2015 жылғы қаңтар—мамырға Зырян ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын орындау бойынша ақпарат
Өнеркәсіп өндірісі өнімінің көлемі 11356,1 млн. теңгені немесе 2014 жылғы деңгейге 81,6% құрады, ФКИ - 90,6%. Облыс көлемінде өндіріс көлемінің үлес салмағы 2,9% құрайды, аудан облыс бойынша 5 орында.
Тау кен шығару өндірісі өнімінің көлемі 433,6 млн. теңгені немесе 2014 жылғы деңгейге 107,6% құрады, тау кен шығару саласы бойынша ФКИ 94,2% құрады. «Казцинк» ЖШС өнімнің негізгі көлемін ішкі айналымға жібереді, сырт жаққа шығарылмайды.
Өңдеу өндірісі бойынша өндіріс көлемі 5 айға 8502,9 млн. теңгені немесе 2014 жылғы деңгейге 80,8% құрады, ФКИ-97,9%.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 3917,7 млн. теңге сомасында немесе 2014 жылғы деңгейге 61,9% құрады. Аудан инвестициясының үлес салмағы облыс инвестициясының жалпы көлемінде 2,6% құрайды, аудан 5 орында.
Аудан инвестициясын қаржыландырудың басым көзі болып кәсіпорынның меншікті қаражаттары 93,6% немесе инвестицияның жалпы көлемінен 3686,6 млн. теңге болып келеді, ағымдағы жыл басынан кәсіпорындардың салымы 25014 жылғы деңгейден 27,8% төмендеді. Ағымдағы жылы бюджеттік қаражаттар жалпы көлемнің тек 5% құрады, ол 2014 жылғы 16,3% деңгейге қарсы.
Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 2014 жылғы деңгейге 103,8% өсу қарқынымен 1510 млн. теңге сомасында алынды. Ауданның жалпы өнім көлемінің үлес салмағы облыс бойынша 2,7% құрады немесе 16 орын.
Аудан бойынша ет, сүт өндірісі 2014 жылғы осы кезеңге қарағанда 100 және одан артық пайызға орындалуда. Сүт өндірісі 8244,0 тоннаны немесе 2014 жылғы деңгейге 103,1%, ет – 1426 тонна немесе 100,3%, жұмыртқа – 4505,1 мың дана немесе 2014 жылға 111,2%.
Мал басының көрсеткіштері 103,1% орындалды, соның ішінде сиырлар - 103,8%, қой және ешкі 103,4%, шошқа 105,8%, жылқы басы 112,3%. Құс басы 72511 немесе 2014 жылғы деңгейге 76,6% құрады.
Шағын бизнестің жұмыс істейтін субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңіне 282 бірлікті немесе 2014 жылғы салыстырмалы кезеңге 108,5 % құрады, соның ішінде белсенді кәсіпорын 251, 2014 жылғы деңгейге орындалу106,4%. Ауданның тіркелген кәсіпорындарының үлес салмағы облыс санында 2,5% құрады, аудан 3 орында, жұмыс істейтін кәсіпорындар бойынша үлес салмағы 3,5% және 3 орын.
Бөлшектік тауар айналымы 2014 жылғы деңгейге 108,5% өсу қарқынымен 5450,1 млн. теңге сомасын құрады. Аудан тауар айналымының үлес салмағы облыстың тауар айналымының жалпы көлемінде 2,7% немесе 4 орынды құрайды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 1535,4 млн. теңгені немесе 2014 жылғы деңгейге 64,0% құрады.
Тұрғын үйді қолданысқа енгізу 1,8 есеге өсумен 1541 кв. метрді құрады.
Бюджет. Аудан бюджетінің табыс бөлігінің орындалуы 2015 жылғы 01 маусымға 852482,5 мың теңге болжамында 122,5 % құрады, нақты 1044293,4 мың теңге түсті, 191810,9 мың теңге асыра орындалды. Көздер шегінде жоспар 100 және одан артық % орындалды.
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің басшысы И. Пятышева
орын. Мыслимова Т.Н.. 8 (72335)79108
Достарыңызбен бөлісу: |