«2016-2018 жылдарға қанайналым жүйесі ауруларынан (Қажа) өлімді төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасына анықтама



Дата01.07.2016
өлшемі73.64 Kb.
#170717


«2016-2018 жылдарға қанайналым жүйесі ауруларынан (ҚАЖА)

өлімді төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»

Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасына

АНЫҚТАМА

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген.

Қанайналым жүйесі аурулары (ҚАЖА) алдағы орындарда болғандықтан, ел экономикасының әлеуметті маңызды секторының бірі халық денсаулығын қорғау болып табылады. Осы бағытта жаңа жобаларды енгізу және оларды іске асыру, институционалдық қолдау оң нәтижелерге жетуге мүмкіндк береді.

Халық денсаулығын қорғау маңыздылығың ескере, жауапкершілік ең алдымен мемлекетте жатады. Сондықтан, ҚАЖА іс-шарала жоспарын іске асыру үшін Жамбыл облысының аудандық және ауылдық әкімдерден бастап, жергілікті мемлекеттік билік органдарының қолдауы мен қатысуы қажет.

ҚАЖА ерте анықтау іс-шараларын жүргізуге және оның алдын алуға, халық денсаулығын сақтауға жан-жақты медициналық көмек көрсетуге бағытталған.

ҚАЖА іс-шара жоспарын іске асыру барысында 2016жылдың қаңтар айы – 2018 жылдың желтоқсан айы арасында Жамбыл облысының барлық тұрғындарын ҚАЖА-ын ерте анықтау үшін қарап-тексеру көзделіп отыр. Денсаулық мектептерінде ерте сатыдағы ҚАЖА-ы бар тұрғындарды айқындау үшін төмендегідей тақырыптарда оқу өткізу: салауатты өмір салтын сақтау, жүрек аурулары асқынуын алдын алу, жіті жағдайлар даму кезінде өз-өзіне және өзара алғашқы көмек көрсету. БМСК медицина персоналын арнайы мектеп-семинарлар шеңберінде облыстың мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мамандарымен ҚАЖА бойынша халыққа көмек көрсетуге оқыту. Ұлттық «Телемедицина» жүйесін ҚАЖА бойынша консультация жүргізу үшін қолдану, one-line режимінде арақашықтық оқу жүргізу үшін қолдану.

Көптеген жылдар бойы экономикалық дамыған елдерде, соның ішінде Қазақстанда да халық арасындағы өлімнің себебі ҚАЖА болып табылады. Республикада ҚАЖА-ы бар науқастардың жалпы саны 1,4 млн адамды құрайды (ересектердің шамалап 8%). Қазақстан Республикасында ҚАЖА негізгі аурулар топтарының ішінде 1 орында, аурушаңдықтың жалпы санынан оның үлесі 56%. Республикада ҚАЖА бойынша аурушаңдық деңгейі мынаны құрайды: 2012 ж.– 2454; 2013 ж. - 2463,1; 2014 ж. - 2430,2. Соның ішінен: АГ – 2014 ж. – 5,40; 2015 ж. – 7,52; ЖИА – 2014 ж. – 57,20; 2015 ж. – 74,04; ми тамырларының зақымдануы – 2014 ж. – 55,23; 2015 ж. – 73,92. Қазақстанда ҚАЖА-нан өлім: 2012 ж.- 256,8; 2013 ж. - 207,4; 2014 ж.- 162,5; 2015 ж. – 200,96.

Жамбыл облысы денсаулық сақтау көрсеткіштерінің нәтижелері бойынша ҚАЖА көрсеткіштері: 2012 ж.– 3419,7; 2013 ж. - 3330,9; 2014 ж. - 2094,9. Соның ішінен: АГ – 2014 ж. – 2,50; 2015 ж. – 3,26; ЖИА – 2014 ж. – 27,33; 2015 ж. – 76,27; ми тамырларының зақымдануы – 2014 ж. – 51,86; 2015 ж. – 94,17. 2015 жылы ҚАЖА-нан өлім көрсеткіші, 2010 ж. салыстырғанда төмендеп, 179,3 құрады, 334,3 қарағанда, бірақ, өлімнің 17,6% өсімі байқалады, 2014 ж. салыстырғанда, 145,67-ден 195,86-ға дейін 2015 ж. ҚАЖА-нан өлім өсімі барлық аудандарда байқалады және Тараз қаласында, үлкен көлемдегі өсім Сарысу (62,0-ден 125,6-ға дейін), Жамбыл (105,9-дан 189,4-ке дейін), Талас (110,0-ден 198,1-ге дейін) және Меркі (119,5-тен 178,9-ға дейін) аудандарында орын алып отыр.

