2015 жылғы қаңтар-қарашаға Қостанай қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама жалпы жағдай



Дата22.02.2016
өлшемі33.24 Kb.
#1053
2015 жылғы қаңтар-қарашаға Қостанай қаласының

әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

АНЫҚТАМА
Жалпы жағдай. Қостанай қаласы 28,074 мың гектар аумағын алып отыр. Халқы 2015 жылдың 1 қарашанына 230 988 адамды, яғни ол облыс тұрғындарының 26,2% құрайды.

Өңірдегі реформамен өткізілетін негізгі нәтижесі келесімен сипатталады:



Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 2015 жылғы қаңтар-қарашаға қазіргі бағамен 135796,5 млн. теңгеге өнім өндірген. Өндірістің нақты көлемінің индексі 95,8% құрайды. Қостанай облысы өндірісінің жалпы көлемінде өнеркәсіптік өнімнің салыстырмалы салмағы 35% құрайды және 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қарсы 3,6 тармаққа артты.

Қалада 51 ірі және орта, 188 шағын өнеркәсіп кәсіпорындары әрекет етеді. Ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарында қызметкерлердің жалпы саны 14 мың адамды құрайды.

Өндіріс көлемдерінің өсу қарқыны металлургия өнеркәсібі бойынша 2,6 есеге және жылу энергиясын, газды, электр энергиясын және суды өндіру және бөлу бойынша 106,9% құрады.

Өткен жылдың сәйкес кезеңінде мынадай кәсіпорындар өндіріс көлемін ұлғайтты: «Қостанай мелькомбинат» АҚ (63,4%), «Фирма «Арасан» ЖШС (17,0%), «Romana-Нан» ЖШС (47,9%), «Аруана-2010» ЖШС (34,5%), «Милх» ЖШС (63,1%), «ҚЗҚ ОӨК» Қостанай мекемесі (40,8%) және басқалары. Бұл қаланың ұн кәсіпорындары үшін өнімді өткізу жағымды жағдайын жинақтауына қосылды, сонымен қатар өнімді жеткізуіне қосымша шарттарды жасау.

Көлемдерді көбейту ақшалай ғана емес, сонымен табиғи көріністе де орын алады. Осылай ұн 251 мың тонна (104,1%), май 1018 тонна (209,3%), ірімшік пен ақ ірімшік 487,6 тонна (133%), шырын 13 мыңнан астам тонна (109,5%), аз су 2611 мың литр және т.б. жасап шығарылды.

Сонымен қатар, өндіріс көлемі төмен болған, 18 кәсіпорынның жұмысы проблемалы болып қалады.

Өндіріс көлемі төмендеуінің негізгі себебі: өткізу нарығының тарылуы, сондай-ақ Ресей Федерациясы бойынша, өнімді шығаруға арналған өтінімнің болмауы және ұйымдастырушылық мәселелер, шығарылатын өнімнің бәсекеге жарамдылығының төмен болуы.

Бөлшек сауданың көлемі 112,3 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың деңгейіне 99,4% құрады.



Инвестициялық қызмет. Негізгі капиталға түскен инвестициялардың көлемі 31 млрд. 689 млн. теңгені, оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 8 млрд. 891 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен – 2 млрд. 264 млн. теңге, кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен – 18 млрд. 264 млн. теңге, банктердің несиелері – 2 млрд. 033 млн. теңге, басқа қарызға алынған қаражат есебінен 237 млн. теңгені құрады.

Индустрияландыру картасы шеңберінде 2015 жылы 3 инвестициялық жобаны жүзеге асыру іске асырылуда, инвестицияның жалпы көлемі 6 млрд. 629 млн теңге. 2 млрд. 393 млн теңге игерілді. Жобаларды жүзеге асыру 164 жаңа жұмыс орнын құруға жағдай туғызады.

«Фирма Арасан» ЖШС «Қуаты жылына 56 млн литр болатын алкогольсіз сусындар, су, шәй, квас, жеміс және көкөніс шырындарын өндіру және бөліп құю бойынша жаңа желіні ашу» жобасы жүзеге асырды, жүзеге асыру мерзімі 2014-2015 жылдар. 2015 жылғы 21 тамызда пайдаланылды. 2 млрд 69 млн. игерілді, 35 жұмыс орны құрылды.

«АБСОЛЮТ-КЕРАМИК» ЖШС «Қуаты жылына 40 млн дана қапталған кірпіштерді шығаратын зауытты салу» жобасы жүзеге асыруда, жүзеге асрыу мерзімі 2015-2019 жылдар. Жобаның құны 4 млрд. 263 млн. теңге, 113 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

«К-Oil» ЖШС «Қуаты жылына 18 мың тонна болатын өсімдік майын өндіру бойынша зауытты жаңарту» жобасы жүзеге асыруда. Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2014-2016 жылдары, жобаның құны 324 млн. теңге, 16 жұмыс орнын құру жоспарлануда. 324 млн. теңге игерілді.

119422 ш.м. тұрғын үй немесе 2014 жылдың сәйкесінше кезеңіне 100,7% пайдалануға берілді. Қаланың үлесіне облыс бойынша толығымен енгізілген тұрғын үйдің 57,8% тура келді.

Есеп беру кезеңіне орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 26293 млн. теңгені.

2015 жылы жолдарды реконструкциялау аясында Орджоникидзе-Қостанай 2 шекарасында Герцен көшесін, Таран көшесінен Дощанов көшесіне дейін Чехов реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. Іc жүзінде игеру 422,3 млн теңгені немесе жылдық жоспарға 99,6% құрады.



Қаржылық көрсеткіштер. Салықтардың, алымдардың, міндетті және басқа төлемдердің түсімдері қала бюджетінде 17468,4 млн. теңгені құрады. Жоспар 100,7% орындалды.

Бюджеттің шығындары 31511,3 млн. теңгені немесе жоспарға 97,7% құрады.



Әлеуметтік сала. Жұмыспен қамту қызметіне 17 169 адам өтінді, соның ішінде жұмыссыз дәрежесін алу мақсатында 4447 адам, жұмысқа орналасу бойынша кеңес алу үшін 8624 адам. Қоғамдық жұмыстарға 312 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына 160 адам жұмысқа орналасты, жастар практикасына - 98 адам. Тұрақты жұмыс орындарына 3 960 адам орналасты. 2015 жылғы 1 желтоқсанға жұмысқа орналасқандардың үлесі санының есебімен 112,9% құрады.

Кәсіпкерлік. 2015 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша қалада 20 690 шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындары жұмыс істейді.

Талдау кезеңіне қаланың шағын кәсіпорындары және жеке кәсіпкерлері 98,4 млрд.теңге сомасына өнім өндірген, жұмыстар мен қызметтер көрсеткен, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 105,9% құрады.



Жыл басынан 289 жаңа ашылған кәсіпорындар тіркелді, 545 жұмыс орны құрылды.

Басшы Н. Дорошок

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет