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайының мониторингтеу және бағалаудың тиімділігін арттыру, мал шаруашылығындағы сақтандырудың экономикалық қолжетімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және агроөнеркәсіптік кешені саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жаңа міндеттер қосылды.

6. Бақтар (интенсивті және отбасылық), тауарлы фермалар (ІҚМ, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы), сүтті тауарлы фермалар, астық қоймалары, жылы жайлар және жеміс-көкөніс сақтау қоймаларын құру, қайта өңдеу кәсіпорының құрылысы, кеңейуі және қайта жаңғыртуы, балық өсіру кәсіпорынның құрылысы секілді инвестициялық субсидиялау үшін басым инвестициялық бағыттар анықталып, жылдар бойынша сандық көрсеткіштері көрсетілген.

Жер қорларын тиімді басқару бойынша міндеттерді шешу мақсатында АШМ ҚР Өңірлік даму министрлігі әзірлеп жатқан «Кейбір заңнамалық актілерге жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына тиісті ұсыныстар берген.

Заң жобасы келесі мәселелерді шешуге көзделген:

- жер учаскелерін пайдаланбау жағдайларын айқындау;

- жер учаскелерін, соның ішінде кепілдегі, күшпен тартып алу жағдайларын жетілдіру;

- кепілдегі пайдаланбайтын немесе заңнаманы бұза отырып, пайдаланылатын ауыл шаруашылық жер учаскелерін уақытша басқару;

- ауыл шаруашылық жерлерді , соның ішінде шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға және шетел заңты тұлғаларға беру және пайдалану тетіктерін жетілдіру;

- жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу бойынша нормаларды жетілдіру;

- мемлекеттік қажеттілікке жер учаскелерін күшпен иеліктен айыру рәсімін бақылау).

Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ұтымды пайдалану туралы жаңа ереже әзірленуде, олар: агрохимиялық топырақ жағдайын деңгейде ұстау, өндірістік көрсеткіштерді (түсімділіктің және/немесе өнімділіктің белгіленген деңгейінен төмен емес) сақтау бойынша белгілі талаптарды қамтиды.

Өңірлік даму, ауыл шаруашылығы, қоршаған орта және су ресурстары министрліктерінің бірлескен бұйрығымен жерді ұтымды және тиімді пайдалану, соның ішінде пайдаланбайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға тарту бойынша кешенді жоспар бекітілген.

Жалпы ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ұтымды пайдалану мәселелері Өңірлік даму министрлігінің стратегиялық және бағдарламалаық құжаттарында көзделген.

Бұдан басқа, 2014 жылғы 17 мамырдағы Үкімет отырысында Қазақстан Республикасын индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралды және мақұлданды, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында тамақ өндеркәсібін дамыту бойынша жеке бөлім көзделді.



Аталған бөлімді әзірлеу кезінде басым бағыттар, міндеттер мен нысаналы көрсеткіштер анықталды. Сондай-ақ тамақ өнеркәсібін дамытудың әр бағыты бойынша жобалардың карталары құрылып, оларда жұмыс істеп тұрған және жоспарланған кәсіпорындардың тізімі, олардың қуаттары анықталады, құрылыс пен жаңғырту бойынша жоспарлар, мемлекеттік қолдау механизмдері пысықталып, қаражат қажеттілігінің есептері жүргізілуде.

АШМ ҚР ПӘ-ге аталған тармақты бақылаудан алу туралы 2014 жылғы 27 маусымдағы №1-1-7/1396//733 хат жолданды.








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет