2014 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстары
5 және 28, 30 тармақтары бойынша (медиа-жоспардың 1 (3,6) тармақтар бойынша)
Тоқсан сайын тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытты халықтың кең қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін, бюджеттің атқарылуы және мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат жарияланды (жарияланған ақпараттар көшірмелері қоса беріледі).
2014 жылдың 25 ақпанында, 2014 жылдың 8 қыркүйегінде басқарма басшысының, оның орынбасарларының және басқарма қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық көріністерінің деректеріне жол бермеу мәселесі және осы бағыт бойынша жұмысты күшейту бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды (хаттамалары бар). 2014 жылдың 8 қыркүйегінде іс-шаралар жоспарының 29 тармағын орындау барысында семинарға қатысу үшін бұқаралық ақпарат құралдарының («Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттері) өкілдері шақырылды.
2014 жылдың 20 мамырында персоналды басқару жөніндегі бас маманмен басқарма басшылығының, бөлім басшыларының және мамандарының қатысуымен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты сақтау мәселесі бойынша семинар өткізілді (хаттамасы бар). Күн тәртібінде ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңның негізгі нормалары қаралды.
6 тармақ бойынша
Қаржы басқармасының сайтында «Интернет-конференция» бөлімі бар, онда Ақтөбе облысының қаржы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі жұмысына қатысты халықты толғандыратын сұрақтар талқыланады.
2014 жылдың 30 мамырында сағат 15-00-де Ақтөбе облысының қаржы басқармасының веб-сайтында нақты уақыт режимінде «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ басшысы А.У.Давлетованың қатысуымен интернет-конференция ұйымдастырылды.
12 тармақ бойынша (медиа жоспардың 8 тармағы бойынша)
Басқармада «сенім телефоны» қызмет жасайды, телефон нөмірі жалпыға бірдей көзбен шолу үшін фойеге орналастырылған, мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің стендісінде көрсетілген. Сол жерде лауазымдық тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың хаттары және өтініштері үшін пошта жәшігі ілінген.
2014 жылы басқарамаға 123 өтініш, оның ішінде 88 өтініш жеке тұлғадан және 35 өтініш заңды тұлғадан түскен.
15 және 29 тармақтары бойынша
Іс-шаралар жоспарының 15 және 29 тармақтарын орындау барысында басқарманың 2014 жылғы 6 маусымдағы № 9-09/1150, № 9-09/1151, № 9-09/1152 хаттарымен облыстың тәртіптік кеңесінің, «Нұр Отан» партиясының және «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің өкілдерін сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемалары бойынша семинар жүргізуге қатысу үшін шақырылды.
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық өзекті болып табылады. Сыбайлас жемқорлықты тек заңды әдістермен және оның туындауына күреспен шектеуге болмайды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес, егерде ол барлық жағынан қамтылса, кешенді болса, тұрақты жүргізілсе табысқа жетеді, оған биліктің де, қоғамның да барлық күштері жұмылдырылуы тиіс. Қаржы басқармасы ұжымы ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатынасты насихаттау бойынша ынталы жұмыс жасайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің шараларын іске асыру үшін азаматтардың құқықтық тәрбиесі қажет болады. Қаржы басқармасында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады.
Ақтөбе облысының қаржы басқармасы 2014 жылдың 13 маусымында 15-00-де, облыс әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамарыдағы №154 қаулысымен бекітілген, Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеті жөніндегі іс-шаралардың 2011-2015 жылдарға арналған жоспарының 15,29 тармақтарын орындау барысында басқарма ұжымында сыбайлас жемқорлықпен күрес және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды сақтау мәселесі бойынша семинар ұйымдастырылды.
Семинарға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істер агенттігі департаментінің инспекция және бақылау бөлімінің меңгерушісі А.А.Шілманов» , «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы Нұрымов К.К. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша баяндама оқыды. Басқарманың персоналды басқару жөніндегі бас маманы сыбайлас жемқорлықпен күрес және сыбайлас жемқорлықтың туындауына жол бермеу бойынша шаралар туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, қаржы басқармасы Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық қоғам институттарымен бірлескен өзара іс-қимыл жөніндегі 2014-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша әлеуметтік-экономикалық салалардағы мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің айқындылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, мәслихат депутаттарымен, азаматтық қоғам институттары өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізуді облыстық ішкі саясат басқармасымен келісе отырып, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жоспарлап отырғандығын хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту деректері, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық негіздері және жағымсыз себептермен жұмыстан босатылғандар жоқ.
16 тармақ бойынша
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мәселесі қаржы басқармасының құзыретіне кірмейді. Осы тармақтың орындалуы Ақтөбе қаласы және аудандардың жергілікті атқарушы органдарының қарауында.
Аталған тармақтың орындалуын қаржы басқармасынан алып тастау өтінішімен хат жолданды (облыс әкімдігіне 2014 жылғы 13 мамырдағы № 11-04/913 хат жіберілді).
19 тармақ бойынша
Процессингтік орталықтармен жол қозғалысы ережесін бұзушылықтарды бейнебақылау жүйесін ендіру және фиксациялауды жүзеге асыру қаржы басқармасының құзыретіне кірмейді, себебі қаржы басқармасы бюджеттің атқарылуы бойынша уәкілетті орган болып табылады.
Аталған тармақты орындауды қаржы басқармасынан алып тастау туралы хат жолданды (облыс әкімдігіне 2014 жылғы 12 мамырдағы № 3-11/903 хаты жіберілді).
26 тармақ бойынша
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының коммуналдық меншігінің 18 кәсіпорын жекешелендіруге жатады. Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 173 қаулысымен 2014-2016 жылдардан жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізімдері бекітілген.
2014 жылдың 6 маусымында жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі кәсіпорындарды сату Кестесі бекітілді: 2014 жылы - 3 кәсіпорын, 2015 жылы - 9 кәсіпорын, 2016 жылы - 6 кәсіпорын.
Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру бойынша құрамында Ақтөбе кәсіпкерлік палатасының өкілдері бар комиссия құрылғанын хабарлайды. (ақпарат облыс әкімдігіне 2014 ж.17.06 № 9-09/1254 хатымен жіберілді)
27 тармағы бойынша
Жергілікті атқарушы органдарға қоғамдық кеңестерді ендіруді қолдайды. Себебі заманауи уақытта қабылданатын басқарушылық шешімдер, жұртшылық өкілінің институты арқылы өз бетінше құрылған үкіметтік емес және басқа ұйымдарда азаматтарды біріктіру жолымен көбінесе тиімді іске асырылады.
Бұл бірінші кезекте, мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді және басқарушылық сипаттағы шешімдерді қабылдау және іске асыру процессіне қоғамды тартады.
Алайда, осындай институттарды ендіру кезінде, кеңестердің өз жұмыстарына теріс әсерін тигізетін факторлардың қатарын ескеруіміз қажет.
Қызметі өз еркімен жүргізілетін, қоғамдық кеңестердің құрамына кез-келген азаматтық қоғамның өкілдері кіре алады, оларға үлкен жауапкершлік жүктеледі. Жұртщылықтың өкілдерін ендіру кезінде бірінші кезекте ынталандыру сипатындағы дәлелді факторларды әзірлеу өте маңызды. (ақпарат облыс әкімдігіне 2014 ж.17.06 № 9-09/1254 хатымен жіберілді).
33 тармақ бойынша
Жалпы мемлекеттік органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін жасау себептерін талдай отырып, негізінен сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар, атап айтқанда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін бұзу анықталатынына қортыныды жасауға болады.
Осындай деректерге жол бермеу мақсатында басқармамен құқық түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады. Персоналды басқару жөніндегі бас маман ұжым қызметкерлері арасында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының негізгі нормалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Осымен бірге, кәсіпорындарға қатысты бөлігінде айта кетсек, «Ақтөбе» ӘКК» Ұлттық компаниясы» 2014 ж.05.06 № 12-04/1130 хатпен, коррупцияға қарсы заңдылықты сақтау және алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша салалық бағдарламаны, ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы жұмыста зерделеу және қолдану үшін жолданды.
36 тармағы бойынша
Осы уақытта декларация формасы мемлекеттік қызметшілердің өздеріне де және олардың жұбайларына да көп жеңілдетілген болып табылады. Олардан банктік шоттарды, зейнетақы жинақтарын декларациялау бойынша бағандар алынып тасталған. Бірақ, бұл заңсыз баюды болдырмауға және мүдделердің келіспеушіліктерін реттеуге бағытталған, декларация жүйесінің жетілдірілмеуіне әкелуі және декларация тапсыру кезінде сол және басқа кірістерді жасыруға әкелуі мүмкін. Бұл жерде декларацияның нақтылылығы маңызды емес, маңыздысы мемлекеттік қызметші көрсеткен мәліметтің шындыққа сай келуін тексеру болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен мүліктерін декларациялау кезінде мазмұндалған мәліметтердің шынайылығын тексеру жүйесін жақсарту мақсатында Ақтөбе облысының қаржы басқармасы декларация мазмұнын бақылау жүргізуге қажетті мәліметтердің толықтығы мәніне талдау, сонымен қатар декларацияны қабылдау, өңдеу, тексеруге іріктеу бойынша процедуралардың тиімділігіне талдау жүргізу сапасын арттыруды, сондай-ақ осы барлық процедураларды өңдеуді және оларды толық жетілдіруді ұсынады (ақпарат 2014 ж.13.05 № 9-09/918 хатымен жіберілді).
37 тармағы бойынша
Облыстың қаржы басқармасы ҚР заңы жобасының концепциясы бойынша, жаңа құқықтық механизмдерді, ақпараттық мүмкіндіктерді орнату, жұртшылықты сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және болдырмауға кең көлемде тартуға бағытталған келесі ұсыныстарды енгізеді:
Осы уақытта қандай да бір сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында, қоғамда сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа төзбейтін қатынастарды қалыптастыру механизмін жетілдіру қажет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты және аймақтық бағдарламаларды кең насихаттау, сонымен қатар олардың іске асырылуын бақылау қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін қатынастарды қалыптастыру үшін мемлекеттік биліктің атқарушы органдары өздерінің құзыреттері шегінде ұжымда және жалпы қоғамда ағарту жұмыстарын тұрақты жүзеге асыру қажет. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың көзқарасымен ерекше осал жер болып саналатын, көпшілікке ашық лауазымға болашақта орналастыру үшін кадрларды даярлаудың тиісті процедурасын әзірлеу, білім беру және оқу бағдарламаларын жетілдіру керек, бұл осындай тұлғалардың көпшілікке ашық функцияларды дұрыс, адал және тиісті орындауына қатысты талаптарды қанағаттандыра алуы, сыбайлас жемқорлықпен сүйемелденетін және олардың өз фунцияларын орындауына байланысты тәуекелдерді олардың ұғынуын тереңдету үшін қажет (ақпарат облыс әкімдігіне 2014 ж.17.06 № 9-09/1254 хатымен жіберілді).
медиа жоспардың 4 тармағы бойынша
Басқарма бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.
медиа жоспардың 5 (7) тармақтар бойынша
Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлім ашылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпараттар тұрақты орналастырылып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |