2015 жылғы персоналды басқару бөлімімен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат



Дата14.07.2016
өлшемі43.18 Kb.
#197908
2015 жылғы персоналды басқару бөлімімен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Ауданда жергілікті бюджеттен қаржыланатын 27 атқарушы орган бар. Олардың 16 ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің аппараттары, 10 дербес бөлімдер және аудан әкімінің аппараты. Осы атқарушы органдарда барлығы 188 мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 19 аудан әкімінің аппаратында, 69 дербес бөлімдерде және 100 ауылдық округтер мен кенттер әкімдері аппараттарында.

2015 жылы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға аудан бойынша барлығы 46 конкурс жарияланып өткізліп, 36 бос орын жабылды.

Олардың 11 аудан әкімінің аппараты бойынша, жарияланған конкурстар негізінде 9 бос орын жабылды, 2 конкурс бойынша қатысатын үміткерлер болмай жабылмады.

Дербес бөлімдерге 17 конкурс жарияланып, 13 бос орын жабылды, 2 бос орын бойынша конкурс 2 реттен жарияланды, 4 бос орын конкурсқа қатысатын үміткерлер болмай жабылмай қалды.

Ауылдық округтер мен кенттер аппараттарында 18 конкурс жарияланып, 14 бос орын жабылды.

2015 жылдың басында аудан бойынша әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымына 8 бос орын болса, жылдың аяғында 18 бос орын болды.

Сонымен қатар 10 лауазым бойынша ішкі ауысымдар жүргізілді, 1 мемлекеттік қызметші резервтен қабылданды.

2015 жылы барлығы 38 мемлекеттік қызметші жұмыстан шыққан, олардың 3 зейнеткерлікке шығуларына байланысты, 17 өз еріктерімен мемлекеттік қызметтен мүлдем кеткендер (қазіргі уақытта олардың 4 жеке секторда, 3 бюджеттік салада еңбек шарты бойынша жұмыс істейді, 4 көшіп кеткендер, 6 жұмыссыздар), 2 денсаулығына,11 адам басқа мемлекеттік қызметке орналасқандар, 4 қысқартуға түскендер, 1 мекеменің жойылуына байланысты.

Сондай-ақ жаңадан қабылданған 16 жас маманға тәлімгерлер тағайындалды.

Жылдың қорытындысы бойынша тәлімгерлік кеңесінің отырысы өткізіліп, өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарған 4 тәлімгерге алғыс хаттар табысталды.

Қабылданған барлық мемлекеттік қызметшілерге жеке істер ашылып, бекітілген нұсқаулыққа сәйкес тиісті құжаттармен толтырылды.

Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған 25 мемлекеттік қызметкер арнаулы тексеруден өткізілді.

2015 жылы наурыз айында «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы аудан әкімдігінің қаулысы қабылданып, облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтті. Әдістемеге сәйкес 96 мемлекеттік қызметші бағалаудан өтіп, олардың 84 жұмысы «тиімді», 12 «қанағаттандырарлық» деп бағаланды.

2015 жылы барлығы 22 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазаға тартылды, оның ішінде 1 мемлекеттік сатып алу процедураларын жүргізген кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң талаптарын бұзғаны үшін аудандық прокуратураның ұсынысы бойынша, атқаратын лауазымына толық сәйкес еместігі туралы ескертілді.

Қалған 21 жүктелген міндеттерді тиісті атқармағаны үшін 9-ескерту, 5-сөгіс және 7-қатаң сөгіс жарияланды.

Тәртіптік комиссиямен жыл басынан 3 отырыс өткізілді, онда 2 рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша заң талаптарының сақталуы және 1 рет облыстық департаментпен жүргізілген кешенді тексеруде анықталған кемшіліктер бойынша сұрақтар қаралды.

Жыл бойында аудан бойынша барлығы 72 мемлекеттік қызметші оқудан өтті, олардың 42 біліктіліктерін арттыру, 30 қайта даярлау курстарында оқыды. Барлық оқыған мемлекеттік қызметшілердің 7 «Е» санаты, 32 «ЕR» санаты және 33 «ЕG» санаты бойынша.

2015 жылы 9 мемлекеттік мекемелер мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарына өзгерістер енгізді және барлық мемлекеттік мекемелер біліктілік талаптар жинағын қайта бекітті.

Есеп мерзімінде персоналды басқару бөлімімен кадр мәселесіне қатысты 250 өкім мен 105 бұйрықтың жобасы дайындалып шығарылды.

Сонымен қатар персоналды басқару бөлімінің бақылауымен мемлекеттік мекемелер басшылары конкурстық комиссияның шешімі негізінде бос орындарға мемлекеттік қызметшілерді қабылдайды, олар бойынша қажетті өкімдер немесе бұйрықтар шағрады, олардың еңбек кітапшаларын толтырды. Мемлекеттік қызметтегі стаждарын санау бойынша комиссия құрып, жұмыс жүргізуін ұйымдастырды. Мемлекеттік қызметшілердің барлығында қызметтік куәлік пен бейджикттердің болуын қамтамасыз етілді. Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің және ШҚО әкімдігінің 295 қаулысының (ШҚО мемлекеттік қызметшілерінің этика ережелері) көрнекті жерде ілінуін ұйымдастырды.

Биыл ауданда «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі енгізіліп, маусым айында, штаттық режимге өткізіліп, қазан айынан нормативтік актілер осы жүйеде әзірлене бастады. Содан бері осы жүйеде 135 нормативтік актінің жобасы әзірленіп, енгізілді.

Персоналды басқару бөлімінің көмегімен бұл жүйеде 5 дербес бөлім жұмыс істеуге көшті (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары, ветеринария, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, білім, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері).

2 дербес бөлім жобаларды қағаз түрінде дайындайды, «Е қызмет» жүйесіне персоналды басқару бөлімі арқылы енгізеді (жер қатынастары, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері).

Қалған 3 дербес бөлім: экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдері бұл жүйеде жыл аяғына дейін жұмыс жүргізген жоқ.

Ауылдық округтер мен кенттердің өкімдері аппарат арқылы жүйеге енгізіліп отыр, оларда бұл жүйе орнатылмаған.

Сонымен қатар, аппаратта мемлекеттік органдардың интранет порталы енгізілді. Бұл жүйеде жыл басынан 32 есептік жазба тіркеліп, қазіргі уақытта 21 есептік жазба қолданылуда. Мемлекеттік орган анықтамалығы үнемі жаңартылып отырады. Мемлекеттік органның қызметкерлері пошта, сөздік, МО анықтамалығы, информеры модульдерінде жұмыс істейді.

23 шілде күні мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиналыс өткізіліп, онда мемлекеттік қызметтің қалыптасуы туралы баяндама жасалды, мемлекеттік қызметке алғаш келген бірқатар қызметкерлер ант қабылдап, өз міндеттерін кәсіби біліктілікпен атқарып жүрген біраз мамандарға аудан әкімінің грамоталары табысталды.

Жыл көлемінде ҚР мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары-Тәртіптік Кеңес төрағасы Т. Жұмағұловтың қатысуымен 2 рет семинар өткізіліп, онда 2016 жылғы 1 қаңтардан күшіне енетін мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдары түсінідіріліп, сұрақтарға жауап берілді.



Персоналды басқару бөлімі

меңгерушісі Б. Дусупова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет