Еуразия ұлттық университеті
Баспасөз қызметі
Тел.: +7 (7172) 709-548, 709-500 (вн.31-116,)
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Еуразия мұраты: үйлесім мен серпін
2014 жылдың 6-8 маусым күндері Ақмола облысының Зеренді кентінде «Еуразия мұраты: үйлесім мен серпін» атты іс-шара өтеді. Оған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамы, факультет декандары мен департамент директорлары, студенттер мен магистранттардан құралған арнайы топ қатыспақ.
Құрамында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Ерлан Сыдықов бастаған, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор, ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Дихан Қамзабекұлы, ҚР Мемлекеттік Елтаңба авторы, профессор Жандарбек Мәлібеков қостаған, филология ғылмдарының докторы, профессор Шәкір Ыбыраев, ҚР сурет академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР суретшілер одағының мүшесі, ҚР дизайнерлер одағының мүшесі, профессор Тілеужан Батанов секілді белгілі ғалымдар мен сала қызметкерлері, студенттер мен магистранттары бар арнайы жасақталған топ елге барып, жергілікті тұрғындармен емен-жарқын жүздесу өткізіп қайтпақ.Ондағы сөз болатын, қозғалатын мәселенің бірі таяда ғана үш мемлекет – Қазақстан, Ресей, Белорусь елдерінің басшылары қол қойған экономикалық одақ туралы шарт.Демек, сапар барысында үгіт, насихат, түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіледі деген сөз. Содан кейін оқу бітірген Алтын белгі иегерлері де биыл Еуразия ұлттық университетіне оқуға түсем деп талаптанып отырған шығар. Сауал көп болса, жауап табылмай қалмайды.Осының бәрі «Еуразия мұраты: үйлесім мен серпін» атты шара барысында жүзеге асады деп сенеміз.
Жалпы 70 адамнан тұратын арнайы құрам Астанадан 6 маусым күні сағат 16.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимараты алдынан жолға шығады. Кешкісін аталмыш оқу орнының Зерендідегі «Тұмар» оқу-сауықтыру орталығына бас тіреп, мұнда университеттің белсенді студенттері мен оқу орнының белгілі профессор-академиктері арасында әдемі кездесу өткізілмек.
Ал келесі күні Березняковка ауылындағы мектепте болып, «Еуразия мұраты: үйлесім мен серпін» атты шара басталады.Шара аясында Зеренді ауыл әкімдігінің зиялы қауым өкілдерімен жүздесіп, аяғы спорттық шараларға жалғаспақшы.Кешкісін алау жағылып, көгілдір от маңында арнайы концерттік бағдарлама ұсынылады деп күтілуде. Сондай-ақ университет ғалымдары осы сапарында Зерендінің әсем де көрікті жерлерін аралап, табиғатты аялауға шақырмақ.
Осының бәрі өз үйлесімін тауып, жергілікті тұрғындар мен ғалымдарымыз бір серпіліп жатса, Еуразияның мұраты орындалғаны деп білеміз. Міне, «Еуразия мұраты: үйлесім мен серпін» деген сол!
Ұйымдастырушы:
Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті.
Өткізу орны: Ақмола облысы,Зеренді кенті
Өткізу күні: 2014 жыл, 6 -8 маусым.
Автобус ЕҰУ алаңынан сағат 15:00 аттанады
Аккредитациядан өту үшін, ЕҰУ баспасөз- қызметіне хабарласыңыздар
+7 (7172) 709 -548
+7(7172) 70-95-00 (31-116,31-118 внутр)
+ 7 702 363 60 05, lyaka-tompi@mail.ru – Ләйлә Рахманова
Достарыңызбен бөлісу: |