Облыста халыққа мамандандырылған кардиологиялық медициналық көмекке қолжетімділік жеткіліксіз, ал аудан орталықтарында және ауылдық жерлерде кардиолог дәрігерлердің тапшылығы байқалады.

ҚАЖА себебінен мүгедектікке шығу барлық себебтердің арасында бірінші орында, тиісінше, халық арасында мүгедектік өсіміне қарай мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақы төлемі де өсіп келеді, жұмысқа қабілетті адамдар саны да төмендеп келетін болады, тұтас алғанда, біздің облыс экономикасының дамуына теріс әсер етеді. Сонымен, ҚАЖА бойынша 2013 жылы мүгедектікке 656 адам немесе 27,9% және 2014 жылы-706 адам немесе 29,4%, яғни мүгедектіктің барлық себептерінен. Жамбыл облысында скринингтік тексерулер бойынша айқындау көрсеткіші төмен, тек қана 4% құрайды, ал Республика бойынша 10%.

Бұдан басқа, ересектер мен балалардағы ҚАЖА-ын ерте айқындауға, асқынулардың алдын алуға ықпал ететін материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесі осы таңда өте күрделі жағдайда.

ҚАЖА іс-шара жоспарын жүзеге асыратын медицина ұйымдары:

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы:

1) медицина мекемелері арасындағы өзара іс-қимылға бақылау және оны үйлестіру:

2) материалдық-техникалық базасын нығайту;

3) ТМККК-нен және жергілікті бюджеттен қаржыландыру.

ҚАЖА іс-шара жоспарына қатысушылар:

1) БМСК медицина мекемелері (облыс және қала);

2) Облыстық аурухана - кардиологиялық қызмет;

3) ЖШС «Журек» клиникасы»;

4) ЖШС «КТҒКО».

Жауапты тұлғалар:

1) ДСБ басшысының орынбасары - М. Жұманқұлов;

2) ДСБ бас кардиологы - Р.М. Жұбандықова;

3) БСБ бас кардиохирургы - Б. Мырзакеримов;

4) КТҒКО директоры - С. Жошыбаев. (ҚАЖА іс-шара жоспарын үйлестірушісі).

ҚАЖА іс-шара жоспарының мақсаты және міндеттері:

Мақсаты:


ҚАЖА-нан аурушаңдықты және өлімді төмендету, Жамбыл облысының барлық кардиологиялық қызметтердің келісілген іс-әрекеттер жолымен халық арасында кешенді профилактикалық шараларын жүргізу.

Міндеттері:

1) облыстың кардиологиялық және кардиохирургиялық мекемелер қызметін үйлестіру;

2) БМСК медицина мекемелерінің және аудандық ауруханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту;

3) ҚАЖА-ы бар науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жақсарту және жетілдіру;

4) ҚАЖА-дың бар-жоғына халықты (ересектер мен балалар) қарап-тексеру;

5) медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейінде халыққа профилактикалық көмек;

6) ҚАЖА бойынша пациентті қолдау және ішкі аудит қызметіне мониторинг және көмек көрсетуді бағалау;

7) ҚАЖА-ы бар пациенттерге оңалту көмекті ұйымдастыру;

8) облыстың барлық медицина мекемелерінде Бірыңғай электрондық медициналық картасын енгізу;

9) симуляциялық орталықтың базасында БМСК, жедел медициналық көмек қызметінің медицина жұмыскерлерін, реаниматологтарды үздіксіз оқыту;

10) БҰДСЖ шеңберінде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің сапасын және халыққа қолжетімділігін арттыру.

ҚАЖА іс-шара жоспарын іске асыру жұмысшы жоспары:

2016-2018 жылдары халықты қарап-тексеру мерзімі және кезеңдері:

Бірінші кезең:

1) халық арасында ҚАЖА-ы бар қатерлі және күдікті факторлық топтарын, науқастарды арнайы әзірленген сауалнама арқылы айқындау (жауапты-Жамбыл облысының БМСК);

2) үй-үйді аралап БМСК медицина қызметкерлері халық арасында сауалнама жүргізіп, мыналарды айқындайды:

3) шамалы дені сау контингент;

4) ҚАЖА бойынша қатерлі факторлық тобы;

5) ҚАЖА бойынша күдікті топтар және пациенттер.

Екінші кезең:

1) мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсету және диспансерлік есепке алу үшін Жамбыл облысы кардиологиялық қызметтің мамандары тарапынан қарап-тексеру жүргізіліп, айқындалған ҚАЖА бойынша күдікті топтар және пациенттер;

2) халықты тұрғылыты жерінде «Жылжымалы кардиологиялық кабинет» қарап-тексеру:

3) ҚАЖА бойынша қатерлі топ (диспансеризациялау);

4) жергілікті орында емделу, аудандық аурухана (диспансеризациялау);

5) операциядан кейінгі науқастарды бақылау;

6) облыстық орталықта тексерілу және емделу.

Үшінші кезең:

Облыс орталықтың мамандандырылған мекемелер қатерлі факторлық топтағы және диспансерлік есепке алынған науқастарды тереңдетілген тексерулерден өткізіп, оларға БҰДСЖ мемлекеттік бағдарлама шеңберінде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсетіледі, атап айтқанда:

1) қосымша тексеру тобы;

2) медикаментоздық немесе хирургиялық ем алу тобы лечение.

Оқыту бағдарламалар:

1) медицина жұмыскерлерін арнайы бағдарлама бойынша оқыту (дәрігерлер, фельдшерлер, медицина мейірбикелер) «БМСК деңгейінде ҚАЖА-ы»;

2) ЭКГ мағынасын ашу, холтермониторинг бойынша, мөлшерленген дене салмағымен ЭКГ зерттеулер (тредмил, велоэргометр), артериалды қысымына тәуліктік мониторинг (24 сағат) – СМАД, жұректің электр физиологиялық зерттеулер: ишемииялық тест (6 метр жүру) бойынша мастер – кластарын ұйымдастыру;

3) ҚАЖА кезінде шұғыл реанимациялық іс-шараларын жүргізу үшін мастер – кластарын ұйымдастыру;

4) Эхо КГ, стресс - Эхо КГ; видеозаписи Эхо КГ бейне жазба; өнеш арқылы Эхо КГ бойынша мастер – кластарын ұйымдастыру;

5) ҚАЖА науқастарға операциядан кейінгі күтім негіздеріне оқыту;

6) ЖКС клиникалық біліну бойынша оқыту. ЖКС күдікті науқастың қауіп-қатерін бағалау және емдеу стратегиясы, тромболизистік терапия;

7) Медицина колледжі симуляциялық орталықтың базасында БМСК және орталық аудандық ауруханалардың медицина жұмыскерлерін оқыту және практикалық дағдыларын бағалау;

8) осы ҚАЖА іс-шара жоспарының орындалуына бақылау және тоқсан сайынғы мониторинг – Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы.

ҚАЖА іс-шара жоспарын іске асыруда күтілетін нәтижелер:

1. Жамбыл облысы халқы арасында ҚАЖА бойынша нақты статистикалық деркетер.

2. БМСК деңгейінде ҚАЖА туралы білім деңгейін арттыру.

3. БМСК материалдық-техникалық базасын жақсарту.

4. ҚАЖА кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсету іс-шараларын оңтайландыру.

5. ҚАЖА-ын ерте кезеңде скринингтік айқындауын және профилактикалық тиімділігін арттыру.

6. ҚАЖА-нан аурушаңдықты, мүгедектікті және өлімді төмендету.

7. Кардиологиялық және кардиохирургиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру.

8. ҚАЖА-ын алдын алу, ерте айқындау және емделу туралы халықты ақпараттандаруды жақсарту.

Кардиологиялық науқастың Бірыңғай электрондық медициналық картасын енгізу әр азаматтың денсаулығы бойынша дербестік электрондық картасы болады.

Қаулы жобасы азаматтардың заңда белгіленген құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін бұзбайды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қайшы келмейді.



Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде қаулы жобасы Жамбыл облысы әкімдігінің қарауына енгізуге ұсынылады.

Басқарма басшысы Е.Масалимов
Басқарманың жауапты маманы Е.Ердалимов
Басқарма заңгері Ж.Мырзахметов

2016 жылғы «19» ақпан




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет