2015 жылдың қорытындысы бойынша Теміртау қаласы әкімі аппаратында құжаттармен, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу жағдайы туралы ақпарат



Дата03.07.2016
өлшемі86.76 Kb.
#175587
2015 жылдың қорытындысы бойынша Теміртау қаласы әкімі аппаратында құжаттармен, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу жағдайы туралы ақпарат
Теміртау қаласы әкімі аппаратына 2015 жылы 7126 қызметтік құжат келіп түсті, келіп түскен құжаттардың саны 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 680-ге немесе 10,5%-ға өсті. Оның ішінде электрондық түрде (БЭҚАЖ) - 6146, немесе 86,2%, қағаз тасымалдағышта - 980 немесе 13,8%.

Жоғары тұрған органдардан түскен құжаттардың саны - 4535, жалпы кіріс құжаттардың 63,6% -ы.

Қала әкімі 6028қызметтік құжатты қарап, тапсырмалар берді,

тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жөніндегі қала әкімінің орынбасары 1746 құжаттар (немесе барлық құжаттардың 24,5%)

экономикалық мәселелер жөніндегі қала әкімнің орынбасары 2973 құжаттар (46,1%)

әлеуметтік мәселелер жөніндегі қала әкімінің орынбасары 2256 құжаттар (31,7%)

әкім аппаратының басшысы 1804 (25,3%) құжатты қарады.
Шығыс құжаттар санын - 2103 құрады, оның ішінде электрондық құжат айналысы жүйесі арқылы 1775, немесе 84,4%.

Қала әкімі аппаратына мемлекеттік тілде келіп түскен кіріс құжаттардың саны 2015 жылы - 4742 немесе 66,5%.

Мемлекеттік тілде дайындалған шығыс құжаттардың саны –1793 немесе 85,3 %.
2015 жылы Теміртау қаласы әкімдігі, қала әкімі 1678 құқықтық акт қабылдады (2014 жылы - 1775), оның ішінде:

әкімдіктің қаулысы -1572,

әкімнің шешімі -6,

әкімнің өкімі -100.


Қарағанды облысы әділет департаментінде 17 нормативтік-құқықтық акт тіркелді (2014 жылы - 3):

1) Теміртауқаласыәкімдігінің2015 жылғы 8 қаңтардағы № 1/2 «Қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 2015 жылғы 12 ақпанда - 2967. «Құрыш қалаkz» газетінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №13 санында жарияланған (Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 15/25 қаулысымен күшін жойды деп танылды).

2) Теміртауқаласыәкімдігінің2015 жылғы 8 қаңтардағы № 1/3 «Қалалық бюджет қаражатынан төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 2015 жылғы 3 ақпанда - 2955. «Құрыш қала kz» газетінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №13 санында жарияланған.

3) Теміртауқаласыәкімдігінің2015 жылғы 19 ақпандағы № 7/5 «"Теміртау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 2015 жылғы 16 наурызда - 3046. «Құрыш қала kz» газетінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №13 санында жарияланған.

4) Теміртауқаласыәкімдігінің2015 жылғы 19 ақпандағы № 7/9 «"Теміртау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 2015 жылғы 17 наурызда - 3051. «Құрыш қала kz» газетінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №13 санында жарияланған.

5) Теміртауқаласыәкімдігінің2015 жылғы 26 ақпандағы № 8/1 «"Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 2015 жылғы 17 наурызда - 3049. «Құрыш қала kz» газетінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №13 санында жарияланған.

6) Теміртауқаласыәкімдігінің2015 жылғы 26 ақпандағы № 8/2 «"Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 2015 жылғы 17 наурызда - 3050. «Құрыш қала kz» газетінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №13 санында жарияланған.

7) Теміртауқаласыәкімдігінің2015 жылғы 26 ақпандағы № 8/3 «"Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 2015 жылғы 26 наурызда - 3060. «Құрыш қала kz» газетінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №13 санында жарияланған.

8) Теміртауқаласыәкімдігінің2015 жылғы 12 наурыздағы № 10/1 «"Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 2015 жылғы 1сәуірде - 3089. «Құрыш қала kz» газетінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №14 санында жарияланған.

9) Теміртауқаласыәкімдігінің2015 жылғы 12 наурыздағы № 10/2 «"Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 2015 жылғы 2 сәуірде - 3104. «Құрыш қала kz» газетінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №14 санында жарияланған.

10) Теміртауқаласыәкімдігінің2015 жылғы 2 сәуірдегі № 13/1 «Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 2015 жылғы 24 сәуірде - 3169. «Құрыш қала kz» газетінің 2015 жылғы 8 мамырдағы №18 санында жарияланған.

11) Теміртауқаласыәкімдігінің2015 жылғы 9 сәуірдегі № 14/4 «"Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 2015 жылғы 14 мамырда - 3202. «Құрыш қала kz» газетінің 2015 жылғы 22 мамырдағы №20 санында жарияланған.

12) Теміртауқаласыәкімінің2015 жылғы 13 сәуірдегі № 3 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімі. Тіркелу нөмірі 2015 жылғы 20 сәуірде - 3156. «Құрыш қала kz» газетінің 2015 жылғы 24 сәуірде №16 санында жарияланған ((Теміртау қаласы әкімінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 4 шешімімен күшін жойды деп танылды).

13) Теміртауқаласыәкімдігінің2015 жылғы 28 мамырдағы № 21/9 «Ақтау кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 2015 жылғы 8 маусымда - 3243. «Темиртауский рабочий» газетінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №24 санында жарияланған.

14) Теміртауқаласыәкімдігінің2015 жылғы 4 маусымдағы № 22/1 «Теміртау қаласында жолаушыларды және багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті көтеру туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 2015 жылғы 30 маусымда - 3308. «Темиртауский рабочий» газетінің 2015 жылғы 8 шілдедегі №27 санында жарияланған.

15) Теміртауқаласыәкімдігінің2015 жылғы 23 шілдедегі № 29/9 «Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру және сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 2015 жылғы 12 тамызда - 3367. «Құрыш қала kz» газетінің 2015 жылғы 21 тамыздағы №31 санында жарияланған.

16) Теміртауқаласыәкімдігінің2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 38/2 «Теміртау қаласында көшпелі сауданы ұйымдастыру туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 2015 жылғы 27 қазанда - 3469. «Темиртауский рабочий» газетінің 2015 жылғы 4 қарашадағы №44 санында жарияланған.

17) Теміртауқаласыәкімінің2015 жылғы 15 қазандағы № 5 «Теміртау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» шешім. Тіркелу нөмірі 2015 жылғы 12 қарашада - 3490. «Темиртауский рабочий» газетінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 48 санында жарияланған.

Тіркеуден бас тартылған, пысықтауға қайтарылған нормативтік-құқықтық акті болған жоқ.
Мәселелердің сипатына қарай қабылданған құқықтық актілер төмендегідей болып бөлінеді:

- жер пайдалану мәселелері- 1105 қаулы немесе бұл барлық қабылданған актілердің 65,8%-ы;

- білім беру, қамқорлыққа және қорғаншылыққа алу - 123 немесе 7,3%;

- құрылыс мәселелері– 103 немесе 6,1%;

- тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері - 98 немесе 5,8%;

- әлеуметтік мәселелер, жұмыспен қамту – 49 немесе 2,9%;

- қоғамдық маңызы бар шараларды жүргізу, мемлекеттік басқару, кадр мәселелелері – 47 немесе 2,8 %;

- бюджет, жоспарлау – 27 немесе 1,6%;

- басқа мәселелер – 126.
2015 жылы қала, Ақтау кенті әкімі аппаратында, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде жеке тұлғалардың 9227 өтініші (2014 жылы -10855), заңды тұлғалардың 1294 өтініші (2014 жылы - 1776) қаралды, оның 1515-і жеке қабылдауда (2014 жылы - 1825) қаралды.

2014 жыл салыстырғанда осы жылы түскен өтініштердің саны 2110-ге немесе 16,7%-ға азайды.

2015 жылы мемлекеттік органдарға 49 арыз (2014 жылы - 19), 10350 өтініш, 122 басқа өтініштер (сұраулар, ұсыныстар, лебіздер)келіп түсті.

Өтініштердің 4762-ы қанағаттандырылды (45,3%), оның ішінде: жер пайдалану мәселелері бойынша - 1569, құрылыс мәселелері бойынша - 1075,

тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша - 1065, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бойынша - 346, мемлекеттік басқару мәселелері бойынша - 85, мәдениет, өнер, мұрағаттық құжаттарды беру мәселелері бойынша - 80, білім беру саласы бойынша -37, жария ету бойынша - 33, мемлекеттік мүлік және басқа да мәселелер бойынша - 18.

Қолданыстағы заңдарға сәйкес 3684 өтініш иесіне (35%) түсініктемелер берілді.

Қанағаттандырудан бас тартылғаны 237 өтініш (2,3%), оның ішінде 187-і жер пайдалану мәселелері бойынша, 23-ы тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша, жария ету бойынша-12, мемлекеттік басқару мәселелері бойынша-6, мәдениет, өнер, мұрағаттық құжаттарды беру мәселелері бойынша- 5, құрылыс мәселелері бойынша - 2,мемлекеттік мүлік мәселелер бойынша - 1, экономика мәселелері бойынша - 1.

51 өтінішті (0,5%) қарау тоқтатылды, оның ішінде 30-ыжер пайдалану мәселелері бойынша, жария ету бойынша - 17, білім беру бойынша - 3, мемлекеттік басқару мәселелері бойынша - 1.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 2 өтініш қаралмай, есептен шығарылды.

Өтініштердің 1817-і (немесе 17,3%) қарау үшін төмен тұрған және басқа да мемлекеттік органдарға жіберілді.


Теміртау қаласы әкімінің аппаратына 2015 жылы жеке және заңды тұлғалардан 2666 өтініш (2014 жылы - 3264) келіп түсті, оның ішінде, жеке тұлғалардан - 1904, заңды тұлғалардан - 374 жазбаша өтініш, 388 өтініш жеке қабылдауда қаралды (2014 жылы жеке тұлғалардан - 2468, заңды тұлғалардан - 569 жазбаша өтініш, 227 өтініш жеке қабылдау).

2014 жылмен салыстырғанда өтініштердің жалпы саны 598-ге немесе 18,3%-ға азайды.Сонымен қатар жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау саны 161-ге артты, немесе 70,9%.

Келіп түскен өтініштердің: арыз -16 (2014 жылы - 8), өтініштер - 2576 (2014 жылы - 3152), басқа да өтініштер - 74 (2014 жылы - 104).

Облыстық әкімдіктен 103(2014 жылы 103), комитет, облыстық басқармалардан - 3, басқа да органдардан - 58 өтініштер түсті. Облыс әкімінің блогына түскен 46 өтініштер мен сұрақтарға, электрондық Үкімет порталы арқылы түскен 10 өтініш (2014 жылы -6) қаралып, жауап берілді.

2015 жылы 9 қайта берілген өтініштер (2014 жылы - 7) болды, оның 1-і жартылай қанағаттандырылды, қалған өтініштерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш берушілерге түсініктеме берілді.

Қала әкімі жеке мәселелер бойынша 93 адам қабылдады, әкім орынбасарлары:

- тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс – мәселелері бойынша - 179

- экономика, кәсіпкерлік, мемлекеттік сатып алу, ауыл шаруашылық және ветеринария мәселелері бойынша- 25:

- әлеуметтік, білім беру, дене шынықтыру, спорт, денсаулық сақтау, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері бойынша - 90

- әкім аппаратының басшысы - 1.


Қала әкімі аппаратына түскен өтініштердің басым бөлігі - жер пайдалану мәселелері - 1218(2014 жылы - 2011) немесе 46%.

Тұрғын үй беру мәселелері бойынша өтініштер саны 29-ға немесе 51,8%-ға артты: 2015 жылы осы мәселе бойынша 85 өтініш түссе, оның ішінде 15 өтініш облыстық әкімдіктен (2014 жылы-56 өтініш болса, облыстық әкімдіктен - 10) түсті, 62 өтініш берушілерге тиісті заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді, 20 өтініш «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қарауына жолданды.

Тұрғын үйді жекешелендіру бойынша 102 өтініш (2014 жылы - 176) түсті.

2014 жылмен салыстырғанда коммуналдық мәселелер бойынша өтініштер саны 77-ге немесе 22,2%-ға артты, олардың саны - 424 немесе жалпы түскен өтініштердің 15,9%-ы, оның ішінде 35-облыстық әкімдіктен. Оның ішінде жылумен жабдықтау бойынша -13 (2014 жылы - 29), сумен жабдықтау бойынша -15, абаттандыру және көгалдандыру - 47, тұрғын үй қорын жөндеу бойынша - 27, ПИК-тің қызметі бойынша - 17.

Құрылыс мәселесі бойынша 89 өтініш (2014 жылы - 105) қаралды, 15,2% азайды.

Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселесі бойынша 2015 жылы 99 өтініш түсті, 2014 жылға қарағанда 23,7%-ға көп.

Құқықтық актілердің көшірмесін беру бойынша -76 (2014 жылы - 85), мүлікті жария ету бойынша - 76, бұрын қабылданған құқықтық актіге өзгерістер енгізу туралы- 61, білім бойынша-53 (2014 жылы - 44),кәсіпкерлік мәселесі туралы -43 (2014 жылы - 56), көлік бойынша -32 (2014 жылы - 28), мәдениет, өнер бойынша -21 (2014 жылы -10), денсаулық сақтау бойынша -16 (2014 жылы -8), дене шынықтыру және спорт бойынша -14 (2014 жылы - 14).

Түскен өтініштердің174 өтініш қанағаттандырылды, 648 өтінішке қолданыстағы заңдарға сәйкес түсініктемелер берілді, 2-уі қаралмай есептен шығарылды, 25 өтінішке бас тартылды, 18 өтініш бойынша қарау тоқтатылды, 1787 өтініш төмен тұрған мемлекеттік органдарға, 12 өтініш ведомстволық бағыныстылық және аумақтық тиістілігіне қарайжолданды.

Түскен 2666 өтініштің 2092 өтініш әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінде қаралды, оның ішінде : «Жер қатынастары бөлімі» ММ -1231, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ - 351, «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ - 140, «Тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ - 105, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» - 70, «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ - 51, «Білім беру бөлімі» ММ - 29, «Ішкі саясат бөлімі» ММ- 23, «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ - 19, «Құрылыс бөлімі» ММ - 13, «Экономика және қаржы бөлімі» ММ - 11, «Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ - 8, «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ - 8, «Ветеринария бөлімі» ММ - 6, Ақтау кенті әкімінің аппараты - 11.

Барлық өтініштер заңдарда белгіленген мерзімде қаралды.


Теміртау қаласы әкім аппаратының

құжаттамалық қамтамасыз ету

бөлімінің басшысы И. Иванова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет