2015 жылғы 1 сәуірдегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы



Дата29.02.2016
өлшемі81.66 Kb.
#29895


2015 жылғы 1 сәуірдегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы

2015 жылдың 1 сәуір айында облыс бюджетіне 49 259,2 млн.теңге болжаммен 52 705,4 млн.теңге кірістер түсті, соның ішінде 32 474,6 млн.теңге сомасы республикалық бюджеттен берілген субвенция мен нысаналы трансферттерді құрады.



2015 жылғы 1 сәуірдегі облыс бюджетінің түсімдері

Меншік кірістері

қарыздардың түсімі

Субвенция

Нысаналы трансферттер

Қаржылық активтерден сатудан түскен түсімдер


Меншік кірістер 120,2%-ға орындалды. Барлық бюджеттер деңгейлері жоспарды орындады.

Үш айдың қорытындысы бойынша жер телімідерін сатудан түске түсімдерден (73,6%) басқа, болжам барлық кіріс көздері бойынша орындалды.

Облыстық бюджетке 2015 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 7 035,6 млн.теңге болжаммен 8 474,0 млн.теңге меншік кірістері түсті, асыра орындау 1438,4 млн.теңгені құрады.



2015 жылғы 1 сәуірдегі облыс бюджетінің меншік кірістер бойынша атқарылуы

(млн.теңге)

жеке табыс

әлеуметтік салық

бекітілген кірістер



Облыс бюджетіне түскен түсімдер (млн. теңге)
меншік кірістер

субвенция

трансферттер
Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер, субвенция ескере отырып, барлық деңгейлер бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 48324,1 млн.теңге жұмсалды.

Облыстың мемлекеттік мекемелерді ағымдағы ұстауға 45150,4 млн.теңге жұмсалды, даму бюджеттік бағдарламаларына 3173,7 млн.теңге бағытталды.

Облыстың білімі беруіне 18178,6 млн.теңге немесе 98,4% жұмсалды, оның ішінде:

- мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 2057,0 млн.теңге;

- облыстың қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 11765,0 млн.теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балабақшаларға – 10904,9 млн.теңге, арнайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беруге – 424,3 млн.теңге, мамандандырылған білім ұйымдарына дарынды балаларға жалпы білім беруге – 435,8 млн.теңге;

- техникалық және кәсіптік білім беруге және оқыту – 1847,6 млн.теңге.

Сонымен қатар, 2014 жылы облыстық бюджеттен ағымдағы кезенге жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстауға 304,3 млн.теңге бағытталды, яғни 98,9% құрайды.

Денсаулық сақтау бойынша екі айдың қорытындысы бойынша атқарылу 12735,8 млн.теңге немесе 99,6%-ды құрады. Диабет, онкологиялық, гемофилиямен ауыратындарды, ЖИТС инфекциясын жұқтырған, гематология, сондай-ақ, халыққа иммунды алдын алу жүргiзу үшiн вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алуға 3280,0 млн.теңге қаражат жұмсалды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қайтаруға шығындарды ағымдағы қаржыландыруға 2202,9 млн.теңге жұмсалды. Республикалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен аудандық және ауылдық маңызы бар денсаулық сақтау субъектілерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсетуге және ТМККК шеңберінде бекітілген халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге 6410,7 млн.теңгені құрады. Онкологиялық ауруларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көмек көрсетуге республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 608,3 млн.теңге жұмсалды.

2015 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 48,3 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 46,8 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 112,4 млн.теңге қарастырылды.

2015 жылы білім объектілерін дамытуға республикалық және облыстық бюджеттер қаражаттары есебінен 8861,2 млн.теңге қарастырылды, соның есебінен Зырян ауданының Зырян, Аягөз ауданы аягөз қаласы, Аьбай ауданы Қарауыл ауылы, Үржар ауданы Үржаар ауылының балабақшалар, Бесқарағай, Глубокое, Жарма, Зярын, Катонқарағай, Тарбағатай, Үржар аудандарының орта мектептер құрылысы жалғастырылатын болады. Есеп беру кезеңінде 634,3 млн.теңге игерілді.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен облыс өңірлеріндегі жедел медициналық көмек стансасы мен Өскемен қаласындағы 200 төсекті балалар ауруханасының құрылысы бойынша құрылыс жұмыстары жалғастырылатын болады, оларға 219,5 млн.теңге жоспарланып, оның 43,9 млн. теңге немесе 100%-ға игерілді.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Өскемен қаласындағы облыстық қан орталығы, Семей қаласының жедел медициналық көмек стансасының құрылысына, Семей қаласының жедел медициналық көмек стансасы құрылысы (қоса қаржыландыру), Семей қаласындағы облыстық онкологиялық диспансерінің радиологиялық орталығының құрылысы (1 және 3 кезек), Бородулиха, Бесқарағай, Глубокое, Зайсан, Ұлан, Күршім, Катонқарағай, Тарбағатай, Шемонаиха аудандарындағы және Семей қаласындағы 20 келішілерге арналған 15 дәрігерлік амбулаториясының құрылысы, Ново-Канайка ауылындағы облыстық психоневрологиялық аурухана құрылысына арналған ЖСҚ әзірлеу және Өскемен қаласындағы халықтар достығы көшесі, 1 бойынша 212 келушілерге арналған емхана ретінде ғимаратты қайта жаңарту, есепті кезеңде 310,0 млн.теңге немесе 99,0%-ға игерілді.

Есеп беру жылы әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін дамытуға Зырян ауданының Грехово кентіндегі мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін оңалту орталығы ретінде Грехов кенішінің әкімшілік-шарушылық корпусының ғимаратын қайта жаңартуға (қоса қаржыландыру), Семей қаласындағы мүгедек балалар үшін оңалту орталығының құрылысына ЖСҚ әзірлеу, Шемонаиха ауданы Выдриха ауылындағы Уба шипажайының 100 орынды асханасы, акт залы, емдеу корпусының құрылысына 52,3 млн.теңге жоспарланды.

Облыстық бюджетте мәдениет және спорт объектілерін дамытуға Өскемен қаласындағы қазақ драма театрының құрылысына, Катонқарағай ауданының және Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылындағы 160 көрермен орны бар дене шынықтыру және спорт кешені, Семей қаласындағы Абай атындағы әмбебап кітапханасының ғимаратын қайта жаңарту және Өскемен қаласындағы Темирязев көшесі, 177 бойынша қалпына келтіру орталығымен мен тенажер залы бар ойнау спорт залы, Зайсан ауданының Зайсан қаласының ипподромы құрылысына 555,8 млн.теңге сомасында қаражаттар қарастырылды. Есеп беру кезеңінде 100%-ға игерілді.

Ішкі істер органдарының базаларын нығайту үшін 127,4 млн.теңге қарастырылды, оның есебінен УҰИ ретінде үй-жайы бар Затон полиция бөлімін қайта жаңартуға және Семей қаласының ІІБ ғимаратына ЖБО ретінде жапсаржай салуға ЖСҚ әзірленіп, конференц-залды жартылай қайта жаңартумен Семей қаласындағы ІІД ғимаратына жедел басқару орталығы ретінде жапсаржай құрылысы жүргізілді.

Қаражаттың басым бағыты облыстың елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйесін дамыту болып табылады. Ағымдағы жылы сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 1958,0 млн.теңге республикалық бюджеттен трансферттер жоспарланды,

олардың есебінен Өскемен, Семей, Курчатов және Риддер қалаларында, Аягөз, Бесқарағай, Күршім, Үржар, Ұлан аудандарында сумен жабдықтау жүйелеріне қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен сумен жабдықтау жүйесінің объектілерін дамытуды қоса қаржыландыруға жоғарыда аталған аудандарда 474,5 млн.теңге қарастырылды,

Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен трансферттер мен кредиттер есебінен 6784,3 млн.теңге жоспарланды, оны есебінен коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жоспарланды.

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын салу және сатып алуға 2389,0 млн.теңге қарастырылды, 256,7 млн.теңге немесе 100%-ға игерілді.

Облыстың көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2015 жылы республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Ұлан ауданындағы «Аюда» Манат-демалу базасы» автодолын салуға, Бородулиха ауданындағы «Жезкент» шекара өткізу пунктіне кіре берісін қайта жаңартуға, Күршім ауданындағы «Ақжайлау-Уранхайха» учаскесінде «Теректі-Уранхайка-Төсқайың» аутожолын қайта жаңартуға ЖСҚ әзірлеуге және ШҚО Семей қаласының ұшу-қону жолағы, рулежді жолдары және әуежайдың әуебекетін қайта жаңартуға және облыс жолдарына күрделі жөндеуге 6375,8 млн.теңге сомасында қаражат жоспарланды.

Семей қаласында қазіргі жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру және жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыруға республикалық бюджеттен 3000,0 млн.теңге сомасында трансферттер бөлу қарастырылды, есеп беру кезеңінде 789,5 млн.теңгеге немесе 100%-ға игерілді.
Республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен агроөнеркәсіптік кешенге қолдау мақсатында 13666,7 млн.теңге жоспарланды.

Риддер, Зырян, Курчатов, Серебрянск сияқты моноқалаларды дамыту және абаттандыру мәселелерін шешу үшін 3206,6 млн.теңге қарастырылды.




2015 жылғы 1 сәуірдегі облыс бюджетінің

шығыстар бойынша атқарылуы (млн.теңге)
2015 жылға нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылған, облыстық мәслихат сессиясының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 24/289-V шешімімен облыстық бюджетте 89 490,4 млн.теңге бекітілген, оның ішінде 59 722,0 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер, 29 768,4 млн.теңге дамытуға арналған трансферттер, сонымен қатар 6 535,2 млн.теңге кредит және ШҚО әкімдігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 346 қаулысына сәйкес 2679,7 млн.теңге сомасындағы Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша бағдарламаға бөлу, оның ішінде 2429,3 млн.теңге - нысаналы ағымдағы трансферттер, 250,4 млн.теңге - дамытуға арналған трансферттер.

2015 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша республикалық бюджеттен облыс үшін 15 631,8 млн.теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер қарастырылды, 15 335,5 млн.теңге жоғары бюджеттен нақты келіп түсті, оның ішінде беру кезеңінде 14 843,4 млн.теңге игерілді немесе ол республикалық бюджеттен бөлінгеннің 96,8%-ы.



Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 1209,1 млн.теңге, мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемақы төлеуге арналған ағымдағы трансферттер – 1242,7 млн.теңге, үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырған мұғалімдерге еңбек ақыны арттыруға арналған трансферттер – 220,6 млн.теңге, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарындағы мамандарды дайындуға мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту – 47,6 млн.теңге, стипендиялардың мөлшерін ұлғайтуға – 36,9 млн.теңге, тегін медициналық көмекті қамтамасыз ету және кеңейтуге – 8697,5 млн.теңге, Өрлеу жобасы бойынша негізделген ақшалай көмекті енгізуге – 72,6 млн.теңге, әлеуметтік қызмет стандарттарын енгізуге – 6,6 млн.теңге, мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға – 11,9 млн.теңге, Жұмыспен қамту бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға –167,5 млн.теңге, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлауға – 81,6 млн.теңге, денсаулық сақтау объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейту үшін денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға – 43,9 млн.теңге, жылу-энергетика жүйесін дамытуға – 789,4 млн.теңге, халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге – 445,1 млн.теңге, ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға – 20,8 млн.теңге, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде жеке кәсіпкерлікті қолдауға – 909,1 млн.теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға –100,0 млн.теңге, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға - 518,0 млн.теңге, моноқалалардағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға облыстық бюджеттеді дамытуға 132,9 млн.теңге.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет