АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348
бұйрығына сәйкес «Адам және қоғам» білім беру саласы аясында:
− бастауыш білім беру деңгейінде «Дүниетану» (1-4 сыныптар);
− негізгі орта білім беру деңгейінде ««Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі
тарихы» (5-9-сыныптар), «Құқық негіздері» (9-сынып);
− жалпы орта білім беру деңгейінде ««Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі
тарихы», «Құқық негіздері» (10-11 сыныптар) пәндері оқытылады.
Аталған оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан
Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу
жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500
бұйрығы (ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365 бұйрығымен 2022 ж.
30 қыркүйектегі №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен бұйрықтың 1-3, 11-
15 (1-4 сыныптар) қосымшаларында, 6-8, 16-20 (5-9 сыныптар)
қосымшаларында, 21-30, 85-90 (10-11 сыныптар) қосымшаларында берілген.
2.3 ЭЛЕКТИВТІ КУРСТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
• Алтын адам жәдігерлері
• Түркі ғұламалары
• Ұлы даланың тарихындағы әскери дәстүр
• Ұлы дала көшпенділерінің мемлекеттілік идеясы мен дәстүрлі
институттары, саяси нышандар мен билік атрибуттарының
сабақтастығы
• Қазақтың дәстүрлі тұрмыс-тіршілік салты
• Қазақ қолөнерінің мәдени-тарихи негіздері
• Алаш идеясы және Алаш қозғалысы
• Әлемдік озық мәдениеттің жауһарлары
• Әлемдік мұражайлар өркениеттер тарихы
• Еуразия кеңістігіндегі көшпелілер өркениеті
• Тарихи демография
• Жаһандану үдерістері: теория және қазіргі заман
• Дүниежүзі тарихында әлеуметтік-саяси қозғалыстар: коммунистік,
социалистік, жаңа демократиялық қозғалыстар
• ҒТР және оның әлеуметтік және рухани салаға ықпалы
• Батыстық өркениет: мәселелер мен үдерістер
• Қазақстан Республикасындағы негізгі қоғамдық процестерді құқықтық
реттеу негіздері
• Қазіргі заманның негізгі құқықтық жүйелерін жіктеу
• Экологиялық құқық-қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық механизмі
• Құқықтық ақпараттандыру
• Құқық негіздері бойынша Практикум
Достарыңызбен бөлісу: |